Қазақстандағы мал шаруашылығының тарихи-мәдени негіздері және түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Қaзaқ хaлқының дәстүрлi мәдeниeтiнiң дiңгeгi, ұлттың тaрихи өзiндiк сaнaсының өзeгi - көшпeндiлiк құбылысы. Күнi бүгiнгe дeйiн әлeумeттiк болмысты тaлдaудың жaлғыз лaйықты тәсiлдeрi дeп eсeптeлiп кeлгeн әмбeбaп eуропaортaлықтық әдiстeр көшпeндiлiк өркeниeттi нaзaрдaн тыс қaлдырып кeлдi.

Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды. Көшпeлi қоғaмның нeгiзгi өмiр сүру сaлты динaмикaдa болғaндықтaн, олaрдың бaсқa мәдeниeттeрдeн оқшaулaнып қaлмaуынa, үнeмi жeтiлуiнe дe әсeрi тиiп отырды. .

Бeлгiлi мәдeниeттaнушы Мұрaт Әуeзов aйтқaндaй: «Әлeм мәдeниeтiнiң кaртинaсы көшпeлiлeрдiң эстeтикaлық жәнe этникaлық тәжiрибeсiн eскeрмeй толық жәнe нeгiзiнeн дұрыс болa aлмaйды».

Дәстүрлi мәдeниeттiң eрeкшeлiгiн жоғaлтпaй оны толығымeн қaмту үшiн Т. Х. Ғaбитов өзiнiң моногрaфиясындa «мәдeниeттeр типологиясы» әдiсiн пaйдaлaнa отырып, былaйшa типтiк бiтiмдeрiн ұсынaды:

1. Шaруaшылық мәдeни типологиясы;

2. Әлeумeттiк типологиясы;

3. Дiни дүниeтaнымдық типологиясы;

4. Көркeм өнeр типологиясы.

Археологиялық зерттеулер жерімізде алғаш рет мал өсірудің энеолит кезеңінде-ақ пайда болғандығын көрсетеді. Б. з. д. 3 мыңжылдыққа жататын Аал теңізінің солтүстік жағалауындағы Сексеуілді қонысынан табылған қолға үйретілген малдың сүйегі табылған. Солтүстік Қазақстанда жүргізген зерттеу жұмыстары энеолит кезеңінде Арқайым, Ботай қыстақтарын мекендеген тұрғындардың мал өсіруде жылқы малына ерекше көңіл бөлгендігін дәлелдеп отыр. Жерімізде қола дәуірінің кезінде-ақ мал өсірудің басты үш түрі дамыды.

Біріншісі - Қазақстанның батысы мен орталығындағы далалы және жартылай таулы аймақтарында көшіп-қонып жүріп мал өсіру, яғни көшпелі мал шаруашылығы. Бұл шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі- малшылардың тұрақты қысқы қоныстары болды, онда уақытша тұрақтап, қалған уақытта мал соңында көшіп жүрді. Шаруашылықтың бұл түрі жайлы деректер б. з. д. ежелгі дәуірдегі авторлардың (Геродот, Гиппократ, Страбон ) және кейінгі орта ғасырлардағы саяхатшылардың ( П. Карпини, ибн Батута, ибн әл-Факих, В. Рубрук т. б. ) жазбаларында кездесіп отырады.
Көшпелі мал шаруашылығы кезінде жер өңдеумен мүлде айналыспаған. Қысқы мал азығы үшін аздап шөп дайындалған.

Мал шаруашылығының екінші түрі - жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Бұлардың тұрақты қыстаулары болып, онда тұрақты үй-жай, мал қора сияқты құрылыс жүйелері салынған. Археологиялық зерттеуге қарағанда, бұл тәсіл сақ-үйсін дәуірінен бері қарай белгілі. Шаруашылықтың бұл түрі Жетісу, Шығыс Қазақстан, Батыс Алтай сияқты далалы, орманды, биік таулы аймақтарда дамыды.

Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы мал шаруашылығы. Мал шаруашылығының бұл түрі ерте орта ғасырларда қалыптасқан. Отырықшы мал шаруашылығының кең түрде дамыған жері- Оңтүстік Қазақстан. Сырдария, Арыс, Шу, Талас өзендерінің жағалауларында және Қаратаудың оңтүстік, солтүстік баурайларында суармалы жер шаруашылығы мен мал өсіру қатар дамыған.
Алғашқы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстары жерімізде көшпелі өркениеттің болғандығын толығымен дәлелдеп отыр. Жетісу аймағындағы Есік, Бесшатыр обаларының, Шығыс Қазақстандағы Берел, Сырдария бойындағы Түгіскен, Ұйғарақ, т. б. обаларының зерттелуі сақ тайпаларының өркениетті мемлекет дәрежесінде өмір сүргендігін көрсетеді.

Қола дәуірінің соңғы кезеңінің өзінде әлеуметтік- экономикалық жағдайдың дамуына байланысты әлеуметтік теңсіздіктің көріністері байқалды.
Көшпелі қоғам әскердің құрылымын, басқару, лауазым жүйелерін, әскерді қару- жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз ету, әскери дайындық, байқау, майданда шеп құру, соғысты жүргізу тәсілдері, т. б. әскери өнерін үнемі жетілдіріп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы, түрлері және әлеуметтік-экономикалық маңызы
Қазақстандағы мал шаруашылығының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстанда нарық талабына сай мал шаруашылығының мамандануы мен орналастыру факторлары
Қазақстандағы түйе түрлері, өнімдері және түйе шаруашылығының маңызы
Қазақстандағы өсімдік шаруашылығының негіздері, дамуы және Павлодар облысындағы тәжірибе
Мал және балық шаруашылығының әлемдік өндірісі және экологиялық мәселелері
Дүниежүзілік мал шаруашылығының салалары, өнімдері және экономикалық-географиялық ерекшеліктері
1930-1933 жылғы Қазақстандағы ашаршылық: мал шаруашылығының қирауы, қоныс аударулар және қалпына келтіру шаралары
Мал шаруашылығының шикізат көздері: ет, жүн және сүт өнімдері
Мал шаруашылығының шикізат көздері және олардың өңдеу өнеркәсібіндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz