Футбол ойының техникасы мен тактикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхаммедов атындағы Педагогикалық колледж

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Футбол ойының техникасы мен тактикасы

Орындаған:4аКШФТ-9 тобының студенті
Сағидоллаев Нұрдаулет Мырзагелдіұлы
Тексерген:Сабиева Айсауле

Орал,2020 ж

Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.Футболдың шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.Футбол ойының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.Қазақстан Футбол таралу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.Футбол ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5.Футбол ойының тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6.Футбол ойының техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7.Практика әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Футбол -- (ағылш. foot -- аяқ, ball -- доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол -- әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.
Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.
Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.
Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.
Ең жиі болатын тәртіп бұзулар:
* Бәсекелесті аяқпен тебу
* Аяқпен қағу
* Бәсекелеске секіру
* Бәсекелеске шабуыл жасау
* Қолмен итеру
* Бәсекелесті ұрып-соғу т.б.

Футболдың шығу тарихы
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді? деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
* 1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
* 1389 жылы Ричард II патша сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрқашан жағымсыз жауап алып отырған.
* Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
* Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.
* Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
* 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылар ашты.
* Ойынды бар ынтасымен тамашалаған жанкүйерлер үшін ойын сәтсіз аяқталды. Өйткені, алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ.
* 1884 жылы Ұлыбританияда алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс және Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. Ойын жеңімпазы - шотландықтар болды.
* 1920 жылы еуропалық футбол бәсекесінде Бельгия мен Чехословакия кездесті. Онда чех футболшыларын ойсырата жеңген бельгиялықтар олимпиада чемпионы болып танылды.
* Ал 1924 жылы Оңтүстік Америкада ашылған олимпиадада алтынды Уругвай құрамасы ұтты. Олар Югославия, американ, француз, голланд пен Швейцария ойыншыларын қапы қалдырды. Ағылшындардан футболды үйренген Уругвай футболшылары әлдеқайда ширақ еді.
* Италия мен Испания, Мажарстан, Аустрия, Чехословакия да футболдың қыр-сырларын тең меңгере білді. Бұны 1934-38 жылдары Италия құрамасының екі рет әлем чемпионаты атанғаны дәлелдейді.
* Ежелгі Шығыс елдерінде (антикалық дәуірде Мысыр, Қытай,) (Грекия, Рим), тіпті Франция, Италия, Англияда футболға ұқсас ойын болған.
* Ежелгі Мысырдағы футбол тектес ойын біздің эрамызға дейін 1900 жылы танылған.
* 19 ғасырдың аяғында футбол Еуропа мен Латын Америкасында қарқынды дамыды.
* 1904 жылы Белгия, Дания, Нидерланд мен Швейцария елдері футбол қауымдастығынан халықаралық федерацияның (FIFA) құрылуына мұрындық болды.
* 1923 жылы Ресей құрамасы Скандинавия турнирінде Швеция мен Норвегия командаларын қапы қалдырды. Одан кейін бірнеше мәрте Түркия ойыншыларын сан соқтырды.
* 1946-48 жылдары Оңтүстік Америка үш рет қатарынан аргентиналықтардан басым түсті.
* 1950-60 жылдары футболдан үздік мектептер саналғандар мыналар еді: Лев Яшин мен Игорь Нетто, Альфредо ди Стефано мен Франсиско Хенто, Раймон Копа мен Жюст Фонтэн, Полеи Диди, Гарринча және Жильмар, Драгослав Шекуларац пен Драган Джаич, Иозеф Масопуст пен Ян Поплухар, Бобби Мур мен Бобби Чарльтон, Герд Мюллер, Уве Зеелер мен Франц Беккенбауэр, Ференц Вене мен Флориан Альберт, Джачинто Факкеттии, Джанни Ривера, Жаирзиньо және Карлос Альберте.
* 1956 жылы Кеңес Одағының футболшылары алғаш рет олимпиада чемпионы атанды. Төрт жылдан кейін олар Еуропа кубогының жеңімпазы танылды.

Футбол ойынының жүйесі
Аулада футбол ойнап жүрген балалардың ойнына жанкүйерлер болып жүргенде, балалар қорғанысты ұмытып, қақпашыны жалғыз қалдырып шабуылда жүргенін талай көресін. Ал допты жоғалтып алғанда бәрі жапа-тармағай, ағысып, бір-біріне соқтығысып кейін қайтады. Әрине, доппен бұлай ойнау қате және де ойыншылар бұдан қанағат алады деп айту қателік. Жарыстарда және басқа да футболдық шараларда жақсы ойнау команда ішіндегі міндеттерді бөлу керек: біреулерді шабуылда болып анықталған жүйеде ойнау керек.
Жүйе ұғымы әр футболшының индивидуалдық қабілетіне байланысты алаңда орналасуы. Бұл командаға қорғаныста және шабуылда нәтижелі ойлауға болысады.Ойын жүйесі бұл ойыншының тактикалық өнерінің айқын көріну түрі, ол анықталған тәсілде құралады. Яғни басқа да және қайталанып тұратын әдістің қолданысы.Ойын жүйесі - ойыншы мен жаттықтырушының коллективті творчествасының қорытындысы. Әдетте бұл үрдісті ойыншылар бастап, жаттықтырушылар аяқтайды.Жүйе жаңа болған сайын, оның қолданысы нәтижелі болады. Жаңа мазмұнды ойын жүйесін ойлап тапқан команда онымен қарсыласы түсінгенше ойнап, қолданады. Бәрі түсінгенсін, бұл жүйе бәріне де қолданылады.Бірақ футболда тұрақты қолданылатын бір момент бар. Ол бірін-бірі жоятын тактикасы бар командалардың ойынын шеше алады, әлсіз команданың күштісін ұтуына да әкеледі.Бұл момент сансыз ойыншылар теке-тіресі, ойын осыдан құралады, ойын негізінен 2-ші, 3-ші паста бұзылады.Бұл қарсыластар формасы бойынша әр түрлі, мысалы бір ойыншының қорғаушыдан ұзап кетуде, нейтралды допқа таласуында.Бұл қарсыластың бір ойыншының пайдасына шешіліп, оның командасына белсенді ойнауына жол ашады.Негізінен қарсыластың әр ойыншының индивидуалды сапасы және дарынын анықтайды.Ойыншылардың қабілеті әр түрлі және бір-біріне қарсы қолданылғандықтан болжамаға және өзгеретін нәтиже береді. Анықталған график бойынша ойын тек жалпы түрде ғана болады.Ойыншының индивидуалдық қабілеттері ойынды болжата алмайды, математикалық санауға жатқызбайды, ойын осымен қызықты. Ол адамныңтворчествалық әрекетіне байланысты.Ойын жүйесі - ойын барысының жалпы түрі, ойыншыға әр моменттен және көп қарсыластан творчестволық шешім табу кеңістігі.Бірақта бұл анықталмаған, жақсы ойластырылған жүйемен ойнауды жоққа шығармайды, өйткені мұндай жүйелер қарсыластың әрекетіне байланысты сәл өзгеріп, іске асады.

Қазақстан футболының таралу тарихы
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді. Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын "Жарыс" командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді.
Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары "Шығыс қалалары" тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан "Консервщик" командасы келді. Одессалықтар Алматы, Семей, Петропавл қалаларында болып, республиканың ең таңдаулы командаларын ойсырата жеңді. Осы жеңілістен қорытынды шығару мақсатында, "Динамо" командасын күшейту жөнінде шешім қабылданды. Жергілікті командалардан ағайынды Вячеслав пен Павел Трофимовтар, А.Вяшняков, А.Громов, Ф.Ткаченко, Ақтөбеден Н.Писяуков, И.Шариков, П.Луценко шақырылды. Одессаның "Консервщик" командасының ойыншылары ағайынды Константин мен Георгий Бедрицкийлер, Н.Чернец, Г.Ананченко және П.Щербаков "Динамоның" (Алматы) құрамында ойнауға тілек білдірді. 1939 жылы динамошылар Қазақстан чемпионы әрі кубогының иегері атанды.
Қазақстандықтар сол жылы КСРО кубогы жолындағы бәсекеде Киевтің динамошыларын тізе бүктірді. Келесі жылы 2004 команда қатысқан ұжымдар арасындағы кубок бәсекесінде топ жарды. Шешуші сында Таганрогтің "Торпедо" командасын 3:1 есебімен жеңген алматылық динамошылар КСРО кубогын иемденді. Қазақстан футболының атын шығарған команданың құрамындағы 8 ойыншы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Трофимов, Громов, В.Шаповалов сынды футболшылар қан майданнан оралған жоқ.
Команда 1947 жылдан бастап КСРО чемпионатында "Б" класында өнер көрсетті. Республикамыздың бас командасы әр жылдары "Динамо", "Локомотив", "Урожай", ал 1956 жылдан бері "Қайрат" деп аталды. "Қайрат" өзінің алғашқы халықаралық кездесуін 1957 жылғы 30 қазан күні Финляндияның "Ваrса" командасымен өткізді. Қайраттықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. "Қайрат" командасы КСРО чемпионатының "А" класына 1960 жылы көтерілді.
Олар алғашқы матчын Ленинградтың "Адмиралтеец" командасымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. "Қайрат" командасының сапында Т.Сегізбаев, Қ.Ордабаев, С.Байшақов сынды өнер көрсеткен қазақ жастары болды. 20 ғ-дың 50-жылдары "Б" класына Қазақстан командалары көптеп өте бастады. 1958 жылы Қарағандының "Шахтер", ал келесі жылдары Шымкенттің "Еңбек", Өскеменнің "Восток", Жамбылдың "Металлист", Павлодардың "Трактор", Ақтөбенің "Актюбинец", Целиноградтың "Целинник", Жезқазғанның "Еңбек" командалары әуелі "Б" класында, кейіннен "А" класында өнер көрсетті. КСРО тарағаннан кейін, 1992 жылы Қазақстан дербес мемлекет ретінде Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) мүше болды. Сол жылдан бері ҚР-ның өз чемпионаты өтуде. 1992 жылы "Қайрат" (Алматы, 1993 ж. "Ансат" (Павлодар),
1994-1995 жылдары "Елім-ай" (Семей),
1996 жылы "Тараз" (Тараз),
1997 жылы "Ертіс" (Павлодар), 1998 жылы "Елімай" (Семей), 1999 жылы "Ертіс" (Павлодар),
2000-01 жылдары "Жеңіс" (Астана),
2002-03 жылдары "Ертіс" (Павлодар),
2004 жылы "Қайрат" (Алматы),
2005 жылы "Ақтөбе" (Ақтөбе),
2006 жылы "Астана" (Астана) командалары чемпион болды.
Ел кубогы жолындағы бәсекеде
1992 жылы "Қайрат",
1993 жылы "Достық" (Алматы),
1994 жылы "Восток" (Өскемен),
1995 жылы "Елім-ай",
1996-97 жылы "Қайрат",
1997-98 жылдары "Ертіс",
1998-99 жылдары "Қайсар" (Қызылорда),
1999-2000 жылдары "Қайрат",
2000-01 жылдары "Жеңіс",
2001 жылы "Қайрат",
2004 жылы "Тараз",
2005 жылы "Жеңіс",
2006 жылы "Алма-Ата" (Алматы) командалары кубок иегері атанды.
2002 жылы Қазақстан футбол одағы (ҚФО) Азия футбол конфедерациясынан (АФК) шығып, Еуропа футбол одағына (УЕФА) мүшелікке өтті. КСРО құрама сапында Е.Яровенко 24-Олимпия ойындарының (1988, Сеул, Корея) чемпионы болды.

Футбол ережесі
Футбол ережелері -- футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB -- International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды.
Халықаралық футбол ассоцияацияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.
Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.
Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері
- Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды
Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады
- Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады
- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек
- Жоғарыдағы допқа таласқанда қапрсылас ойыншыны итеруге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды
- Ойынға төрелік етушінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауға тиісті
- Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген бетте ойынды тоқтату керек
- Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең тар екендігіне байланысты болады
- Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді
Қазіргі таңда футболға деген жастардың қызығушылығы басым. Сондықтан мектептен бастап футбол ойынының қыр-сырын, ондағы ережелерін үйрету және жаттығу жұмыстарына баланы жан-жақты дайындау керектігі кез-келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің көздеген мақсатының бірі екенін айта өткім келеді.

Футбол ойынының тактикасы
Тактика - дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы.Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды.Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы оқу білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек.
Футбол - ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек.
Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Бутболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді. Сонымен тактика дегеніміз қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру.
Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру.
Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру.
Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.
Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау.
Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді.
Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол - пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол - доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту - алдау деп аталады.
Футболдың қарапайым тактикасы соққы және жүгір деген бұрығы допты өз бетімен теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дәуір.
Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп ала жүру және алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек.
Футбол - ойын, ал ойында өнер. Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды.
Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. Ойын өз бетінше творчестволық үрдіс болғандықтан ондағы комбинацияларда шек жок. Футболдағы ойын басымдылығы қай команда доппен қалай өнер көрсетуіне байланысты. Қандай да болмасын шабуыл комбинациясының тактикалық қимылы ол доп алып жүру, пас, алдау, ұрымтал орын таңдай білу, қарсыласпен доп үшін күрес, қақпаға доп бағыттауға байланысты. Әр ойыншы қарапайым тактикалық әдістерді игеруі керек және олармен ойын барысында пайдалана білуі керек. Бұл оның басқа да әріптестерімен тіл табысуына керек қасиет.
Тәжірибеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады:
a. допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білуі;
b. әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау;
c. доппен алдаса және алып жүре білу;
d. өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезеңді таңдай білу;
Осылардың барлығын командастарымен тығыз қарым-қатынаспен жүріп орындау керек. Ойын барысында ойыншы дұрыс шешім қабылдау үшін ол өзінің командастарын қай жерде орналасқанын, қарсыластарын доптың қай бағытқа пас берілетінін, жалпы бүкіл ойынды бақылауы керек. Осыған орай ол өзінің байқай алмайтын алаң бөлшектерін жобалап ұға білу керек.
Ойын барысын ұға білу өте қажетті комбинацияларды орындауға қажет. Ойын алаңын байқай алу туғанна болатын қасиет емес, ол біртіндеп оқу-жаттығу кезінде қалыптасады.
Футбол ол әдістер күресі, ойыншылар творчествосы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған.
Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Алайда осы айтылған қимылдардың барлығын ойыншылар тыныш ойын барысында емес, қиын спорттық күресте орындайды. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштер түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды шешуде зор әсер береді. Ондай күштерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаң ойыншысы мен қақпашының ойын техникасын сипаттау
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
Қазіргі заманғы Qazaq Premier League (Футбол) кроссплатформалы бағдарламасын құру
Ұйым жарыстарын өткізудің ерекшеліктері
Футбол добының параметрлері
Футбол. Негізгі ойын ережесі. Қауіпсіздік ережелері
Футболдағы жарыс әрекетінің техникалық - тактикалық көрсеткіштері
Спорттың жекелеген түрінен жарыс өткізу тәртібі
Баскетбол ойыны туралы мағлұматтар
Футбол ойыны
Пәндер