MS Office пакеті туралы түсінік



MS Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған жүйесінің қосымша программалары. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез - келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі обектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стилдер, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с.с. жетіп артылады.
Word - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалы сияқты оны бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт дискіден компютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:
1. Басқару тақтасындағы іске қосу (Пуск) менюінің орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.
2. Програмалардың Microsoft Office тобындағы Word шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. Word редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы, т.б Редакторымен

MS Office пакеті туралы түсінік.

MS Word – мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып
шығаруға арналған жүйесінің қосымша программалары. Ол - мәтіндік және
графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай
алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез - келген
операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған
мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі обектілерді
байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы Word редакторында
типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың
оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды
көбейте тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен
кестелерді көрікті етіп безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар,
стилдер, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с.с. жетіп
артылады.
Word - пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа
программалы сияқты оны бастапқы нұсқалық дискеттерден немесе компакт
дискіден компютерге жазып орналастыру қажет.
Орналастырылған Word редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге
асырылады:
1. Басқару тақтасындағы іске қосу (Пуск) менюінің орындау (Выполнить)
командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске
қосуға арналған.
2. Програмалардың Microsoft Office тобындағы Word шарт белгісінде
тышқанды екі рет шерту арқылы.
3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.
4. Word редакторына дайындалған құжаттың шарт белгісіне тышқан
курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы, т.б Редакторымен жұмысты
аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі.
- Файл - Шығу (Выход) командасын таңдау арқылы.
- Word негізі терезісінің жүйелік менюіндегі Жабу (закрыть)
командасын таңдау;
- тышқан курсоры терезесі тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ
шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе
батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;
- редактор терезесінің тақырып жолының оң жақ жоғары бұрышындағы Жабу
батырмасын (X) басу;
- тікелей Alt +F4 пернелерін басу.
Егер програмасымен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп,
бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша
сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Ия - Да )
керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ - Нет ) оны да растап беруіңізді өтінеді.
Қалауыңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де
(Болдырмау - Отмена).
Электрондық кесте термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді
комьпютерде өңдеуге арналған программалар-ды белгілеу үшін пайдаланылады.
Кестелерді өңдеуге жататын іс - әрекеттер:
1. Функциялар мен формаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулер
жүргізу.
2. Түрлі - түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.
3. Тиімді ету мәселелерін шешу.
4. Белгілі бір крийтерилерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын
таңдап алу.
5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және форматтау аспаптар
тақтасы.
Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші
және соңғы жолдың арасына электрондық кестенің жұмыс парағы орналасқан.
Жұмыс парағындағы жолдармен бағаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы - қалып - күйі жолы. Төменгі жолдың сол жақ
шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы - Дайын (Готов) деген сөзді
көрсетеді.
MS Word редакторындағыдай Excel - де де орындалып жатқан әрекетке
сәйкес берілетін контекстік тәуелді
анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан, жұмысымызға байланысты әрқашанда
көмек ала аламыз.
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық.
Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең
орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірімен белгіленген.
Бағана әрпі электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын) анықтайды.
Әріптер жұмыс аймағының жоғары шекарасында орналасқан. Бағаналар мынандай
ретпен белгіленеді: А - X, содан соң АА - AZ, одан кейін В А - BZ және
т.с.с.
Ұяшық - электрондық кестенің мәлімен енгізілетін ең кіші элементі.
Әрбір ұяшықтың баған әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар.
Ұяшық көрсеткіші - ағымдағы ұшықты анықтайтын көмескіленген
тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте
бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесі орналасқан ұяшықтардың
тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан
тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар
координатынан тұрады.
Excel - де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін
енгізуге болады: мәтін, сан және формула.
Microsoft Access 2000 программасы ұсынып отырған мәліметтер
базасының негізі объектілерін құру құралдарын қарастыралық. Бұл құралдар
келесідей топтастырылған:
- Конструктор режимі;
- Шебердің көмегімен;
Қарапайым объектілерді жасаудың жеделдетілген құралдары.
Microsoft Access - те кез келген обьектімен жұмыс істеу мәліметтер
базасы терезесінен басталады. Оның сол жақ панелінде Access - тің негізі
обьектілері орналасқан. Кестені құру үшін сол жақ панельден кестені басқару
элементін таңдап аламыз.
Оң жақ панелінде жаңа кестені құруға арналған басқару элементтері мен
мәліметтер базасында бұрыннан бар кестелер тізімі келтірілген. Шеңбердің
көмегімен кестені құру жұмысты жеделдетуге арналғандықтан мұнда Microsoft
Access - тің негізі құрылымдары мен әдістерін игеру қиын. Бұл режим Access
- те жұмыс істеп үйренген профессионалдарға арналған.
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі Microsoft
Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point қолданбалы
программасы. Бұл презантацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап
құрал болып табылады.
Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез -
келген кезеңінен ұсынып, көрсетуге болады.

Power Point программасының әр түрлі текті объектілерді құруға арналған
өз құралдары бар. Сонымен қатар қолданушы Microsoft Office дестесінің
кез келген компонентінде (Word, Excel) дайын тұрған материалдарды пайдалана
алады. Microsoft Office қолданбаларынан басқа да программаларды, яғни
сыртқы файлдарды да презентация даярлауға қолдануға болады.

Көшіру және қою. Басқа программалардан объектіні көшіру үшін оны
алмасу буферіне орналастырып, содан соң Power Point құжатына енгіземіз.
Тасымалдау. Объект Microsoft Office - тің қайсыбір қолтаңбасы мен
Power Point - тың арасында сүйреу әдісі бойынша тышқанның көмегімен
тасымалданады. Бұл жағдайда екі программада да экранда ашық болуы керек.
Импорт (Экспорт). Объект Microsoft Office қолданбаларының біреуінде
дайындалған файл ретінде Power Point құжатына енгізіледі. Бірақ бұл
жағдайда енгізілетін файлдардың пішіміне кейбір шектеулер қойылады.
Гиперсілтеме. Бұл әдіс басқа қолданбалардағы файлға өтуді көрсетеді.
Гиперсілтеме Интернетте басылып шығатын құжаттарға арналады.
Power Point - тағы кез келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған
кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдттардың саны көп бола
береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмері болады. Слайд
құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмерленеді.
Құжаттағы слайдттар сызықты тізбектеме орналасады. Слайдтарды жою,
кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын
бұзбайды. Слайдтар әр текті объектілерден тұрады. Әрбір слайдта кем дегенде
бір объект болады, ол кадрдың фоны. Слайдта орналастыратын объектілер:
- фон;
- мәтін;
- гиперсілтеме;
- диаграммалар;
- колонтитулдар;
- кестелер;
- графиктік белгілер;
- бейнеклиптер;
- дыбыс;
- таңбашалар;
- түстер схемесы;
Слайдта орналастыратын барлық обьектілер Power Point ішкі құралдарымен
де сонымен қатар сыртқы қолданбалы программаларда да құрылып, безендірілу
мүмкіндігіне ие болып отыр.
Windows 95 жүйесі шыққан соң MS Mail программасы осы операциялық
жүйемен бірге шыққан MS Exchange программасымен алмастырылды. Ал Microsoft
Office 97 жүйесі шыққан соң, жаңа толықтырылған Outlook электрондық почта
программасы пайдалануға өте ықшам, әрі ыңғайлы Outlook Express деп аталған
нұсқасы Microsoft компаниясының Internet Explorer 5.0 программасының
құрамына кіргізіліп, сонымен бірге таратыла бастады.
Outlook Express программасы тек электрондық пошта мәліметтері мен
жаңалықтары жылдам өңдеуге арналған еді, ал Outlook програмасы жұмыс
кестесін қарым - қатынас жасауды т.е.с ұйымдастыратын кешенді программа
болатын.
Internet Mail программасы интернетпен жұмыс істеуге бағытталған
Microcoft компаниясының алғашқы программасы болып табылады; кейіннен
Internet Explorer 4.0 программасымен алмастырады. Microsoft
компаниясының Интернет жүйесіне бағытталған жаңа электрондық почта
программаларын мына Web -түйінінен табуға болады: httr: \www.microsoft.
cor\ie немесе httr \\ www. Microsoft. Com\ie - intl\ru.
Outlook Express программасы Интернеттегі жергілікті желідегі және MSN
жүйесіндегі поштамен жұмыс істей береді. Оны іске қосу үшін жұмыс
столындағы Outlook Express белгішесін екі рет шерту керек. Сонда экранға
екі бөлігі бар терезе шығады. Сол жақта тұтынушыға қажет программа
элементтері - оның ішінде Inbox бумасы көрсетілген. Оң жақ бөлікте сол
буманың ішкі мазмұны берілген.
Outlook Express программасында хат жөнелту үшін Cofposefontw Mail
Message (Сообщение - Создать) (Ctrl + N) командасын орындау қажет,
нәтижесінде экранға жаңа хабарлама даярлау терезесі шығады. Адресті енгізіп
Tab пернесін басамыз да, мәлімет енгізу аймағына ауысып, керекті мәтін
терілген соң Send (Отправить) батырмасын шертеміз.
Келіп түскен хабарламалар бумасынан біреуін оқу үшін сол мәліметте
тышқанды екі рет шерту жеткілікті. Хатқа жауап жазу үшін Compose - Reply
(Сообщение-Ответить автору) (Сtrl+R) командасын орындау керек. Сонда
автоматты түрде жаңа хабарлама даярлау терезесі ашылады да, алушы иесінің
адресі жазылады. Қалған іс әрекеттер мәліметті жөнелту операциясымен бірдей
орындалады.
Келген хабарламаны оқыған соң, Mail - Reply to ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MICROSOFT ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАУ
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
3d studio max, HTML тілі, Access, Macromedia Flash бағдарламалары
MS Access бағдарламасы
Microsoft Office Access программасы
Microsoft Word мәтіндік редакторы туралы негізгі мағлұматтар
Емхана ақпараттық жүйесі
Қызметкерді жұмыстан шығару
Деректермен жүргізілетін операциялар. мб құрылымын жоспарлау және құру
Кәсіпорынмен танысу
Пәндер