Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу


Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың билікке келуі тұсынан бастап елге елеулі, халыққа қалаулы жазушыларымыз бен ақындарымыз мемлекеттік билік жадына тартыла бастады. Сол азаматтардың арасында көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері, философ Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаевтың жұлдызы жарық көрінген болатын. Оның еңбектерінің барлығы дерлік ел мен жер, Отан тағдырына арналған. Әлеуметтік және экономикалық мәселелерді тереңінен қарай отырып, ел болашағы мен көп ұлтты мемлекетіміздің әл-ауқаты оның жадынан тыс қалған емес. Осындай еліміздің біртуар ақыны, жазушы әрі саясаткер ел қалаулысының мемлекеттік және қоғамдық қызметімен, оның қаламгерлік шығармаларынан тысқары қалу қателік деп білемін.
Оның шығармаларымен танысу, мемлекеттік және қоғамдық қызметімен таныса отырып, Әбіш Кекілбайұлының біз білмейтұғын қырлары мен сырларының әлі де көп екендігін ұғамыз. Оның әрбір шығармасының мағынасы өте терең әрі оқырманның жанын баурап алардай екендігін ұғыну оңай. Әрбір жазған еңбегі мен әрбір атқарған қызметінің тиянақты болғандығы анық.
Әбіш Кекілбайұлы көптеген сыйлықтардың иегері және лауреаты. Тағайындалған сыйлықтары мен лауреат атақтары тек қазақ жерінде ғана емес, шетелдерде де ерекше құметпен тапсырылған болатын. Оны тек қазақ елі ғана емес, онымен қоса орыс, неміс, тїрік және т. б. елдерде сїйікті жазушы, көрнекті қаламгер әрі бірден-бір саясаткер деп таниды. Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік және қоғамдық-саяси белсенділігінің рөлі ерекше бағаланады.
Марапаттары:
- «Қазақстан Республикасы бірінші Президентінің» ордені (2004 ж. желтоқсан) иегері;
- «Құрмет белгісі» ордені иегері;
- «Отан» ордені иегері;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалінің иегері;
- Абай атындағы Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- ҚР Президентінің бейбітшілік пен келісім сыйлығының лауреаты;
- Немістің «Фольк унд Вельт» кітап баспасы сауалнама хаттамасында «ХІХ ғасырдың таңдамалы жазушылары» атақ иегері;
- «Азия-Африка» жазушылары халықтар комитетінің мїшесі;
- КСРО жазушылар Одағы алқасының, халықтар «Лотос» жазушылар сыйлығының қазылар алқасының, Мәскеудің «Художественная литература», «Дружба народов» баспасының редакциялық алқа мїшесі1.
Қазақстанның дамуы їшін әрқашанда өз еңбегін еш аямайтұғын Кекілбаев еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси, экологиялық, ұлтаралық, дипломатиялық, халықаралық т. б. мәселелерінде белсенділік танытады. Тіл мәселесі де Кекілбайұлының жадынан ешқашан тысқары қалған емес. Қазақстанның даму жолын саралап, халық тағдырына жанашырлықпен қарап, азаттық жолында, ұлттық мїдде мен ұлттық сананың өрбуіне өз їлесін қосқан бірден-бір азамат.
Ел жағдайы ушығып тұрған сәтте дїниеге келген Әбіш Кекілбайұлының балалық шағы жан аярлықтай өтсе де ешқашан өз арман-мақсатынан алыс қалмаған. Әкесінен алыс болса да, анасының қолғабысы бола білді. Арманның асқарында өссе де сол арманның жїзеге асатынына сенімі мол болатын. Жастайынан елім деп, жерім деп соққан жас жїрегінің сыры тереңде еді. Туған жері Маңғыстау өңірі Кекілбайұлы їшін арманмен құралған, ерекше сипатқа ие болған сағымдай еді. Сол арманның жетегінде жїре отырып елдің әл-ауқатын өз шығармаларында әсерлей жеткізе білді.
