1867-68 жылдардағы реформалар
1867-68 жылдардағы реформалар
Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы "Уақытша ереженiң" 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ ол бiрнеше министрлiктер мен Ресей империясы ведомстволарының сан алуан тексерулерiнен өтiп, жоба көптеген көрсетiлген кемшiлiктермен қайта қайтарылды. Мiне, дәл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерiнде жүрiп жатты. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы "Уақытша ереже" болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп, кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды. 1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына Ақмола және Семей облысы, Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына Сырдария және Жетiсу облыстары ендi.
Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторларының әкiмшiлiк орталықтары Орынбор, Омбы, және Ташкент қалалары болды. Әрбiр облыс уездерге бөлiндi. Уездер болыстарға бөлiнiп, олардың әрбiрiне мыңнан екi мыңға дейiнгi шаңырақ ендi. Болыстар әкiмшiлiк ауылдарына бөлiндi. Олардың құрамына 100-ден 200-ге дейiнгi шаңырақ ендi.
1822-1824 жылдардағы "Жарғы" бойынша Қазақстан әрбiр бас мал үшiн 1 процент көлемiнде жылына ясак төледi. Сонан соң 1837 жылы Орынбор ведомствосында әрбiр үйден бiр жыл iшiнде 1 сом 50 тиын күмiс ақша ретiнде түтiн салығы жиналды. Оған қоса жолдар мен көпiрлердi, мешiттер мен мектептердi, ауруханаларды жөндейтiн қара шығын салығы жиналды.
Оңтүстiк Қазақстанда жиналған астық бағасына қарай харадж салығы алынды. Жоғарғы генерал-губернаторлық билiктi генерал-губернатор атқарды. Оған әкiмшiлiк-саяси, әскери, сот және шаруашылық өкiлеттiлiгi берiлдi. Ол жергiлiктi әкiмшiлiктер мен басқа да билiк органдарына тiкелей және жанамалай қадағалаулар жүргiздi. Сондай-ақ, аталған жердегi әскери округтардағы әскерлердi басқарды, облыстық басқармалар бөлiмшелерiнiң бастықтарын тағайындады. Генерал-губернаторлық, облыстық әскери-губернаторлықтың аппаратындағы және уездiк бастықтар, сондай-ақ оның төңiрегiндегi шенеунiктер түгелдей орыстар болды. Реформа бойынша кең байтақ қазақ даласындағы басқарудың төменгi жүйесi болыстық және ауылдық жүйе болды. Болыс пен старшынға ұсынылу үшiн азаматтың жасы 25-ке келуi керек едi және ол ешқандай қылмысқа тартылмаған халық сенiмiндегi адам болуға тиiс. Әр үш жыл сайын өтетiн болыс сайлауына 50 үйден бiр таңдаушы сайланды. Дауыс беру процесi халық арасында шар салу деп аталды. Патша өкiметi Қазақстанды басқару жүйесiне елеулi өзгерiстер енгiзу барысында жаңа ережелер де қабылдады. Мысалы, 1886 жылы 2 маусымда "Түркiстан өлкесiн басқару туралы" Ереже, 1891 жылы 25 наурызда "Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы" Ереже қабылдады. Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығы Дала-генерал губернаторлығы деп өзгерiп, оған Сырдария облысынан басқа бес облыс кiрдi. Ал Сырдария облысы Түркiстан генерал-губернаторлығына қарады. 1897 жылы Жетiсу облысы қайтадан Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына кiрдi.
1867-1868 жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан территориясында жалпы империялық соттар ережесiнiң таралуы болды. Сөйтiп, қазақ құқығына елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Үлкен маңызы бар қылмыстық iстер әскери сот комиссиясында қаралды. Ал, одан басқа қылмыстық және азаматтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz