Тәрбие үрдісінің мақсаты-оқушының бос уақытын ұйымдастыруы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тәрбие үрдісінің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 Оқушының бос уақытын ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбие үрдісінің мақсаты-оқушының бос уақытын ұйымдастыруы
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Тәрбие үрдісінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
2 Оқушының бос уақытын
ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..11

КІРІСПЕ

Қазіргі мектептерде тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің мазмұнына,
мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар қалыптастырылуда. Жаңа
талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан қалыспай, терең білімді игеру.
Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық
негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды жағдайлар жасалып, нәтижелері
көрінуде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ең басты міндеттердің бірі- мектеп
оқушыларының іс-әрекетін ізгілендіріп, рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы.
Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп,
олардың алдын-ала шығармашылықпен дамытуына жол ашу.
Тәрбие берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы)
тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы
педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған
сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты
ғана емес, сонымен катар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен
дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды.
Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ
әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл
келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар
оны қабылдамауы мүмкін. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық
ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара
әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет.
Инабатты тәрбиеші өз әдістерінше әр тұлғаның өзіне тән қабілетгерін
дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.

1 Тәрбие үрдісінің мақсаты

Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз
ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды
қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ
ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып
қалыптасады.
Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан
жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі
таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты
мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты
мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік
қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі
замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді
ұрпақ тәрбиелеу.
Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған
жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты
гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие
нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-
салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі
[6, 33 б.].
Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім
берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін,
талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі
жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа
білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,
оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай
қажет.
Иә, егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең мазмұнды
білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі алға
қойған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар-бүгінгі мектеп
оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен
емес. Тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы көнермейтін, ажырамайтын
баға жетпес құндылық, бала тәрбиелеу мәселесінің негізгі өзегі-өмір
тәжірибесі, өз халқының әдет-ғұрпы.
Ақиқат пен аңыздың асқарында ғұмыр кешкен Бауыржан Момышұлы атамыздың мына
сөзі де менің жанымда жүреді. Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім,
енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден
қорқам. Екінші, немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам.
Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Солардан қорқам
деген атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне
тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның
қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын
намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие жұмысы ұлттық мінез,
ұлттық келбетіміздің ажарлануына жол ашады.
Заманымыздың заңғар жазушысы М. О. Әуезов: Адам баласы жан жемісін татпай,
өмірдің терең мағынасында шын мақсатын түсіне алмайды деген екен. Жан
жемісі алдымен оқу-білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз
мектеп, ол мектептің жүрегі- мұғалімдер емес пе?!
Мектеп-білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп-тұлғаның
толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Әр жеткіншек-
зерттелмеген құпия. Сол зерттелмеген құпияны ашып, баланың басқаға
ұқсамайтын қасиетін тани білу-ұстаз атаулыға үлкен салмақ тастап отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІ сьезінде
Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға
жүктелетін міндет ауыр,-деген болатын. Ендеше елдің ұлтжанды азаматын
тәрбиелеймін деген кез келген ұстаз ұлттық мәдениетпен, тарихи, мәдени
мәліметтер және құнды ата-баба мұраларымен қарулануы қажет [6, 35 б.].
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек,-деп Абай
айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері
бар рухтың мекені- мектеп мұғалімдерінің жүрегі болуға тиіс.
Қазіргі қазақ мектептері оқыту мен тәрбиенің сапасына, әдіс-тәсілдерінің
мазмұнына, мақсатына зор көңіл бөлуде және жаңаша көзқарастар
қалыптастырылуда. Жаңа талап негізі қарқынды өркениет бағыттарынан
қалыспай, терең білімді игеру. Осыған орай, қазақ мектептерінің оқыту
жүйесінде әлемдік және ұлттық негізде жеке тұлғаны дамыту үшін өте орынды
жағдайлар жасалып, нәтижелері көрінуде.
Ең бастысы, оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың тиімді жолдарын табу, оқушыны
іздену, үйрену әрекетіне жұмылдыру, педагогтің өз әрекетіне ішкі мотивтері
мен шығармашылық ізденісін байланыстыра отырып, кәсіби ілгерілеуіне түрткі
болатын инновациялық технологияларды іріктей білгендігінде.Жастардың
бүгінгі білімі-ертеңгі капиталы болатындай,ал қазіргі тәрбиесі-қазақтың
қадірлі қасиеттерін қастерлей білетіндей болуы тиіс.
Мәлік Ғабдуллиннің мына сөзі менің тәрбие туралы ойыма ой салды. Тәрбие
дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының
мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады.
Сондықтан тәрбие мәселесі мектеп өмірінде ешқандай маусымды, үзіліс дегенді
білмейді, үздіксіз жүргізіліп отыратын процесс.
Жаңа үлгідегі ұлттық мектеп моделін жасау және оның нәтижелерін жалпы білім
беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне енгізудің ғылыми әдістемесін
қамтамасыз ету.
Қазақ мектебінің мәселесі-қазақ елдігінің мәселесі.Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушының бос уақытын ұйымдастыру
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі ырым тыйымдардың тәрбиелік мәні
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Колледждердегі оқушылардың сабақтан тыс уақытының ұйымдасуын анықтау
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Сыныптан тыс жұмыс барысында тәрбиенiң рөлi
Сыныптағы тәрбие жүйесі және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
Пәндер