Алғашында 1962 жылдары Қазақ Мемлекеттік Университетін жақсымен бітіріп, сол жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» секілді ерекше сипатқа ие болған газет редакциясында әдеби қызметкер және бөлім меңгерушісі қызметімен жұмыс атқара бастайды. Бұдан кейінгі жылдары да өз жұмысын қоғам төрінен алады. Алайда әрбір атқарған қызметі ерекше сипатқа ие болатын. Қайда жїрмесін өз жадынан ел қамын бір сәтке болса да есінен шығармай, болып жатқан оқиғалардан бей-жәй жїрмеді.
Өз еңбегінің арқасында Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген қайраткері сыйлығына иегер атанады. Өзінің сол кездердегі жазған еңбектері шетелдіктердің көңілін баурап алғандай.
1964-1968 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мїшесі қызметін атқарады. Бұл жылдары да Әбіш Кекілбайұлының шоқтығы әрқашан биікте көрінетін. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы болып қызмет жасайды. 1975-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі болып тағайындалады. Бұл жылдар атқарған жұмысы аз емес болатын. Ел ішіндегі ұлтаралық байланыстардың дұрыс жолға қойылуы, экономикалық және әлеуметтік мәселелер, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам мәселесі Әбіш Кекілбайұлын толғандырды. Осы салада көп еңбек ете отырып, елді дұрыс жолға, даму жолына салуда ұсыныстар жасаған болатын. 1984-1986 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарады. 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы болып тағайындалады. Бұл жылдары Әбіш Кекілбайұлы көптеген тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайта жаңғыруына және олардың ерекше құметке ие болуына өз їлесін қосты. 1990 жылдан 1991 жылға дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарға Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарған болатын. 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарады. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалады. 1996 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланады 2 . Осы жылдардың барлығында Әбіш Кекілбайұлының атқарған қызметі аз емес. Олардың барлығы дерлік мемлекет пен оның даму жолына арналған. Осы аралықта жарық көрген еңбектерінің өзі отансїйгіштік, ықпалдастақ пен тәуелсіздік тақырыптарына арналып жазылған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әбіш Кекібайұлының қоғамдық-саяси қызметі өте ауқымды, қоғамдық алатын орны өте ерекше. Кекілбаев өмірі мен мемелекеттік қызметтерін, атқарған және атқарып жатқан еңбектері ерекше құрметке ие. Бұл тұрғыда көптеген еліміздің және шет елдік азаматтардың бірнеше көлемді еңбектері жариялаған болатын. Мемлекет және қоғам қайраткері, философ, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті қаламгер, драматург, сыншы, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев өмірі, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтеріне арналған Сұлтан Оразалиннің екі бөлімнен тұратын деректі фильмі 2007 жылдың 28 қарашасында жарық көрді.
Әбіш Кекілбайұлы шығармалары көптеген тақырыптарға арналған. Алғашқы шығармалары қазақ халқының қиын-қыстау кезеңдердегі әл-ауқаты жайында баяндалады. Тарихи тұрғыда да Әбіш шығармалары аз емес. Оның шығармалары әлемнің 14 тіліне аударылып, бірнеше мақалалар басылып шыққан болатын. Оның ішінде орыс тіліндегі, тїрік және неміс тілдеріндегі еңбектері жарық көрген. Тїркияда Әбіш Кекілбайұлы құрметіне арналған жеке пошталық марка қолданысқа енгізілген. Тек қазақ елінің ғана емес, бірнеше шетелдік мемлекеттердің де сїйікті қаламгері әрі қоғам қайраткері ретінде танылған Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.
Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметі еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бұрын алғашқы бастауын алған болатын. Одан бері келе еліміздің тәуелсіздігі мен оның тұрақты дамуымен, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығы тұсында Әбіш Кекілбайұлының қызметі ерекше көзге тїседі. Мемлекеттік даму тұрғысында, тұтастық пен ынтымақтастық және әділеттілік Әбіш Кекілбайұлының ұранына айналғандай.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу;
- Әбіш Кекілбайұлы шығармаларына шолу жасау;
- Еліміздің тәуелсіздігіне дейінгі жылдардағы Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси қызметтерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы Әбіш Кекілбайұлының саяси қызметтерімен танысу;
- Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастарын білу;
- Қазақстан Республикасы және шетел көлеміндегі Әбіш Кекілбайұлының қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті қаламгер ретінде алатын орны мен деңгейінен мағлұматтар.
Ғылыми жаңалығы: Бұл ақырыпты зеттей келе, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философ, жазушы, қаламгер, сыншы, драматург, қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі Әбіш Кекілбайұлының сегіз қырлы, бір сырлы бойындағы қасиеттерін оқып біліп, байқадым. Сондай-ақ Кекілбайұлының ерекше қасиетерінен басқа да, ерекшеліктерін білдім, атап айтқанда:
- Әбіш Кекілбайұлын халықаралық интеллектуалдық әлеумет бойынша әлемнің ең ойшыл 100 адамы санатында;
- Немістің «Фуль унд Вельт» баспасының дїниежїзіне танымал 200 їздік қаламгердің ең таңдаулы 50-нің қатарында;
- Әбіш Кекілбаев еңбектері тек қазақ тілінде ғана емес, әлемнің 14 тілінде жарық көріп, бірнеше мың данамен тараған;
- Егемендік алған жылдардан бері Әбіш Кекілбайұлы көптеген ғылыми-танымдық, зерттеу еңбектері жарық көрді;
- Саясат, мәдениет пен тарихтың өзекті мәселелерінен көптеген мақалалары жарыққа шықты;
- Қырғыз Республикасының қайраткері, неміс және тїрік ұлттарының көрнекті қаламгері;
- Әбіш Кекілбаев құрметіне арналған Тїркия Республикасының пошталық марка айналымы;
- Көптеген мемлекеттік сыйлықтардың иегері;
- Ақтау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлына арналған мұражай;
- Кекілбаев еңбектері жан-жақты зерттеле келе, қоғам қайраткері ретінде және көрнекті қаламгер ретінде танылған саяси тұлға екендігі сараланып бір тұжырымға келтірілді.
Зерттеу объектісі: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ойы, шығармашылығы мен қоғамдық қызметтері.
Зерттеудің құрылымы: Әбіш Кекілбайұлының қоғамдық-саяси ой-пікірлері атты жұмыс екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен және кіріспе мен қорытындыдан тұрады.
І - тарау. Кеңес дәуіріндегі Әбіш Кекілбайдың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени өмірі мен көзқарастары.
1. 1. Әбіш Кекілбайдың азамат ретінде қалыптасуы және қоғамдық есеюі.
Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, философ, сыншы, драматург, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының қоғамымызда алар орны ерекше.
Адам баласы дїниеге келерде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әр тїрлі мінез - құлық бітеді. Ерен ақылды, туасы шешен, ойшыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер болу барлығына бұйырмайды. Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылдың 6 желтоқсанында Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Мырзаайыр деп аталатын жерінде дїниеге келген. 360 әулиенің жері атанған бұл мекенде Әбіш Кекілбайұлы кіндік қаны тамғандықтан оны ерекше құрмет тұтады. Сол кездегі соғыс салдарынан ел тартқан көп қиындықтар Әбіш Кекілбайұлының жан дїниесіне ерекше із қалдырған еді. Әкесі Кекілбай екінші дїниежїзілік соғыста қаза болады. Анасы Айсәуле оның осы кїнге жетуіне бірден-бір себепші. Отбасында жағыз бала, екі әпкесімен сол жылдардың салқын ызғарымен өседі. Әкесінің орнын білдірмеуге тырысқан Әбіш анасының қолғабысы болды. Екі апкесінің бірі мектепке баратын, ал екіншісімен Әбіш їйде қалатын еді. Сол замандардағы кездескен көп қиындықтарды жеңе білген ол жас кезінен әдеби шығармаларға өте бейім болатын. Ең алғашқы «Екпінді егін сала ма?» атты көлемді мақаласы сол кездегі «Сталин жолы» газетінде жарық көрді. Мақаланың кемшіліктері жан-жақты талқылана отырып, бірнеше тармақтан тұратын қаулы қабылданған болатын. Ол қаулы ел көлемінде жїзеге асты. Мектеп қабырғасынан зерек өскен Әбіш Кекілбайұлының болашағы кемел еді. Маңғыстау облысы, Оңды ауылының Оңды мектебін тамамдап, университет қабырғасына аяқ басады. 1962 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін жақсымен бітіріп шығады. Университет табалдырығында оқуға, ізденіске өте құштар ол өз замандастары Мұхтар Мағауин, Төлек Тілеуханов сынды замандастарымен бірге жан-жақты ізденісте еді. 1960 жылдары елді қызықтыратын бірден-бір мәселе ел мәселесі болатын. Сол жылдары Әбіш Кекілбайұлы өз замандастарымен бірге ел тағдыры, жер тағдыры терең толғандыратын. Жасырын әдебиеттерді жиі оқу арқылы, тіл мен ел тарихын, есімдері ұмытылуға айналған ерекше тұлғаларды еске ала отырып ой бөлісу, өз замандастарымен бірге жабулы шындықты ұғынуға ерекше уақыт пен назарды аудару, сол мәселелер оларды бей-жай қалдырмағандығының көрінісі еді.
Қазақ елінің ерекше тұлғаларының бірі, қаламгер, мемелекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының мемлекеттік қызмет саласындағы орны ерекше. Алғаш рет өзінің қоғам қайраткері ретіндегі қызметін 1962 жылы бастаған болатын. Ол кездері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» сияқты газеттердің әдеби қызметкері және бөлім меңгерушісі қызметінен бастайды. Осы жылдары өзінің жарық көрген бірнеше еңбектерінің барлығы дерлік ел, жер, Отан тағдырына байланысты өрбіді. Еңбектері мен мақалалары газет беттерінде жарық көрді. Замандастары әрі әріптестерінің арасында ерекше озығы саналатын. Сол кездердегі әріптестері Оралхан Бөкей, Ақселеу Сейдімбек, Кәрібай Ахметбекұлы, Оразбек Сәрсенбай, Қалдарбек Найманбай, Кәдірбек Сегізбаев, Қуанышбай Құрманғалиевтер сынды елдің қалаулылары Әбіш Кекілбайұлын ерекше құрметпен айтатын. «Лениншіл жас» газетінің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртазаның айтуынша: «Сол ортада жампоздай болып, Әбіш Кекілбайұлының тұлғасы ерекше тұрды. «Бұйдыраған екі шекелі», толқынды бұйра шашты, тұңғиық терең ойлы көз, - осы жігіт тым ерте есейген, жастайынан көсемдікке жаралғандай, қарттың даналығын бала жастан бойына жастанғандай, бай қазыналы етіп, тәңірім терезесін биік жаратқандай әсер қалдырар еді. Қазақ әдебиеті әлемінде Әбіш Кекілбайұлы їлкен биікке көтерілді. Әдебиетте өзгелер байқамаған, өзгелер айта алмаған сөзді айтты. Басқа ұлыс, ұлттардың намысын қорламастан, қазақ рухын асқақтатты. Бояуы көп, бай көркемдікті былай қойғанда, бұл жазушының азаматтық берік тұғырының айғағы», - дейді 3 .
1962-1965 жылдары Әбіш Кекілбайұлы «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінің редакциясында әдебиет-өнер меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жоғарғы оқу орнын жаңа аяқтаса да, ұшқыр ойлы, шеберлігімен жұмысын өте тиянақты атқара білді. Әбіш Кекілбайұлы ел тағдырынан, болып жатқан оқиғалар мен саясаттан ешқашан тыс қалған емес. Оның алғашқы «Ең бақытты кїн», «Тасбақаның шөбі» сияқты әңгімелерінен бастап, «Кїй», «Шыңырау», « Ханша дария хикаясы» повестері, «Аңыздың ақыры», «Елең-алаң», «Їркер» романдары, әсіресе туелсіздік жылдарында жазылған публицистикалық шығармалары, «Абылай хан» драмасы Әбіштің тұлпар шабысты жїйрік екенін, көркем сөздің нәзік құпияларын игерген зергер, оқушы көкірегіне ақылдың нұрын құятын ойшылдығын танытты 4 .
Одан кейінгі жылдары мәдениет министрлігінде репертуарлық-редакциялық коллегия мїшесі қызметін атқарады. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметін атқарады. Бұдан бертін келе Әбіш Кекілбайұлы көп салаларда қызмет атқарды. Қазақ Комунистік Партиясы Орталық Комтитетінің мәдени бөлімінің нұсқаушысы және сектор меңгерушісі қызметін, Қазақстандық мәдениет министрлігінің орынбасары, Қазақстандық жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы. 1988-1990 жылдары тарих және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы орталық кеңесі президентінің төрағасы қызметіне ұсынылады. Осы жылдары Әбіш Кекілбайұлы бірнеше жерлерге іс-сапармен аттып, тарихи ескерткіштерді қорғау мен тарихи жерлерді жаңғырту мәселелерінде ерекше жұмыстар жасай білді. Маңғыстау өңірінде болған іс-сапарында сол өңірдегі тарихи ескерткіштерге сипаттама бере отырып, олардың елеусіз қалдырылмайтындығы жөнінде баян еткен болатын. Тарихи-мәдени мұра саласында жїрген уақытында Әбіш Кекілбайұлы «Мирас» қорының ашылуынан бастап ерекше таихи мұраларға көз жігін тіге бастады. Оған қоса мұра тану мен мұра зерттеудегі сараңдық төңірегінде де өз ойын анық білдірген болатын. Өз мақсатын жїзеге асыруда Әбіш Кекілбайұлы сол жылдары «Білім» қоғамымен бірігіп, «Тарихи білімдер таратудың апталығын», Мәдениет қорымен бірігіп ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» программасы аумағында арнайы конференция, Архитекторлар одағымен бірігіп «Қала және табиғи-тарихи ая» халықаралық конференциясын, Қазақ телевидениесі, «Қазақфильм» киностудиясы арқылы аталмыш шараларға орайластырған ғылыми-көпшілік фильмдер шығару істерін жїзеге асырған болатын. Сол жылдары ежелгі Тараздың, Жамбыл облысындағы Ақтөбе су қоймасын, Сайрам зиярат орындарын қалпына келтіруге ат салысып, олардың қайта жаңғыруына бастау бола білді 3 . Мәдени-тарихи мұраларды зерттеуді қолға алған Әбіш Кекілбайұлы болашағы жарқын әрі баянды егеменді ел болатынымызға сенімі мол еді.
Тарихи мұраға қамқорлық жасау - тек өткенге ізет емес, ол ең алдымен болашақтың қамын ойлау. Әлеуметтік белсенділікті ауадай қажет ететін тұста Әбіш Кекілбайұлы бабаларымыздың, кїллі қоғамымыздың, тарихымыз бен халқымыздың рухани мерейіне қатысты көптеген іс-шараларды жїзге асыруға ат салысқан азамат 5 .
1988-1990 жылдары Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президиумының төрағасы. Бұл жылдарда жасаған еңбегі де ауыз тола айтарлықтай. Мәселен, біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ-Х және ІІІ мың жылдықтың 400-ге жуық ескерткіштерінің қазба жұмыстары арқылы Қазақстанда табылғандығы, Қаратау бойындағы, Арал маңындағы, Қараторғай жағалауындағы, Жезқазғандағы, Алтайдағы Усть-Нарым, Кіші Краснояр, Батыс Қазақстандағы Ырғыз, Қарақұм т. б. ескерткіштері ежелгі заманның бет-бейнесінің көзін ашуда еңбек етті.
«Мәдениетті адам мәдениетті алаламайды, бағалайды, өзгенікі, өзімдікі деп бөлмей, біреуін қолдап, біреуін қорламайды, бәріміздікі деп бәрін де бірдей бағалап, бірдей қорғайды. Қайсысының да тарихы мен сыр-сымбатына жіті їңіліп, терең тїсінуге тырысады. Мәдени плюрализм осылайша орнығады. Ондай өрелі рухани қызметін жақыннан бастап алысқа, өткеннен бастап ертеңге қарай жалғастырады. Өткендегіні бїгінгінің, бїгінгіні - ертеңгінің мұрасы деп біледі. Мұра - ол тек тарихи ескерткіштердің жиынтығы емес, ол адамдардың дәйім кїрделі, дәйім белсенді әрекеттерінің барлық жемісі мен нәтижесі, жеңісі мен тағылымы».
1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы ОК бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. Халқымыздың өзегін өртеген тіл мәселесі бойынша Әбіш Кекілбайұлы көптеген жиындарға қатыса отарып, қазақ тіліне деген мәселенің шешілуінде өз кїшін аямады.
Ең басты мәселе - ынтымақ төңірегінде қаншама рет әңгіме өрбітті. Өйткені, сол кездегі ел мїддесі тек көптің кїшімен ғана жїзеге асатын шаруа еді. Ал көпті кім-кімнің де көңілінен шыға алатындай жөн пиғыл, жїйелі жосық қана ортақ іске жұмылдыра алады. Барлық нәрсенің болмасын әуел басы татулық пен ынтымақ екендігін ортаға салатын. Көп ұлтты мемлекет өз өрмегін құрайтын әр тіннің бояуының, қанық арқауының ширақ болғанына мейлінше қам жемесе, өзі де ойдағыдай өркендей алмайтыны анық болатындығын атап өткен болатын. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатуға бел байлаған елдің одақтық парламенттің де алдымен қолға алып, алдымен жїзеге асыруы тиіс ең басты парыздарының бірі. Ол їшін азаматтық қоғамға азаматтық қорғаныс керек екендігін де жасырмайтын. Ұлтаралық мәселелердің алдын алу їшін ең алдымен сол ұлттар арасындағы келіспеушіліктерді, әділетсіздікке әкелетін, жарасымды қарым-қатынасты їзетұғын оқиғалардың алдын алу керектігін атап өткен еді. Сол кездегі қазақ тілінің толғандырып отырған мәселесінен де алшақ қалмады.
Ұлтаралық қатынаста тек экономикалық жарасымдылықты алға тартқан болатын. Сонымен бірге Қазақстанның экономикалық ахуалы мен тілдің пайдаланылуы, рухани мїдделерді қанағаттандыру мен мемлекеттік шаруашылықты басқаруда әділетті өкілеттілікті конституциялық реттілікке көшірудің мәні зор екендігін атап өткен болатын. Көп ұлтты республика жағдайында экономиканы жаңғырту мен ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ету керектігі, жерге меншік, өзін қаржыландыру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару, кәсіпорындар дербестігі жайындағы мәселелерді талқыға сала отырып, оның дұрыс жолдарын табуға ат салысты. Әбіш Кекілбаев экономика және әлеуметтік мәселелер төңірегінде көптеген мәселелердің шешімін табуда өз еңбегін еш аямаған болатын 6 .
1. 2. Әбіш Кекілбай шығармаларындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінің бейнеленуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz