Ауа туралы жалпы түсінік


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Ауа туралы жалпы түсінік.
2. Ауаның ластануы.
3. Ауа тазалығын сақтау.
4. Қоршаған ортаға судың және жердің әсері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе

Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып, оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады. Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық өндірістерінің көзі болып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1) Жұмалиева Б. Экологиялық сақтандыру туралы заң керек. Бірақ, сақтауды ойлап жатқан ешкім жоқ. Алтын Орда. 2004 ж. 5-7 тамыз 7-бет.
2) Әбенбаева С. Табиғат та сұлулықтың кәусарбұлағы. Ұлт тағлымы. 2003 ж.
3) Фурсов В.И. экологические проблемы окружающей среды – Алматы 1991-192 б.
4) Бордский А К Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы Алматы ғылым 1997 -192 б.
5) Әлімбаев Т. Адам мен қоршаған орта. Қазақ тарихы 2003 ж. №3.
6) Экология : Г.С. Оспанов , Г.Т. Бозшагаева.
7) Табиғатты қорғауда өнеркәсібіміз. 1999 ж.

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 14 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге




Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Ауа туралы жалпы түсінік.

2. Ауаның ластануы.

3. Ауа тазалығын сақтау.

4. Қоршаған ортаға судың және жердің әсері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Тірі табиғат пен тірі емес табиғат өзара тығыз байланыста
болады. Бұл байланыс бірінші кезекте атомдардың ары бері сапырылысуы,яғни
заттар мен күш қуат түрлерінің шексіз айналымға түсіп, табиғатта үнемі
қайтадан таралып тұруы түрінде көрінеді және оның өзі тіршілік етушілердің
ат салысуымен жүзеге асырылады.
Адам табиғаттың сан-алуан кен байлықтарын пайдалана, өңдей отырып,
оларды түрлі қалдықтар түрінде кері қайтарады. Яғни, адам мен табиғат
арасында белгілі бір алмасу орнайды. Осы қатынас барысында заттардың
табиғатта таралуы мен шоғырлануы елеулі өзгеріске ұшырайды. Әрине, ол
заттардың үнемі қозғалыста болып, бір орыннан екінші орынға жылжып отыруы
табиғи жайт. Алайда адам қатысында бұл қозғалыс шапшаң түрде өтетін болады.
Аз уақыт ішінде заттар мен атомдар бір жерде азайып, екінші жерде күрт
көбейе түседі. Заттардың бірі тарыдай шашылып кетіп, екіншісі шоғырлана
бастайды. Мысалы: адам кеніштердегі миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан
қандайда қазбаны аз жылдың ішінде-ақ әлде бір затқа айналдырып, жер жүзіне
таратып жібереді. Немесе ол кенді өңдеп, пайдаға жаратамын деп жүріп сол
өңдеген жердің маңайына ауасын, суын, табиғатында екінші бір заттардың
шоғырлануын туғызады. Бұған қоса адам өте көп мөлшерде түрлі жанғыш заттар
бөлінетін күш-қуаттарын пайдаланады. Оларды тіршілік аясының әр тұсына
немесе одан тыс жерлерге жинақтап, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын тудырады.
Ал осның бәрі адамның ішіп - жеуге байланысты қажеттіліктерін ғанғ
емес, бірінші кезекте күннен күнге еселей өсіп бара жатқан әлеуметтік
тұтыныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Ғаламшардың тіршіліктік қорлары
мен көздері адамның тамақ ішіп тірі жүруі, өмір сүруі үшін қажет болса, жер
қойнауындағы кендер мен қуат қорлары адамның, қоғамның алуан түрлі тауарлық
өндірістерінің көзі болып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы.
Соңғы елу жылдағы ғылыми-техникалық төңкеріс ықпалымен өндіріс
технологиялардың күрт дамуына орай бірнеше жүздеген мың жаңа химиялық,
табиғатта бұрын болмаған, өз бетінше тумаған жасанды заттар шығарылып, жан-
жақты қолданылу үстінде.
Қоршаған ортадағы улы заттар үлесінің тынымсыз артып отыруы ең әуелі
адамның өзіне ауыр, денсаулығына жүк болады. Мұнан соң ауыл шаруашылығы
өнімдері мен дақылдарының сапасын аздырып, түсімділігін төмендетеді.
Ормандар мен су қоймаларының қуатын әлсіретіп, құнарлығы төмен жаңа
жерлерді айналысқа түсіру қажеттілігін туғызып, оларды өңдеуге кететін
шығын мөлшері артады.
Өзендер мен көлдерге мұнай және оның түрлі өкілдері органикалық улы
заттар құйылады. Мұның бәрі де біз өмір сүріп отырған ортаның тазалығын
төмендетіп, адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сндай-ақ былғанған ауа мен
судың, ластанған топырақтың мұндай кері әсерлері бүгінгі күнмен бітпейді.
Олар кен қазу жұмыстары тоқтағаннан кейінде, ұзақ уақыт бойы сақтала
береді.
Табиғатты сақтаудың экологиялық тұрғысы адамның жер үстінде, қазір де,
болашақта да қайғы-мұңсыз, аман-есен жайлы өмір сүруін тікелей қамтамасыз
етуді мақсат тұтады. Бұл үшін өсімдік пен жан-жануарлар дүниелерінің
жойылып кетпей,табиғатпен тұтаса өмір сүруіннің негізгі сақталуы шарт.
Халықтар санының артып, өсімдік жамылған жер қыртысының азаюы және көптеген
кен байлықтары қорының шектеулі болуы бұл мәселені айрықша назарда ұстауды
талап етеді. Бұл үшін адам тұрғылықты даму тұжырымын сөз жүзінде ғана емес,
іс жүзінде де мойндап, оны тікелей ұстануы, айналасындағылырды осыған
көндіре білуі қажет.
Техника-экономика тұрғыда өндірісті жүргізудің ұтымды технологиялары
мен құралдарын дұрыс талдап, табиғатты сақтау шараларын жүзеге асырудың
арзан және пәрменді жолдарын табуды талап ету.
Адам әрекеттерінің зиянды әсері атмосфера қабатарының бірі
стратосфераға да тиіп жатыр. Атмосфераның бұл бөлігінде жердегі барлық
тіршілікті радияциялық ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерден қорғайтын
озон қабаты орналасқан. Соңғы кезде осы дұрыс озон қабатының бұзыла
бастағаны туралы жиі айтылып жүр. Оның бұзылуына тропосфера мен стратосфера
шекарасында ұшатын түрлі ұшақтар санының көбеюі себепкер болып отыр.
Олардан бөлінетін газдар озон қабатының бұзылуына әсер етеді. Қазақстан
териториясында озон қабаттарының бұзылуы космос ғарыш аймағы орналасқан
Орталық Қазақстанда байқалған. Сол маңайдағы жайылымдар шөбінің құрамының
өзгеруі, сол жерді мекендейтін қарақұйрық етіндегі радиациялық элементтер
мөлшерінің шамадан тыс көбеюі осының салдары.

1. Ауа туралы жалпы түсінік.

Ауа. Әуелде жер ғаламшарының газ қабығы, яғни газды қауырсыны
болмаған. Ауаның пайда болуы – жанартаулардың тынымсыз атқылап, жер
кідігінен азот пен көміртектің қос тотығы шығарылуы салдарынан жүрген
геологиялық, геохимиялық әрекеттесулер нәтижесі. Жер үстінде өмір іздері
пайда болғанға дейінгі кезеңде ауа метан мен аммиактан және су буынан
тұрған. Шамамен 1,8 млрд. жыл бұрын бактериялардың тіршілік әрекеттері,
онан соң өсімдіктердің өсуі нәтижесінде ауа құрамы өзгеріп, ондағы еркін
күйдегі оттек мөлшері арта бастады. Оттек қорының артуы әуе құрамының
бірте-бірте азотты оттектікке ауысуына алып келді. Сөтіп тотығу әрекеттері
тән екіншілік ауа пайда болды.
Жердің ауа қабығының салмағы астрономиялық санмен есептелінеді және ол
5,2*10,15 т. Әринежер қабығының аса мол көлемі және оның газдық құраушының
табиғи айналым арқасында үнемі теңгеріліп, орны толтырылып отыруы жайына
байланысты әуеде ешқашан таусылмайтын болып көрінуі мүмкін. Алайда,
мәселеге оның табиғаттағы бастапқы қалпы сақталып, құрамының өзгеруі тез
арада сейіліп шыға келеді.
Ауа қабаты бес қабаттан тұрады. Олар тропосфера, стратосфера,
мезосфера, термосфера және экосфера деп аталады. Ауның негізгі (90 % дейін)
бөлігі жермен жанасып тұрған және 8-18 шақырымға дейін биіктікке созылатын
тропосфера қабатының аумағында тараған.
Ауа химиялық қосылыс емес, өзін құраушы газдардың жай араласып жүрген
қоспасы болып табылады және оның теңіз деңгейіндегі орташа құрамы 78,08%
азоттан, 20,95% оттектен, 0,03% көмірқышқыл газынан, барлығы бірігіп 0,94%
құрайтын енжар газдардан, озоннан, радонна, сутектің асқын тотығынан,
аммиактан және йодтан тұрады. Жер әесінің көбірегі азот пен оттектен тұруы
– оның басқа ғаламшарлар әуесінен басты айырмашылығы болып табылады.
Ауа үнемі қозғалыс үстінде болады және бұл оның ең маңызды физикалық
қасиеті болып табылады. Ол жерге тік және қапталдас бағыттарда қозғалады.
Бұл қозғалыстардың бәрі де ауаның әр тұсындағы қызу айналыстан туады. Ау
адамның және бүкіл жер үстіндегі жан-жануарлары мен өсімдіктерінің өмір
сүру ортасын құрайды. Олардың ауасыз тіршілік етуі мүмкін болмас еді.
Ауаның басым бөлігін құраушы азот – жер үстінде тіршіліктің пайда болып,
дамуының негізі болып табылатынбасқада тіршілік туғзушы қосылыстар
құрамындағы басты элемент. Сондықтан азотты қазақша өміртегі немесе
тіршіліктегі деп атаса болады.
Табиғатта оттек пен азот тоқтаусыз айналымда болады және сол арқылы
ауа құрамының тұрақтылығы сақталады. Барлық ағзалар, соның ішінде
өсімдіктер де оттек пен демалады.
Әуедегі оттек мөлшерінің өзгерісі аса көп те емес әрі ірі өндіріс
орындарының маңында болмаса, ауа құрамының айтарлықтай нашарлай жайы да
тіркеле қойған жоқ. Дегенмен, бүгінгі таңда әр түрлі отындардың жануына
жұмсалатын оттек шығыны, оның табиғи түрде пайда болуына әлде қайда жоғары
екені және ол шығынның орны қандайда басқа жолдармен толтырылыпотырмағаны
да белгілі жайт. Мысалы,есептеу бойынша әуедегі оттектің жалпы мөлшері жыл
сайын 10 млрд. тоннаға азайып отырады және бір жыл ішіндегі әр түрлі
отындардың жануына жұмсалатын оттек мөлшері, жарық құрау барысында
түзелетін оттектің 23% құрайтыны да есептелген. Оттектің табиғат жағдайында
өндірілуі мен қарқынды түрде шығындалуының тағы бір мысалы: кәдімгі
реактивтік ұшақ бір құрлықтан екінші құрлыққа дейін 8 сағаттай ұша отырып,
50-75 т. оттек пайдаланады, ал осынша уақытта мұндай мөлшерді оттек
шығарылуы үшін аумағы 25-50 мың гектардай орман қажет.
Қалыпты жағдайда қалыпты жағдайда әуеде әрқашан мөлшері 0,4-1,0% дейін
ауытқып тұратын су буы және шаң мен түтін түрінде біраз мөлшерде
механикалық ермелер болады. Әуеде мұндай ермелердің пайда болуының екі,
яғни табиғи және жасанды көздері бар.

2. Ауаның ластануы.

Ауа құрамындағы қатты ермелерді шаң дейміз. Тау кен үйектік аймақтық
ауаларында шаң жаққа жақын да дала және құмды жерлер ауасында ол өте көп
болады.
Әуенің адам әрекеті негізінде былғау көздеріне қатты, сұйық және
газдық отындарды пайдаланушы жылу электрлік орталықтардан, тұрмыстық
отжағулардан, темір көліктерден, темір өңдеуші және химиялық
кәсіпорындардын бөлінетін шаңдарды жатқызуға болады және бұлар тіршілік
аясы былғануының басты себепкерлері болып табылады.
Айталық Алматы облысында 2005 жылы әуені былғауға қатысушы тұрғылық
тұтынушы көздерінің саны 4243 болса, қозғалысты ұшынды көздері, яғни облыс
аумағында тіркелген автокөлік саны 138 мыңға жетті және осы жыл ішінде әуге
тұрғылықты көздерден 69 мың тонна (2004 жылы 71 мың тонна) қозғалысты
көздерден 130,9 мың тонна ұшынды бөлініп шыққан. Келтірілген 4243
тұрғылықты ұшынды көздері ішінде Қарасай, Іле аудандарындағы ,Алматы 2-ЖЭС,
Қзмырыш Текелі қуатты кешені, Талдықорған жылу қызмет, Қарасай; Іле
аудандары мен Қарабұлақ, Балпық би аудандарындағы қант зауоттары әуеге
бөлініп жатқан ұшындының басым бөлігін шығаратындардың ең ірілері болып
табылады. Мысалы: бір ғана Текелі қуаттық кешені 2001ж 2077,8 тонна, яғни
облыстағы барлық тұрғылықты көздерден шыққан ұшындының 71-ін шығарған.
Соңғы жылдары жүргізілген әлемдегі шаң шығарушы басты салалар әрекетін
бақылау нәтижесінде ауқымы 20мкм төмен тозаңдардың бір жыл ішінде әуеге
көтерілетін мөлшері 1-ден 6 млн. т. дейін жететінін көрсетті.
Әуедегі газ құрамының ойдымдық өзгеруі оның қандай да бір
құрауыштарының азаюы немесе көбеюі салдарынан ғана тумайды, оған табиғатта
өздігінен пада болмайтын, тек адам қолымен ғана жасала алынатын бөгде газ
тәрізді ермелік қосылыстардың , мысалы: хлор,фтор,метан сияқты газдардың
қосылып, араласып кетуінен туады. Газдық былғануға қоса әуедегі тозаң
мөлшері де болып табылатын тозаңдар ластаушы есбінен әуенің көмескіленуі
соңғы 30 жылда он есеге артыпты. әрине, адам әрекеті белсенділік сипаттағы
аймақтардың үстіндегі әуе әлдеқайда тозаңдылығымен және бұл қалыптың көп
уақыт бойы сақталатын тұрақтылығы мен ерекшеленеді.
Адам әрекеттік былғауыштар қоюлығы мен ғана емес, құрамының алуан
түрлілігімен де айрықшаланады. Мысалы: өткен ғасыр басында өндірісте 19
химиялық элемен қолданылған болса, ғасырдың ортасына қарай 50 элемент, ал
оның 70 жылдарына таман Менделеев кестесіндегі элементтер түгелдей
қолданылатын болды. Бұл жай өндіріс ұшындыларының құрамын бұрынғыдан да
күрделендіріп, зияндылық салдарынан ондаған есе ұшындырып, ұшындырып
жібереді. Енді оның құрамы ауыр және сирек темірлер тозаңдарымен, табиғатта
кездеспейтін күрделі құрамдық, радиобелсенді, рак тудырушы, бактериялық
және басқа да заттармен, осылардың сан-алуан жаңа әрі күрделі
қосындыларымен толықты.
Ау құраушылар – азоттық оттектің және көміртек қос тотығының мөлшерік
қатынастары әзірге көп өзгере қойған жоқ, бірақ соңғысының үлесі көп
уақыттан бері тұрақты түрде арту үстінде екенін ұмытуға болмайды. Егер
жаңадан қосылатын бөгде газдар мөлшері онша көбейе қоймаса, яғни оның
салыстырмалы түрде аз болуы қамтамасыз етілсе ауаның әр қабатында жүріп
жататын өздігінен тазару, еру, тотығу, ыдырау, бактериалардың жуытуы,
құбылысының арқасында-ақ әуе құрамының табиғи тепе-теңдігі сақтала берер
еді.
Алайда адам ауа әрекетімен пайда болатын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Жалпы питомник туралы түсінік
Гигиена туралы жалпы түсінік
Жалпы жер туралы түсінік
Лексикография туралы жалпы түсінік
Жарақаттар туралы жалпы түсінік
Бензол туралы жалпы түсінік
Түйсік туралы жалпы түсінік
Микропроцессорлер туралы жалпы түсінік
Биосфера туралы жалпы түсінік
Түйсіктер туралы жалпы түсінік
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь