ХХ ғ. 20-30 ж.ж. мәдени құрылыс
Кіріспе 3
20.30 жылдардағы мәдениеттің жалпы жағдайы 3
Негізгі бөлім 6
Мәдени төңкеріс 6
Қазақ мәдениетінің келеңсіз жақтары 8
Мәдениетіміздің жетістіктері 10
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 17

ХХ ғ. 20-30 ж.ж. мәдени құрылыс:
жағымды және келеңсіз жақтары
Жоспар
Кіріспе 3
20-30 жылдардағы мәдениеттің жалпы жағдайы 3
Негізгі бөлім 6
Мәдени төңкеріс 6
Қазақ мәдениетінің келеңсіз жақтары 8
Мәдениетіміздің жетістіктері 10
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер 17
Кіріспе
20-30 жылдардағы мәдениеттің жалпы жағдайы
20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталиннің басқаруымен
қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен
кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет
салалары коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды.
Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты.
Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында
партиялық әмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне
жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.
Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз
әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық
шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен
профессор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны баяу
өсті.
Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем өнер
мәдениеті әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан кешірді. Егер
Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік
мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино
өнері жаңадан құрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Көркем өнер
интеллигенциясының шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және
идеялық-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-
адамзаттық қазыналардан бағалы саналды. Қазақстанның Орталық Азия
елдерімен, Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925 ж.
өлкелік партия ұйымының басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі
кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен қарау, олармен іскерлік
қарым-қатынас жасау салты бұзыла бастады. 20-шы жылдар соңынан бастап
жоғарыдаң берілген бұйрық бойынша еліміздің көптеген республикаларында
оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең көлемдегі
қатыгездік шаралары жүзеге асырылғанын айту керек.
Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Шіркеулер
мен мешіттердің мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қора-жайға,
қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа
басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің құрамдас бөлігі
болып келген дінді барша жұртқа құбыжық етіп көрсету халықтың орынды
наразылығын туғызды.
Тоталитарлық жүйе Қазақстан халқының мәдени толысуына ынталы емес
еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген
сасяатты көруге болады. “Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс
қалдықтарымен күресуді” желеу еткен Орталық 20 жылдардан бастап мешіт пен
мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары
алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927-1928 жылдары билер
соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза
партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит
(цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына
сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды.
Негізгі бөлім
Мәдени төңкеріс
Қазан төңкерісінен кейін тоталитарлық жүйенің үстемдігіне, оның
қайшылықтарына қарамастан Қазақстанның мәдени дамуында кейбір
ілгерілеушіліктің болғанын айту керек. Оны біз "мәдени төңкеріс" деп
атадық.
Ресми тарихнама 20-30 жылдардағы "мәдени революция" дейтін құбылысты
ондаған жылдар бойы дәуірлік тұрғыдағы оқиға, жаңа адамды қалыптастырудың
жемісті тәжірибесі, жаңа социалистік мәдениетті баянды ету тұрғысында
әспеттеп келді. Мысалыға, 5 томдық "Қазақ ССР тарихында" бұл үрдіске
арналған тарауда өңкей көтерме мадақтау ғана орын алған, осынау бағыттағы
кейбір мәселелер шешілмей қалды деген тұжырым мүлде жоқ. Мәдени революцияны
мадақтап жазу тек қазақстандық еңбектерге ғана емес, өзге шығармаларға да
тән дүние.
Ал енді қазіргі уақытта мәдениет мәселелеріне, сондай-ақ бүкіл 20-
30 ж. кезеңге тек теріс баға беру белең алып отыр. Кейде сұрақ тіпті былай
қойылады: мәдени революция дейтін мүлде болды ма, жоқ әлде бұл құбылыс
"социалистік дәуірдің" көптеген аңыздарының бірі ме? Кейбір газеттік-
журналдық басылымдардың авторлары жалпы Кеңес Одағының ауқымындағы мәдени
революцияның ролін, орны мен маңызын теріске шығаруға бейім келеді.
Ал енді Қазақстанға келетін болсақ, ол жылдардағы өзгерістер кезінде
қазақ халқының дәстүрлері ұмыт болып, оның мәдени қабаттары бұзылды деген
тұжырым үстем. Жекелеген зерттеушілер осындай пайымдау айтқанымен осы
құбылыстың жекелеген мәселелерін зерттеп жүрген тарихшы мамандар әзірге бұл
тақырыпты қозғай қойған жоқ.
Сөз жоқ осынау қоғамдық құбылысты не мақтайтын, не даттайтын жағдайдың
екеуі де ұшқары пікірге құрылған. Бұл процестің шын бет-бейнесін қайта
қалпына келтіру ұшін осы саланың мамандары ерінбей еңбек ету керек. Ол -
болашақтың үлесі.
Қазақстандағы, сондай-ақ бұрынғы Кеңес Одағының соғысқа дейінгі мәдени
өміріндегі процестерді түсіну үшін компартия идеологтарының мәдениетке
деген көзқарасына, сондай-ақ өзге де өткелді, кезеңдерге баға бермей
болмайды. Олар сөз жүзінде социалистік мәдениеттің өткеннің рухани және
мәдени мұрасынан сусындамай дамыды дейтін "пролеткульт" идеяларынан
қашқақтағанмен іс жүзінде бұл тұрғыдағы кереғарлық тым тереңдеп кетті.
Бұған марксизмнің негізін қалаушылардың шығармалары, әсіресе В.И. Лениннің
әлемдік мәдениетті "буржуазиялық" және "пролетарлық" деп бөлшектеген
теориялық пайымдаулары әсер етті.
"Пролеткульт" (Пролетарская культура - пролетарлық мәдениеті) дейтін
өнердің әрқилы салаларындағы, әсіресе, әдебиет пен театрдағы мәдени -
ағарту және әдеби көркем пролетарлық ерікті қоғам ретіндегі ағым 1917-1932
ж. басым болды. Бұл бағыттың жетекшілері, әрі идеологтары А.П. Богданов пен
В.Ф. Плетнев болып табылады. Өткеннің мәдени мұрасына деген нигилистік
көзқарастары жікшілдіктері үшін олар ұстаған бағыт Лениннің "теориялық
тұрғыдан теріс және іс жүзінде зиянды" деген сынына ұшараған еді.
Большевизмнің жетекшілері мен көсемдерінің "пролеткульттың" идеясы, саясаты
мен практикасына көзқарасына қызығушылық туындатады, өйткені мұның өзі көп
жағдайда елдегі болашақтағы мәдени өзгерістің тағдырына қилы әсер тигізді.
Тарихи құжаттарға зер салу бұл тұрғыдағы тұжырымдаулардың бетін ашты.
Осы мәселеде В.И. Ленин өзі жіберген елеулі қателіктері мен
ауытқуларына қарамастан, ол бірбеткей қатаң бағыт ұстануға тырысты.
Л.Д.Троцкий де солай істеді. Бұл екі көсем өзге мәселелерде бір-біріне
қаншама қарама-қарсы болғанымен, мәдениет жөнінде бірдей пікірлес болды.
Партияның аса ірі теорияшыларының бірі Н.И.Бухарин бұл тұрғыдағы пікірлерін
байыптап айтқанымен, жоғарыда айтылған екі жетекшінің ұстанған бағытын
қолдады. "Пролеткульттың" өз ортасында да көзқарас бірлігі болмағаны туралы
да айту керек. Мұнда оның бас идеологы А. Богдановтан да солшыл бағыт
ұстанғандар да болды. Бұған мысал ретінде А. Гастеевтің платформасын
алуымызға болады.
В.И. Лениннің Үлкен театрға көзқарасы: "...бұл дегеніңіз таза помещиктер
мәдениетінің бір сынығы." Ленин Достоевскийді, оның шығармаларын онша
ұнапаған. Ол сондай-ақ В.Маяковскийдің поэзиясына, Рубенштейннің
музыкасына, И.Левитанның қыл-қаламына салқын қараған. Н.Бухариннің
Ф.Тютчевке, С.Есенинге, М.Жұмабаевқа қарсы шыққаны белгілі. Яғни бұдан,
"Лениннің ұлы адам, біпақ ол да пенде" екенін көруімізге болады.
Жалпы "мәдени революция" деген ұғым В.И.Лениннің "Кооперация туралы"
деген еңбегі жарияланғаннан кейін кең өріс алды. Ол онда "біздің
социализмге деген көзқарасымыздың " түбірімен өзгергенін айта келіп,
бұқараның мәдени деңгейін көтеруді жаңа қоғам құрудың алғышарты ретінде
ұсынады; "Біз басында бір салмақты саяси күреске, революцияға, билікті
жаулап алуға және т. б. салуға тиісті болдық. Ал ендігі жерде бар салмақты
бейбіт ұйымдастырушылық тұрғыдағы "мәдени" жұмысқа қарай ойыстыруымыз
керек". Осы келтірілген сөздерден В.И.Лениннің "мәдени революция" деген
ұғымды ұзақ мерзімге бағытталған жан-жақты жасампаз іс-қимыл деп
түйсінгенін, бұл үрдістің қоғам болмысының барлық салаларын, оның ішінде
материалдық өндірістің өзін де қамтығанын анық көруге болады. Бірақ
сталиндік идеологтар бұл мәселені шешуді бірінші кезектегі мәселелерді
шешумен, яғни сауатсыздықты жою және білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен
халық ағарту жүйелерін құру ісімен ғана шектеп тастады.
Оның үстіне "мәдени революция" деген ұғымның өзіндегі кереғарлықты
көрмей тағы болмады. "Мәдениет" дегеніміз латынша сөзбесөз аударғанда,
"егу, өсіру, өңдеу" дегенді білдіреді, яғни бұл біртіндеп дамыта алатын көп
салалы процесс деген сөз. Бұған "революция" деген ұғымды тіркеу, мәселені
бір мезгілдегі төңкеріс арқылы шешуді мегзейді. Ал бұл ұғым сол кездегі
қоғамдық санада ескінің бәріне "қызыл гвардиялық" шабуыл жасап қиратып
тастап күресінге лақтыру деген пікірмен сәйкес келеді. Бірақ КСРО мен
Қазақстандағы "мәдени революцияның" практикасы ескіні тез арада күйретіп,
оны жедел түрде өткізілген іс-қимыл ретінде бағалаған дұрыс. Ол тұстағы
мәдени өзгерістердің бағдарламасын жылдам да ұшқары түрде жүргізуге күш
салынды, осыған орай саяси немесе ұлттық ерекшеліктер есепке алынбады.
Қазақ мәдениетінің келеңсіз жақтары
Қазақ ОАК-тың 1930ж. 11 ақпандағы "Қазақ АКСР халқы арасындағы
сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы" қаулысында республиканың барлық
сауатсыз тұрғындарына бірінші бесжылдықтың соңына дейін хат тану міндеті
қойылды. Ал бұл болса, бар халықтың 60-70 пайызын қамту деген сөз. Әрине,
мұндай мәселені тез шешуге не қаржы, не материалдық база, не сауатсыздықты
жою курстарын жүргізетін білімді адамдар да жетіспейтін. Тіпті ол кезде
өлке партия ұйымының өзі де жартылай сауатсыз немесе шала сауатты
кадрлардан тұратын. Бесжылдық ішіндегі елді оқыту жөніндегі нәтижелерді
қорытындылағанда, көтеріңкі жалған цифрларға орын берілді. Бұл республика
жетекшілерін ересектерге қара таныту ісіне назар аударуға мәжбүр етті.
Сондай-ақ оқыту ісіне деген көзқарас та өзгерді. Деревнялар мен ауылдарға
жаппай "мәдени жорықтар" жасаудың орнына, жер-жерде тұрақты түрде жұмыс
жасайтын әрқилы мектептер ашылды. Міне, осының бәрі халықтың сауатты
бөлігінің ара салмағы 1926 ж. 25,2 пайыздан 1939 ж. 76 пайызға дейін
жеткізуге мүмкіндік берді. Анығын айтар болсақ, бұл расында өте жоғарғы
қарқын. Осы арада мынадай бір мысал келтіре кеткен жөн. Революцияға дейін
шығып тұрған "Вестник воспитания" журналы Ресейдегі 1897 ж. халық санағы
мен 1906 ж. дейінгі сауаттылық деңгейіне талдау жасай келіп мынадай
тұжырымдамалар жасаған; халықты жаппай сауаттандыру үшін елдің еуропалық
бөлігінде 120 жыл, Кавказ бен Сібірде - 430 жыл, ал Түркістан өлкесінде -
460 жыл қажет еді.
Осы жылдарда тежеулер мен қателіктерге қарамастан, халық ағарту жүйесі
де орныға бастады. 1940 жылдың қарсаңында бастауыш және орта мектептер,
жоғары және арнаулы оқу орындарының желісі құрылды. Бірақ тап осы жылдары
кейін келеңсіз нәтижелерге киліктірген жағдай бастау алды. Мысалы, сол 1940
жылы республикадағы 1779 орталау мектептердің 746-сы ғана, ал 701 орта
метептің 168-і ғана қазақ мектептері болды. өлттық тіл мен ұлттық
мәдениеттің қожырауы интернационалдық деп танылған, ал шындығында ұлттық
болмыстан жоғары қойылған орысша үрдісті күштеп енгізуге бағытталған
идеологиялық қағидалардың салдарынан басталды.
Сондай-ақ, архивтік құжаттар мәдениет пен рухани өмір саласындағы
репрессиялық жазалау тәсілдерінің қандай зардаптарға киліктіргенін
көрсетеді. БКП Орталық Комитетінің 1925 жылы қабылдаған "Партияның көркем
әдебиет саласындағы саясаты туралы" қарарындағы "партия әдебиет ісіне өз
тұрғысынан әрі білместік пен әкімшілік жолымен араласуға әрекет жасауға
әрдайым жол бермеуі керек" деген анық та нақты айтылған тұжырымдамаға
қарамастан, сол жылдары методологиялық қарама-қарсы сипаттағы көзқарас
ресми түрде үстемдік алды. Мәдени саясатта тізеге салу өрістеді.
Қазақстанның мәдениеті үшін И.Сталинның 1925 жылғы 29 мамырдағы хаты
үлкен соққы болып тиді. Бұған республика партия ұйымының бас органы "Ақ
жол" газеті сылтау болды.
Зерттеушілер бұл хатты Қазақстандықтардың біреуі жазды деп есептейді.
Өйткені Сталин Киркрайкомның барлық бюро мүшелеріне жолдаған хатының
алғашқы жолдарынан-ақ жаза бастады: "Мен жақында "Ақ жол" журналымен
танысуға мүмкіндік алдым..."
Айта кететін жай бар: "Ақ жол" - журнал емес, газет, екіншіден, бұл
араб әрпімен терілген басылым, әрине, оны "тақта отырғандар" біле алмайды.
Сталин: "Тез арада шара қолдансын!" деген қарар қабылдады.
Әрине, шара лезде қолданды. 1925 жылы 10 мамырда өлкелік партия
комитетінің шешімі пайда болды. Сталиннің нұсқауын партиядағы жандайшаптар
іліп әкетіп, лезде бұлжытпай орындады. Солай, жай ғана цензура емес,
Қазақстандағы ұлттық баспасөзді қатаң бақылауға алу кезеңі басталды. "Ақ
жол" газеті жабылды, оның журналистері қуғын-сүргінге ұшырады. Сөйтіп,
зерттеушілер Қазақстанның 20-шы жылдардың алғашқы жартысындағы тарихы мен
мәдениеті жөніндегі маңызды көзді зерттеу мүмкіндігінен ондаған жылдар бойы
айрылды. Республикадағы басқа ұлттық басылымдар да осындай күйге ұшырады.
1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар
пантүркистң, панисламистң, тіпті, халық жауың деп жарияланып, қудалауға
ұшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің
теориясы мен практикасына мазмұн мен басылымдар, ең алдымен олардың
ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды.
Партиялық-мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты
профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян
келтірілді. ұалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен
жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жүргізілді.
Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С.
Асфендияров, Х. Досмұхамедов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса
көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1926 ж. БКП Қазақстан өлкелік комитетінің ІІІ пленумында Ә.
Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Меңдешев, Ж. Аймауытов, С.
Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын
интеллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты.
1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс
әрпімен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бір ұрпақтың өмірі барысында
қазақ, өзбек, түрікмен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб
жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға
қабілетсіз болып шықты. Ал мұның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін
көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер
жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты
елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып
келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен
айырылды.
Мәдениетіміздің жетістіктері
Бұл төңкеріс қилы-қилы жағдайлардың барысында мүмкін болды. 1921 ж.
маусымда болған Қазақстан партия ұйымының бірінші конференциясы
Республикадан шыққан сауатты қызметкерлердің көбін мүмкіндігінше саяси-
ағарту жұмысына жіберілсін, өйткені қазақ тілін білетін адамдар болмаса,
бұл жұмыс бәрібір істелмей тұра бередің деп атап көрсетті. Солай жергілікті
ұлттардың өкілдерінен, жергілікті халықтың тілін, психологиясын білетін
адамдардан мәдени-ағарту қызметкерлерін, басшы кадрларды даярлау ісіне
маңыз берілді. Мемлекеттік және партиялық аппараттарды жергіліктендіру
мәселесі қолға алынды. Мұның өзі ғасырлар бойы отарлық езгі мен
кіріптарлықта болып келген, ұлттық мемлекеттілігінен айырылған қазақ еліне,
оның аяқ асты болған ұлттық мүддесін қорғайтын, яғни жоғын жоқтап, қиюы
қашқан шаруашылығы мен қамқоршысы жоқ мәдениетіне сүйеніш, қорған бола
алатын, мүлдем жаңа сападағы мемлекет құру үшін, әрине, маңызды еді.
Бірақ аппаратты жергіліктендіру мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Басқа
да көптеген бастамалар сияқты ұран күйінде қалып қойды. Сол 30-жылдардың
қарсаңында Қазақ Орталық Атқару Комитетінің 210 мүшесінің 12-і қазақ, ОФК
пленумының 151 мүшесінің 81-і қазақ, 32 уездік атқару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz