Романов Сахи


Сахи Романов.
(1926-2002)
Жоспар:
- Өмірбаяны. Туған жері.
- Оқу жылдары.
- “Қырық өтірік” ертегісі бойынша салынған суреттері.
- «Қазақфильм» студиясындағы қызметі.
- Фильмдерге сурет салу.
- Алдар көсе образын жасауы.
- 1969 жылы “Найзатас” филімін түсіру.
- “Таулар симфониясы” деген триптихы.
- “Отан аспанының аясында” атты триологиясы.
- “Тырналар” картинасында.
- 1981жылы “Құрмет белгісі” ордені.
- Картиналары.
.
Романов Сахи (Романов Александр)
1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысының Казалин районында дүниеге келді. 1958 жылдан бастап СССР-дағы суретшілер одағының мүшесі.
Жасынан ерте есейіп, жетімдік пен жүдеуліктің бейнетін тартқан Сахиды Орынбор облысындағы Сарықташ ауданы, Ельшанка селосында орналасқан балалар үйіне әкелгенде, ол әлі сегізге де толмаған еді. Кейін Калинин атындағы совхоздың интернатында жүрген жерінен Орынбор қаласына келіп, қолөнер училищесіне түседі. Осы кезде, баланың бейнелеу өнеріне қабілеті бары байқалады, содан ол оқуын заводта істеген жұмысымен ұштастыра отырып, көркемсурет студиясына қатысуға да уақыт табады.
Сахи Ұлы Отан соғысы басталғанда Харьков қаласынан көшірілген қару-жарақ жасап шығаратын заводқа жұмыс істеуге жіберіледі. Кейін ол соғыс заказдарын орындап жатқан Куйбышев станок құрылысы заводында істейді. Осы кезде эвакуацияда жүрген белгілі совет суретшілері В. П. Ефанов пен Г. К. Савицкий Мәдениет үйінде өткізілетін студия сабағына жетекшілік етеді. Ол 1944-1947 жылдары Москваның көркемсурет орта мектебінде, ал 1947-1948 жылдары Ленинград қаласындағы И. Е. Репин атындағы институтта оқиды. Ол живописьтен Б. Ф. Фогель, сурет сабағынан М. Д. Бернштейн сияқты оқутушылардан дәріс алады. 1950 жылы бүкілодақтық киноматография институты көркемдеу факультетінің екінші курсына түсіп, оны 1955 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
“Қырық өтірік” ертегісі бойынша салынған суреттер - Сахидың дипломдық жұмысы боп саналады. Осы тақырыпқа салынған оның барлық еңбектерінің беташары болып есептелетін бұл суреттерінде автор Тазша баланың образын сом тұлғалы етіп көрсетеді. Біреудің қырық жамаулы, жыртық, сөлекет киімін киген, басында үлкен тері бөркі бар, бүйірін таянған албырт жүректі ол жерді нық басып тұр.
Жағымсыз кейіпкер - ханның мінез-құлқын бейнелеуде суретші уытты кекесінді аямаған. Суретші қажетті айқындылыққа жетуді көздеп гуашьпен салған түрлі түсті бейнелеуден реңкі мол суреттерге еркін ауысып отырады.
Сахи бүкілодақтық кинематография институтында Ф. С. Богородский, Г. М. Шегель, Ю. И. Пименов, С. А. Шпинель, Б. И. Дубровский-Эшкелер сияқты әйгілі шебелердің жетекшілігінде оқып, білім алып шыққаннан кейін «Қазақфильм» студиясында қызмет атқара бастайды. Ол, “Біз осында тұрамыз”, “Қанатты сыйлық”, “Өмір жолы”, “Із көкжиектен асып барады”, “Даладағы қуғын”, “Алдар көсе”, “Ән қанаты” және тағы басқа көркем фильмдерге суретші-қоюшы ретінде қатысады.
Киноға түсіретін творчестволық коллективпен республиканы аралаған сапарларынан ол өзінің станоктік шығармаларына мол материал жинап қайтады. Сахидың “Жайлау кеші” атты картинасы 1957жылы Алматыдағы республикалық көрмеде, бір жылдан соң Москвада өткен Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезіндегі көрмеде көрсетілді.
“Қырық өтірік” ертегісі бойынша салған Сахи суреттеріндегі дәл осы ерекшеліктер оның живопись жұмыстарына тән қасиет болып танылады. Шопан қыз отарын өрістен түсіріп, түтіні будақтаған киіз үйлерге қарай келе жатыр. Таудың ақ қар жамылған шыңдары әлі күн нұрына шағылысып тұрса да оның баурайын кешкі салқын ауа жайлап алған, күн сәулесі қыздың басындағы қызыл орамалын одан әрі түрлендіріп, қойлардың жібек жүні жалт- жұлт етеді. Кештің осындай лирикалық әсем көрінісі арқылы күнделікті тыныс-тіршіліктің поэтикалық мазмұны берілген.
Дәл осы кезеңнен бастап суретші фильмдерге сурет салу мен станокты шығармалар жасауды қатар қолға алып қана қоймайды, бұл екі жанрды бірімен-бірін ұштастыра жүргізіп, жемісті еңбек етеді. Оның кез келген жұмыстарынан өзін қоршаған болмысты, халық өмірінің қайталанбас ерекшеліктерін терең зернттеуді әдетке айналдырғаны аңғарылады.
Бұл кезеңдегі Сахи творчествасында ізденіс үстінде “өз бағытын айқындап” тақырып таңдау, өмір құбылыстарын өз тұрғысынан бағалау сияқты сурет салудың тиімді әдістерін іздестіру зор маңыз ала бастайды. Көріністің ішкі терең мзмұнын, оның әсер күшін арттыру жолында бейнелеу эдістерінің мүмкіндігін толық пайдлануға ұмтылады.
Халық композиторының музыкада жасап кеткен сом тұлғалы образдарын лайықты түрде көрсетудің қиын міндетін сәтті шешіп, суретші 1960жылы “Құрманғазының өмірі мен творчествосы” деген сериялы туындылар жазып шығарды.
Сахи Алдар көсе образын жасауды алғаш рет, 1957 жылы қолға алды. Ол қиялына ерік беріп салған портреттеріне ойдан еш нәрсе қоспай, тек халық қаһармандарының бойынан кездесетін қасиеттерді, өмірден байқағандарын жинақтап бейнелей алған. Үстем тап өкілдерінен қиянат, қорлық көрген жарлы мен сорлылардың үміт артқан кейіпкерінің көңілді күлкісі мен бетіндегі ұсақ әжімдерінен мысқыл мен қулықтың нышаны білінеді.
Өз үшін өмірлік қажеттілік болып табылатын болмысты жете түсіну жолында қажымай -талмай үздіксіз еңбектенуі, сөз жоқ, Сахи шығармаларының әсерлілігін арттыра түскен. Ол ең алдымен өзінің этюдтерінде болашақ кинофильмдер мен станокты картиналар үшін типаждауды үйреніп, композиция тобын құрады, түстердің өзара айқындылығын анықтау жолында нақтылы мәнге ие болады. Суретшінің өзі айтқанындай, табиғат аясында шығарма жазғанда ол көз алдында “туған жердің түтіні көрінетіндей етіп салуды” мақсат тұтады.
Бәлкім, Сахи 1968жылы Венгрияны аралап қайтқаннан кейін еліне деген ыстық ықыласын жете сезінген болар және туған халқымен бірге өмір сүруден артық бақыттың болмайтынын жүрегімен ұғынған шығар. Ол ондағы өмір ырғақтарын, табиғат көріністерін мүлде басқа тұрғыдан сезінгенін өзінің сериялы этюдтерінде “Геллерт тауы” беруге тырысқан.
Сахи елге қайтып оралғаннан кейін бір топ армян суретшілерін ертіп Қарқара жайлауын аралайды. Суретші 1969 жылы “Найзатас” филімін түсіру үшін Баянауылға барады. Сахидың өзінің айтуына қарағанда, Шәкен Аймановпен бірге болғанда салған жаңа жұмыстары оның творчествосындағы аса маңызды кезеңдердің бірінен саналады. Сахи ең алдымен, жеткізейін деген ойын егжей-тегжейлі ақтара салмай, көңіл күйді білдіруге мүмкіндік беретін живописьтің тас-түйін тұтас бірлігін іздестірді. Алпысыншы жылдар Қазақстанның живопись өнері үшін, халық творчествосының бай дәстүріне сүйене отырып, ою-өрнекке тән түстердің біркелкі, сәнді болып келетін ұлттық ерекшеліктерін іздестіру жылдары болды. Сүретші өзінің “Таулар симфониясы” деген триптихында буырқандай күш-қуаты бойын кернеп жатқан тұмса табиғат кең тынысымен көрінер асқақ күйлердің әсерін әкелгендей болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz