ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ АДАМ ПРОБЛЕМАСЫ ТУРАЛЫ
Философия тарихындағы адам проблемасы
Философия тарихы адамның мәні жайындағы түрліше ой-пікірлерге толы.
Осы тұрғыдан алғанда, адам проблемасы мен философия ғылымы мен құрдас десе
де болады, өйткені философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың
адам жөніндегі, оның дүниеде алатын орны мен атқаратын қызметі туралы ой-
толғандыруынан туған.
Шынындада адам деген не? Былай қарағанда, бұл аса қарапайым сұрақ
сияқты: адам дегеннің не және кім екенін кім біледі? Ересек адам түгілі,
бала да білетін сияқты оның не екенін, ал оның ішкі мәніне үңіле қараса,
одан күрделі ұғымдар шамалы сияқты: оның мазмұнына терең үңілген сайын,
оның құпия сыры мен мәні күрделілене, тереңдей түсетін көрінеді.
Ертеде бір дана адам: адам үшін адамның өзінен артық қызық құпия жоқ
депті. Табиғат пен қоғам жайындағы ғылымдардың қай-қайсысы болмасын, өз
зерттеулерінде әйтеуір бір тұрғыдан адам мәселесіне соқпай кете алмайды.
Бірақ жеке ғылымдардың адам туралы нақты білімдерін жай қоса салғаннан ол
жөнінде бір тұтас жүйелі білім шықпайды. Сондықтан философия әрдайым
адамның мәнін танып білу жайындағы өз әдіс-тәсілдерін тұжырымдап, солардың
көмегімен адамның дүниедегі орны мен маңызын, оның дүниеге қатынасын, өз
тағдырын жасау мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты. Адамды танып
білудің философиялық бағдарламасын Сократтың: Өзіңді-өзің тани біл —
деген қанатты сөздерімен қысқа ғана тұжырымдауға болады.
Антик заманының философиясында адам көбінше ғарыштың бір бөлігі,
жоғарғы бастама — тағдырдың адамдық көрінісі ретіндегі өзінше бір микрокосм
түрінде түсінілді. Адамның философиялық ұғымының көптеген принциптері сонда
қалыптасты: Милет материалистері адам мен дүние іштей табиғи байланыста деп
түсінген болса, көптеген басқа философтар адамды мәдениетті жасаушы,
табиғатқа еліктеп, ондағы бар нәрселерді ғана емес, сондай-ақ табиғатта
бұрын болмаған жаңа нәрселерді жасаушы жан ретінде сипаттады. Адамның өзіне
тән айрықша табиғатын айқындайтын ерекшелігі ретінде оның ақыл-ойын,
мәдениетті жасау қабілетін атап көрсетті.
Ортағасырлық діни философияда адам о бастан-ақ біріне-бірі қарама-
қарсы екі бастаманың: тән мен жанның іштей қайшылықты бірлігі болып
жаратылған деп түсіндірілді. Сондықтан, мысалы, Августин адамды жаны
тәнінен тәуелсіз, өлмейтін жан деп түсінсе, Фома Аквинский адам жан мен
тәннің бірлігі, жануар мен періштенің арасындағы бірдеңе деп түсінді. Тән
өлееді жан өлмейді, о дүниеде құдай алдында жауап береді, сондықтан адам
күнәсінен тазару үшін құдайға жалбарынуы тиіс деп уағыздады діншілдер.
Жаңа заман философиясы адам жайында негізінен идеалистік көзқараста
болғандықтан, адамды ең алдымен рухани жан деп түсінді. Бірақ ол адам
тағдырын құдайдың құдіретімен байланыстырмай, адамды өз болашағы өз
қолында, құдайдан да, басқадан да тәуелсіз ақыл-ой иесі, өз өмірінің саналы
субъектісі деп түсінді. Мысалы, француз материалисі Д.Дидро адамды жер
бетіндегі барлық мәдени байлықтарды бірден-бір жасаушы ең жоғарғы құндылық
деп санады. Қысқасы, ақыл-парасат ғасыры деп аталған жаңа заман
философтары ортағасырлық діни-идеалистік көзқарастың идеологиялық
үстемдігінен құтылған жаратылыстану ғылымдарына сүйене отырып, адам
табиғатын табиғи тұрғыдан зерттеудің тамаша үлгілерін қалдырды. Соның ең
бастысы — адамның өз мәнін танып білуде оның ақыл-ойының діни
көзқарастардан мүлдем тәуелсіз болуында еді.
XIX-XX ғғ. идеалистік философиясы адамның өмірінің рухани бастамасын
асыра бағалап, адамның мәнін бірде ақыл-ой арқылы түсіндірсе, енді бірде,
керісінше, ақыл-ойдың күшіне сенбеу (иррационализм) арқылы түсіндіруге
тырысады. XIX ғ. классикалық неміс философиясына келсек, ол үшін адам
мәдениет дүниесін жасайтын рухани қызметтің субъектісі, жалпы идеялық
бастама – рухтың, ақыл-ойдың иесі болып табылады. Гегельдің адам жайындағы
көзқарасында жекеге қарағанда жалпының артықшылығы, біріншілігі шешуші
болады, ал мұны нақты әлеуметтік шындыққа қолданса, жеке адамға қарағанда
қоғамның алғашқылығы келіп шығады.
Гегельдің "Мемлекеті" қоғам дамуының ең жоғарғы көрінісі
болғандықтан, шынына келгенде, әрбір нақты жеке адамның субстанциялық
бастамасы болып табылады: мемлекет дүниежүзілік рухтың тарихтағы
қозғалысының, "құдайдың дүниедегі жүрісінің" көрінісі болғандықтан, ол
өзінше әрекет ететін тәуелсіз күш ретінде жеке адамдарды өзінің ең жоғарғы
жалпы мақсатын іске асыру үшін пайдаланады. Адам объективтік идеяның даму
процесінің жеке көрінісі ғана болып табылады.
Объективтік идеализмнің бұл идеяларын сынай отырып, Фейербах
философиада антропологиялық принципті ұсынып, адамды оның ең басты орталық
кейіпкері деп қарастырды. Ол адамды тәні мен сезімі бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz