Қазақстан тарихының хронологиялық шолуы, 1670-2002 жж.


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Хронологиялық деректер

1680-1715 жж. - Тәуке ханның ел билеуі.

1718 ж. - Семей қаласының салынуы.

1670-1697 жж. - Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақтудың билік құрған жылдары.

1697 - 1727 жж. - Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның билік құрған жылдары.

1720 ж. - Өскемен қаласының салынуы.

1723 ж. - “Ақтабан шұбырындының” басталуы.

1725 ж. - жоңғарлардың Ташкент пен Түркістанды басып алуы.

1726 ж. - Ордабасыдағы қазақтардың құрылтайы.

1728 (1726) ж. - Бұланты, Белеңті өзендері жағалауындағы (Орталық Қазақстан) қазақ жасақтарының жоңғарлармен соғыстары.

1730 ж. - Сазтөбедегі (Сайрамға жақын жерде) құрылтайда жоңғарға қарсы әскери одақ мәселесінің шешілуі.

1729 (1730) ж. - Аңырақай шайқасында (Балқаш көлінің оңтүстігі) жоңғарлардың жеңілуі.

1731 ж. - А. И. Тевкелев бастаған орыс елшілігінің келуі және Әбілқайыр ханның Ресей протекторатын қабылдауы.

1734 ж. - И. К. Кириллов бастаған Орынбор экспедициясының қызметінің басталуы.

1735 ж. - Ор өзені бойына Орынбор қаласының салынуы (кейіннен Орск бекінісі) .

1740 ж. - Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қаза табуы.

1740 ж. - Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге ант беруі.

1741-1742 жж. - Қазақ-жоңғар соғыстары. Абылайдың тұтқынға алынуы.

1745 ж. - Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің өлімі, тақ таласының басталуы.

1748 ж. - Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі.

1748 ж. - 1785 ж. - Нұралы ханның Кіші жүзді билеуі.

1752 ж. - Петропавл қаласының салынуы.

1756 ж. - Орта жүз қазақтарының Жайық өзенінің арғы бетіне өтуге тыйым салынуы.

1756-1757 жж. - Абылай бастаған қазақ жасақтарының Цинь басқыншыларымен күресі.

1756 ж. - Абылайға Қытай елшілігінің келуі.

1757-1777 жж. - Абылайдың Пекинге барлығы 10 елшілік жіберуі.

1758 ж. - Цинь империясының Жоңғарияны талқандауы. Жоңғария мемлекетінің жойылуы.

1771-1781 жж. - Абылай ханның ел билеуі.

1773-1775 жж. - қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.

1783-1797 жж. - Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс.

1785 ж. күз - Орынбор әкімшілігі дайындаған Кіші жүз рубасыларының құрылтайы.

1786 ж. - Кіші жүзді басқару туралы Игельстромның реформасы.

1792-1794 жж. - Кіші жүздегі Ералы ханның билігі.

1795-1797 жж. - Кіші жүздегі Есім ханның билігі.

1797-1805 жж. - Кіші жүздегі Айшуақ ханның билігі.

1801 ж. - Еділ мен Жайық аралығында Бөкей (Ішкі) ордасының құрылуы.

1801-1845 жж. - Жәңгір хан өмір сүрген жылдары.

1802 ж. - Сырым Датұлының Хиуа жерінде қаза табуы.

1808 ж. - Ұлы жүз жерлерін Қоқан хандығының басып алуы.

1805-1809 жж. - Кіші жүздегі Жантөре ханның билігі.

1806 ж. - Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның Сырдария бойындағы қазақтарды күшпен бағындыруы.

1809 ж. - Қаратай Нұралиевтің қолынан Кіші жүз ханы Жантөренің қаза табуы.

1812 ж. - Кіші жүзден Бөкей ордасының бөлінуі.

1815-1821 жж. - Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа басқыншыларына қарсы күресі.

1821 ж. - Ұлы жүз қазақтарының Тентек төре бастаған Қоқан билігіне қарсы көтерілісі.

1822 ж. - “Сібір қазақтары туралы жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы.

1823 ж. - “Орынбор қазақтары туралы жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.

1823-1845 жж. - Жәңгір ханның Ішкі ордадағы билік құрған жылдары.

1825 (24) -1836 жж. - Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсы Саржан Қасымұлының қозғалысы.

1824 ж. - Қарқаралы, Көкшетау округтерінің құрылуы.

1826 ж. - Баянауыл округінің құрылуы.

1831-1868 жж. - Кіші жүзде дистанциялық биліктің орнауы.

1831 ж. - Аягөз (Сергиополь) округінің құрылуы.

ХІХ ғ. 1835-1838 ж. - Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлының Ресей отаршылдығына қарсы күресі.

1833 ж. - кедей қазақ Апақ Байжановтың Қарағанды аймағында тас көмір кенін табуы.

1833 ж. - Арынғазының Калуга жерінде қайтыс болуы.

1835 ж. - Орск пен Троицк арасында жаңа шептің салынуы.

1836-1838 жж. - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс.

1837 ж. қазан - Жәңгір хан ордасын қоршау.

1838 ж. 12 шілде - Ақбұлақ түбіндегі шайқас.

1837-1847 жж. - Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

1839 ж. - губернатор Б. А. Перовскийдің Хиуаға әскери жорық жасауы.

1841 ж. - Кенесарының хан сайлануы.

1845 ж. - Ырғыз, Торғай бекіністерінің салынуы.

1846 ж. - Каспийдің шығыс жағалауында Ново-Петровск (кейіннен 1846 ж. Форт-Александровск, қазіргі Ақтау қаласы) қамалының салынуы.

1847-1904 жж. - Қазақстанның түсті металл мен көмір кен орындарын Попов, Рязанов, Ушаков сияқты ресейлік кәсіпкерлердің игеруі.

1847 ж. - Сырдарияның төменгі ағысында Ресейдің Райтм (кейіннен - Арал) бекінісінің салынуы.

1847-1858 жж. - Есет Көтібарұлы бастаған отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс.

1853 ж. - Қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін В. А. Перовский бастаған орыс әскерлерінің жаулап алуы (Қазіргі Қызылорда қаласы) .

1854 ж. - Верный (Алматы) бекінісінің салынуы.

1856-1857 жж. - Жанғожа Нұрмұхаметұлы бастаған Сырдария бойындағы қазақтардың көтерілісі.

1864 ж. - Орыс әскерлерінің Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті жаулап алуы.

1865 ж. - Орыс әскерінің Ташкентті жаулап алуы, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің аяқталуы.

1865 ж. - Гирс басқарған Дала комиссиясының қызметі.

1867 ж. 11 шілде - “Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.

1868 ж. 21 қазан - “Торғай, Орал, Ақмола, Семей қалалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.

1868 ж. - Ақтөбе қаласының салынуы.

1869-1870 жж. - Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілістері.

1881-1884 жж. - ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.

1881 ж. ақпан - Петербург келісім-шартының қабылдануы.

1868, 1869, 1883, 1889 жж. - Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту туралы заңдардың қабылдануы.

1886 ж. 11 маусым - “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”.

1891 ж. 25 наурыз - “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ережең.

1902 ж. - Қазақстан аумағы бойынша Орал қаласында алғашқы социал-демократиялық үйірме дүниеге келді.

1904 ж. - Қазақстан тау-кен орындарының шетелдіктердің қолына өтуінің басталуы.

1904-1906 жж. - Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту, орналастыру жөніндегі қоныстандыру мекемелерінің ашылуы.

1905-1907 жж. - Қазақстан бірінші орыс революциясы жылдарында.

1905 ж. - Орал қаласында “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы.

1905 ж. - Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақтарының петиция ұйымдастыруы (4, 5 мың адам қол қойды) .

1905 ж. 17 қазан - Ресей империясында азаматтық бостандықтар туралы манифест.

1906-1907 жж. - І және ІІ Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутаттар сайлау (Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, М. Тынышбаев, Б. Құлманов, т. б. ) .

1913-1918 жж. - “Қазақ” газетінің шығуы.

1914-1918 жж. - Бірінші дүниежүзілік соғыс.

1916 ж. 25 маусым - Патша үкіметінің бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы.

1916 ж. шілде - Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.

1917 ж. 28 ақпан - Ресейдің Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы; патша өкіметінің құлауы.

1917 ж. шілде - Орынбордағы бірінші жалпықазақ съезі. “Алаш” партиясының құрылуы.

1917 ж. қараша - Түркістан автономиясын жариялаған мұсылмандар съезі (Қоқан қаласы) .

1917 ж. желтоқсан - Орынбордағы Алаш автономиясын жариялаған екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі.

1917 ж. 24-25 қазан - Петроградтағы Қазан төңкерісі.

1917 ж. - депутаттар кеңестері мен қазақ ұлттық комитеттерінің құрылуы.

1918 ж. 21 қаңтар - РСФСР ХКК “Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату” туралы декреті шықты.

1918 ж. көктем - 1920 ж. маусым - Азамат соғысы мен әскери интервенция.

1918 ж. қараша - Мәскеуде мұсылман коммунистерінің бүкілресейлік І съезі болып өтті.

1919 ж. мамыр - Ағарту халкомы жанынан үгіт пункттерінің Орталық партиясы құрылуы.

1919 ж. 10 шілде - Қырревком құрылған.

1919 ж. 10 шілде - Қырғыз (Қазақ) революциясылық комитетінің құрылуы.

1919 ж. қазан - В. И. Лениннің ұсынысымен ВЦИК-тің РСФСР ХКК Түркістан ісі туралы комиссия құрылды.

1919 ж. 26 желтоқсан - РСФСР ХКК декреті бұқаралық сауаттылық жолындағы күрестің басы болды.

1919 ж. - алғашқы мемлекеттік ғылыми мекеме “Алматы жеміс-жидек станциясы” құрылды.

1920 ж. 30 сәуір - РК(б) П-ның Қырғыз (Қазақ) облысының бюросы құрылды.

1920 ж. тамыз - партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды.

1920 ж. 26 тамыз - Қазақ автономиялық Кеңес Социалистік республикасы құрылды.

1920 қыркүйек - 1940 ж. - РСФСР ХКК декретімен рабфактар ашылып жұмыс істеді.

1920 ж. - Семейде тұңғыш ауыл шаруашылығы техникумы ашылды.

1920 ж. 6 қараша - РСФСР Ағарту халкомы қасында саяси-ағарту комитеті іске қосылды.

1920-1924 жж. - Республика астанасы - Орынбор.

1921 ж. 11-18 маусым - Орынборда І Қазақстандық облыстық партия конференциясы өтті.

1921 ж. 7-13 шілде - РКЖО-ның Бүкілқырғыздық (Қазақстандық) облыстық съезд өтті.

1922 ж. - КСРО-ның құрылуы.

1923 ж. - РСФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрады.

1923 ж. - “Талап” қоғамы.

1924 ж. ақпан - Қазақстанда Бүкілодақтық “Сауатсыздық жойылсын” қоғамының бөлімшесі құрылды.

1924 ж. - Жетісу мен Сырдария облыстары бөлігінің Қазақстан құрамына қосылуы.

1924 ж. - “Өлкелік өсімдік қорғау станциясы” құрылды.

1924 ж. 23 қаңтар - Спартак атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары, Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары құрылды.

1924-1925 жж. - Қазақстанға Сырдария және Жетісу облыстарының аумағы қайтарылды.

1925 ж. 19 ақпан - РК(б) П ОК Қазақстан Өлкелік комитеті етіп қайта құру жөнінде қаулы қабылдады.

1925-1933 жж. - Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф. И. Голощекин . “Кіші Қазан” науқаны.

1925-1929 жж. - Республика астанасы - Қызылорда.

1925 ж. - пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ қауымдастығы құрылды.

1926 ж. наурыз - І Бүкілодақтық түркологтер съезі өтті.

1926 ж. - “Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты” құрылды.

1926 ж. - Қызылорда қазақ театры ашылды.

1927 ж. 29 наурыз - “Көшпелі жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы” қаулысы.

1927-1931 жж. - Түрксіб темір жолының салынуы.

1928 ж. 27 тамыз - “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” қаулысы.

1928 ж. күзі - латын негізіндегі қазақ алфавитінің жобасын ұсынды.

1928 ж. - тұңғыш жоғары оқу орны - Қазақ педагогикалық институтының ашылуы.

1928 ж. - республикада тұңғыш ЖОО - Қазақ педагогикалық институты ашылды.

1928 ж. - “Восток кино” тресінің республикада өз бөлімі ашылды.

1929 ж. 18 тамыз - Мәскеуде КСРО пионерлерінің І Бүкілодақтық слеті ашылды.

1929 ж. - Республика астанасы Алматыға көшірілді.

1929 ж. - Қазақ Зоомалдәрігерлік институты ашылды.

1930 ж. - халыққа қарсы қуғын-сүргін жылдары.

1920-1930 жж. - қазақтарды күштеп отырықшыландыру мен ұйымдастыру жылдарында қазақтардың жаппай аштан қырылуы, шетелдерге көшуі.

1930 ж. 27 тамыз - Жалпыға бірдей білім беру декреті жарияланды.

1930-1931 жж. - ОГПУ-дің ГУЛАГ, КарЛАГ жүйесінің құрылуы.

1931 ж. - Медицина институтының ашылуы.

1932 ж. наурыз - КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды.

1932 ж. - Алматыда Театр-музыка техникумы ашылды.

1933 ж. - Алматыда музыкалық студия ашылды.

1933 ж. 5 қыркүйек - Орыс драма театры ұйымдастырылды.

1933 ж. күзі - Қазақ драма театры жеке ұғымға айналды.

1933 ж. күзде - Алматыда Кәсіпқой ұйғыр ұлттық театры құрылды.

1933 ж. - Республикада Суретшілер одағы құрылды.

1934 ж. - Қазақ Мемлекеттік университетінің ашылды.

1934 ж. 15 мамыр - “Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы” қаулы қабылданды.

1934 ж. 12-18 маусым - Қазақстан жазушыларының І съезі өтті.

1934 ж. маусым - халық Өнер қайраткерлерінің І слеті өтті.

1934 ж. 14 қыркүйек - студия мемлекеттік музыкалық театр болып өзгерді.

1934 ж. - Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды.

1934 ж. - республикада “Қазақ әдебиеті” баспасы ашылды.

1935 ж. - Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясы құрылды.

1936 ж. мамыр - Мәскеуде Қазақстан Әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

1936 ж. - КСРО Конституциясына сәйкес ҚАХСР-і одақтық республика болып қайта құрылды.

1936 ж. - Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы.

1936, 1944-1945 жж. - Батыс Украинадан, Беларуссиядан поляк, неміс қоныс аударылғандардың келуі.

1937 ж. - Қызылордаға Владивостоктың Қиыр Шығыс өлкелік корей драма театры көшірілді.

1937 ж. 5-12 маусым - Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының І съезі өтті.

1937-1938 жж. - Қиыр Шығыстан Қазақстанға корей ұлтының күштеп көшіріп әкелудің басталуы.

1937 ж. - күрдтердің Орта Азия мен Қазақстанға көшіруінің басталуы.

1938 ж. - КСРО-ның қазақ филиалының құрылуы.

1938 ж. - КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды.

1939 ж. - жалпы Республика бойынша қазақтардың үлесі 38% болды.

1939 ж. - Қазақстан халқының сауаттығы 76, 3%-ға жетті.

1940 ж. -латын қарпін кириллицаның ауыстыруы.

1940 ж. екінші жартысы - 50 ж. басы - “идеологиялық шабуыл”. Көрнекті ғалымдар мен өнер адамдарының қуғындалуы.

1941 ж. - Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қазақ филиалы құрылды.

1941-1945 жж. - Ұлы Отан соғысы.

1943-1944 жж. - қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақтардың Қазақстанға күштеп көшірілуі.

1944 ж. - татар, болгар, грек, месхеттік түріктердің Қазақстанға күштеп көшірілуі.

1946 ж. - 1 маусым айында Қазақстанның ғылым академиясы ашылды.

1947 ж. 21 қаңтар - “ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулы.

1947 ж. - Семей полигонының салынуы.

1949 ж. 29 тамыз - Семей полигонда бірінші сынақ болған.

1950 ж. - жалпыға бірдей жетіжылдық білімнің енгізілуі.

1951 ж. қазан - Пешаварда “Қазақ босқындарының шығыстүркістандық қауымдастығы” құрылды.

1952 ж. 13 наурыз - Түркия үкіметінің шығыстүркістандық қазақ босқындардың Үндістан, Пәкстан және Сауд Арабиясынан Түркияға көшіп келуге рұқсат беруі.

1953-1964 жж. - КОКП ОК-ның Бас хатшысы - Н. С. Хрущев.

1954 ж. ақпан-наурыз - КОКП ОК Пленумы болып “Елде астық өндіруді одан әрі арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” мәселе қаралды.

1946-1954 жж. - Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.

1954-1959 жж. - Республикаға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1 млн 500 мың адамның көшіп келуі.

1955 ж. 12 ақпан - КСРО үкіметінің қазақстандық Төретам станциясының маңынан полигон құру туралы жабық шешімі шықты, бұл Байқоңыр ғарыш айлағы еді.

1955 ж. тамыз - 1956 ж. наурыз - Л. И. Брежнев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.

1956 ж. наурыз - И. Д. Яковлев, 1957 ж. қыркүйек - 1960 ж. қаңтар - Н. И. Беляев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы.

1957 ж. ақпан - Халық шаруашылық кеңестері құрылды.

1959 ж. - Халық санағы бойынша қазақ ұлтының республика тұрғындары арасындағы үлесі 30%-ға төмендеді.

1960 ж. 19 қаңтар - Д. А. Қонаев Қазақстан КОКП бірінші хатшысы.

1960 ж. - Қазақ диаспорасының Еуропа және АҚШ елдеріне таралып қоныстана бастауы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия тарихының жалпы шолуы: көне дәуірден қазіргі кезеңге дейін
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістерінің экономикалық мазмұны және бюджет кірістерін арттыру жолдары (2002-2011 жж.)
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі ретіндегі деректаналық талдауы (1990-2006 жж.)
Смағұл Сәдуақасовтың өмірі мен шығармашылығы: 1920-30 жж. Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде деректанулық зерттеу
Қазақстан тарихының деректануы: теория, әдіснама, жіктелу және сыни талдау
1991-2002 жж. Ресей: егемендік, радикалды нарықтық реформалар, саяси дағдарыстар және халықаралық қатынастар
Ауданымыздағы паразиттік құрттар: түрлері, таралуы және күресу шаралары (2002-2006 жж.)
Тоталитарлық кезеңдегі Қазақстан тарихының дереккөздері және зерттеу мәселелері
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағат қорлары: 1917-1956 жж. саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
1917-1956 жж. саяси репрессиялар тарихының дерек көзі: Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағат қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz