Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны оқытудың жолдары
Көркемшығармадағы композициялық негіз және оны
оқытудың жолдары
Нақ нұсқаны қою, қай тұстан отырғаныңды анықтау, параққа суретті дұрыс орналастыру, бері де композицияның негізгі бастаулары. Бұл сөз әдетте музыкалық шығармаларға арналғандай, бірақ мұнда кең ұғым бар. Түсініктірек болу үшін, бұл туралы нақтылай сөз етейік.
Жазушы роман жазғысы келді дейік. Болашақ дүниенің негізгі ойлары басында пісіп-жетілгенде, ол шығармасының жоспарын жасайды. Ол жоспары, жазушының ойындағы дүниелері бірлік пен бірегейлікке жеткенше, әрқайсысы өз орындарын тапқанша, талай өзгерістерге ұшырап, сан рет қайта сүзгіден өтеді. Содан кейін ғана ол көркем сөзге көшеді. Архитектор да белгілі бір ғимараттың жобасын сызбастан бұрын, оның сырт көрінісі мен негізгі пропорциясын анықтағанша, бірнеше эскиздер жасайды.
Міне, алдын ала атқарылатын осы шаруаларды жобалау немесе қарапайым түрде жоспарлау деп атайды. Бұл жоспарлаудың мақсаты - жеке нәрселерді (бөлімдерді) тұтас бір дүниеге айналдыру.
Композиция (латын тілінде "құрастыру", "тәртіпке келтіру" деген мағынаны білдіреді) - шығарманың құрылысы, оның негізгі бөлшектерінің орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің қолында композиция -көркем құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын, іс-әрекетін ашып бейнелеп отырған өмір құбылыстарын өз түсінігінше жеткізіп көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.
Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілеген соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.
Композицияның негізгі талабы - шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т.б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.
Композициялық орта
Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.
Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың классикалық үлгісінен мысал келтірейік.
XVI ғасырда Италияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол "Құпия кеш" атты үлкен картина - фреска жасаумен айналысты.
Діни болжам бойынша бұл Христостың өлімінің жақындағанын сезген соң, соңғы рет шөкірттерін жинап сұхбат қүру сәті еді. Леонардо да Винчи үшін фрескадағы тақырыптық орталық - Христос түлғасы. Бұл бейнені жасауға ол бірнеше ай шамасында еңбектенеді. Леонардо фрескасының қатаң да ұлы қарапайымдылығын айшықтау үшін оны симметриялық тұрғыдан орналастырған еді. Христостың тұлғасы картинаның математикалық ортасында қалды.
Композициядагы тепе-теңдік
Композициядагы теңсіздік
Төбе мен қабырғалардың түзу де, анық сызықтары, перспективалық түйісу де сол орталық бейнеде қиылысады. Мазасызданған шәкірттерінің толқын тәрізді қимылдарының бағыттары да көрермен назарын орталыққа түйістіреді. Сөйтіп, Христос тұлғасы бұл жерде тек тақырыптық және композициялық қана емес, сонымен бірге фресканың геометриялық орталығы болып табылады.
Біз бүкіл әлемдік көркемөнерде осыншама ойлы композициялық құрылымы дамыған, орындалу жағынан кристалдай таза және кереметтей қарапайым пішінді өзге мысалды білмейміз.
Композиция суретші үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты -суретшінің идеялық ойын көрсету. Осыдан композициялық орталық көркем шығарманың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz