Экологияның басқа ғылымдармен байланысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Экологияның басқа ғылымдармен байланысы

Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми- техникалық үрдісі әлдекашан
қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын
алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес,
жеке ғылыми тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық
мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердін барлығы қамтиды да,
бірақ олардың әрқайсысы өз білімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы,
биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера
туралы ілім, экожүйе, биология қоршаған ортаның экологиялық дағдырысы
туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабаты тиімді
пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге
адамдардың шаруашылык қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін
мектептердің тұжырымдамасында:
Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялык және
әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экология
лық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіруін жүзеге асыру- деген
көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру
жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты
экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды
міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу
орындарының студентеріне Экология негіздері курсы оқытыла бастады. Адам
мен табиғаттың өз ара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-
қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адам затты
байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым
мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика
ғылымдары мен мектептердің басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы ойын табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген
адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдалану иемдік қатынасын
психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын
алудың бір жолы - көпшілікке экологиялық білім беру.
Өйткені, коғам мен табиғаттың өзара біріне-бірі әсер ететіндігі туралы
көпшілікке білім беру, адамның практикалык іс-әрекетінде басшылыққа алатын
табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім
және тәрбие беруде мектепте алатын орны өзгеше. Экологиялық білім жалпы
және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкірті жан-жақты
дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағыт алған.
Жоғары мектеп өзінің кәсіби қызметінің әлеуметтік, экономикалық, саяси,
адами және есепке алатын мамандар даярлауы қажет. Сонымен бірге жоғары
білімді мамандар алуан түрлі құралдарды пайдаланып, биік адамгершілік,
елжандылық, мемлекет аралық экологиялық саясатты жүргізе алатындай болуы
керек.
Дүние жүзілік практикада экологиялық білім мен тәрбие берудің бірнеше
бағдарламалары бар.
Бұл бағдарламаларда біздің елімізде экологиялық әзірлік беруге жарайтын
жалпы принциптері де кездеседі. Қоршаған ортаның проблемаларына байланысты
білім беру екі түрлі роль атқарады: біріншіден - іргелі және қолданбалы
зерттеулер жүргізуге, басшы кадрлар даярлауға және әр түрлі пәндердің
мазмұнын экологияландыруға жәрдемеседі; екіншіден — көпшілік пікірін
қалыптастарып, оны жағымсыз экологиялық құбылыстарды болдырмау жағына қарай
бағыттауға мүмкіндік жасайды.
    Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруде жасалған
бағдарламалардың төрт басты бөліктері болуы мүмкін:
-         іргелі пәндер;
-         пәнаралық байланысты қамтамасыз ететін тақырыптарды біріктіру;
-         проблеманың көкейкестілігі;
-         практикалық іс-әрекеттер (экологиялық, сенбіліктер, т.б.);
Республика деңгейіндегі шараларға (Орман күні, Құстар күні),
жеке проблемалар бойынша экологиялық семинарларға (Су тазалығы, Ауа
тазалығы, т.б.) қатысу, бұлардың бәрін патриоттық тәрбие беру тұрғысынан
жүзеге асыру.
     Осы орайда педагогикалық университтерде маман даярлауда мемлекет   аса
жауапкершілікті қажет ету міндеттері:
-         оқу   жоспарларын,   оларға   сәйкес   оқулықтар   және  
техникалық құралдар  жасау, табиғат музейлерін, сыныптан тыс және мектептен
тыс   жұмыстарды   ұйымдастыру. Бұлардың   бәрін   де   мұғалім
әзірлігінің  деңгейі,  оқушыларда       экологиялық       көзқарас
қалыптастырудағы білім мен білігі шешуші роль атқарады;
-         биология, химия, география және басқа пәндердің, солардың
ішінде гуманитарлық пәндердің мұғалімдері  оқу  жоспарларын  іске асырады,
әр   түрлі   оқу   жабдықтарын,  техникалық  кұралдарды пайдаланады,
табиғат музейлеріне,    зоопарке    және    табиғат жайларына топ серуендер
ұйымдастырады.
Сондықтан мұғалімдер қоршаған орта туралы оқушылардың бірін анықтайды, 
тіршілікке деген пікірін қалыптастырады.  Олар тіршілікті түсінуге, оған
оқушы лардың қарым-қатынасын анықтауға жәрдемдеседі. Қоршаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заман экологиясының ХІХғасыр және ХХ ғасырдың бас кезіндегі экологиясынан айырмашылығы неде? Экологияның қандай ғылымдармен байланысы бар? Қазіргі экологияның негізгі бөлімдерін атаңыз
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Жалпы экологияға кіріспе
Экология ғылымы туралы мәлімет
Геоботаника негіздері, мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік экология пәні баса ғылымдармен байланысы
Экология ғылымының даму кезеңдері
Аналитикалық химия және экология.
Экологияның қысқаша тарихы
Пәндер