Алматы қаласына қатысты 100 факт


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Алматы қаласына қатысты 100 факт
Алматы - бұл еліміз Тәуелсіздік алғанан кейінгі жылдар бойы республиканың ғылыми, мәдени, тарихи, экономикалық, өндірістік, қаржы және білім беру орталығы болып келе жатқан миллионер қала. Алматы - Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Әрине, Тәуелсіздікке дейінгі жылдары да бұл қала ел ішінде елеулі орын алған болатын. Ең алғашында қаланың іргетасы 1854 жылы көктемде ескі қалалардың қалдықтарынан қаланып, 1854 жылдың күзінде салынып біткен. Ол кездегі атауы Верный қаласы болған. Кеңес Одағы жылдары, нақтырақ айтқанда, 1921 жылы қаланың аты Алма-Ата болып өзгертілді, сонымен қатар 1997 жылдың қазан айына дейін еліміздің астанасы болған. Тәуелсіздік алуға зор үлесін қосқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы да осы қалада болды. Жалпы алғанда, Алматы қаласының 2, 5 мың жылдық тарихы бар. Ерте заманның тарихына көз жүгіртсек қазіргі қала аймағында сақ, үйсін, ал кейінірек орта ғасырларда дулат тайпалары өмір сүрген. Демек, Алматы біздің ата қонысымыз.
Қазірде Алматы қаласы өзінің әдемі келбетімен бүкіл әлемге мәлім. Оның әсем табиғаты, ерекше ойластырылған қала құрылысы және ең бастысы «апорт» алмасы көптеген шет елдердің мақтауына ие болды (Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан) . Алматы қаласында көптеген көзге түсерлік ерекшеліктер бар. Солардың бірі - «Медеу» мұз айдыны.
«Медеу» атауы оған қоғам қайраткері Медеу Пұсырмановтың(1850-1908жж. ) құрметіне берілген екен. Ол өз өмірінде талай игі іс атқарған, елге сыйлы азамат болыпты. Қазақстанның ең үлкен мұз кешенінің атауы сондай бірегей тұлғаның есімімен аталғаны біз үшін үлкен мақтаныш.
«Медеу» мұз айдыны дүниежүзіндегі ең ірі спорт кешендерінің құрамына кіреді. Ол Алматы қаласынан 18 шақырымдық жерде, яғни, Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Оның теңіз деңгейінен биіктігі 1691, 2 м. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 жылы пайдалануға берілді. Оның айналасын қалың орман-тоғай қоршап жатыр. Онда қайың, көктерек, қылқанжапырақтылардан қарағай мен шырша және долана, шетен сынды ағаштар өседі. Осы көркем табиғатқа байланысты ел аузында түрлі аңыздар айтылып, осы кезге дейін жеткен. Сондай аңыздардың бірінің желісі бойынша: Сол аймақта ертеде жас сұлу өмір сүріпті. Ол бойжеткен өмірде жалғыз болғандықтан күңіреніп ән салатын болыпты. Сондай бір өлеңінің соңында ол жартасқа қолын тигізгенде жартас екіге айырылып, үңгір ішінен қазынаға толы сандық табылыпты. Сол байлықтың бәрін жас бойжеткен халқына үлестіріп беретін көрінеді. Оның мейірімділігін көре алмаған жалмауыз кемпір үңгірдің аузын мәңгілікке бекітіп тастаған екен. Содан бергі уақытта ешкім оның кілтін таба алмапты-мыс.
Қазіргі таңда аңыз шындыққа айналғандай. Себебі, «Медеу» мұз айдыны талай елдің жүйріктеріне алтын алқа тағып жүр. Кеңес заманынан бері бұл кешенде талай сайыстар өткізіліп жүр. Сайыс болмаған кездерде елдің түкпір-түкпірінен адамдар демалуға келіп, туризмді дамытуға өз үлестерін қосып жүр. Бұл кешенде тек қана спорттық сайыстар ғана емес, сонымен қатар түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Алматы - әсем қала. Оның барлық кереметтерін бір мезетте айтып шығу міүмкін емес. «Медеу» мұз айдыны оның тек кішкене бөлігі ғана болса да, елдің мерейін асқақтатқан тамаша жерлердің бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер : «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы (Алматы, 1998ж. ) ; «Қазақстан тарихы» (Аруна 2006ж. ) ; интернет желісінен massaget. kz.
Орындаған : Қасен Ә.
Мамандығы : Жерге орналастыру
Курс : 1
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz