Кемеңгер немесе елбасы туралы тебіреніс (Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы)


Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Басқолбасшысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төрағасы, Қазақтардың Дүние жүзі Қауымдастығының Төрағасы. Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да бірқатар шет елдің жоғары ордендері мен медальдарымен марапатталған. Нұрсұлтан Әбішұлы әлемнің аса ірі мемлекет басшылары мойындаған қазақ мемлекетінің ең алғашқы басшысы, дүние жүзіне әйгілі саясаткерлердің бірі. Ол ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алымды да алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішіндік және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті. Н. Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік-тарихи маңызы бар істер атқарылды. 1991 жылдың күзінде 40 жылдан астам уақыт бойы адамзат баласына от бүркіп, апат қауіпін төндіріп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 459 ядролық жарылыс өткен бұл полигон енді мәңгіге тыншыды. Туған елінің тыныштығын, адамзаттың қауіпсіздігін ту еткен Н. Назарбаев Америка Құрама Штаттарының, Ресейдің, Францияның билеушілерімен ұзақ та күрделі келіссөздер жүргізіп, ядролық қаруды Қазақстаннан аластауға 1994 жылы келісті. Бұл біз үшін өтеуі қымбат келісім еді. Өйткені ядролық державалар (АҚШ, Англия, Россия, Қытай, Франция) Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және бүгінгі шекараларының өзгермейтініне құрметін білдірді, Қазақстанның тәуелсіздігіне территориялық біртұтастығына қарсы күш қолданбауға міндеттенді, Қазақстанға экономикалық қысым көрсетуге бармайтынын мәлімдеді. 1995 жылы соңғы ядролық қару қазақ елінен әкетілді. Осылайша адамзат тарихында тұңғыш рет жойқын қарудан ерікті түрде бас тартқан мемлекет пайда болды. Президент Н. Назарбаевтың көптеген бері қолға алып, практикаға енгізіп келе жатқан іргелі идеясы-Еуразиялық одақ құру. Бұл, әрине, бұрынғы Кеңестер Одағын тірілту емес. Еуразиялық одақ қос құрлықты мекендеген мемлекеттер мен халықтар арасындағы интеграцияны жаңа сапалы биіктікке көтеру. Алғашқы нәтижеге де қол жетті. 2000 жылдың күзінен бері бес мемлекеттің басын қосқан еуразиялық экономикалық одақ өміп сүріп келеді. ЮНЕСКО күнтізбесіне Абайдың 150 жылдық, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдық, Түркістанның 1500 жылдық мерейтойларының енуі, Париж бен Лондонда, Берлин мен Токиода қазақ арыстарының аттары құрметпен аталып, ән-күйлеріміз бұрынғыдай жалтаңкөзденбей, барынша еркін, қуанышты көңілде шалқуы мәдениетімізді, өнерімізді, ғылымымызды ғана түлетіп отырған жоқ, санамызды, дүниетанымымызды, мінезімізді де жаңаша қалыптастыруда. Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында қыруар іс атқарылды. Бірақ олардың ішінде екеуін атап өту керек. Біріншісі - 1997 жылы Президент Н. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы, екіншісі -елорданың Алматыдан Астанаға көшірілуі. Үш ғасырға жуық уақыт бойы отаршылдықтың тауқыметін тартып, этнос ретінде шалажансар халге түскен қазақ халқын ел етіп, ТМД елдерінің аясындағы ең көп тілді, көп конфессиялы Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды. Бұл жолда да тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық түсіністік пен достықты өмір салты еткен, болашағына сеніммен қадам басқан қазақстандықтардың символына айнала білді.
Начало формы
Конец формы
Біз ұзына бойы тарихы мыз да Ұлы далада небір қиындық тарды басымыздан кешірген, сұрапыл соғыстарды, жойқын жор туылдарды өткерген; сан рет қирап, сан рет бой түзеген; “та рих тың тағдырлы көші” дей тін ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген; салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре де білген елміз.
Тауқыметті соншама көп кешкен, тағдыры аянышты - езіліп-егілген, жа бығып жапа шеккен, тарығып-зарық қан халық жер бетінде екеу болса, со ның біреуі - қазақ. Сондай сұмдық тар дың кесірінен қазақ кезінде атамекенін тастап, тоз-тоз болып жан сауғалауға да мәжбүр болды.
Орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар-ожданымыз табан ға тапталды. Алқакөл-сұламаға ұшыра дық. Кеңпейіл, аңқау қазақтың мал-жаны тәркіленіп, ашаршылыққа душар болды. Зұлматтың құрығына түсті. Өзгенің та ри хын өзімізге теліп оқыдық. Хандарымыз бен билеріміз, бектеріміз бен батыр ла ры мыз әжуаға, күлкіге, мазаққа айналды. Та рихымыз саясаттың құралына айналды. Сана, дәстүр күйреді. Халық жадынан ай рылды. Шыбын жаны шырқырады. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаз дадық. Қазақтың: “Қаратаудың басы нан көш келеді”, деп зарлағаны, Қаз туған жыраудың: “Қайран да менің Еділім” деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, қала сала алмай, көшіп-қон ған жұртын орнық ты рып ел ете алмай Абылайдың пұшай ман болғаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; “Еділді келіп алғаны - етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны - жағаға қолды салғаны”, “Әдіра қалғыр Үш Қиян” деп Мұрат ақынның күйзелгені; “Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын”, деп Абайдың қабыр ғасы қайысатыны осы тұс еді.
Даламызды да, өзімізді де көрмеген батыстың ғалымдары қазақты жер бе тін дегі жабайы халықтың қатарына қосты. Олар өркениеттің Шығыстан бастал ған ды ғын, Еуропа қалың ұйқыда жатқанда бұл өңірде салтанатты тірші лік болған ды ғын, керек болса, ер қана ты жылқыны да қолға үйретіп, ер-то қым салып, жүген деп, өмір сүрудің құра лына айнал дыр ған ды ғын біле тұра, мойындағылары келмеді. Өркениеттің жалғасын, тұтас бір дәуірін жасаған ата-тегіміз - ғұндарды да, оның көсемі Еділ (Аттила) патшаны да; көк Тәңірі мен қара жердің ортасын дағы бү кіл адам баласын билеген, дүниенің төрт бұрышын аузына қарат қан, сөйтіп азды-көп, кедейді бай қыл ған, тату елге жақ сы лық қылған, асыл мұралар қалдырған Қа ғанат қаһарман дарын да жабайыға санады.
Ойыңа түссе зығырданыңды қайна та тын, пұшайман қылып сергелдеңге сала тын, досың түгілі жауыңа да тілемейтін осындай қорлықты, сұмдықты басымыз дан кешкен, тарихқа есесі кеткен елміз.
“Дәуір алмасып жатқанда өмір сүр ме”, - дейді екен қытайлар. Бүгінгі ұр пақ тың өмірі дәуір мен дәуір, ғасыр мен ғасыр алмасып, заман өзгеріп жатқан тұсқа тура келді. Біз осы күнге арып-ашып, жадап-жүдеп, шаршап-шалдығып, талықсып, сеңдей соғылысып, тентек қойдай теңселіп, ақылымыздан, жадымыздан, санамыздан айырыла жаздап жеттік.
Құдайға шүкір, Алла көзіміздің жа сын көріп, тілегімізді беріп, басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз артта қалып, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін аштық.
Сөйтіп, көз алдымызда демде жер де, ел де, адам да, заман да өзгерді. Күл-тал қа ны шығып, быт-шыт болып қираған өндіріс ошақтары қайта тірілді, жаңа арнаға түсті. Ел есін жиды, етегін жапты, еңсесін көтерді. Халықтың көңілі орны ғып, жаңа заманның кәсіп-тіршілігіне көшті. Ызы-қиқы, адам баласы түсініп бол майтын неше түрлі мехнат-қиын дық тар ұмыт болды. Жылқы мінезді халық емеспіз бе, енді бүгін сол құбыжықтарды басымыздан кешпегендей, көзімізбен көрмегендей болып отырмыз. Демде-ақ бәрін де ұмыттық. Ұлы далада шым-шы тырық, қым-қиғаш, астасқан алуан заман ның ел басынан өткені де, талай дәурен сүргені де рас, бірақ ХХ ғасыр дың аяғында көзіміз көрген, өзіміз ара ласқан бүгінгідей ғажайып шындықты қазақ халқы бұрын-соңды басынан кешкен емес.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Небары он сегіз-ақ жылдың ішінде осы байтақ дала да бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Н. Ә. На зар баев бастады. Арғы-бергі заманда осындай ұлан-ғайыр мемлекет орнатып, халқы ның көңіліндегісін тауып, көкейін дегісін істеген Назарбаевтай кісіні Ұлы даланың тарихы білген емес.
Н. Назарбаев ел тізгінін алмағайып, аумалы-төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сыны нан абыроймен өтіп, халқын да қыл кө пір ден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қа һар мандығын, даналығын кейінгі ұрпақ тың келешекке аңыз етіп жеткізетінді гінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау - Президентіміз туралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.
Н. Назарбаев - түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ та рихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары - еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұң ғы шы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы.
Әлжан ана перзент көрмей, құрсақ көтермей, аяғы жеткен жердегі әулие лерді аралап, ақыры Райымбек батырдың ба сы на кеп түнеген түні түс көреді . . . Түсін де ен далада жүріп келеді екен. Жүріп келе ді, жүріп келеді, ақыры көз ұшында сағымданып көрінген бір теңізге келіп жетеді. Теңіздің түбіне түседі, жүре береді. Жүре береді, бір кезде теңіздің түбінде көлденең жарқырап жатқан ұзын мылтықты көреді. Мыл тықты көтеріп алып, иығы на салып, сол күйі теңізді кешіп отырып, арғы бетіне шығады . . .
Осы көрген түсін Әлжан ана ауылдағы абысын-ажындарына айтып береді. Олар Әлжан ананың түсін жақсылыққа жориды: “Құр сақты болады екенсің, шекесі торсықтай ұл табады екенсің, өмірі күреспен өтеді екен”, - дейді. Алла анамыздың тілегін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн көтеріп, дүниеге болашақ Президентті әкеледі.
Айтса айтқандай, ес жиып, етек жап қан нан бері Нұрсұлтанның өмірі ел үшін, болашақ үшін күреспен өтіп келеді.
Болашақ Президентті алғаш рет 1957 жылы көрдім. Қаскелеңдегі Абай атын дағы қазақ орта мектебінде педпрак ти кадан өткенімде Нұрсұлтан оныншы кластың оқушысы еді. Жүзі жайнап, екі көзі оттай жанып, жарқ-жұрқ етіп, ай маң дайы жарқырап, бәйге атындай ты пыр шып отыратын. Ішіне сыймай жүр ген бір құдірет бардай көрінетін. Қажыр лы, еңселі болатын. Тұрғыластарының ара сы нан иығы озық тұратын. Намыс шыл болатын. Момынға болысып, жұрт қа көмектесіп жүретін.
Болат кездік қын түбінде жатпайды дегендей, Нұрсұлтан жастайынан қы нап тан суырылған қылышқа ұқсады, әуел бастан-ақ мұзжарғыш кемедей қай ортаға барса да сыйып, сіңіп жүре берді.
Орта мектепті үздік бітірді. Бала жастан елгезек болып өсті. Ерте тұрды, кеш жатты. Отбасының ауыртпалығын әке-шешесімен бірге көтерісті. Жатпай-тұрмай ата-анасына қолғабыс тигізді.
Асылы, ықылым заманнан бері қоғам дық өмірде қалыптасқан белгілі бір құбылыс - кесек, біртуар тұлғалардың жара тылысы ерекше болып, көпшілік ортада құдай берген қадір-қасиетімен бала кезден танылатындығы. Сөйтіп, жа сы нан көзге ілігіп, қай істе де мақсат кер лік мінез-болмысымен дараланып, шоқтығы биік тұратындығы.
Өзі қатарлы балалар ауылын қимай жүргенде Қаскелеңге тиіп тұрған әсем Алма тыға емес, ол кезде жер түбіндей көрінетін Арқадағы Қарағандыға, оның да өзіне емес, жанындағы ол кезде атын біреу естіп, біреу естімеген Теміртау қала сына, онда да оқуға емес, жұмысқа тар тып кеткенін, кейіннен өзге де қазақ стандық жастармен Днепродзер жинскі ге аттанғанын, келгеннен кейін Қазақ стан Магниткасының маңдайалды металлургі атанғанын да, сонда жүріп көзге түсіп, әуелі комбинаттың, одан қаланың, одан облыстың басшылығында болғанын да, қылшылдаған қырықтағы жасына жаңа жеткенде республикалық деңгейдегі лауа зымды қызметке - Орталық Коми теттің хатшылығына шақырылғанын да, мұнан соң көп ұзамай сол кезде Кеңес Одағын да ғы ең жас Совмин Төрағасы болып бе кі тілгенін де бүгінде халық жақсы біледі.
Бесіктегі баланың бек боларын кім біледі,
Қарындағы баланың хан боларын кім біледі,
- дегендей, ол кезде Нұрсұлтанның Прези дент боларын кім болжады дейсіз. Бірақ табиғатынан жалындап тұрған жас тың түбі бір жерді жарып шығатынын жұрт сезетін еді.
Нұрсұлтан уақыт тынысын ерте сезді. Қазақ жастары атын естісе де затын біл мейтін бүкілодақтық екпінді құрылысқа жазылды. Өз жолын, даңғылын тапты. Ортасынан оза шауып, көшбасшылыққа ұмтылды. Көкірек көзі ерте ашылды. Сан далмамен күн кешкен, қызыл төңке ріс, қызыл зұлмат, кіші тәркілеу, ұлы тәркілеу, ашаршылық тозағынан өткен қазағына күзетші болайын деді, ел қатарына қосудың қамын жеді.
Темір қорытты. Домнаның пешіне қай нап-пісті, жарғақ құлағы жастыққа тимей жастайынан жарқырап көзге түсті. Деге ніне жетті. Әруақ қолдап, бақ дарып, таққа мінді. Сөйтіп, заты қазақтың рухын ас панға көтерді, ел-жұртын да өрге жетеледі.
Нұрсұлтан Әбішұлы неге жетсе де - моншақтаған терін сұқ саусағымен сыпы рып, от шашқан домна пешінің қызуына қақталып жүріп жетті. Жоғары ға, билік иерархиясына сүйреген, қол тығынан деме ген жанашыры болған жоқ. Өзінің жүрек отына сенді. Бейнеттен бойын тартпады. Өмірдің ыстық-суығына алмас қылыштай суарылып өсті.
Н. Назарбаев жауапкершілікті мойны на алып, ел үмітін арқалаған кезде, Қа зақ Советтік Социалистік Республи ка сы дейтұғын елде тұратын азамат тар дың ішіндегі ең бейшарасы, ең сорлысы қазақтар болатын. “Қазақпын” деп те, “Менің ана тілім - қазақ тілі” деп те айта алмайтынбыз, айтқызбайтын. Мың қазақ отырып, арамызда жалғыз орыс болса бәріміз орысша сөйлейтінбіз. Тіл де, дін де, тарих та, мәдениет те, салт-дәс түр де, әдет-ғұрып та, ата жолы да - бәрі де мансұқ болды. Мәскеуден кел гендердің ығына жығылдық. Сөзін сөйлеп, жағынуға тырыстық. Қатыгездік, бірін-бірі сыйламастық, жанкештілік, самар қау лық, жалқаулық, немқұрайды лық етек алды. Елдің еңсесі түсті. Өтірік күлді, жалған сөйледі.
Енді, құдайға шүкір, сан ұрпақ аңса ған, мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік - ел болдық. Тәуелсіздік алған жылдары мемлекет өзі нен өзі орнай салғандай, өзінен өзі дами беретіндей дау ры ғысып, қалпағы мыз ды аспанға лақ ты рып, қуаныстық. Есі шық қан ел не істерін білмей шеруге де шық ты. Қайсыбірі сол шеруге не үшін шыққандарын да білмеді.
Шынтуайтына келгенде, біз бұрын-соңды қазақ басынан кешпеген бақытты кешіп, солар сезіп-білмеген жауапкер шілікті мойнымызға алған едік. Бұрын ешқандай тәжірибесі болмаған елде, даму жолының өнегесі болмаған жерде тәуелсіз мемлекет орнатуды қолға алған едік. Бұл адамзат тіршілігіндегі, адам сана сындағы, оның тәжірибесіндегі қиынның ең қиыны еді. Осы жауапкер шілікті қалың елдің ішінен суырылып шығып, мойы нына алған, өз тағдырын елі нің тағды ры мен жалғаған, сөйтіп солардың ылғи үзіле берген үмітін жал ғаған азаматымыз - халқының ержүрек перзенті Н. Назарбаев болатын.
Тәуелділіктен арылып, тәуелсіздікпен қауышқан тұста, ызы-қиқы кезеңде мен Н. Назарбаевтың елді апатқа ұшыратып алмай, аман алып шығудың айла-әрекет те рін іздеп шарқ ұрған, елі үшін төсегі нен түңіліп, түн ұйқысын төрт бөлген мазасыз күндерінің, ұйқысыз түндерінің куәсі болған, жан тебіренісін де, күйзелі сін де көрген адаммын. Жан-жақтан анта ла ған ке зеңде жанында болған, ерліг ін, қайсарлығын, тәуекелшілдігін көзіммен көрген, елі үшін атқарған ерен еңбектерінің куәсі болған адаммын. Шамам келгенше қолғабыс тигізген нө керлерінің бірімін.
Тәуелсіздіктің қиын да күрделі жыл да ры 5 жыл бойы күні-түні қасында бо лып, тереңдігін, кемелдігін көрдім. Елім дегенде ен дүниеге сыймай талай тебі рен ге нін, талай ұйқысыз түндер мен тыным сыз күндерді басынан кешіргенін көзіммен көріп, жүрегіммен сездім.
Арпалысқан, аласапыран кезеңде үйреніскен қалыпты жүйенің астан-кес те ңі шығып жатқан, алда не боларын біл мей жұрт сасқалақтаған уақытта Н. На зарбаев именбей қол бастады, тар кезең нен жол тапты. Алаштың аманатын мой нымен көтерді. Азаттыққа қолымыз ды жеткізіп, мәртебемізді асқақтатты.
Сын сағатында, алмағайып заманда екі өмір, екі дүние, екі дәуір арпалысқа түскен шақта Назарбаев осындай қадамға барды. Керек десеңіз, бәйгеге басын да тікті. Ештеңеден, ешкімнен қаймыққан жоқ. Қалай барды? Неге сенді? Кімге сенді? Бұл арасы ол кезде тек оның өзіне ғана мәлім еді. Ес жиып, етек жапқан кезде ол туралы Н. Назарбаевтың: “мен хал қымның тәуекеліне сендім” - деп жаз ғаны да, “ . . . Мен өз халқымның жо лын да басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осын дай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz