Доссор 100 жыл


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Доссор мұнай кен орнының игерілгеніне -100 жыл
Дайындаған: Батырбаева А
Доссор кенті-2011 жыл
Ұлан-ғайыр жеріміздің асты тұнған байлық екенін білсе де, ғасырлар бойы біреуге тәуелді болып келген ата-бабаларымыздың оны алуға кезінде мүмкіндігі де болмаған. Атырау өңірінде мұнай бар екенін білген Ресей патшалығы ХVIII ғасырда экспедициялар жіберіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1787 жылы І Петрдің жарлығымен экспедиция Жайық пен Жем өңірлерінде мұнай бар екенін жария етсе, 1899 жылы «Ембі», «Ембі-Каспий», «Ағайынды Нобель» сияқты ірі мұнай компаниялары жүргізген бұрғылау жұмыстарының арқасында Қарашүңгіл алаңында алғаш рет мұнай бар екені анықталып, ал, 1911 жылы 29 сәуірде Доссорда №3 ұңғымадан күшті мұнай фонтаны атып, 30 сағатта 17 мың тонна мұнай алынып, бүкіл дүние жүзін дүрліктірді. Бұл тек Ембі емес, бүкіл қазақ мұнайының бастамасы болды.
Міне, осыдан 100 жыл бұрын Доссордан бастап Ембі жерінде жаңа өмір кезеңі басталды. Ұшқанда қара жоқ елсіз далада жаңа өндіріс пайда болды. Қыста қыстаққа, жазда жайлауға малмен бірге көшуден басқаны білмейтін қазақ жастарының арасынан алғашқы жұмысшылар шыға бастады. Сөйтіп, алғашқы жұмысшылар табы пайда болды. Ал, жоғарыда аталған шетел компаниясының басшылары болса, өздерімен бірге мыңдаған жұмысшы мамандарын алып келіп, жергілікті қазақ жастарына дұрыс жұмыс бермей, ауыр, қосалқы жұмыстарға салып қойды. Және оларға өз адамдарына қарағанда жалақыны көп төмен төледі.
Алғашқыда жұмысқа шыққан жергілікті қазақ жастары М. Сартов, М. Жұмағалиев, С. Нұрымов, С. Тағабергенов, А. Айбатыров, А. Аустниязов, Б. Жұбатқанов, Т. Сарғалиев, Қ. Төреғалиев, Е. Дүтбаев, Қ. Жылқышиев, Х. Бажбенов, Б. Шырдабаев, Ө. Жайлыбаевтар қанша қиыншылық болса да, жұмыс орындарын тастап кетпеді, шыдады. Себебі, олар болашақтың тек мұнайда екеніне сенді. Ембінің мұнай кәсіпшіліктерінен өндірілген мұнайдың халық игілігіне пайдалана бастауы және оның бұдан әрі дамуы Кеңес Одағы орнағаннан кейін, пролетариат көсемі В. И. Лениннің есімімен байланысты екені сөзсіз. В. И. Лениннің тікелей тапсырмасымен 1920 жылы Чапаев дивизиясы Гурьев қаласы мен Ембі мұнай кәсіпшіліктерін банды Толстов бастаған ақ гвардияшылардан босатып, осы жердің бүлінген мұнай өндіру алаңдарын қалпына келтіру үшін көмекке Ресейден жүздеген білгір мұнайшы-мамандар жібертеді. А. В. Бородин, Р. Н. Фридман сияқты инженер-маман мұнайшылар жергілікті халықпен тіл табысып, Ембі мұнай өндіру кәсіпшіліктерін бір қалыпты жұмыс жасатуға кіріседі. Доссорда партия ячейкаларын құрып, оны орыс коммунистері басқарып, алдыңғы қатарлы жергілікті жұмысшы жас-тарды партия қатарына тарта бастайды.
1924 жылы сәуір айында Орталық Комитеттің жұмсауымен белгілі революционер, жазушы Сабыр Шәріпов «Ембімұнай» өндіріс басқармасына келіп, жергілікті жұмысшы жастарды тәрбиелеу жұмысымен айналысады. Осы жылы қыркүйек айында Доссор аудандық партия комитетінің конференциясы болып, онда Батыс Қазақстан революциялық қозғалысының мүшесі Әмірғали Меңдігерей-ұлы Ипмағамбетов бірінші хатшы болып сайланады. Аудандық партия комитетінің құрылуы халық шаруашылығын қалпына келтіріп, жергілікті халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартып, тұрғын үй, мектеп, мәдениет үйін салып, балаларды оқуға тартуға жол ашты. Александров-Гай темір жолы, Мақат-Саратов мұнай құбыры құрылысы басталып, жергілікті жастардан білікті мамандар даярлайтын ФЗУ (фабрико-заводское училище) ашылды. Осы кездері жастардың арасынан Әлғазы Ілиясов, Рахымжан Сағындықов, Әбіш Сүлейменов, Орынбай Бердіғожин, Сары Юсупов, Қансұлтан Аухатов сияқты жас өндіріс командирлері шыға бастайды. Бұл кездері Жылой жерінде де мұнайдың көп екендігі, оны тездетіп алудың жаңадан құрылып жатқан еліміз үшін өте қажеттігі туралы халыққа жиі айтылып жүреді.
Менің атам Қызылбасов Бешім осы Жылой жерінің тұрғыны, қарапайым шаруа, білімі болмаса да, елде болып жатқан оқиғалардан үнемі хабардар, көзі ашық, би болмаса да ағайын-тумалар арасында кездесіп тұратын азды-көпті келіспеушілікті әділ шешіп, ақыл-кеңесін айтып жүретін беделді кісі бол-ған.
Бешім қарт, 1926 жазғы айларының бір күні бір ауылдан келе жатып, қазіргі Қосшағыл маңынан шағыл топырақтың арасынан қара-қоңыр, жерге жинал-ған майды көреді. Сол кезде ел арасында мұнай жөнінде айтылып жүрген әңгімелер оның есіне түсіп, жаңағы жерден топырақ алып, үйіне әкеліп отқа жағып қарайды. Көп кешікпей, торсығына май топырағын толтырып алып, Доссор кәсіпшілігіндегі мұнайшы мамандарға апарып көрсетеді.
Доссор мұнай өндіру кәсіпшілігінің басшылары Бешім қартты жылы қарсы алып, әкелген майлы топырағын тексеріп-зерттеуді сол кездегі жас геолог Петр Яковлевич Авровқа тапсырады. П. Я. Авров және басқа маман инженер-геологтар Бешім қартпен Қосшағылға келіп, бұл жерде мұнай бар екеніне көздері жетіп, енді зерттеу, бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы экспедиция құрады. Экспедицияға өзі басшы болып тағайындалған П. Я. Авров Бешім қартты кеңесші, қос жетекшісі, жол басшысы етіп жұмысқа алып, осы жердің картасын бірге жасайды. П. Я. Авровтың басшылығымен жасалған зерттеу, бұрғылау жұмыстары өз нәтижелерін береді. 1932 жылы қарашаның 28-і күні №6 ұңғымадан алғашқы мұнай бұрқағы атып, елді қуанышқа бөлейді. Бұл мұнай шыққан жерге Бешім қарт Қосшағыл деп ат қояды, ал, 1935 жылы қыркүйектің 23-і күні Қосшағыл мұнай өндіру кәсіпшілігі құрылады. Үкімет Бешім қарттың еңбегін жоғары бағалап, оған «Қосшағыл мұнайын алғашқы ашқан» деп атақ береді.
Осылай, Доссор сияқты Жылой жерінде де ен далада мұнайдың арқасында тіршілік басталып, жаңа өндіріс ашылады. Сөйтіп, әр төбенің басында, әр үйдің малын бағып жүрген ауыл жастары жұмысқа кіре бастайды. Мұнда да алғашқы кезде Ресейден, Бакуден келген А. И. Смирнов, А. П. Гусев, Ф. И. Никаноров сияқты мұнайшы-инженерлер басшылық етеді. Ерохин деген орыс инженері Қосшағыл кәсіпшілігінің алғашқы директоры болады. Орыс мамандарынан үйрене жүріп, қазақ жастары да олардан қалыспайды. Алғашқы мұнай бүрқағы атқан ұңғыманы қазған бұрғышы Қосшағылдық Сисен Рақышов болса, Б. Құлбаев, Х. Құттыбаев, М. Бекенов, Қ. Бердиев, Б. Исабаев, А. Мерғалиев, О. Есерев, Т. Ондашов, Д. Бохаев, Б. Қарамұрзиев, Б. Рзиев, Т. Шаленкеев, менің әкелерім Бешімов Ердәулет, Бердәулет қара жұмысшыдан бастап бұрғышы, бригада, учаске шеберлеріне дейін көтеріледі.
1935 жылдан бастап Қосшағылда да тұрғын үйлер, мектеп, мәдениет үйі салына бастайды. 1938 жылы аудан орталығы Жылойдан Қосшағылға көшіп келіп, Қосшағыл-Гурьев ауыз су құбыры құрылысы басталып, Қосшағыл Жылойдағы алғашқы ең үлкен өндіріс орталығына айналады.
Осылай Мақат пен Жылой ауданы мұнайшылары құрыл-ған жас республикамыздың тез дамып, өркендеуіне өздерінің сүбелі үлестерін қоса бастайды.
Өкінішке орай, 1941 жылы неміс фашистерінің елімізге кенеттен шабуыл жасап, соғыс ашылуы тыныш өмірімізді кілт бұзды.
Бүкіл Кеңестер Одағы халқы сияқты Ембінің ұл-қыздары М. Баймұқанов, Х. Мұқанов, С. Құлмағанбетова және жүздеген мұнайшылар Отанымызды қорғау үшін майданға аттанды. Каспий жағалауынан Одерге дейін барған жерлесіміз мұнайшы Муса Баймұханов соғыста жасаған ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алып, соғыс бітуіне 50 күн қалғанда Польша жерінде қаза болады.
Доссор мұнайшылары соғыстың алғашқы күндерінен бастап митинг өткізіп, онда «Жауды жеңу үшін Кеңес Армиясына қанша мұнай керек болса, сонша мұнай береміз» деген үндеу салады. Бұрғышы Сабыр-ғали Зорбаевтың бастауымен стахановшылар саны күннен-күнге көбейе түседі. Екі Ленин орденді, республикаға еңбегі сіңген өнертапқыш Нәзен Бермағамбетов «Бермағамбетов качалкасын» өндіріске енгізсе, стахановшылар Ленин орденді бұрғылау шеберлері Р. Есқариев, Б. Өтеулиев ондаған ұңғымаларды мезгілінен бұрын қазып, Қошқар, Тентексор, Нармонданақ сияқты жаңа кен алаңдарын іске қосты.
Соғысқа кеткен ер азаматтардың орнына буыны қатпаған балалары мен әйелдері тұрады. Үш рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған Бал-ғаным Доспаева, Социалистік Еңбек Ері атағын алған мұнай өндіру операторы Нәбира Шағырова, Қазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған Жібек Сегізалиева сияқты аналар күніне 14-16 сағаттан жұмыс жасап, аянбай еңбек етті.
1943 жылы қоршауда қалып қойған Ленинград қаласына кәсіпшіліктің комсомол комитетінің хатшысы Айжан Қауқаев бастаған мұнайшылар Күреңше Сүлейменова мен В. А. Данченко 1400 тонна мұнай апарып берді.
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс-ке бүкіл Кеңес Одағы халқының бірлігі мен татулығының арқасында жеттік десек, солардың ішінде Доссор мұнайшыларының ерлігі ерекше екендігі сөзсіз. Олардың өндірген әрбір тонна мұнайы немістерге оқ болып тиіп, жеңіс сағатын жақындатты.
Соғыстың қайнап тұрған кезінде, Досордағы ФЗУ мен Гурьев мұнай техникумын бітірген Қ. Құдабаев, Ш. Оразалиев, Д. Әжіғалиев, М. Маташев, Ж. Салиев, Е. Тауманов, З. Айдыналиев, Қазақстан мұнайының атасы атанған С. Өтебаев, Ленин және Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ж. Досмұханбетов сияқты зиялы ағаларымыз Доссор, Мақат, Комсомол, Сағыз, Ескене, Қошқар, Байшонас, Қосшағыл, Құлсары кәсіпшіліктеріне басшылық етсе, 1950-1960 жылдары Мәскеудің Губкин атындағы мұнай институтын және Алматы политехникалық институтын алғашқы болып бітірген жас инженерлер Б. Сағынғалиев, Қ. Балжанов, С. Нұржанов, Х. Габдуллин, Р. Өтесінов, Ә. Атшыбаев, Н. Айтжанов, С. Қисметов, А. Қисметов, С. Балғымбаев, М. Балғымбаев, З. Есенов, С. Бекмұрзиев, Т. Оржанов, Қ. Қарамұрзиев, Т. Қарамұрзиев, Н. Марабаев, З. Камалиденов, С. Сағытжанов, Е. Алишев, М. Бекжанов, Б. Аманғалиев, А. Өміров, Ж. Жетібаев, Ә. Қарабалин, М. Рахметов, М. Тілеубеков, О. Райымбергенов, М. Ізбасов, А. Назаров, С. Дүзбаев, Б. Еламанов, Е. Бисенов, Б. Оңдаш, Нұржауов, О. Есқазиев, А. Габдуллин, Б. Сматуллин ескі өндіріс орындарын қалпына келтіріп, жаңа техника мен технологияларды енгізіп, кәрі Ембінің «екінші түлеуі» Прорва, Жайық, Теңіз сияқты ірі мұнай алаңдарын ашып, еліміздің экономикасын дамыту жолында елеулі үлестерін қосты.
Менің өзім де еңбек жолымды Мақат ауданында бастадым. 1943 жылы Нармонданақ мұнай өндіру кәсіпшілігі ашылып, Қосшағылдан көптеген мұнайшылар осында көшірілді, солардың ішінде менің әкем Бешімов Ер-дәулет те келіп, бұрғышы, мұнай өндіру операторы болып жұмыс жасады. Мен 1951 жылы Досордағы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Комсомол кәсіпшілігінде машина жөндеуші (слесарь) болып жұмысқа орналасып, кейін Мәскеудің мұнай институтын бітіріп, 1958 жылдан Жылой ауданында Қосшағыл, Прорва, Құлсары кәсіпшілікте-рінде мұнай өндіруші оператордан бастап, цех бастығы, бас инженер, ұңғымаларды күрделі жөндеу кеңсесінің директоры, 1973 жылы жаңадан ашылған Жайық мұнай-газ өндіру басқармасының алғашқы бастығы, «Ембімұнайгаз», «Теңізмұнайгаз» өндіріс бірлестіктерінің бас директорының орынбасары болып жасадым.
1975 жылдан 1985 жылға дейін мұнайлы Мақат ауданында партия комитетінің І хатшысы болдым. Хатшылыққа сайланар алдында мені Қазақстан КП Орталық Комитетінің І хатшысы Д. А. Қонаев қабылдап, Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбектері үшін Ескене мұнайшыларына Қорғаныс министрлігінің Қызыл Туын тапсырғанын айтып, аудан халқына еңбекте табысқа жете берулеріне тілегін білдіріп, ақ батасын берді.
Сол кезде ауданда негізінен мұнай өндірісі болғанымен, мұнай өнімінің азайып, тұрғын үйлері ескіріп, су құбырлары тозып, лас су пайдаланғандықтан, тұрғындардың арасында инфекциялық аурулар шыға бастаған қиын кез екен. Бірақ та, ауданда ұзақ жылдар басшылық жұмыстарда жасаған Б. Қалиев, Қ. Өтегенов, Д. Жақашов, Н. Құсайнов, О. Сарғұнанов, Б. Қанатбаев, Х. Санбаев, М. Назымов, А. Жанасов, Т. Текеев, М. Сатқанов, Қ. Ізтелеуов, С. Құлмағамбетова сияқты зиялы адамдар бар екен, аудан басқаруды мен осы кісілерден үйрендім.
Жоғарыда аттары аталған азаматтармен қатар өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, аупартком, ауатком қызметкерлері мен өндіріс басшылары Н. В. Насенков, Ғ. Сүлейменова, А. Аманиязов, З. Дабысов, Б. Демегенов, А. Елеусінов, Ж. Дәулетияров, Ә. Нысанбаев, Ж. Нақпаев, Қ. Талпақов, С. Дүтбаев, Е. Ерғалиев, Д. Ерғалиева, Т. Ержанов, Х. Дүйсенбаев, М. Төреханов, Л. Д. Приданова, Д. Аманшиев, өндіріс озаттары М. Әбдіғалиев, М. Аңшыбаев, А. Сақтағанов, тағы басқа да көптеген жұмысшылардың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz