XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл



Мазмұны
Кiрiспе

1.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық ой.пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi

XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары

XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiндегi жан тану ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуы

ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психология ғылымының мазмұны

2.тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психологиялық ой.пiкiрлердiң негiзгi идеяларын тәжiрибеде пайдаланудын мүмкiндiктерi

Қазақтың психологиялық тұжырымдарының мақал.мәтелдердегi көрiнiсi

ХХ ғасырдағы Қазақстандық психолог.ғалымдардың ой.пiкiрлерiн оқу.тәрбие процесiнiң мазмұнында пайдаланудың мүмкiндiктерi

Қорытынды
Пайдаланылған әдiстемелер тiзiмi

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы

Орындаған:
Ғылыми жетекшiсi:

Мазмұны
Кiрiспе

1-тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi

0.1 XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары

0.2 XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiндегi жан тану ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуы

0.3 ХХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психология ғылымының мазмұны

2-тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы қалыптасқан психологиялық ой-пiкiрлердiң негiзгi идеяларын тәжiрибеде пайдаланудын мүмкiндiктерi

0.1 Қазақтың психологиялық тұжырымдарының мақал-мәтелдердегi көрiнiсi

0.2 ХХ ғасырдағы Қазақстандық психолог-ғалымдардың ой-пiкiрлерiн оқу-тәрбие процесiнiң мазмұнында пайдаланудың мүмкiндiктерi

Қорытынды
Пайдаланылған әдiстемелер тiзiмi
Кiрiспе

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қоғамның бүгiнгi дамуы елiмiздiң тарихи қалыптасуы мен дамуындағы ұлттық құндылықтарымызды зерделеп, озық тұстарын тәжiрибеде пайдалануды қажет етедi. Себебi, ата-бабаларымыздың психологиялық көзқарастары бойынша айтқан өсиеттерi мен нақыл сөздерiнiң педагогикалық мәнi бүгiн де өз құндылығын жойған жоқ. Керiсiнше, нағыз сұранысын тауып отыр.
Қазақ психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуы көне замандардан бастау алып, қалыптасқан. Олар туралы пiкiрлер түркi халықтарының ортақ ғұдамалары әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.Яссауи, М.Иугнеки және т.б. еңбектерiнде басталып, қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай Құнанбаев еңбектерiнде жалғасын тапқан.
XX ғасырдың бiрiншi ширегiндегi психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы Ш.Құдайбердiұлы, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Ж.Копеев және т.б. еңбектерiмен айрықша ерекшеленсе, ХХ ғасырдың екiншi жартысы Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқан академик Т.Т.Тәжiбаев пен профессор М.М.Мұқанов, доцент Ә.Сыдықов, С.Балаубаев және т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерiн қамтиды.
Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында тәлiмдiк ой- пiкiрлерi мен ұлттық нақышқа толы психологиялық көзқарастарымен барша жұртты тәнтi еткен қазақ жантану iлiмiнiң көшбасшысы ретiнде танылған Ж.Аймаутовпен қатар оқу - тәрбие iсiне тiкелей қатысты педагогикалық психологияға ерекше ден қойған М.Жұмабаевтың таңдаулы еңбектерi деп атауға болады.
ЖАймаутовтың психология саласындығы еңбектерiнiң басты бiр ерекшелiгi төл тiлiмiздегi тұңғыш психологиялық туындылар болуымен қатар, бұрыңғы Кеңес елiн мекендеген түркi тiлдес халықтар тiлдерiне алғаш жарық көрген бiрден - бiр ғылыми басылымдар екендiгiнде.
М. Жұмабаев сынды жыр дүлдiлiнiң тәлiм - тәрбие ғылымының (педагогика, психология және т. б.) теориялық мәселелерiне бой ұруы таңғаларлық жайт. Өйткенi бұл салада ғылыми еңбек жазған әлемдiк ақын - жазушылар некен-саяқ. Осы тұрғыдан алғанда Мағжанның "Педагогика" (1922 - 1923 ж.ж.) атты кiтап жазуы өмiрде өте сирек кездесетiн, тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет.
Кеңестiк кезеңде Қазақстанда психология ғылымының дамуына өзiндiк үлес қосып, осы салада артына мол мұра қалдырған академик Т.Тәжiбаевтың ұлт психологиясына орай айтылған жеке пiкiрлерiмен қатар, Абайдың психологиялық көзқарастары туралы еңбегi; Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына ерекше үлес қосқан, өзiнiң 20 жылға созылған этнопсихологиялық еңбектерiнде қазақ халқының сонау ерте замандардың өзiнде - ақ ой - өрiсi өте жоғары болғанын эксперимент арқылы дәлелдеп берген ғалым. М.М. Мұқановтың 1979 жылы жарық көрген "Дәстүрлi мәдениет өкiлдерiндегi когнитивтi эмпатия мен рефлексияның зерттелуi" атты ғылыми мақаласы мен 1980 жылы жарық көрген "Ақыл ой - өрiсi" кiтабынан жекелеген тараулары да осы көзқарастың растығын дәлелдейдi.
ХХ ғасырдың екiншi жартысында, яғни 1930 - 1990 жылдар арасында қазақ елiнде, жоғарыда аты аталған ғалымдардан басқа, ұлттық психология ғылымына азды - көптi үлес қосқан басқа адамдар да аз емес. Олар психология ғылымдарының докторлары - профессорлар Жарықбаев Қ., Жақыпов С., Намазбаева Ж., Шериязданова Х., Хамзин Б., Бердiбаева С., Кәрiмова Р. және т.б. Бұлардың барлығының қазақ психологиясының бүгiнгi дамуында өзiндiк орны ерекше.
Ғалым Қ.Жарықбаевтың "Қазақтың психологиялық ой - пiкiрлерi" атты соңғы оныншы том, негiзiнен, елiмiздiң егемендiк алып, тәуелсiздiк алған кезеңiнде дейiнгi қазақ халқының он төрт ғасырлық психологиялық ой - пiкiрлерiн баяндайды. Яғни, бұл сонау VI-VIII ғасырлардан басталып, ХХ ғасырдың соңғы жылдарымен аяқталатын аса дүбiрлi үлкен кезең. Ал үстiмiздегi ХХI ғасырдағы қазақ психологиясының тарихын жазу бiзден кейiнгi ұрпақтың еншiсi болмақ деймiз.
Осындай ауқымды психологтар пiкiрлерiнiң жинақтары болса да олардың көзқарастарын толыққанды зерделеп, тәжiрибеде пайдалану өз деңгейiнде емес. Сондықтан бiз диплом жұмысымыздың тақырыбын "XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы" деп алдық.
Зерттеудiң мақсаты: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуына теориялық талдау жасау және оны бүгiнгi тәжiрибеде пайдаланудың жолдарын көрсету.
Зерттеудiң обьектiсi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой пiкiрлердiң мәнi мен мазмұны.
Зерттеудiң пәнi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой - пiкiрлердiң даму процесi.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы зиялы тұлғалардың психологиялық көзқарастарына теориялық талдау жасау, мәнiн айқындау.
oo XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық көзқарастардың бүгiнгi қоғамдық-педагогикалық мәнi мен тәрбиелiк мүмкiндiктерiн айқындау.
oo XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой-пiкiрлердi бүгiнгi оқу-тәрбие процесiнде пайдаланудың жолдарын көрсету.
Зерттеу көздерi: XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда өмiр сүрген қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары жарияланған еңбектерi, тақырып төңiрегiндегi зерттеулер мен мақалалар және т.б.
Зерттеу әдiстерi: теориялық талдау, салыстыру, жүйелеу, топтау, және т.б.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кiрiспеден, негiзгi екi тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Кiрiспе бөлiмде диплом жұмысының көкейкестiлiгi, оның зерттелу жағдайы және ғылыми аппараты қарастырылды. Онда зерттеудiң мақсат-мiндеттерi, зерттеу көздерi мен әдiстерi айқындалды.
"XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстандағы психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi" деп аталатын бiрiншi тарауда XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғы шарттары, Қазақстандағы зиялылар еңбектерiнiң психология ғылымындағы рөлi және қазақ психолог-ғалымдарының еңбектерiнiң дамуы қарастырылады.
"XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой-пiкiрлердi бүгiнгi тәжiрибеде пайдалынудын мүмкiндiктерi" деп аталатын екiншi тарауда Қазақстандық психолог-ғалымдардың еңбектерiн оқу- тәрбие процесi мазмұнында пайдалану мүмкiндiктерi мен Қазақстандық психолог - ғалымдардың еңбектерiн оқу- тәрбие процесiнде пайдалануға ұсыныстар берiледi.
Қорытынды бөлiмде диплом жұмысын орындау барысында қол жеткiзген нәтижелерiмiз қорытындыланып, тұжырымдалады.

1-тарау. XX ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстандағы психологиялық ой-пiкiрлердiң дамуының ғылыми негiздерi

0.1 XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарының қалыптасуының алғышарттары

ХХ ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанда психологиялық көзқарастарының қалыптасуы мен ғылымның дамуын қарастыруда бiз ең алдымен қазақ зиялыларының көзқарастарына әсер еткен факторларды талдауды жөн көрдiк. Қазақ зиялыларының психологиялық ой-пiкiрлерiнiң дамуына батыс философтары мен шығыстың ұлы ғұламалары еңбектерi негiз болды. Сонымен қатар осы аталған ғұламалар еңбектерiнен сусындап өскен қазақ топырағындағы тұңғыш ағартушылар мен ақындардың көзқарастары әсер еттi.
Адам бар жерде оны танып бiлуге деген талпынушылық, адамның құрамдас бөлiктерi яғни тән. адамның жаны, рухы туралы ойлар көпшiлiктi мазалады.
Ерте заманда дененің әр мүшесінде бір-бір жан бар деп жүретін, мұндай философияны, мәселен, Аристотельдің психологиясынан табуға болады. Аристотель: "Адамда тіршілік етуші бір жан бар, ойлаушы ақылы және тухы бар" дейді. Жанды ішінара тағы бөледі: өсетін қабілет (способность), сезетін қабілет, пайымдайтын қабілет деген сықылды. Ақылды тағы бөледі: белсенді (активный) ақыл, белсендi емес (пассивиый) ақыл. Аристотельдің осы оқуынан XIX ғасырдың аяғына дейін "қабілеттер қисыны" деген теория дәуірлеп келді. Бұл қисын (теория) бойынша бір мінездес жанның көп құбылыстары жанның бір түрлі қабілетінен шығады деп қарайды: мәселен, сезу, түйсіктеу, ескеру, қиялдау, көңілдену, қалау қабілеттері. Бірақ, сол ерте заманда-ақ осындай шатасқан қисындарға қарсы данышпандар болған. Сондай данышпанның бірі ағылшынның Локк деген адамы. Локк былайша дәлел келтіреді: "Зейін ұғады" деген сөйлем "билеу қабілетті билейді" деген сөйлемнен мәнді емес", -- дейді. "Қабілеттер қисыны" Гербарт тұсынан бері өте тексеріліп, сынға алынып, негізінен айырылды. Гербарт айтады: "Жан қуаттары", "жан құбылыстары" деген сөз жан құбылыстарын ертегіге айналдырған, ойдан шығарған, тәнге зияндыі сөз. "Қабілет" деген сөздің ешбір деректі мағынасы жоқ, қабілетсiз бір жадты да түсіндіруге болмайды" дейді.
Соңғы кездегі психология мамандары бұрыңғы психологияларда айтылатын ақыл, көңіл, жад, қиял, қайрат деген сөздерге де қарсы болып, бұлайша жіктеудің керегі жоқ деп табады. Бұлардың пікірінше, соңғы кез-келген мектеп психологиясын ашып қарасаңыз, жан құбылыстары бірнеше негізгі топқа бөлінеді деген сөздерді ұшыратасыз. Алдымен ақыл, қайрат, сезім деп үшке бөледі. Ақылдың өзін сыртқы сезім, түйсік, жад, қиял, ойлау деп тағы бөледі. Ақыл , қайрат, сезім айырмалары туралы пайым даулары жан туралы жорығаны сықылды мейілінше шатақ, біріне-бірі қарсы мағынасыз болып шығады. Осы айтылған "қуаттар", "қабілеттер", "талаптардың" "жаннан" бөтен , әйтпесе, жанның бөлімдерінен бөтен дәнемесі жоқ. Мұнымен еш нәрсе ұғынуға болмайды. Ол түстерді жақсы жаттайды. Өйткені түстерді тоқып алатын "жады жақсы" деген сөз.
Сол сияқты психологияны сана туралы пән деп айтуда дұрыс емес. "Сана" (сознание) деген бiр сөз түрлі мағынада жүреді. Кейде бірдемені ойлағанды "сана" деген сөзбен айтады, кейде "сана" деген сөздің астында бір болмыс (факт) жатыр деп те ұғады. "Сана" бір бар нәрсе, болмыс деп алсақ, онда жоқ деп отырған "жанды" екіншіі "сана" деген сөзбен түсін бояп айтқан боламыз. "Сананы" ойлау мәнісінде алсақ, ол "білу қабілеті" деген үғымға тура келеді. "Білу қабілеті" жан қабілеттерінің бір тарауы ғана. Олай болса, "сана" туралы пән психологияның біраз бөлімін ғана баяндайтын пән болып қалады. Бұрынғы психологиялар адамның ең жоғарғы қабілеті -- ақыл деп айтады. Психология -- сана туралы пән деген мағына ескі психология кітаптарынан қалған сарқыншақ. Сондықтан "сана туралы" пән деушілер ескі құрғақ даналық психологияны алдымызға тартып отыр деп ұғыну керек.
Айта берсек, психологияны жан құбылыстарын зерттейтін пән деп айту тағы дұрыс емес. Ондай психологияның жан туралы психологиядан пәлендей қара үзіп кетерлік жері жоқ. Психология жансыз бола тұрып, жан құбылыстарын нтексере бастаса, жоқ деген "жанды" қайта тірілткен болады. Психология жан құбылыстары жайынан сөйлеуші пән деушілердің дәлелі: "жан құбылыстары" деп дене құбылыстарынан айырмасы бар, көзге көрініп тұрған заттардан басқаша, көлемдіктен орын алмайтын, саңылау мүшелеріміз арқылы білуге көнбейтін, ішкі толқындарымызбен ғана сезілетін, бірі мен бірімен айырмасы бар біркелкі құбылыстарды айтамыз дейді. Әлде менің ойым "ми" атанған көлемдіктен орын алмай, өздігінен болуы мүмкін бе? Әлде менің қуанғанымның шет жағасын болса да сіз көрмейсіз бе? Менің тілегімді есітпейсіз бе? Осының бәрін көре-біле тұра, жан құбылыстары көлемдікке байланыссыз, өзімнен басқа ешкімге мәлімсіз деп кесіп айтуға болар ма екен? Әрине, болмайды.
Сөйтіп тәжірибелі психология да кемшіліктен сау емес. "Жанның" орнына "сана қабілеттерін", "жан қабілеттерін", я "жан құбылыстарын" алуы дұрыс емес. Жаңа психология бұның бірі болмауы керек деген тұжырым айтады.
Американдық психология маманы Джеймстің пікірі дұрыс. Ол: "Қашан да "рухтың" нысаны болып жүрген жұтқыншақ пен танаудың арасынан шығатын дем деген нәрседен данышпандар "сана" атты субстанция (тірек) деген болмысты туғызып алды деп нанамын. Субстанция ойдан шығарылған нәрсе. Бірақ деректі затта болатын "ой" дегеніміз нәрсе не заттан жасалса, о да сол заттан жасалуы керек",-дейді.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады жэне психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялык-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің сңбектері, алдымен оның Адам -- тәрбие такырыбы деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К- Д- Уишнский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: ...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалык кұбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыныз келетін жагдайларға сәйкес іс-әрскет жасаңыздар -- деп жазды. Жас ерекшелігі психологиясының дамуына Ч. Дарвиннің эволюциялык идеяларының айтарлықтай ыкпалы тиді. Олар психикалық дамудың кайнар көздері проблемасына зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалык іс-әрекеттің маңызын кернекті орыс ғалымы Я. М. Сеченов те атап көрсетті.
Психология ғылымының адамзат қалыптасуындағы рөлi мен маңызы шығыстың ұлы ғұламалары еңбектерiнде де кеңiнен қарастырылған. Солардың бiрi ұлы ғұлама әл - Фараби адамның мінезінің қалыпты болуы оның психикалық ахуалына тәуелді қалыптасатынын айтады. Ол өзінің "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері" деген еңбегінде: "Дене сияқты жанда да өзіне тән денсаулығы және науқасы болады. Жанның саулығы сол, оның өзінің және оның бөлшектерінің жайы жақсы болуының әсерінен әрдайым ізгі қылықтар көрсетіледі, игілікті істер істеледі жамаша әрекеттер жасалады. Ал жанның науқастығы сол, оның өзінің және бөлшектерінің жайы нашар халде болуының әсерінен әрдайым жаман қылықтар көрсетіледі, азғындық істер істеледі және сорақы әрекеттер жасалады", - деп адам әрекетінің бәрі белгілі бір әсерлер жиынтығының нәтижесі екенін көрсетеді. Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істері мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып шығады.
Әл - Фараби бала болмысы туа біткен қасиет болмағандықтан, оны жастайынан жақсы құлықтарға бейімдеп тәрбиелеудің маңыздылығын ескерте отырып, ол үшін әр түрлі сыртқы әсерлер мен жағымды ықпалдарды пайдаланудың керектігін айтады. Ол: "Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен байланысты күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, сонда оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі күйден туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Сонымен, оны қандай да болсын сырттан келген басқа бір ниет қарама-қарсы жаққа бағыттап жібермесе, ол әуел бастан - ақ жаратылысынан өзіне оңайырақ келетін әрекетке бет қояды" - деп түсіндіреді. Бұдан ғұламаның айтпақ болғаны, адамның қалыптасуында оның арғы тегінің маңызды рөлдi атқаратындығын ескере отырып, оның тәрбиесі әртүрлі қосымша тәрбие ықпалдарын дербес пайдалануды керек етеді дегенді білдіреді. Баланың қалыптасуында тәрбие шешуші фактор деп санағанымызбен оның генетикалық ерекшелігі оның индивидуалдық яғни жеке - даралық сипатын анықтайтынын, соған сай психикалық қасиеттерiне сай тәрбие әдістерінің әртүрлі болуының қажет болатындығын түсiндiредi.
Фараби мінез - құлықтың қалыптасуында Аристотельдің адамдағы барлық мінез - құлық қасиеттерді туа біткен емес, жаттығу, әдеттену, машықтану, нәтижесі деген қағиданы басшылыққа алады. Ол адамда жақсы мінез - құлықты қалыптастыруда ерік - қайратына көп мән береді, өйткені, сезім мен рухани нәпсі және парасат мұқтаждықтары бір - біріне қарама - қарсы келгенде санамен шешу ерікке, өзіне - өзі билеуге тіреледі. Мұндай жақсы ниет, оң істер бара - бара адамның дағдысына, жақсы қасиетіне айналып, ол жақсы мінез - құлықты болып өседі.
Біз мінез - құлық сапаларының абзалы да, оңбағаны да жүре пайда болады дейміз. Адамда қалыптасқан мінез - құлық болмаса, онда ол жақсы немесе жаман мінез - құлыққа тап болғанда, қарама - қарсы мінез - құлыққа өз еркімен көшіп кетуі мүмкін.
Адамның белгілі бір мінез - құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез - құлықтың басқа бір мінез - құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі - жиі және ұзақ уақыт қайталауын айтамын", - деп пікірін білдіреді. Бұл көп жағдайда мінез - құлықтағы "кеселді" ауру денені, организмді емдеуге қолданылатын медициналық тәсілдерге ұқсас әдістермен сауықтыруды ұсынады. Басқаша айтқанда, әл - Фараби жан саулығы мен тән саулығын салыстыра, қатар алып қарастыруды ұсынады. Өйткені, адамның жетілуі оның мінез - құлқының жетілуіне сайма - сай келеді.
Қалыптасып шыққан мінез - құлық үш түрлі халдің бірінде болады, - деп түсіндіреді әл - Фараби. Ол: не орташа халде, не орташадан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде. Егер хал орташаға жақын болса, бірақ, екінші қарама-қарсы жағына қарай жақындап одан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше тағы біраз сол әрекеттерді жасай береміз.
Әл-Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бет - пердесі, мінезі мен жүріс - тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі, ауру сияқты көптеген обьективті және субьективті себептерге байланысты өзгереді.
Шоқан Уәлиханов (1835 - 1865) еңбектерiнде психологиялық мәсәлелерге байланысты әр түрлi сипаттағы деректер баршылық. Осылардың iшiнде басқа мәселелерден көбiрек сөз болғаны - халқымыздың ұлттық санасы, оның iшiнде өзiндiк психологиялық ерекшелiктерi туралы мәселе едi.
Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын мына төмендегi пiкiрлерiнде жерiне жеткiзiп сипаттаған.Өз халқының медениетi мен әдебиетiн, әдет - ғұрпы мен психологиясын осыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадiр тұтпассың!
Көшпендi ата- бабаларымыздың психологиясы туралы Шоқан бiр еңбегiнде тағы да былай жазады: " Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялық рухы тамаша, бiрiншеден ақындарының еске тұту жайы барынша ғажап болғандықтан... өз батырлары туралы деректердi бұл күнге дейiн бұрмалаусыз сақтап келген, екiншiден, қазақтың өткен замандағы аңыздары мен сенiм- нанымдарын соншалық бағзы қалпында сақтауы таңырқарлық. Одан да ғажабы- әсiресе, ақырдарының эпикалық жырлары кең даланың қай қиыр түпкiрлерiнде айтылмасын, бiр ғана қолжазбадан көшiрiлгендей көшпелi орданың ауызша тарихының осыншалық дәлдiгi таңырқарлықтай, сөйтсе де бұл күдiк келтiруге болмайтын ақиқат факт".
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) де Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кiсi, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шағармаларынан қоғамдық және педагогикалық психология мәселелерiне орайласайтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пiкiрлер оның өзi айналысқан практикалық iстерiнен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйiндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесiнiң психологиялық, педагогикалық негiзднрi, мұғалiм- ұстаз проблемалары, қоғамдық психологиялық мәселелерi, т.б. жатқызуға болады.
Алтынсарин өз "Хрестоматиясында" жас өспiрiмдердiң жан дүниесiн, ақыл- ойын қалыптастыруға ұдайы есептедi. Көшпелi қазақ баласының айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байқағыштық қасиеттерiн арттыру, жетiлдiру мақсатын көздеген.
Бала жанының зергерi Алтынсарин әңгiмелерiнiң бәрi- бәрi де балалардың жас ерекшелiктерiне орай, тiлi жеңiл, мазмұны тартымды, олардың жан- дүниесiне әсер етерлiктей етiп iрiктелiнiп алынған. Осы әңгiмелерде мұғалiмдер мен ата- аналардың балаларды әр түрлi iзгi қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделедi.
Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастарына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың (1845- 1904) да психологиялық ой-пiкiрлерi ықпал еттi. Ол жастардың болашағы бiлiм мен ғылымды меңгеруiмен тiкелей байланысты дей келе, жақсы оқу үшiн есте сақтау, қабылдау, қайта жаңғырту т.с.с. психологиялық қасиеттердiң маңыздылығын айтады. Оқу процесiнде ескеруге тиiс психикалық жаттығуларды нақтылап атайды. Мысалы, абай естiгендi ұмытпастықтың төрт шарты бар дейдi: Естiгенде ой кеселдерiнен аулақ болу керек. Ой кеселiнен аулақ бола алмаса, салынбау керек дейдi. Екiншiден, естiген ақпараттан әсерлену керек дейдi. Үшiншiден, естiгенде бұрын белгiлi болған бiлiмдермен байланысын тауып, үқсастыру керек. Сосын көңiлге берiк етiп бекiтiп қою керек деп ұсынады.
Ақын творчествосында психологияның негiзгi мәселесi- жан мен тәннiң арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен бiлiмнiң атқаратын қызметi, сондай- ақ бала психологиясы мен қоғамдық, ұлттық психологияның жекелеген мәселелерi де көрiнiс тапқан.
Абай адамның танымдық қасиеттерiнiң табиғатын ғылыми материалистiк тұрғыдан түсiндiредi. Сезiну және түйсiну мәселелерiн де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқы дүниенiң адамның сезiм мүшелерiне әр түрлi сипатта әсер ететiн айта келiп: "Құлақ болмаса, не қаңғыр, не күңгiр, дауыс, жақсы үн, күй, ән- ешбiрiнен ләззат алмас едiк..."- деп сетедi. Алайда сезiм мүшелерiнiң мимен байланысты дейтiн ғылыми түсiнiкке ол бара қоймайды. Бiрақ түйсiну, қабылдаудың басқа да танымдық құбылыстарымен, дәлiрек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсiктермен байланысты екенiн ашып айтады. Осыған байланысты Абай: "Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен. Ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешiк өз суретiменен көңiдге түседi ",- деп жазады. Ақын:
"Сыртын танып iс бiтпес, сырын көрмей,
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұңдай сөздi бұрын көрмей,
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай ".

1.2 XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiндегi жан тану ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуы

XX ғасырдың бiрiншi жартысында қазақ зиялылары еңбектерiнде жан тану ғылымына деген көзқарастары баяндалып, осы ғылымға деген ой-пiкiрлерi мен оның адам тәрбиесiндегi маңызы жариялана бастады. Солардың бiрi Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858-1937) ХХ ғасырдың басындағы қазақтың қоғамдық - әлеуметтiк, мәдени-әдеби өмiрiне белсене араласып, туған халқына iзгiлiк пен имандылық, ғылыми ағартушылық тарату жолында ұлы Абайдың ұлттық нақышқа толы пәлсапалық-психологиялық дәстүрiн әрмен қарай жалғастырып, халқына мол мәдени мұра қалдырған ғұлама. Оның психологиялық көзқарастары өлеңдерi арқылы берiлiп, адамға қоршаған ортаны сезiнудiң сан қилы құбылыстарымен сипатталады. Оны
Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,
Мұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.
Бесеуiнен мидағы ой хабар айтып,
Жақсы-жаман әр iстi сол тексермек,-деген өлең қатарлары дәлелдейдi.
Шәкәрiм адам жанының әр түрлi жағдайда көрiнетiнiн айтады. Өзiнше бұлардан орысша-қазақша термин жасағысы келедi. "...Инстинкт-сезiмдi жан, сознание- аңғарлық жан, мысль- ойлайтын жан, ум-ақылды жан" дегендей әртүрлi қасиеттердi тiзбектейдi. Дене әр түрге түскен сияқты жан да өсiп, өнiп, жоғарылайды, толық, терең ақыл адамнан шығады.
Ақын ми қызметi адамның сезiм мүшелерiнiң әрекетi арқылы iске асады дей отырып, кiсiнiң ойға алған iсiн жүзеге асыруы, оның әдiлеттi, әдiлетсiз болуы, iзгiлiктi қууы немесе жауыздық жолға түсуi ақыл мен жүректiң қызметi дейдi.
Қазақ ғылымы мен мәдениетiнiң аса көрнектi өкiлi, әмбебап ғалым, қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту, тәлiм-тәрбие саласында артына аса бай мұра қалдырды. Ол психология ғылымы саласында да өзiндiк қолтаңбасымен дараланады.
А.Байтұрсынов сол сөз өнерiн меңгерудiң теориясын жасап, оны үйретудiң әдiстемесiн көпшiлiкке ұсынған ғалым. А.Байтұрсынов адам жанының айнасы сөз болғандықтан, рухани байлыққа қол жеткiзудiң бiрден-бiр жолы ғылым-бiлiмдi игеру арқылы ғана жүзеге асырылатынын жастарға өсиет етедi. Қазақ халқын тынымсыз тiршiлiкке шақыра отырып, еңбектенуге, әрекетке талпындырып, жағымсыз әдеттерден аулақ болуға шақырады. Ол өзiнiң "Жиған - терген" деген өлеңiнде еңбек тәрбиесiне көңiл бөлу бала психологиясының дұрыс қалыптасып, мiнез-құлқының реттелуiне алып келетiн құрал деп есептейдi.
Балалық қалып
Ес бiлiп анық,
Ер жеткелi жиырма жыл.
Баяғы қалпы,
Баяғы салты,
Бұл неткен жұрт ұйқышыл!,- деп , балалары ер жетiп жиырмаға келiп қалса да әлi балалық танытып әрекетсiз, еңбек етпей ұйқымен өмiрiн өткiзiп жатқан кейбiреулердi сынайды. Олардың мұндай халде болуы жұрттың ықпалы, көпшiлiк өнегесi, тәрбиенiң осалдығы деп түсiнедi.
Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерiнiң мазмұнында дәл бүгiнгi күннiң жағдайларына байланысты кездесетiн қарым-қатынастар мен мiнез-құлықтардың көрiнiсiне арналған мәселелер көптеп қарастырылады. Өлеңдерi арқылы кемел адамды қалыптастыру немесе жас ұрпақты тәрбиелеуде қажеттi тұлғалық қасиеттердi саралап, олардың бойындағы психологиялық қасиеттерiне сай ерекшелiктерiн көрсетiп отырады. Мысалы, "Қарға мен түлкi", "Қасқыр мен қозы", "жас ағаш" және т.б. өлеңдерiнде күнделiктi тұрмыста кездесiп жүрген қарым-қатынас жарасымдығына нұсқан келетiн жайттар айтылып, дұрыс әрекеттерге бағыт-бағдар берiледi. Оларды адам мiнезi мен iс-әрекетiнде кездесетiн қасиеттерiмен байланыстырып сипаттайды.
Ахмет Байтұрсынов кейiнгi ұрпаққа өзiнiң ғылыми және ақындық шығармалары негiзiнде психологиялық көзқарастарын жеткiзе отырып, оны жастар тәрбиесiнде пайдаланудың тиiмдiлiгiн ескертедi.
Қазақ зиялыларының тағы бiр көрнектiсi, ақын М.Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев Ақмола губерниясының Ақмола Полуденовский болысында (қазiргi Солтүстiк Қазақстан облысының Булаев ауданындағы "Молодежный" савхозы) дүниеге келген Мағжан ( 1893- 1938 ) қазақ әдебиетiнiң ХХ ғасыр басындағы жарық жұлдыздарының бiрi. Ол 1922 жылы тұңғыш "Педагогика " атты оқулық жазып, бала тәрбиесiнiң проблемаларымен айналысушы мұғалiмдер қауымына үлкен көмек көрсеттi. Сонымен бiрге педагогика, психология ғылымдарының қазақ тiлiндегi терминдерiн жасауға белсене ат салысады. Ол жалпы педагогика және психология ғылымы туралы өз көзқарасын айта отырып, бастапқы кезде жөпшендi бiлiнбейтiн баланың жан тұрмысы бала өскен сайын бiрте - бiрте бiлiне бастайды. Сондықтан баланың дене тәрбиесi мен жан тәрбиесiн қатар алып бару керек дейдi. Тiптi, қатар алып бару емес, бала өскен сайын тәрбиешi күшiнiң көбiн баланың жан тәрбиесiне жұмсай беруге мiндеттi дейдi. Тегiнде берiк ұғу керек: адамның қымбат нәрсесi де, жұмбақ нәрсесi де сол жан. Қиын тәрбие тiлейтiн де сол жан. Жанды дұрыс тәрбие қылу үшiн жанның жайын баяндайтын ғылыммен таныс болу керек.
Ал психологиялық көзқарасын оған анықтама беруден бастайды. Ол психология - ескi пән. Бұл пәндi пән етiп (дүниеге шығарушы Иса пайғамбардан бұрын болған, грек ұлтынан шыққан Александр Македонский - Ескендiр Зұлқарнайын патшаның тәрбиешiсi Аристотель данышпан. Психология деген сөз грекше екi сөзден құралған: psycht - жан, logos - сөз. Яғни, жан туралы сөз, жан туралы пән деген сөз болып шағады.
Жанды ешкiм көрмесе де, жанның барлығында дау жоқ. Бiрақ сол жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендiгi туралы үш пiкiр бар. Үшеуi үш түрлi филосифия пiкiрiне негiзделедi. Бiрiншiсi - жан деген бөлек, өз алдына бiр нәрсе дейдi. Бұл баяғыдан берi келе жатқан пiкiр. Қазақтың "жан шыбын сияқты бiр зат, өлгенде ауыздан ұшып шығып кетедi, ұйықтағанда мұрыннан шығып серуендеп жүредiмiс" дейтiн ертегiсi осы пiкiрдiң бiр сәулесi.
Бұл жан денеден тiптi бөлек, өз алдына қандай да болса бiр зат деген пiкiр "спиритуализм", яки "идеализм" деп аталады. Екiншi пiкiр - жан дене iскерлiгiнiң бiр түрi дейдi. Яғни жан деген жеке зат жоқ, жан деген дененiң бiр бөлiгi деген сөз. Бұл пiкiр "материализ" деп аталады.
Үшiншi пiкiр - жан деген жан көрiнiстерiнiң жиынтығы дейдi. Яғни жан деген ойлау, сезу һәм басқа барлық жан көрiнiстерiнiң жалпы аты дейдi. Бұл пiкiр "феноменализм", яки эмпиризм деп аталады. Қайткенмен де, адамзат бұл күнге шейiн жанның не зат екенiн бiле алған жоқ. Жанның не зат екенi бiлiнбеуiнен жанның бар екенiне күмән қылуға болмайды. Жан бар. Барлығы сол, оның iстерi, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Зерттеудің жетекші идеялары
Төлеген Тәжібаевтың қоғамдық - саяси қызметі және ғылыми мұрасы
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Зәки Уәлиди Тоған
VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау
Пәндер