Канада құндызы


Реферат.
Құндыз.
Жоспар:
- Системетикасы (жүйеленуі) .
- Таралуы.
- Көбеюі және өсіп дамуы.
- Халық шаруашылығындағы маңызы.
- Түрге қысқаша сипаттама.
а. Канада құндызы
b. Өзен құндызы
Құндыз- кеміргіштер отрядының терісі бағалы аң. Тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен дене пішіні соған бейімделген. Денесі ұршықша жұмырланып келген, басы біршама кішілеу, мойны айқын байқалмайды; түксіз жалпақтау келген денесінің артқы бөлігі ескектәрізді құйрыққа жалғасады. Аяқтары қысқа. Артқы аяқтарының башайлары арасы жүзу жарғағымен көмкерілген. Тырнағы өткір, артқы аяғының екінші башайы айыр сияқты (жүнін қасу үшін қажет) . Жүні тығыз, су өтпейді, қара қоңыр не қара. Табиғатта құндыздардың екі түрі кездеседі:
Кәдімгі- өзен құндыз (Castor fiber)
Канадалық құндыз (Castor canadensis) .
Бірінші түрі Еуразияда, екіншісі Солтүстік Америкада өмір сүреді. Бұл аңдар тиіндермен тығыз туыстық байланыста болады. Қазіргі жүйелеу кәдімгі құндыздың сегіз түршесін ажыратады. Құндыздар жұптасып немесе жалғыз өмір сүреді. Бұлар моногамды аңдар. Ұйығу қаңтар-ақпан айларында басталады. Жұптасу мұз астындағы суда өтеді. Жылына бір рет көбейеді. Ұясында 1-6 ұрпағы, әдетте 3-5 болады. Екеуініңде сырт бейнесі бір-біріне өте ұқсас, бірақ еуразиялық құндыз ірірек болады. Оның басы үлкен және аз домаланған. Тұмсығы, айтуға әсем, қысқа. Қылшық жүн түбінде өсетін түбіті қысқа, ал құйрығы канадтыққа қарағанда жіңішке. Аяқтары қысқарақ, сондықтан еуразиялық құндыз артқы аяқтарымен жүруге бейімделген. Кәдімгі құндыздардың танау сүйектері ұзындау келеді. Танау тесіктерінің пішіндері үшбұрышты, ол канадалық құндыздарда сопақша келеді. Үлбірінің түстерімен де ерекшеленеді. Ол кәдімгі суырда қоңырдан ашық қоңырға дейін құбылса, канадалық құндызда сарғылт реңді болады. Буаздық мерзімі кәдімгі суырда 107 күн, канадалықта 128 күнге тең. Ұясында 2-6 ұрпақтан саналады. Құндыздардың өмір сүру ұзақтығы 10-12 жылды құрайды
Таралуы : Құндыз Еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерінде, Бұқтырма бөгенінде кездеседі. 19 ғасырдың соңында құндызды есепсіз аулау Қазақстанда оның жойылу қаупіне әкеліп соқтырды. Тек 1963 жылы құндызды көршілес Ресейдің Орынбор облысынан Батыс Қазақстан облысының аумағына келе бастады. Жайық өзенінің бойындағы көлдерге кең тарап, саны көбейді. Олар Ақтөбе облысының Тентекқара, Үлкен және Кіші Қобда өзендеріне де қоныс аударды.
Мекен ету орны:
Олар көбінесе тұщы суларды мекендейді. Құндыз аузы су астында болатын, түбі су деңгейінен жоғары, биіктігі 2, 5 м, ұзындығы 12 м күрке жасайды.
Көбею: Жыныстық жағынан 2, 5 - 3 жаста жетіледі. Қаңтар - ақпан айларында ұйығып, бір айдан соң кұнайлары (3 - 5) дүниеге келеді. Олар тез өсіп, дамып жетіледі.
Қорегі: Құндыз шөп, үйеңкі, терек, қайың, қамыс жапырағын жейді, балық, су тышқаны, су құстары, моллюскалармен қоректенеді.
Кәсіптік маңызы:
Құндыз - терісі бағалы аң. Құндыздан парфюмерияда қолданылатын «құндыз жұпары» алынады (жүнінің жоғарғы кабатының астында жұпар иіс шығаратын қылшықтары болады.
Канада құндызы
Биологиялық тұрғыдан еуразиялық құндызбен ұқсас және көп уақыт бойы оның түршесі болып есептелегн еді. Алайда оның кариотипінде 40 хромосома бар, ал еуразиялық құндызда 38, сол себептен оларды будандастыруға болмайды. Еуразиялық құндызға қарағанда оның денесі соншалықты созылыңқы емес, кеудесі жалпақ, басы қысқа және үлкендеу болып келетін қара құлақ қалқандары мен бір-біріне жақын орналасқан дөңес көздері бар. Құйрығы қара мүйіз қалқаншаларымен қапталған және ұшы үшкірленіп, жалпақ біткен (ұзындығы 20-25 см, ені 13-15 см) . Денесінің ұзындығы 90-117 см; салмағы 32 келіге дейін жетеді. Түсі қызыл немесе қара-қоңыр болады. Күрек тістері үйлесімсіз үлкен, олар арқылы құндыз қатты ағаштарды кеміреді. Үстіңгі күрек тістерінің ұзындығы кем дегенде 20-25 мм-ге дейін жетеді, ал ені 5 мм. Қабысқан құлақ тесіктері мен танауы, көздегі түссіз жарғақтары жартылай суда өмір сүруге көмектеседі. Аталықтары мен аналықтарының құйрығының ұшында жұп бездер орналасқан, олар иісті секреттерді бөледі.
Таралуы:
Канадалық құндыз Солтүстік Америкада таралған - шығыс, солтүстік-шығыс және солтүстік жағаларынан басқа Аляска жерлерінде; шетқары солтүстіктен басқа Канадада; АҚШ-тың барлық жерінде, тек Флоридада, Невадада, Калифорнияның біраз бөлігінде кездеспейді; АҚШ шекарасындағы Мексиканың солтүстігінде де мекен етеді. Скандинавия елдеріне қолдан әкеліп, қоныстандырылған. 1937 жылы Финляндияға жеткізілген болатын, содан ары қарай Карелияға, Ленинград аудандарына таралып кетті. Амур бассейнінде, Камчаткада, Сахалинде жерсіндерілген.
Өмір сүру салты:
Өмір сүру салты еуразиялық құндызбен ұқсас. Канадалық құндыздар да түнде белсенділік танытады, және күндіз сыртқа сирек шығады. Олар өте жақсы жүзе алады және сүңгиді, су астында 15 минутқа дейін тұра алады. Отбасылармен 8 түрге дейін бірігіп тұрады - отбасылық жұптар және олардың ұрпақтары. Жас құндыздар ата-аналарымен екі жылға дейін бірге болады. Қауіп төнген жағдайда суды құйрығымен ұрып, дабыл береді. Еуразиялық құндыздар секілді, канадалық құндыздар да індерде тіршілік етеді, оларды шыбықтардан жасап, балшықпен немесе топырақпен сылайды. Індерден суға баруға болатын тар жолдар салынған; ол жердің едені ағаш қабықтарымен, шөппен жабылған. Еуразиялық құндызға қарағанда канадалық құндыздар індерге сирек тұрақтайды. Су деңгейін және ағымның жылдамдығын реттеп отыру үшін бөренелерден, шыбықтардан, тастардан, балшықтан, саздан бөгеттер салады. Канадалық құндыздар құрылысқа деген зор қабілеттерімен ерекшеленеді, олар бөгет салудан рекорд орнатқан. Мысалы, Джефферсон (Монтана) өзенінде салынған бөгеттің ұзындығы 700 метрге жетіп, салт аттының салмағын оңай көтере алды; 2000 жылдардың соңында Wood Buffalo National Park ұлттық паркінде құндыздардың бөгеттері табылды, оның ұзындығы 850 метр болды, ал құрылысы 10 жыл уақытты алып, қазіргі кезде ғарыш суреттерінде жақсы көрінеді. Канадалық құндыздың ішегі ұзын, бұд оның қатты азықпен қоректенуіне көмектеседі. Негізінен ағаш қабықтарын және талдың, үйеңкінің, теректің, қайыңның, қандыағаштың, көктеректің камбийлерін қорек етеді. Сонымен қатар сулы және жағадағы өсімдіктерді де азық етеді. Зообақтарда тәтті картопты, картопты, сәбізді салаттарды да жақсы жейді. Қысқа азық жинап қояды.
Жас құндыздарға қасқырлар, койоттар, қара және қоңыр аюлар, құнулар, сілеусіндер, кәмшаттар, күзендер қауіп төндіреді. Ересек құндыздарға жыртқыштар сирек шабуыл жасайды.
Егерде канадалық құндыздардың жұбы қайтыс болса, олар өздеріне жаңа серікті іздестіреді. Аталытар мен аналықтар өмірлерінің үшінші жылында жыныстық жағынан жетіледі. Жылына бір рет көбейеді, қаңтар мен ақпан аралығында ареалдың солтүстігінде, ал қарашаның соңы мен желтоқсан арасында оңтүстікте көбейеді. Жүктілік 105-107 күнге созылады, жас құндыздар сәуір мен маусым аралығында дүниеге келеді; олар көре алады, қызғылт, қоңыр немесе қара терімен қапталған және 24 сағаттан кейін-ақ жүзуге жарамды. Бойлары 38 см-ге дейін жетіп, салмақтары 500-600 грамм болады .
Саны және халық шаруашылығындағы маңызы.
Жойылып кете жаздаған еуразилық құндызбен салыстырғанда канадалыққ құндызға келген зардабы аздау болды. Оның саны 10-15 млн-ға жетеді, дегенмен Солтүстік Американың отарлауына дейін олардың саны бұдан он есе көп болған еді.
Қызықты факт.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz