Сүйекті балықтар класы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйекті балықтардың таралуы, тіршілік әркеттері. Басты отрядтары және олардың көптүрлілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультеті

Реферат

Орындаған: Алмухашова Қамар
Тобы: Химия-биология 25
Тексерген: Рахымгалиева Райхан
Тақырыбы: Сүйекті балықтар класы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысы. Сүйекті балықтардың таралуы, тіршілік әркеттері. Басты отрядтары және олардың көптүрлілігі.

2020 жыл
Класс Сүйекті балықтар - Osteichthyes
Жалпы сипаттама.
Балықтар класс үсті тармағының басым көпшілік түрлері (20мың) сүйекті балықтарға жатады. Олар жер шары суларына кеңтаралған және әртүрлі суларды мекендеуге бейімделген. Ортажағдайлардың әртүрлілігі олардың көп түрлі болуына мүмкіндік жасады. Соған байланысты сүйекті балықтардың ұйымдасуындашеміршектілермен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Атап айтқанда ішкі қаңқасының дені сүйек ұлпасынан түзілген. Бұл ұлпа шеміршектің және терінің қасаңданып сүйекке айналуынан пайда болады. Сүйекті балықтарда ең алдымен жабынды сүйектер қалыптасқан. Олар ұрықтың дамуы кезінде жалғастырғыш ұлпадан тақташа пішінді сүйек түрінде қалыптасады. Желбезек аралықперделер редукцияға ұшырауының салдарынан желбезек жапырақшалары желбезек доғаларына тысқа қарай бағыттала орналасады. Желбезек саңылауы бір жұп, олардың беті сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Көптеген түрлерінде жүру торсылдағы болады. Ұрықтың дамуы кезінде бұл мүше ішектің үстіңгі қабырғасының өсіндісі ретінде пайда болады. Қарапайымды топтарында торсылдақ өмір бойы асқорыту түтігімен байланысты, ал кейбіреулерінде торсылдақ тұйық болады. Ең басты гидростатикалық мүше ретінде, ішіндегі газ көлемін өзгертуі арқылы балықтың дене салмағы өзгеріп, судың әртүрлі деңгейлерінде болуға мүмкіндік береді. Терісінің беті әртүрлі сүйекті қабыршақтармен жабылған, тек кейбір түрлерінің терісінің беті жалаңаш. Көптеген түрлерінің уылдырығы сыртқы ортада (су ішінде) ұрықтанады, уылдырығы ұсақ, сыртқы қабығы жұмсақ. Тек өте аздаған түрлері ғана жас шабақтарын тірілей туады. Сүйекті балықтардың жүйелілігі туралы әртүрлі көзқарастар бар. Солардың бірі бойынша сүйекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді: Сәулеқанаттылар (Actinopterққанаттылар (Sarcopterygii).
Сүйекті балықтардың ұйымдасуына шолу
Сүйекті балықтардың сыртқы пішіні мен құрылысы. Сәулеқанаттылардың ішіндегі түр саны көбі және кең таралғандары сүйектірек балықтар отрядүсті тармағының өкілдері. Олар мұхит,теңіз, көл, өзен және тоғандарда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың сырт пішіндерінде алуан түрлі: ұршық, найза, табан, жылан таспа, ине т. б. Балық денесін сыртынан шартты түрде - бас, тұлға және құйрық бөлімдері деп ажыратуға болады.

Сүйектіректілердің қылыш балықта толық ұйымдасуында бірқатар ерекшеліктері бар: ішкі қанқасы сүйекті, және шеміршегі өте аз; жұп қанаттарының қаңқасы жай құрылысты, кеуде торы қанаттарында базальдық, ал құрсақ қанаттарында базальдық және Тері радиальдық элементтері болмайды; кеуде жұп жүзбе қанаты дене ұзындығына тік немесе көлбей орналасады; терісінің беті бірінің түбін екіншісінің бос шеті басатын сүйекті қабыршақтар жауып бал тұрады; клоакасы жоқ; құйрық жүзбе қанаты гомоцеркальды.
Тері жабындысы. Тері беті кориумның есебінен пайда болған жұқа, тақташа пішінді сүйекті қабыршақтармен жабылған. Оның бос шеті тегістерін- циклоидты, ал тісті болып келетіндерін ктеноидты қабыршақтар деп атайды. Қабыршақ беті жұқа эпидермис қабатымен қапталған, оның құрылысында бір жасушалы бездері көп. Солардың бірі шырыш безі. Бұл безден бөлінетін шырыш балық денесінің сыртын шылап, балықтың қозғалысы кезінде судың үйкеліс күшін азайтады.
Сондай-ақ оның бактериоцидтік және су лайын тұндырушылық қасиеттері бар. Балық денесінің жарақаттануы кезінде бір жасушалы бездерден қорқыныш заты" бөлініп, қанның тез ұйуын қамтамасыз етеді. Балық денесінің өсуіне сәйкесті қабыршақта өмір бойына өседі. Қабыршақ балық денесін сыртқы механикалық әсерлерден жақсы қорғайды. Терісінде қабыршағы жоқ балықтар болады (жайын,осман). Терінің кориум қабаты эпидермис астында орналасады. Ол дәнекер ұлпасының тіндерінен, қан тамырларынан, жүйке тармақтарынан, реңді жасушалардан т. б құрлымдардан тұрады.Терінің осы қабатынан (кориумнан) сүйекті қабыршақтар өсіп шығады.
Сүйекті балықтардың тірек-қимыл жүйесі шеміршекті балықтардікіндей біршама жақсы жетілген және орналасуымен құрылыс-қыметтеріне қарай жіктелген. Ось қаңқасы омыртқа жотасынан және ми қорабынан тұрады. Амфицельді (омыртқа денесі екі жағынан ішіне қарай ойыс) омыртқалардан құралатын омыртқа жотасы тұлға және құйрық бөлімдеріне жіктеледі (39-сурет). Ми қорабының көп бөлігі сүйекті. Ол сүйектер теріден және шеміршектен түзілген. Ми қорабын құрауға қатысатын хондралды сүйектерге, оның шүйде бөліміндегі жоғарғы, екі бүйірлік және негізгі (астыңғы) шүйде сүйектері, есту капсуласының маңындағы бес құлақ сүйектері, көз ойықшасының айналасындағы дара негізгі сына тәрізді, жұп қанатпішінді және көзсына сүйектері, иіс капсуласының маңында дара ортаңғы иіс сезу және жұп бүйірлік иіс сезу сүйектері жатады.
Былайша айтқанда ми қорабының арты және екі жаны хондральды сүйектерден түзілген. Ми қорабының үстіңгі және астыңғы бөлімдері, сондай-ақ екі жанының кейбір жерлері теріден пайда болған немесе жабынды сүйектерден құралған. Қораптың асты дара парасфенойдтан және дара өре сүйектен тұрады. Көз ойықшасының маңында орналасқан бірнеше ұсақ сүйектер көзмаңы сақинасын түзеді. Сүйекті балықтардың висцеральдық қаңқасында айтарлықтай өзгерістер бар. Сондай-ақ висцеральдық қаңқа хондральдық және жабынды сүйектерден түзіледі.
Жақсүйектер таңдай-шаршышеміршегінің гомологі ретінде сүйекті балықтарда жоғарғы жақтың қызметін атқармай, бассүйектің астын құрайтын кешенді сүйектердің құрамына кіреді. Ол таңдай, қанат және шаршы сүйектермен алмасқан. Ал жоғарғы жақтың қызметін, теріден пайда болған, жүп жогарғыжақсүйек және жақ алды сүйектері атқарады. Бұлар висцералқаңқасындағы жаңа сүйектер деп есептелінеді.Жақсүйектер доғасының төменгі бөлігі теріден пайда болған жұп,үлкен тіс сүйектерінен, тұрады және ол меккел шеміршегін үстінен бүркеп тұрады. Ал теріден пайда болған бұрыш сүйегі тіс сүйегінің артқы жағынан жалғасады. Шеміршектен пайда болған жалғастырғыш сүйек төменгі жақта шаршы сүйекке ұштастырып тұрады. Сүйекті балықтардың тіласты доғасының құрылысы шеміршекті балықтардікімен ұқсас, демек гиомандабуляре, гиоид және копуладан тұрады. Бұл сүйектердің барлығышеміршектен пайда болғандар. Тіласты доғасының астыңғы жағына желбезек жарғағының ұзынсүйекті сәулелілері ұштасады.
Сүйекті желбезек доғалары шеміршекті балықтардыкімен ұқсас, бір айырмашылығы сүйекті балықтарда бесінші доға редукцияға ұшыраған. Ол доға пішінді иілген сүйек. Кейбір тұқыларда 5-ші желбезек доғасында бірнеше қатарға орналасқан жұтқыншақ тістері болады (сазан, қаракөз т.б). Сүйекті балықтарда жаңадан пайда болған желбезек қақпағы төрт тақташа пішінді жабынды сүйектерден түзіледі: қақпақалды, қақпақ, қаәне қақпақасты сүйектері. Сүйекті балықтардың жұп және дара қозғалыс мүшелерініңқызметін жұп қанаттары мен олардың белдеулері және дара жүзбе қанаттары атқарады. Тек кейбір түрлерінде ғана құрсақ қанаттары редукцияға ұшыраған болады. Сүйекті балықтардың көпшілігінде кеуде жүзбе қанатының қаңқа құрылысында базалиясы болмайды, тек сүйекті радиалиялардан тұрады. Осы ұсақ сүйектерге сырт жағынан теріден пайда болған сүйекті сәулелер, ал ішкі жағынан иық белдеуінің сүйектері жалғасады. Иық белдеуін құрайтын, шеміршектен пайда болғанжауырын қарға сүйектері алғашқы белдеуді түзеді. Олар шеміршекті балықтардың иық белдеуіндегі базалияның орнында тұрғандай.Осы сүйектердің ішкі бетінде теріден пайда болған, үлкен, орақ пішінді негізгі клейтрум және клейтрум үсті сүйектер болады. Олар екінші реттік белдеуді түзеді және кеуде жүзбе қанаты мен бірінші белдеуді бас сүйегінің шүйде бөлімімен жалғастырады. Құрсақ жүзбе қанатының белдеуі сүйекті балықтарда наша жетілген. Ол кейде шеміршекті (костыныстыларда, бекіретәрізділерде кейде сүйекті тақташа пішінді, бұлшықеттің арасында тік немесе көлбей орналасқан сүйек. Құрсақ жүзбе қанатының қаңқасы жіңішке сүйекті сәулелерден немесе лепиодотрихиялардады. Олар жамбас сүйектеріне жалғасады, осы жерде ұсақ радиальдық сүйектер болмайды Балықтың дара жүзбе қанаттарының (арқа, құйрық, құрықасты) қаңқа құрылыстары аса күрделі емес. Негізінен омыртқа жотасымен ұштасатын радиялия және сүйекті сәулелерден құралады. Бірқатар сүйекті балықтарда дара қанаттарындағы сәулелердің немесе лепидотрихиялардың кейбіреулері, кейде түгелге дерлік қуатты және тікен сияқты болады. Олар тек гидростатикалық қана емес қорғаныштык қызметте атқарады, мысалы алабұға, көкб балықтардың арқа қанаттары. Кейбір балықтардың сүйекті сәулелерінің түбінде улы бездері орналасқан, мысалы теңіз алабұғасы, ерш, теңіз дракончигі т. б, Көптеген балықтардың дернәсілдерінде желінің артқы ұшы құйрық қанатының ортасымен етуіне байланысты құйрық қанатының қалақтары оның екі жағына тең орналасады.
Бұндай құйрықты протоцеркальды дейды. Бекірелерде шеміршекті балықтардағыдай омыртқа жотасының артқы ұшы құйрық қанатының үстінгі қалағына қарай көтерілген, соның салдарынан үстінгі қалақ астынғысынан ұзын болып көрінеді, демек гетероцеркальды құйрық канат деп аталады. Көптеген сүйекті балықтарда құйрықтың астынғы қалағы өсіңкірейді де үстінгі қалақпен теңеседі. Осылайша сырт пішініне караганда тең қалақты құйрық гомоцеркаль пайда болады. Қостынысты, саусаққанатты және кейбір сүйектірек балықтарда омыртқа жотасының құйрық бөлімі қайтадан түзіледі де, соның есебінен қалақтар теңесіп дифицеркальды құйрық қанат түзіледі. Сүйекті балықтарда құйрық қанатының ішкі қаңқасының қызметін соңғы құйрық омыртқаларының үшкір өсінділерінің жалпақ, тақташа сүйектерге айналғандары атқарады. Ол сүйекті тақтаналарды гипуралиялар деп атайды
Бұлшықет жүйесі. Шеміршекті балықтардікі сияқты сүйекті балықтардыңда тұлғаның көлденеттері анық сегменттелген және пішіндері күрделі болады. Олардың бірқатары өзгере топтасып, көз айналасының, желбезек үсті және желбезек астының, жұп жүзбе қанаттарының еттерін түзеді. Асқорыту түтігінің висцеральдық еттері негізінен тегіс еттерден тұрады, кей жерлерінде (қарын маңында) көлденеңжолақ еттердің шоктары кездеседі. Жақ және желбезек доғаларының маңында тегіс еттер құрылысы күрделенген көлденеңжолақ еттермен алмасады. Шеміршекті балықтармен салыстырғанда сүйекті балықтардың бұлшық етіндегі несепнәр мөлшері өте аз, шамамен 0,0005-0,02%. Балықтардың бұлшық еті соматикалық және висцеральды(ішкі мүшелердің еті) болып бөлінеді. Соматикалық еттерге дене, бас және жүзбе қанаттарының еттері жатады. Дене, немесе қозғалыс еті жақсы жетілген.
Ол жеке сегменттерден немесе миомерлерден тұрады. Миомерлер бір-бірінен дәнекер ұлпасынан тұратын, жұқа миосепта қабығымен бөлінген. Сол және оң жақтағы миомерлердің кезектесіп жиырылуы нәтижесінде балық денесі толқынданып, ілгері қозғаушы күш пайда болады. Балықтардың дене еті түсі, құрылысы, биохимиялық құрылымы және қызметі бойынша ажыратылады. Түсіне қарай балықтарда ақ(ақшыл), қызыл(қоңыр) және аралық ет талшықтары болады. Ақ ет талшықтарының қызметімен балықтар лезде үлкен жылдамдықпен ал қызыл ет талшықтарының қызметімен ұзақ уақыт бірқалыпты қозғалыс жасай алады... Бұл ет талшықтарының айырмашылықтары; ақ еттер аэробты, ал қызыл еттер анаэробты зат алмасуға бейімделген. Сондықтан қызыл етті балықтар ұзақ уақыт және едәуір жылдамдықпен жүзе алады.
Нағыз сүйекті балықтардың басым көпшілігінің еттері ақ түсті болады. Ал қызыл еттері дененің сырт жағының әр жеріне ғанаторналасқан, мысалы бүйір сызығының бойында, жүзбе қанаттарының түбінде. Балық денесіндегі қызыл еттің салыстырмалы көлемі олардың жүзу жылдамдығына тікелей байланысты. Мысалы белсенді жүзетіндердің (тунец, скумбриялар т. б) қызыл еттері ақ еттерінен көбірек болады. Ал жәй жүзетін балықтардың желбезек қақпақтары мен жүзбе қанаттарының үздіксіз қозғалатындығынан, олардыңда ет түстері қызыл болады.
Балықтардың соматикалық бас еттері желбезекүсті, желбезек асты және алты жүп көз еттерінен түзіледі. Жүзбе қанаттарының еттері тұлға еттерінен бөлінген ет шоқтарынан тұрады. Әртүрлі балықтардың ет түстері бірдей болмайды, Мысалы шортанның еті боздау, бекіреде-сарғыш, албырттарда-қызғылтсары, көксеркеде-ақшыл болады.
Жүзу торсылдағының болуы көптеген сүйекті балықтарға тән. Бұл мүше ұрықтың дамуы кезінде асқорыту түтігінің арқажақ қабырғасының өсіндісі ретінде пайда болады. Бірқатар балықтарда торсылдақтың өңешпен байланысы үзілген, оларды жабықторсылдақтылар деп атайды. Ал ашықторсылдақтыларда торсылдақтың өңешпен байланыстылығы өмір бойы сақталады. Торсылдақ балық өмірінде гидростатикалық қызымет атқарады. Нақтырақ айтқанда торсылдақ ішіндегі ауа көлемін өзгерту арқылы балық өзінің дене тығыздығын өзгертеді. Бұл жұмыс ашықторсылдақтыларда торсылдақ ішіндегі ауаны тығыздау немесе ауа жұту арқылы торсылдақты кеңейту, ал жабықторсылдақтыларда торсылдақ ішіндегі ауаны сіңіру немесе газдық без (ғажайып тор) деп аталатын арнайы қылтамырлы тор арқылы жүзеге асырылады. Торсылдақ ішіндегі ауаның негізін азот (N) құрайды. Бірқатар балықтарда (көптеген тұқыларда) торсылдақ ұсақ сүйектер жүйесі арқылы ішкі құлақ немесе жарғақты лабиринтпен жалғасады (веберов аппараты). Осы сүйектердің қатысуымен болатын торсылдақ көлемінің өзгерісіне, су қабатында балық денесі жағдайының өзгеруіне ішкі құлақ немесе тепе-теңдік мүшесі арқылы әсер етеді. Сонымен бірге веберов аппараты көмегімен балық өз денесінің сыртымен қабылданған дыбысты торсылдақ арқылы жаңғырықтырып, ішкі құлаққа жеткізеді. Осылайша балық дыбысты естиді. Сүйекті балықтарда торсылдақтың пайда болуы, қаңқаның сүйек ұлпасынан түзілуі салдарынан дене салмағының ауырлауына байланысты болуы мүмкін деп жорамалдайды.
Асқорыту жүйесі. Сүйекті балықтардың асқорыту жүйесі шеміршекті балықтардыкімен салыстырғанда ұзынырақ және бөлімдерге нашарлау жіктелген. Ішек жолы бүкіл ұзына бойына біртектілеу және алдынғы, ортанғы, артқы, бөлімдері бір-бірінен қиын ажыратылады. Ауызы жақ сүйектермен көмкерілген. Ауыз қуысының айналасындағы сүйектердің барлығында дерлік конус пішінді тістері бар деп айтуға болады. Ол тістер тіс сүйектерінде, жоғарғыжақ және жақалды, таңдай, қанат сүйектерінде, кеңсірікте және парасфеноидта орналасқан. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ бір-бірінен онша анық ажыратылмаған. Кең жұтқыншақ қысқа өңешке жалғасады, соңғысы қарынмен ұласады. Сүйекті балықтарда қарынның көлемі мен пішіні қоректенудің сипатына байланысты. Жыртқыш балықтарда, мысалы көксерке, алабұға т. б. қарын көлемді, созылғыш, асыорытудың басқа бөлімдерінен жақсы ажыратылады. Ал өсімдік коректі балықтарда, мысалы кейбір тұқытәрізділерде қарынмен ішек арасындағы шекара онша анық емес. Қарын түбінен басталатын ішек жолы сүйекті балықтарда біршама ұзын және иірімдер жасайды. Бірқатар сүйекті балықтарда ішектің сору беті, бір ұшы бітеу қысқа өсінділердің немесе пилорикалық өсінділердің есебінен үлкейеді. Пилорикалық өсінділер ашішектің алдыңғы шетінде орналасады, саны әртүрлі. Мысалы алабұғада-3, албыртта-40, скумбрияда-200, аұқыл шортанда, жайында болмайды. Ашішектің алдыңғы бөлігін он екі елі ішек деп атайды. Оның ішкі қуысына бауырдың, өттің және ұйқы бездерінің ағындары ашылады Нәтижесінде ішектің қуысы ішінде ферменттердің әсерінен сілтілік ортада астың негізгі құрамы ыдырау (қорытылу) процестеріне түседі Ашішек белгісіздеу болып тоқ ішекке, соңғысы тік ішекке ұласады Тік ішек аналь немесе артқы тесікпен аяқталады. Балықтардың барлығында асқорыту безі ретінде жетілген бауыры болады. Одан бөлінетін өт деп аталатын секірет өт қапшығына жиналадыда, арнайы өт жолы арқылы ашішекке құйылады. Өт майлы заттарды эмульгациялайды, немесе, оны суда еритін дәрежеге түсіреді және майды ыдырататын ферменттерді белсендіреді. Сондай- ақ бауыр улы заттарды және метаболизмнің зиянды өнімдерін залалсыздандырады. Бауырда гликоген және несепнәр жасақталады. Асқорытуға қатысы бар екінші без-ұйқы безі. Ол ашішектің алғашқы иіріміндегі шажырқай арасында шашыраңқы немесе белшектенген түрінде орналасқан. Ал кейбір балықтарда, мысалы шортанда, ішек иіріміндегі шажырқай арасында біртұтас түзінді түрінде орналасқан. Ұйқы безінен ақуызды, майды және көмірсуды ыдырататын кешенді асқорыту ферменттері бөлінеді. Сондай-ақ ұйқы безі ағзадағы көмірсу алмасудың тепе-теңдігін қалыптастырып отыруда ішкі секреция безініңде қызметін атқарады.
Тынысалу жүйесі. Сүйекті балықтарда тынысалу жүйесінің қызметін желбезек аппараты атқарады. Бұл аппараттың шеміршекті балықтардікінен айырмашылығы - желбезек аралық перделері болмайды, сыртқы желбезек саңылауы бір жұп, оның сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың әрбір желбезегі желбезек доғасына латынның V әрпі сияқты бекінген екі жарты желбезек жапырақшаларынан тұрады. Ол жапырақшалар шеміршекті балықтардікі сияқты эктодермальдық туынды. Жапырақшалар қан әкелуші ұсақ қылтамырлармен жабдықталған. Желбезек доғаларының ішкі бетінде желбезек таяқшалары орналасқан, олардың пішіні, саны және атқаратын қызметтері балықтардың түріне қарай алуан түрлі- Кейбір балықтарды түріне дейін анықтау кезінде бұл таяқшалардый систематикалық маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйекті балықтарға жалпы сипаттама
Балықтардың қаңқасы
Зоология пәні бойынша дәріс кешені
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Омыртқалылар. балықтардың класс тармағы. жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
“Зоология” курсының кіріспесі
Қазақстанның герпетофаунасы
Өсімдіктер мен балдырлар
Аквариумдық балықтардың биологиялық ерекшеліктері
Омыртқалылар зоологиясы. Қауырсын қанатты балықтардың өкілі. Алабұғаның ет және нерв систематикасы
Пәндер