БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ - МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
БӨКЕЙ ОРДАСЫ ТАРИХИ -МУЗЕЙЛІК КЕШЕНІ

Атақты Нарын бар,
Нарынға барыңдар!
Бәйгенің басында
Жүйрігі арындар,
Осында туыпты Таланттар, дарындар.
Басыңа күн туса,
Бөкейге барыңдар!
Қадыр Мырза - Әли.

Кең байтақ қазақ даласының батыс бөлігінде орналасқан шежіресі бай, табиғаты сұлу өлке - Бөкей ордасы ауданы. XIX ғасырда мәдениет, өнер, білім, орталығы болған ғажайып өлкенің тарихы тереңнен бастау алады.
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп - қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 жылдың 11 наурызында "Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұрапы хан ұлын езіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын" деген жарлық рескриптісін шығарады. Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылмен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 жылдың 19 мамырында Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінді. Жарлықта: "Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға үлкен және Кіші өзендерінен Богда тауларына дейін, одан Чапчачи арқылы Дудацк немесе Телепнев ватагаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі" деп көрсетіледі.
1808 жылы 17 шілдеде Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының қүзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер "Хан тоғайы" деп аталады. 1815 жылдың 21 мамырында Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мүрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына уақытша сүлтан Шығай Нүралы хан ұлы отырады.
1823 жылы Жәнгір Бөкейұлы хан тағының мүрагері болып танылып, 1824 жылы 22 маусымда "Хан тоғайында" ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Ішкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік - шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған түсы 1823-1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал-майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы.
Жәңгір 1824 жылдың күзінде Орынбор муфтиі Мүхамеджан Хусейновтың қызы Фатимаға үйленеді. Фатима европаша білім алған, тілдерді жетік меңгерген, би, музыкаға жақын болатын.
1826 жылы хан Жәңгір жүбайы Фаима ханшамен Орыс патшасы Николай І-нің таққа отыру рәсіміне шақырылады. Мәскеу қаласында өткен салтанатта Фатим білімділігі мен мәдениеттілігіне орыс лигенциясы, Фатиманы биге шақыырғанпатшаның өзі де оның орысша тахза сөйлеп, оның орысша таза сейлеп, билегеніне тәнті болады.
1827 жылы Жәңгір хан патшаға ерекше

шеберлікпен жасалған киіз үй сыйға тартады. 1829 жылы императрица Александра Федоровна Фатима ханшаға бразилия топаздарымен безендірілген алтын диадема, тарақ және сырға сыйлайды.
Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 жылы Нарын құмының Жасқұс деген жеріне хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй түрғызып, хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
1828 жылы өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық қүнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қаружарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған түңғыш музей болатын.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 жылы С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жүмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібеоеді. 1826 жылдан нашап ирдада шешек ауруына қарсы екпе жүмыстары жүргізіледі. 1832 жылы Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 жылы түңғыш дәріхана ашылады. Осы ке-зеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т.б. дәрігерлер қызмет атқарады.1852 жылы Ордада 16 керуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 жылы Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмең-ке үйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Са-ратов, Мәскеу, Новгород, т.б. губернияла-рынан саудагерлер келген. 1846 жылы көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 жылғы тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 жылы өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны "Хан мешіті" деп атаған.
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның түқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат кермелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.
Бекей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға - И. Тайманүлы мен М. Өтемісүлы бастаған 1836-1838 жылдардағы халық көтерілісі. Бұл - патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы кетерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1840 жылы Жәңгірдің шақыртуымен Ор-даға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық белім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе-зерттеу жүмыстары қолға алынады.
Ел болашағының білімде екенін түсінген Жәңгір 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласындағы ең түңғыш қазақша - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Мектеп музейін ұйымдастыру және оның кейбір мәселелері
Ат әбзелдері, ер тұрмандар, қару-жарақтар
Қазақстанның батыс өңіріндегі киелі нысандарға жалпы шолу және Орал қаласындағы тарихи орындар
Музейлердің қор жұмысы
Музей ұғымының теориялық негіздері
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Алматы қаласы тарихының музейі
Пәндер