Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дүниежүзінің ғаламдық экологиялық мәселелер.
Мақсаты: Студенттердің климаттың өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шөлейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, өндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары сияқты ғаламдық экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту.

Жоспар:
1.Ғаламдық мәселе түсінігі
2.Судың ластануы
3.Атмосфералық ауаның ластануы
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. 1*Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:
- ресурстар проблемасы;
- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
- энергетикалық проблема;
- демографиялық проблема;
- климаттың өзгеруі;
- экологиялық проблемалар;
- үшінші әлем елдерінің артта қалуын жою;
- қауіпті ауруларды жою;
- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
- қылмыспен және терроризммен күрес;
- наркобизнеспен күрес.
Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы - глобалистика зерттейді. Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа - еркешелікттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық проблемаларды шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық проблемаларды шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.
Ғаламдық экологиялық проблемалар - ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық проблемалар кешені. Зор геосаяси проблеманын экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру. Ғаламдық экологиялық мәселелер қоршаған ортаның әр түрлі дәрежедегі ластануынан орын алады.
Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуынан қолайсыз әсерлердің туындауын. Ластандырушы заттарға тек улы затар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.
Ластануды жүйенің тепе-теңдегін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.
· шығу тегі бойынша:
табиғи және жасанды (антропогенді);
· пайда болу көзіне байланысты:
а) өндірістік,ауыл шаруашылық,транспорттық және т.б;
ә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры),объектілі (өнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы,бүкіл экожүйе),трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);
· әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық,аймақтық,жергілікті;
· қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера,топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит,тұщы су,жер асты сулары,өзен сулары және т.б.);
· әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы,ауыл шаруашылық ортасы,өнеркәсіп орындарының ішінде,пәтер ішінде және т.б;
· әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер),физикалық (радиоактивті,радиациялық жылулық,шу, электромагниттік),физико-химиялық (аэрозолдер),биологиялық (микробиологиялық және т.б);
· әсер етудің периодтылығына байланысты (өнеркәсіп орындарының қалдықтары),екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
· тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты - жүз және мың жыл тұратын (азот,оттегі,аргон және басқа инертті газдар),тұрақты -5-25 жыл (көмірқышықыл газы,метан,фреондар),тұрақсыз (су буы,көміртегі тотығы,күкіртті газ,күкіртсутек,азоттың қостотығы,озон қабатындағы фреон).
Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса,оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары.Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне,улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай.Мысалы,көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін кқлеміне және ұзақ сақталу уақытына,олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамвсыз етеді.
Өндірілетін ресурстардың тек 2-3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады,ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс,шлактар және т.б.).
Адам қызметінің көңіл аударалық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес,тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн органикалық қосылыстар бар.Адам қазір 8 млн-нан астам қосылыстарды синтездей алады.Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы
Тұрақты даму тұжырымдамасындағы экологияның рөлі
Тұрақты даму концепциясы
Экологияның экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі орны
Планетадағы тіршілікті қорғау
Оршаған ортаны қорғау
Атмосфераны қорғау
ҒТР ҚҰРЫЛЫМЫ
Әлеуметтік экологияның өзекті мәселелері
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.
Пәндер