Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783- 1797)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтеріліс (1783-1797)

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс - Кіші жүздегі 1783 - 97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б. Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды. 1778 жылғы мәліметтерге қарғанда Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болды. Көтерілісшілердің мақсаты - ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Бірақ ол кезде Сырым Датұлы патша үкіметіне қарсы күреске белсене араласпады: Сырымның Орал казак әскерлерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды 1783 жылы желтоқсанда кездейсоқ қапаста қалған казактардың тұтқынынан 1784 жылы көктемде Нұралы ханһ босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерлерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Старшындар Барақ, Тіленші, Оразбай, сұлтан Жантөре бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісімен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суыту Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскерін жіберді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды. 1787 жылдың наурызында өтерілісшілерді талқандау үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
Қазақ тарихында Сырым жалғыз
Сырым Датұлы кім
Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
Сырым Датұлының өмірі
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық қозғалыстар
Пәндер