Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары

Көптеген елдерде автомобиль жолдарындағы жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шағынының өсуі салдарынан қозғалысты ұйымдастыру және қауіпсіздікті қаматмасыз ету мәселелеріне баса назар аударылып отыр. Жол қозғалысы қауiпсiздiгінің негізгі мақсаты: жол-көлiк оқиғаларынан жарақаттану мен өлiм-жiтiмдi төмендету. Негiзгi мiндеті: адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың арасындағы заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсiз қатынастардың стереотиптерiн қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешендi жүйесiн құру. 2013 жылға қарай ЖКО нәтижесiнде қайтыс болғандардың санын 2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10 %-ға, 2015 жылға қарай 14 %-ға төмендету. 2013 жылға қарай зардап шегушiлерiмен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту
Осы мәселелердің тиімді шешіміне қол жеткiзу жолдары мен тиiстi шаралар: Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауiптi мiнез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi бойынша әлеуметтiк бейнероликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы, қауiпсiз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында, профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс iстеу жүйелiлiгiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелердi сақтау деңгейiн арттыру, Жол қозғалысы ережелерiн бұзуды тiркеудiң автоматтандырылған жүйесiн енгiзу есебiнен жол қозғалысын қадағалауды жетiлдiру, жолдағы авариялық-қауiптi учаскелердi жою жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазiргi заманғы әдiстер мен құралдарды қолдану, жол-көлiк оқиғаларының (ЖКО) автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн әзiрлеу және енгiзу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлiк жүйелерiмен жарақтандыру жоспарлануда.
Автомобильдендіру өзімен ілеспе кешенді тапсырмаларды шешуді талап етеді, онсыз автомобильдің әлеуметтік жалпыға бірдей дамуында қалаған тиімділік пен жағымды әсерін қамтамасыз ету мүмкін болмайды. Автомабильдендіру мемлекет экономикасына мұндай үлкен ауқымда жағымды, ыңғайлы және тиімді әсерлерімен қатар адамдарға негативті құбылыстарын туғызуы мүмкін: адам шығыны, жол-көлік оқиғасы кезінде үлкен көлемде материалды шығын, шуыл, қаланың ауа бассейінін газдау, көшелерді автомобильдермен жауып қалу, көлік кептелісі және қозғалыс жылдамдығының тез төмендеуі
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында автомобильдер жолдары көптеген аймақтарда жалғыз ғана көлік қатынасы болып табылады, оған қоса автомобиль көлігі республикааралық, халықаралық тасымалдау жұмысында кеңінен пайдаланылып келеді. Қолданылатын қатты төсемді жолдардың 80 пайызға жуығы 60-70 жылдары техникалық талаптар мен шетел тәжірибелері ескерілмей салынған, оған қоса көптеген жол учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жол жағдайлары назардан тыс қалған, сондықтан мұндай жолдар жоғары жылдамдықты дамыта алатын қазіргі заманғы автомобиль талаптарына сәйкес келмейді. Бұл - жол-көлік оқиғалары санының өсуіне, мыңдаған адамдардың қайтыс болуына және жарақат алуына, материалдық байлықтардың шығыны ұшырауына себеп болады. Статистикалық деректерге қарағанда жер бетіндегі ең көп тараған індеттен өлген адамдардан гөрі жол апаттарынан қаза болған немесе зардап шеккендердің саны жылдан - жылға көбейіп келеді.
Қарағанды облысының жол полициясы басқармасының деректеріне сүйенсек, соңғы бес жыл ішінде жол-көлік оқиғалары нәтижесінде облыста 780 адам қаза болып, 5000 - ға жуық адам әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған, олардың 20 пайызын жол жағдайларының қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі құраған.
2012 жылдың 8 ай ішінде еліміз бойынша статистикалық деректерге сүйенсек 8 376 Жол көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген, бұл көрсеткіш 2011 жылдың деректері бойынша 6 903, яғни бұл жылдан - жылға өскендігін байқалады. Тәулік мезгілі бойынша жол-көлік апаттары ең жиі жағдайда кешкі уақытта 19 - 23 сағат аралығында орын алады - тәуліктік саннан 31,3%
Тәулік уақыты бойынша ЖКО айтарлықтай саны таңғы сағат 7-ден 8-ге дейін де орын алады - 7%, Бұның себебі алыс қашықтыққа шыққан жүк автомобильдерінің жүргізушілерінің дем алмай шамадан тыс көлікті басқару болып табылады, осының салдарынан көлікті басқарып келе жатып ұйықтап кетулері жиі ұшырасады.
- өткелдерде жаяу жүргіншілерді қағып кетуі 3 597;
- көлік құралдарының өзара соқтығысуы 2 771;
- көліктердің аударылуы 1032;
- жануарларды басып кету 28;
- жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) сақтамау: оның ішінде жылдамдықты арттыру - 2 072 рет тіркелсе;
- велосипедшілерді басып кету - 190;
- тағыда басқа жол көлік оқиғасы тіркелген.
Сондай-ақ ЖКО салдарын басқа мемлекеттермен салыстыратын болсақ, мысалы 86 миллон халқы бар Германияда статистика бойынша , 2010 жылы 90 кәмелетке толмаған азаматтар қаза тапса, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүргізушінің жолда шаршау себептері
Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару
Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) жүйесі
Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің методологиясы
Азаматтық қорғаныс күштерін ұйымдастыру және олардың мүмкіндіктері. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері
Өндірісте жарақат алу мен ауруға шалдығу
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу
Өрт – тілсіз жау
Пәндер