Тиіндер тұқымдасының түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мәліметтер жиынтығы.
1. Тиіндер тұқымдасының түрлері.

Тиіндер тұқымдасы (Sciurus) Жүйелеуінде 48 туыстары 2 тұқымдас астына: тиіндер мен ұшарларға біріктірілген. Тиіндер түрлері саны бойынша (280) тек тышқан тәрізділер тұқымдасынан ғана кем түседі. Тиіндер тұқымдасы: нағыз тиіндер (Scwrinae), суырлар (Marmotinae), борша тышқандар, саршұнақтар, ұшарлар тұқымдасы астынан тұрады. Қазақстанда тұқымдас асты өкілдерінің барлық түрлері таралған. Бұл тұқымдасқа кіретін өкілдерінің көлемі орташа, ірі, дене ұзындығы 70 см, оның салмағы 9 кг болады. Тиіндерге сыртқы түрі мен тіршілік етуіне орай әртүрлі жануарлар жатады. Дене мөлшері ұсақ және орташа. Денесінің ұзындығы 6 см-ден (тышқан тәріздітиін) 60 см-ге дейін (суырлар) жетеді. Сыртқы түріне қарап тиіндерді бұтада мекендейтін, жер үсті деп ажыратады. Жер үсті тиіндерінің дене бітімі тығыз, әріқысқа, мықты алдыңғы аяқтарымен ерекшеленеді. Барлық тиіндердің артқы аяқтары алдыңғысынан ұзынырақ, бірақ 2 еседен аспайды. Артқы аяқтары 5 алдыңғы аяқтары 4 немесе 5 саусақты болады. Алдыңғы және артқы аяқтарындағы IV саусақ ең ұзыны болып келеді. Түк жамылғысы қалың және жұмсақ. Түсі біркелкі немесе жолақты, дақты болып, қара және ақтан жирен немесе қою сары түстер байқалады. Буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Барлық жер шарында, тек Австралия облысы, Мадагаскар, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлімі мен полюстік облыстардан басқа таралған. Ресей фаунасында тиіндер тұқымдасының 15 түрі: нағыз тиін, кәдімгі тиін, азиялық боршатышқан, саршұнақтың 9 түрі және суырдың 4 түрі кездеседі. Бұта, жартылай бұтаны мекендейтін кемірушілердің дене бітімдері сымбатты, мойыны айқын көрінеді, құйрығы ұзын, ол қаңқасына тең келеді, қалың мамықтанған, аяқтары, әсіресе артқылары ұзын, саусақтары жіңішке ұзын, тырнақтары күрт иілген өткір. Інде мекендейтін аңдардың тұлғасы мығым, мойыны айқын көрінеді, құйрығы қысқа (әдетте денесінің ұзындығының жартысындай). Аяқтары қысқа, саусақтарының әлсіз иілген тырнақтары болады. Алдыңғы аяғының ішкі саусағы дамымаған, ал екіншісі кейде мүлдем болмайды. Түк жамылғысы ауыспалы, бұталарда мекендейтін түрлерінде інде мекендейтіндермен салыстырғанда түк жамылғысы әдетте қалың, жұмсақ және үлпілдек. Түк жамылғысының түсі құба сарғыш, сұр, кейде қара және жирен реңді болып келеді. Көбеюі және өсуі: буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Таралуы: Австралиядан, Мадагаскардан, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлігінен басқа барлық аумақта кездеседі. Тиіндер алуан түрлі ландшафтарда мекендейді: ормандар, ашық жазықтар, шөлде, тундрада, тауда, тропиктен Арктикаға дейін. Тиіндердің көпшілік түрлерінің шаруашылық маңызы зор. Мысалы, кәдімгітиіннің өңделмеген терісі біздің өңірде кәсіптік есептеліп, фаунада бірінші орын алады. Сапа жағынан екінші кезекте тиіннің басқа түрлерінің терілері тұр. Суырлар мен саршұнақтардың майы техникалық мақсатта қолданылады, әрі олардың көптеген түрлерінің еттері жеуге жарамды. Саршұнақтар егін шаруашылығына келтіретін зияны, әрі көптеген тұқымдастарының өкілі аурулар таратуда маңызды рөл атқаратыны аян.

1) Борша тышқан, бұрындық (лат. Eutamias sibiricus) -- кеміргіштер отрядының тиін тұқымдасына жататын жануар.Қазақстанда Оңт. Алтай және Қалба Алтайындағы қылқанжапырақты ормандар мен аралас ормандарды мекендейді. Дене тұрқы 12 - 15 см, құйрығының ұзындығы 12 см, салм. 70 - 100 г. Арқасында бойлай орналасқан 5 қара жолағы бар. Ағаш басына тез өрмелеп шыға алады, бірақ ұясын інге салады. Қыркүйек - қазанда қысқы ұйқыға кетіп, сәуір - мамырда оянады. Жылына 1 рет (4 - 6) балалайды. Ағаш тұқымын, бүрін, саңырауқұлақ, жидек, астық дәнін жеп қоректенеді. Қысқа қарай қор жинайды. Кәсіптік маңызы шамалы, ауланбайды. Борша тышқан кене энцефалиті мен туляремия ауруларының қоздырғышын таратады.
2) Кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) көлемі кішкентай денесі созылыңқы және үлпілдек құйрықты кеміргіш. Дене тұрқы 19,5-28 см, құйрығы 13-19, салмағы 250-340 г. Басы домалақ, көздері қара түсті үлкен болып келеді. Құлақтары, әсіресе қыс кезеңінде жақсы байқалатын шашағы бар ұзын. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзындау болады. Саусақтарындағы тырнақтары тұтқыр, әрі өткір. Түр асты, тіпті бір популяциядағы тиін түсі маусым сайын өзгеріп отырады. Жазда жирен, қоңыр немесе қара қоңыр түс басым болса, қыста сұр және қара, кейде қоңыр түстер басым болады. Құрсағы ашық немесе ақ түсті. Тиіндердің меланды тіпті қара терісі және альбинос, терісі ақ теңбілмен жабылған ала түрлері де кездеседі. Қысқы боялымы тиін құйрығының түсіне орай, қызыл құйрықты, қоңыр құйрықты және қара құйрықты болып бөлінеді. Кәдімгі тиіндер Камчаткада, Сахалинде, Жапонияда таралған. Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда жерсіндірілген. Қазақстанда олардың үш түрі кездеседі: тиін-телеутка (S.v.exalbidus), калбиндік тиін (S.v. calbinensis), алтайлық тиін (S.v.altaica). Олар жылына екі рет 3-5 ұрпақтан әкеледі. Кәдімгі тиіннің бір-бірінен түсімен ерекшеленетін шамамен 40 түршесі сипатталып жазылған. Тиін - ормандарды мекендейтін жануарлар. Олардың негізгі қорегіне ағаштардың тұқымдары, оның ішінде қалқан - жалпақ жапырақтары жатады да, ең жақсы азық болып есептеледі. Буаздық мерзімі 35- 38 күнге созылады, ұяласында 3-10 ұрпағы болады.
Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Тіршілік иелерінің барлығы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатса да, әлі күнге дейін өзгермеген жануар ол - тиіндер екен. Мұның себебін ғалымдар да анықтай алмай отыр. Ғалымдардың айтуынша, 50 миллион жыл өтсе де аталмыш жануарлар ешқандай өзгеріске ұшырамапты.

1. Жаңа туылған тиіннің салмағы 50 грамм, ал бойы бір дюймді құрайды.
2. Басқа да кеміргіштер сияқты тиіннің де алдыңғы төрт тісі үздіксіз өседі.
3. Тиін ең таза кеміргіш.
4. Африкалық ергежейлі тиіндер кеміргіш тұқымдастардың ішіндегі ең кішкентайы болып саналады. Өйткені, бұл тиіндердің тұмсығынан құйрығына дейін бар болғаны 2,5 см құрайды.
5. Қазіргі күні дүниежүзінде тиіннің 365 түрі бар. Негізінен аталмыш түр жеті туыстан тұрады. Оған: дала иттері, саршұнақтар, суырлар жатады.
6. Тиіндердің иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Аталық тиін бірнеше шақырым жерден аналықтың иісін сезіп қояды.
7. Тиіндер туылған кезде мүлдем соқыр болады. Тек 6-8 аптадан кейін ғана көздері ашылады. Тиін - қолға тез үйретілетін жануардың бірі.
Тиіндерге сыртқы түрі мен тіршілік етуіне орай әртүрлі жануарлар жатады. Дене мөлшері ұсақ және орташа. Денесінің ұзындығы 6 см-ден (тышқан тәрізді тиін) 60 см-ге дейін (суырлар) жетеді. Сыртқы түріне қарап тиіндерді бұтада мекендейтін, жер үсті деп ажыратады. Жер үсті тиіндерінің дене бітімі тығыз, әрі қысқа, мықты алдыңғы аяқтарымен ерекшеленеді. Барлық тиіндердің артқы аяқтары алдыңғысынан ұзынырақ, бірақ 2 еседен аспайды. Артқы аяқтары 5 алдыңғы аяқтары 4 немесе 5 саусақты болады. Алдыңғы және артқы аяқтарындағы IV саусақ ең ұзыны болып келеді. Түк жамылғысы қалың және жұмсақ. Түсі біркелкі немесе жолақты, дақты болып, қара және ақтан жирен немесе қою сары түстер байқалады.
Буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі. Барлық жер шарында, тек Австралия облысы, Мадагаскар, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлімі мен полюстік облыстардан басқа таралған.
Ресей фаунасында тиіндер тұқымдасының 15 түрі: нағыз тиін, кәдімгі тиін, азиялық боршатышқан, саршұнақтың 9 түрі және суырдың 4 түрі кездеседі. Бұта, жартылай бұтаны мекендейтін кемірушілердің дене бітімдері сымбатты, мойыны айқын көрінеді, құйрығы ұзын, ол қаңқасына тең келеді, қалың мамықтанған, аяқтары, әсіресе артқылары ұзын, саусақтары жіңішке ұзын, тырнақтары күрт иілген өткір.
Інде мекендейтін аңдардың тұлғасы мығым, мойыны айқын көрінеді, құйрығы қысқа (әдетте денесінің ұзындығының жартысындай). Аяқтары қысқа, саусақтарының әлсіз иілген тырнақтары болады. Алдыңғы аяғының ішкі саусағы дамымаған, ал екіншісі кейде мүлдем болмайды. Түк жамылғысы ауыспалы, бұталарда мекендейтін түрлерінде інде мекендейтіндермен салыстырғанда түк жамылғысы әдетте қалың, жұмсақ және үлпілдек. Түк жамылғысының түсі құба сарғыш, сұр, кейде қара және жирен реңді болып келеді. Көбеюі және өсуі: буаздық мерзімі 22-45 күн. Аналықтары 1-ден 15-ке дейінгі аралықта жалаңаш және соқыр ұрпақ әкеледі.
Таралуы: Австралиядан, Мадагаскардан, Оңтүстік Американың оңтүстік бөлігінен басқа барлық аумақта кездеседі. Тиіндер алуан түрлі ландшафтарда мекендейді: ормандар, ашық жазықтар, шөлде, тундрада, тауда, тропиктен Арктикаға дейін. Тиіндердің көпшілік түрлерінің шаруашылық маңызы зор. Мысалы, кәдімгі тиіннің өңделмеген терісі біздің өңірде кәсіптік есептеліп, фаунада бірінші орын алады. Сапа жағынан екінші кезекте тиіннің басқа түрлерінің терілері тұр. Суырлар мен саршұнақтардың майы техникалық мақсатта қолданылады, әрі олардың көптеген түрлерінің еттері жеуге жарамды. Саршұнақтар егін шаруашылығына келтіретін зияны, әрі көптеген тұқымдастарының өкілі аурулар таратуда маңызды рөл атқаратыны аян.

Кәдімгі тиін (Sciurus vulgaris) көлемі кішкентай денесі созылыңқы және үлпілдек құйрықты кеміргіш. Дене тұрқы 19,5-28 см, құйрығы 13-19, салмағы 250-340 г. Басы домалақ, көздері қара түсті үлкен болып келеді. Құлақтары, әсіресе қыс кезеңінде жақсы байқалатын шашағы бар ұзын. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзындау болады. Саусақтарындағы тырнақтары тұтқыр, әрі өткір. Түр асты, тіпті бір популяциядағы тиін түсі маусым сайын өзгеріп отырады. Жазда жирен, қоңыр немесе қара қоңыр түс басым болса, қыста сұр және қара, кейде қоңыр түстер басым болады. Құрсағы ашық немесе ақ түсті. Тиіндердің меланды тіпті қара терісі және альбинос, терісі ақ теңбілмен жабылған ала түрлері де кездеседі. Қысқы боялымы тиін құйрығының түсіне орай, қызыл құйрықты, қоңыр құйрықты және қара құйрықты болып бөлінеді. Кәдімгі тиіндер Камчаткада, Сахалинде, Жапонияда таралған. Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда жерсіндірілген. Қазақстанда олардың үш түрі кездеседі: тиін-телеутка (S.v.exalbidus), калбиндік тиін (S.v. calbinensis), алтайлық тиін (S.v.altaica). Олар жылына екі рет 3-5 ұрпақтан әкеледі. Кәдімгі тиіннің бір-бірінен түсімен ерекшеленетін шамамен 40 түршесі сипатталып жазылған. Тиін - ормандарды мекендейтін жануарлар. Олардың негізгі қорегіне ағаштардың тұқымдары, оның ішінде қалқан - жалпақ жапырақтары жатады да, ең жақсы азық болып есептеледі. Буаздық мерзімі 35- 38 күнге созылады, ұяласында 3-10 ұрпағы болады.

Ұшар (Pteromyinae). Олардың алдыңғы, артқы аяқтарының арасында жұқа тері жарғағы болады, осының әсерінен олар ауада қозғалып, қалықтап ұша алады. Сондықтан олар кейде бірталай қашықтықты жеңіп шығады. Ұшар құйрығы ағашқа қонғанда тежеуіш қызметін атқарады. Тиіндерге қарағанда ұшарлар ұясы түнде белсенді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген кемірушілердің түрлері
Ақ күзен.систематикасы.Құрлыс ерекшеліктері. Сары күзен. Систематикасы. Құрлыс ерекшеліктері. 3.шұбар күзен. систематикасы.құрлыс ерекшеліктері
Түрлерді қорғау. Табиғатта кез келген түрдің өз орны бар
Тері мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Аңдар терісі мен үлбірінің тауарлық көрсеткіші
Жоғары сатылы аңдар немесе плацентарлық сүтқоректілер
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Қазіргі кездегі балықтардың басым көпшілігі осы сүйекті балықтар
Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Пәндер