Менеджменттегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті

CӨЖ
Тақырыбы: Менеджменттегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау;

Орындаған: Абдирашова Жанель;
Тобы: ЭФ-19-4к;
Қабылдаған: Даурбаева М.У.

Шымкент
Менеджменттегі стратегиялық және тактикалық жоспарлау
Барлық басқару қызметінің ішінде жоспарлау ең елеулі болып саналады, өйткені мұның өзі кез келген балама әрекеттерді таңдап алуға байланысты. Жоспарлау кәсіпорын басшылығындағы негізгі қызметтердің бірі ғана емес, оның өзі жеке төрт қызметі түрінде (ұйымдастыру, кадрлармен жұмыс істеу, басшылық, жетекшілік және бақылау) көрініс табады. Сонымен, басшы ұйымдастырады, кадрлармен жұмыс істейді, бағыттайды және басшылық етеді, сондай - ақ жоспарға сәйкес көздеген мақсатқа жету үшін бақылайды.
Жоспарлау процесінің өзі төрт кезеңнен тұрады:
жалпы мақсатты ойластыру;
белгіленген біршама уақыт кезеңі (2,5,10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
Ірі бағдарламаны шешкен кезде кезеңдері мен жоспарлануы біршама ауқымды болады.
Мәселен, жоспарлаудың мынадай кезеңдері ажыратылады:
1. бар мүмкіндікті бағалау;
2. басты міндет немесе мақсат;
3. жоспарлы ұсыныстар;
4. баламалар, баламаларды қойылған мақсаттармен салыстыру;
5. баламаларды таңдау;
6. қосалқы жоспарларды тұжырымдау;
7. жоспарды цифр түрінде көрсету;
жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және дамытуға тырысады. Сондықтан да жоспарлардың сенімділігі бұрынғы нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді.
Мұндай сенімділікті қамтамасыз ету дәл бухгалтерлік есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін емес екендігі айқын.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы нарықтың шағын бөлігі болып саналатындықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономиканың дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда нарық көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау соғұрлым оңай келеді. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.
Демек, кәсіпорындағы кез келген жоспарлау толық емес деректерге сүйенеді. Кәсіпорында жоспар жасау үшін қажетті ақпараттар толық болмайтындықтан, кейбір деректер жетіспейтіндіктен, жоспарлау сапасы көбінесе қызметкерлердің өз ісін қаншалықты жетік білетіндігіне байланысты.
Осыған орай жоспар жасаған кезде барлық көрсеткіштер толық пайдаланылуы, сонымен қоса жоспар жасағанда өзгеріс енгізілетіндігі ойластырылуы, ал жоспардың өзі жағдайдың өзгеруіне қарай үйлестіріліп отыруы тиіс. Сондықтан да жоспарда резервтер ескеріледі. Алайда, резервтің тым көп болуы жоспардың дәлдігіне нұқсан келтіреді, ал шамалы резервтер жоспарды жиі-жиі өзгертуге мәжбүр етеді. Жоспар көрсеткіштерін нақты айқындау және оның орындалуын үйлестіру мен бақылау басшының иелігінде. Демек, кәсіпорынның жоспарлы жүйесі, кәсіпорынның сан алуан саласының қызметі бір-бірінен айқын шектелген, жекелеген жоспарлардан тұрады.
Қойылған мақсатқа жетуді көздеу үшін жоспарлау кәсіпорын қызметінің барлық маңызды учаскелерін қамтитындығын тағы да атап көрсетеміз. Мұның өзі барлық кәсіпорында қолданылады. Жоспарлаудың екінші сатысы - кәсіпорын учаскелері өндірісінің нақты бағыттары бойынша жоспар жасау. Онда жекелеген міндеттер қойылып, ақша, сондай-ақ сандық көрсеткіштері айқындалады.
Барлық жоспардың табыс және шығын бөліктерінің сальдосы (актив пен пассив жиынтығы) бюджетке, яғни шығын мен табыс жоспарына енгізіледі, өйткені мұндайда негізгі бағыт өтімділікті - кәсіпорынның төлем қабілетін сақтау болып саналады. Әдетте, жекелеген жоспарлар тек сандық көрсеткіштер бойынша жасалады да, оларды өзара байланыстырғаннан кейін ғана ақша көрсеткіштерін есептейді.
Тактикалық жоспар. Бұл жоспарды, сонымен қатар ағымдағы қызмет жоспары және табыс жоспары деп те атайды. Олар шығарып жатқан тауар мен қызмет өндірістік жаңа нарыққа кіру шарттарына бағытталған.
Ағымдағы қызмет жоспары әр функционалдық зонаның жоспарымен күшейеді: қаржы, өндіріс, сатып алушылар және т.б. Бұл жоспарлар стратегиялық жоспардың бөлігі болмаса да, стратегиялық жоспарға байланған.
Тактикалық жоспар стратегиялық жоспардың бөлігі болмаса да, стратегиялық жоспарға байланған. Тактикалық жоспар стратегиялық жоспардың іске асуына негізгі құрал ретінде жұмыс істейді және ең соңғылардан ерекшеліктері бар, оны біз жаттығулық жұмыста есепке алуымыз керек. Олар:
тактикалық жоспарлар толығымен стратегиялық жоспарлармен өңделеді;
тактикалық жоспарды өңдегенде мынандай принцип ұстанады: Кім жоспарларды орындайтын болса, сол оны өңдейді. Басқаша айтқанда, егер стратегиялық жоспарды және шешімді ұйымдағы жоғары басқару қабылдаса, онда тактикалық жоспар орта басқару деңгейінде өңделеді;
тактикалық жоспар, ереже бойынша қысқа мерзімге жасалынады стратегиялыққа қарағанда, сондықтан оны жүзеге асыру тез және шыққан өзгерістерге байланысты тез шара қабылданады.
Сонымен, ұйымның жылдық жоспары ереже бойынша төрт негізгі бөлімді кірістіреді: маркетинг бойынша жоспар, қаржылық жоспар, өндіріс жоспары, сатып алу жоспары.
Нарықтық даму қарым-қатынасы кезеңіне байланысты және фирма қызметінің қалыптасқан ішкі шарты бойынша, жоспар бөлімін табады және оның маңызы өзгереді. Бірінші орынға сату жоспары, қаржылық жоспары және өндірістік шығуы мүмкін. Әр стратегияның жоспары міндетті түрде бағдарлама жинағымен және жоба-жоспарымен бекітіледі. Мысалы, ұйымның даму жоспары қысқа, орташа және ұзақ мерзімді бағдарламалармен бекітіледі. Бағдарлама өз кезегінде нақты жоспарлармен бекітіледі.
Жоспардың бейімділік негізі. Олар иілгіш және күтпеген ішкі факторлардың өзгерістеріне бейім болуы керек. Сосын стратегиялық жоспардың бейімділігін, мінезін қамтамасыз ету үшін жоспардың барлық түрлеріне, соның ішінде ерекше тактикалық жоспар күтпеген жағдайға қандай іс-әрекет қолдануы қарастырылады. Бұл іс-әрекеттер белгілі әдістемелік қабылдау жағдайының жоспарлауы арқылы іске асырылады. Стратегиялық жоспарлау өзінің табиғатына тән ұсынысқа, кеңеске, болжауға сүйенеді және оған кейде тәуекел етугө тура келеді. Сондықтан ұйым басқарушылары олардың байсалдары мен ойлары болмай қалған жағдайда не істеу керек екенін білулері керек. Жағдайлық жоспарлар қандай дәрежеде ұйымның мақсаты мен міндетін анықтайды. Жағдайлық жоспар артық жоспарлар жүйесі болып табылатын, ұйымның ішкі ортасының өзгерісіне дұрыс шешім қабылдайды, икемделеді. Бұл реакция барлық жоспар жүйесінде көрінеді және ең бірінші рет Англиядағы қызмет жоспарын осылай стратегиялық бейімделу жоспары өз алдына жағдай жоспар жиынтығын көрсетеді, ұйымның ішкі ортасында пайда болған әрқайсысы белгілі бір жағдайға қызмет жасайды. Жоспарлар жүйесі, бағдарлама, жобаны басқарудың негізгі функциясын орындауымен бірге стратегиялық және тактикалық қорларды бөлу құралы болып табылады, жоспар қорларды бағыт бойынша бөлуге көмектеседі, басқарушылардың ойынша ол неғұрлым нәтижелі және алға қойған мақсатқа жетуге алып келеді.
Ұйымның таңдаған стратегиясын іске асыру. Ұйым келесі іс-әрекетке деген үшін көрсеткіші анықтау мен қорларды бөлудің бірнеше жүйесі бар. Бірінші жоспарлау кезеңінде эксперттердің бағасы пайдаланады, бюджеттің нормативінде сүйенген әр түрлі күрделенген әдістер қолданылады. Ресми жоспарлардың кең тараған әдісі болып, бюджетті өңдеу болып табылады, ол әр түрлі жоспарлардың қиысуымен қорлардың бөлінуі. Болашағы бар жоспарлаудың отандық жаттығуда, қаржылық дамудың негізгі көзі мемлекеттік бюджет болғанда, олардың мақсаттары үшін шығын сметасы өндіріледі. Бюджет артықшылығы тек қандай және қанша қорлар керек деген сұраққа ғана жауап бермейді, сонымен қатар олардың толықтыру көзін көрсетеді. Бюджеттің мән сызығы қорлардың сандық бағасы және мақсат болып саналады. Көп жағдайда бюджеттер құндық көрсеткіште өңделеді және бағаланады, бірақ кейде уақытша, еңбектік және табиғилар қолданылады. Бюджеттік сандық көрсеткіштері басқарушыға ұйым жұмысының әр түрлі аспектілерін бағалауға, салыстыруға мүмкіндік береді.
Бюджетті өңдеу - күрделі және жауапкершілікті талап ететін жұмыс, ол стратегиялық жоспарландыруда орындалады. Ол ұйым басқарушылары фирманың ортақ міндеттемелерімен стратегиялық шаруашылық бөлімшелері (СШБ) мен жеке бөлімшелердің мақсаттарын хабарлауымен басталады. Сосын СШБ және бөлімшелер алдын ала смета өңдеуге және бюджетті оның жоспарлық кезеңге байланысты өңдеуге кіріседі. Бұл құжаттар СШБ жоспарына кіргізіледі және керекті жөндеулер мен бюджетті нақтылау бойынша басқару бұйрықтарын жақсылап зерттеп содансоң, басқарушыларға беріледі. Негізінен, бұл сатыда СШБ арасында қорлары бар бөлінушілер болады, сосын олар қаржыландырылатын және жабдықтандырылатын қор анықталады.
Соңғы бюджетті өңдеу сатысында басқарушылардың бұйрығы бойынша стратегиялық қорлардың бөлігін есепке алу және оларды алу көздері жүзеге асырылады. Ереже бойынша СШБ мен бөлімшелер, жоспарлар және бағдарламалар арасындағы қорлардың бөлу үрдісі қорытынды бюджетті өңдеумен аяқталмайды.
Стратегиялық жоспарлардың бейімделу мінезі уақытша мақсатты және ұйым стратегиясын және олардың бөлімшелерін өзгертулерге сай бюджетті жөндеуді ұйғарады. Сондықтан әрқашан әсер ететін қорларды бөлу механизмін жасау өте маңызды. Бұл есеп айтылған әдіс бойынша шешілуі мүмкін. Берілген жұмысты орындауға тораптық кесте бойынша қорларды қайта бөлу әдісі ыңғайлы құрал болып табылады.
Стратегияны жоспарлау- көп күшті уақытша керек ететін басқарушылық қызмет түрі. Стратегиялық жоспарлаудың функциясын адамдар жасайтын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Индикативтік жоспарлау
Менеджмент теориясы
Ұйым элементтері және басқару үрдісі
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Менеджмент функциялары
ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Менеджменттің (негізгі) жалпы негіздері
Ақпараттық логистика
Менеджмент пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Пәндер