Қаржы және банктер


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады. Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие берунен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Банктің маңызын қарастыруда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы кез-келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мне міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.

Демек жеке банктердің қызметінен банк секторының қызметінің сапасы айқындалатын болса, жалпы банк секторының сапасы арқылы ел экономикасының жағдайы анықталады деген тұжырым жасауға болады. Осыған байланысты бүгінгі таңда банк қызметін реттеу мен қадағалауды жүргізу, оны жетілдіру мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Себебі, үнемі қадағалау жасау арқылы белгілі бір тәуекелдердің алдын алуға болатындығы мәлім.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты-теориялық білімнің негізінде банктің құжаттары мен мәліметтерін пайдалана отырып, оның банк жүйесінің орындалу жүйесіне баға бере отырып, банк жүйесінің ары қарай даму жүйесін жетілдіруге байланысты әр түрлі іс-шараларды қарастыру және нақты ұсыныстар ұсыну болып отыр. Атап айтқанда, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес банктің өтімділігін жақсартуға байланысты және оны жетілдіру жолдарын қарастыру болып отыр.

Осы мақсатқа жету үшін келесі басты міндеттерді шешу қажет:

- банктің жалпы даму тарихымен танысу;

- банктің ұйымдастыру және басқару құрылымымен танысу;

- экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын анықтау;

- берілген мәліметтерді өңдеу;

- дұрыс, әрі тиімді теориялық және тәжірбиелік қорытындылар жасау;

- рационалды басқару шешімдерін таңдау, банктің даму перспективаларын көрсету;

Зерттеу объектісі ретінде банк жүйесін зерттеу қазіргі таңда маңызды орын алатындықтан екінші деңгейлі банктердің алды болып саналатын ЖФ АҚ «БТА Банкінің» қаржы жағдайы қарастырылып отыр.

Зерттеу көзі ретінде, банк саясатының мәселелеріне байланысты отандық және ТМД елдері бойынша ғалымдардың, ізденушілердің ғылыми еңбектері; халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференцияның мақалалары пайдаланылды. Сондай-ақ мына ғалымдардың пікірлері көрініс тапты: Б. Мақыш., Балабанова И. Т. Сейiтқасымов С. еңбектері қолданылып отыр.

Ғылыми жаңалықтар ретінде банк мекемелеріндегі іс-шаралар бойынша тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды тиімді жасау болып саналады.

Тәжірибелік мәні ретінде дипломдық жұмыста көрсетілген банк жүйесінің теориялық аспектілері және банктік ресурстар бойынша іс-шараларды оқып-үйренуге байланысты бағдарламалардағы білім ордасының білімгерлері қолданылуы мүмкін.

Диплом жұмысының құқықтық және ақпараттық қамтамасыз етілуі ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының банктері және банктік қызмет туралы», Заңы және ЖФ АҚ «БТА Банк» консолидирленген есеп берулері қолданылып отыр.

Диплом жұмысының әдістемелік базасы ретінде логикалық, диалектикалық экономикалық талдаудыңәдістері қарастырылды. Жұмыста Microsoft Word 2003, Microsoft Excel 2003 бағдарламасы өнімдері қолданып отыр.

Сонымен қатар, диплом жұмысында қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық кайта бөлуді камтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет аткарады. Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығарылады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие берунен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атайды. Осыған орай, банк секторын зерттеу қазіргі таңда маңызды, әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын ерекшеліктері қарастырылып зерттеледі.

Диплом жұмысының тақырыбы «Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайын талдау әдістері және олардың тиімділік жолдары» болып отыр. Осыған орай, бұл тақырып бойынша қазіргі кездегі банктердің негізгі мақсаттары, міндеттері, қызметтерінің ерекшеліктер және қазіргі жағдайдағы олардың ролін зерттеу болып отыр. Сонымен қатар, банктердің қаржылық есеп беру жағдайлары, қаржылық жағдайларын талдау әдістемелері кеңінен қарастырылып отыр.

Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болады) .

Коммерциялық банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.

Банктің ерекше кәсіпорны ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті «несиелік мекеме» деп атаған.

Банкті сауда, делдал кәсіпорны десе болады. Жалпы банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Банктік жүйе -нарықтық экономиканы ең маңызды және бір түтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы - ақшалай қарым -қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір - бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық денгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы үдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқада көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Диплом жұмысының құрылымы диплом жұмысының тақырып өзектілігі мен негізгі мақсаттары мен міндеттері көрсетілген кіріспеден, жұмыстың тақырыбына сәйкес Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін ұйымдастырудың теориялық аспектілерінен, ЖФ АҚ «БТА Банкінің» қаржы-шаруашылық мәліметтерінің негізінде жасалған есеп беруін талдау жағдайынан, сонымен қатар, болашақта осы банк жүйесін дамыту үшін жасалған перспективті іс-шаралар мен нақты ұсыныстар жасалған қорытындыдан тұрады .

1. Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық жағдайының қалыптасу ерекшеліктері және банктің қаржылық есеп беру жүйесі

1. 1 Коммерциялық банктер: қалыптасуы, мақсаты, міндеттері және қызметтері

Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. «Коммерциялық банк» термині банк ісінің даму кезінде банктің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болады. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болады)

Коммерциялық банктер нарық экономикада қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелер тобын білдіреді.

Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттері 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бұл операциялардан болған зиян, екінші бір операцияларын түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялардың буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша -несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

Қазіргі коммерциялық банктер - бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес «Банк - бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға». Коммерциялық банктер өз клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйесінің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған.

Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:

Ақша қаражатын шоғырландыру және тарату;

Несие беру;

Шаруашылық есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;

Төлем құралдарын шығару;

Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;

Клиенттерге кеңес беру;

Коммерциялық банктердің мынадай басты қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарын айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жанында болып табылады. Бұл әсерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана, емес сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылықтағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себептер бір жағынан мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.

Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуге маңызды роль атқарады. Өздерінің депозитін және несиелік операциялардың көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылық қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды. Клиенттердің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.

Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдары, өкілеттігін, сондай-ақ еншілес банктерін ақша алады.

Банк филиалы - бұл бос банктің берген құқықтары шегінде банктін операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқару акционерлер қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелерін сайлайды және т. б. яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.

Қаржылық делдалдар ақша капиталын қайта бөлудің аймақаралық, салааралық механизмді қоғамға қамтамасыз ете маңызды халық шаруашылық қызметін орындайды.

Банктер- нарықтық экономика жағдайында негізгі қаржылық делдалдар болып табылады. Олар өзінің қызмет процесінде ақша нарығындағы тауарға айналатын міндеттемелер мен жаңа талаптарды қүрады. Банк осымен клиенттердің салымдарын қабылдап, жаңа міндеттемелер- депозитті, ол ссуданы бере отырып, зайымшыға жаңа талаптар құрады.

Бұл жаңа талаптар мен жаңа міндеттемелер құру процесі қаржылық делдалдық негізді құрастырады. Қозғалыс, орнын ауыстыру, зайымшылар кредиторлардан қаржылық ресурстарды құлпырту және институттардың осы қызметімен байланыстылар қаржылық делдалдар аталады. Банктер әртүрлі көздердің ақша капиталдарын шоғырландырып, жалпы құтылған "пұл" ақша қаражаттарын құрады, оларды әрекет ететін капиталға айналдырады және әртүрлі жағдайда несиелік талаптарды қанағаттандыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында банктер монополистерге айналады және шамамен барлық қаржылық капиталдар әмір жүргізеді. Олар тек қана делдалдық қызметтің шегінде ғана шығады және қайта өңдеудің барлық фазасының сферасына енеді. Несие жүйесі "ертегілік күшті" иемденеді және ең қауіпті түрде шын өндіріске араласады. Банк жүйесінің міндеттері мен мақсаттары экономиканы бүтіндей басқарудың міндеттері мен мақсаттары негізінен үқсас. Алайда банктер басқарудың жүйешіктері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарының жетістіктерін қамтамасыз ететін өздерінің спецификалық және жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқарудың органы ретінде банктер рөлі банк ісін ұйымдастырудың жалпы қағидаларын сақтау және олармен орындалатын өздерінің қызмет процесінде айқындалады.

Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасын өрнектейтін экономиканы басқару әдістерінің негізгі бейнесін қолданады, әрбір берілген қоғамның экономикалық қатынасы бәрінен бұрын қызығушылық ретінде байқалады, ал экономикалық қызығушылық олар қозғаушы факторлардың өндіріс мақсатында табылады. Осыған байланысты экономикалық әдістердің көмегімен басқару экономикалық қызығушылыққа әсер етуден тұрады. Осындай қызығушылықтардың түсінігінен қажеттілікті қанағаттандыру арқылы оларға әрекет көрсету мүмкіндігі жалғасады. Банктер экономикалық басқару әдістері арқылы мәселен, несиелендіру зайымдық қаражаттарға әртүрлі несиелермен экономиканың барлық звеносының қажеттігін қанағаттандырады және қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді. Өз уақытында несиелерді қайтармауы төлемдердің мерзімін өткізіп алуына пенялар, есеп айырысу операцияларын жүзеге асыру ережелерін бұзғаны үшін айып-пұлдардың жоғарылатылған пайыздарын төлетіп, банктер өздерінің қызығушылықтарын ғана емес, сонымен қатар осы операцияларға қатысушыларының қызығушылықтарын қорғайды.

Банктер өздерінің қызметтерін орындау процесінде территориалды (жергілікті органдармен) және салалық (министрліктер, ведомствалар, компаниялар, фирмалармен), функционалды (экономикалық) басқару органдарымен тығыз әрекет етеді.

Сондықтан банктер экономикалық басқару органдары болып табылатындықтан, олардың өздерінің клиенттер алдындағы жауапкершілігі экономикалық мінездеме ұстайды.

Банктердің экономикалық жауапкершілігі бәрінен бұрын өздерінің клиенттеріне ведомствалық бүйымдарының меншік формасына тәуелсіз олармен қызмет көрсетілген шаруашылық органдарының қаржылық және шаруашылық қызметінің нәтижесімен байланысты.

Банктер айналасында оларға тәуелді және осы немесе басқа банктер қызметін анықтайтын фирмалар және компаниялар топтасады. Соңғылары өздеріне және өздерінің клиенттеріне неғұрлым тиімді операцияларды үйымдастырады, пайданы қамтамасыз ететін басқа тең жагдайларда сол несиелік саясатты жүргізеді.

Банктер басқа басқару органдарында жоқ ағымды мәліметтерді орналастырады. Бәрінен бүрын бұл қызмет көрсетілген қызмет туралы мәліметтеріне жатады. Банк несиелерін қайтару, жабдықтаушылар мен бюджетке төлемдер, еңбек ақы беруде қаражаттардың шотына қатысу объективті ғана емес, сонымен қатар осы шоттың иесіні жжүмысында сәтсіздік туралы оперативті күн сайынғы дабыл болып табылады.

Шотқа ақшалардың түсуі жабдықтаушылардың жүктелген тауарлары өткізілгенін және тагы басқаларын білдіреді. Банктік қүжаттар нәтижелерді көруге, бухгалтерлік есепті құрылуын күтпей - ақ кәсіпорынның қызметінің көптеген маңызды жақтары туралы пікір айта алады. Бүл банктерге өздерінің клиенттерінің ісінің жағдайы туралы білуге, оларды қадағалауға, олардың өмірлерін және пайдаларын түгелдей анықтағга мүмкіндік береді.

Ақша айналымы біртұтастықпен мінезделеді. Қолма - қол және қолма - қолсыз формада ақша қозғалысының сфералары бір және сол ақша бірлігімен қызмет көрсетіледі және өзінің арасында тығыз байланысты. Банктер, кәсіпорындар, ұйымдар, халықтар шоттарын енгізу арқылы ақша айналым жиынтығын бақылауға, ал ол арқылы шаруашылық процестерінің жүрісін жүзеге асырады және осы процестерге әсер етеді. Банк жүйесінде қоғамның барлық ақша қорлары: мемлекет қаражаттары, шаруашылық звеноларының қаражаттары халықтың жинақтары және тағы басқалары шоғырланған. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді түрде қатысады, оларды пайдалануға бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және осымен қайта өңдеу процесінің жүрісіне әсер етеді. Банктерде Крзақстан экономикасының нарыққа өтуімен жетілетін жаңа көкжиектер ашылады. Жекелешендіру және меншікті мемлекет иелігінен алу нәтижесінде жекеменшік, үжымдық және акционерлік меншік түрлерінің барлыгы кеңінен дамуда, араласқан меншік түрлерінің негізінде кәсіпорындар қүрылады.

Қоғамда бай класты саудагерлер мен кәсіпкерлер пайда болады. Экономикада және қоғамда нарықтық қатынасты шамасы бойынша банктердің экономикалық рөлі күшейеді. Олардың жүмысында бірінші орында әкімшілдік, әміршілдік әдістің орнына экономикалық әдіс ұсынылады. Экономикаға банктік әсер етудің бағалық құралдарының мәні өседі.

Бұл жағдайларда бәрінен бұрын меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру және оларды нарықтық релъске аударғанда және экономикада инфлияцияны төмендетуге банктердің рөлі жоғары. Осыған орай банк жүйесінің маңызды міндеттері несие механизмін ақша айналысын реттеу әдістерін, есеп айырысуды жылдамдату және төлемдер тәртібін сақтауды жүзеге асыру болып табылады.

1993 жылдың 15 қарашасынан бастап өзінің үлттық валютасын - теңгені енгізді. Алайда инфляция жалғасты. Олардың шыңы 1994 жылы маусымда 46% - ке жеткен. Үкімет және Ұлттық банкпен қабылданған монетарлық шама нәтижесінде инфляция маусымда 25% -ке барды, 1994 жылы тамызда ол 13. 5%- ке және қыркүйекте - 10. 3% тең болды.

Мемлекет меншік реформасында банктердің рөлі жогары. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы тұтасымен және түгелдей қызмет көрсетілген клиенттердің қаржылық жагдайына тәуелді болады. Осыган байланысты банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінен ажырауда жүргізілмеуі мүмкін.

Сондықтан банк реформасының маңызды міндеттерінің бірі -кәсіпорынды жекешелендіруде қолдау көрсету және экономиканың жеке секторларын қүру. Осыған сәйкес банк реформасы мемлекеттік меншікті жекешелендірудің қызығушылығына бағынуы қажет. Әйтпесе банктер жаман несиелерден, шағымданушы клиенттерден құтыла алмауы мүмкін, өйткені қазіргі кезде көптеген мемлекеттік кәсіпорындар несие портфелінің төмен сатыларын иеленеді.

1. 2 Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайларының қалыптасу ерекшеліктері

Банктік есеп берушіліктің негізгі бағыты банк қызметі туралы нақты, толық және оперативті экономикалық ақпарат көзінің болуы. Банктік есеп берушілік потенциалды инвесторлар мен клиенттер үшін түсінікті болуы керек. Оларға күтетін табыстар мен бірге болатын тәуекелдерді мерзімі және исомасы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беруі керек. Барлық тартылған ресурстар түрі мен құрамы туралы, орналасуы туралы ссудалар бойынша мүмкін жоғалтуларға арналған резервтердің болуы туралы ақпарат ұсынуға мүмкіндік береді. Қазіргі банктерді басқару ақша бірлігінің көрсететін сандық ақпараттарын қолдануға негізделеді. Егер ол бухалтерлік есеп беруді талдауға көмектесетін болса ол жоспарлау банк қызметін жүзеге асыру және бақылау процесінде қолданылады. Сонымен бірге бухалтерлік ақпараттарды бағалау шартты классификациялауды да қолданады.

Коммерциялық банктердің баланстары банктік өзіндік және тартылған қаражат жағдайын олардың несиелік және басқада активті операцияларына арналуын көрсететін бухгалтерлік құжат. Банктік баланс коммерциялық ақпарат құралдарына жатады және оперативтілік, нақтылық, ақиқаттық талаптарға сай жасалуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банк
Банк жүйесі туралы ақпарат
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Дамыған елдердің банк жүйесі
Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау
ҚР ислам банктерінің операциялары мен қызмет ету принцптері
Жеке тұтынушыларға Негізгі банктік қызметтерді ұсыну
Инвестициялық банктердің портфелін қалыптастыру
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz