Ағаш сүрегінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жылу өткізбейтін деп - жылу өткізгіштігі аз үйлерді, басқада ғимараттарды, жылу өндіретін агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды жылу шығынын сақтайтын материалдар мен бұйымдарды атайды. Жылу өткізбейтін материалдың жылуөткізгіштік коэффициенті 0,18Вт(м0С)-тан төмен болуы, ал тығыздығы 600кгм3-нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ болуы жəне ылғал тартқыш болмауы қажет, өйткені материал ылғалданса жылу өткізгіштігі өседі, ал егер ол органикалық материал болса шіруі де мүмкін. Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың түрлері өте көп. Құрылыс нормалары мен ережелері (СНиП - строительныенормы и правила) 100-ден аса жылу өткізбейтін бұйымдардың қасиеттері мен өлшемдеріне шарт қояды. Бұл материалдар оларды өндіру үшін қолданылатын шикізатқа сыртқы түріне сығылу қабілетіне байланысты топтастырылады. Пайдаланылатын шикізатына қарай олар органикалық жəне бейорганикалық (минералды) деп екі топқа бөлінеді. 1-ші топқа ағаш талшықтары жəне жоңқалары негізінде жасалынған тақталар (сəйкесінше ДВП - древесно-волокнистые, ДСП - древесно-стружечные плиты), жылу өткізбейтін пластмассалар қамыстан істелінген тақталар, т.б. жатады. 2-ші тараған топқа минералдықмақта (масылы, шыны талшықтары) жəне одан өндірілетін бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны) түйірлері кеуектелінген перлит, вермикулит, т.б. жатады. 2-ші топқа қатысты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы қазандарды)жабу үшін қолданылады. Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар дана жəне сусымалы деп бөлінеді. Дана бұйымдар оларға тиісті форма (өлшем) беру, яғни қалыптау арқылы жасалынады. Сусымалы материалдар талшық не түйір ретінде өндіріледі. Сығылуға қабілеттілігі бойынша жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар қатты, қатаңдығы жоғары, қатаң, жартылай қатаң жəне жұмсақ болып бөлінеді. Бұл материалдар мен бұйымдардың үлгілеріне 2000Па жүк түсірілгенде олардың салыстырмалы деформациясы 30%-тен жоғары болса, оларды жұмсақ (Ж), сығылуға қабілеттілігі 6...30% аралығында болса жартылай қатаң (ЖҚ), салыстырмалы деформациясы 30%-тен көпемес болса қатаң (Қ) деп атайды. Егер сынағанда жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдарға 4000Па жəне 10кПа жүк түсірілген болса жəне олардың сығылуға қабілеттілігі 10%-тен көп болмаса,онда оларды сəйкесінше қатаңдығы жоғары немесе қатты депатайды.

Құрылымы. Жылу өткізбейтін материалдардың құрылымы өте кеуекті келеді. Материалдардағы саңылаулар (тесіктер) жабық, ашық, ірі, уақ деп бөлінеді. Уақ жəне жабық (яғни өзара қатынассыз) саңылаулы материалдың жылу өткізбейтін қасиеті жоғары болады, өйткені мұндай саңылаулар ішіндегі ауаның өткізгіштігі өте аз - 0,023Вт (м0С). Ашық (өзара қатынасы бар) жəнеірі саңылаулардағы ауа жылжуы мүмкін. Осының салдарынан мұндай бұйымдар бір бетінен екінші бетіне өткізгіштірек болады. Материалдардың жылу өткізгіштігі оның тығыздығына, яғни қатты заттың мөлшеріне байланысты. Өте кеуекті жəне қаттызаттың массасы аз материалдың, мысалы мипораның жылу өткізгіштігі өте төмен - ауаның жылу өткізгіштігіне жақын. Өндірісте өте кеуекті құрылымды мынандай əдістермен жасайды: газ (не көбік) түзу (кеуекті бетон, кеуекті шыны, көбікшыны), мөлшерден көп су қолдану арқылы. Соңғы тəсіл бойынша мысалы, трепельден, диатомиттен қамыр илегенде көп су қосылғандықтан осындай массадан жасалған керамикалық бұйымды кептіргенде, онан соң күйдіргенде су бөлініп шығып саңылаулар, тесіктер түзеді, бұл əдіс қамырға күйдіргенде жанып кететін үстемелер (мысалы ағаш ұнтағын) қосумен бірге жиіқолданылады. Талшықты материалдар үшін құрылым түзу тəсілі - ол талшыққа қаңқа құру(минералдық мақта, фибролит) талшықтарарасы ауамен толады.
Қасиеттері. Тығыздығы - жылу өткізбейтін материалдыңнегізгі қасиеттерінің бірі, ол кіші болған сайын жылу аз өткізіледі.Жылу өткізбейтін материалдар өнеркəсібі тығыздығы15-тен600кгм3-ға дейін материалдар мен бұйымдар өндіріледі. Бұлардыңең жеңілі газбен толтырылған пластмассалар, олардың тығыздығы15...25кгм3 аралығында. Тығыздығы бойынша жылу өткізбейтінматериалдар мына маркаларға бөлінеді:
- ерекше жеңіл(ЕЖ) 15-тен1000-ға дейін(15, 25, 35, 50, 75, 100);
- жеңіл(Ж) 125-тен350-ге дейін(125, 150, 175, 200, 300, 350);
- ауыр(А) 400-ден600-ге дейін(400, 450, 500, 600).
Материалдар жылу өткізгіштігі бойынша жылу өткізбейтінүш класқа бөлінеді:
- класс А - жылуөткізгіштігі аз - 0,06Втм0С-қа дейін;
- класс Б - жылуөткізгіштігіорташа - 0,06 мен0,12Втм0Саралығында;
- класс В - жылу өткізгіштігі жоғары(көп) - 0,18Втм0С-қадейін.
Отқа илікпейтіндігі - бұймның ұзақ уақыт жоғарытемператураның əсерінен беріктігін жəне формасынөзгертпейтіндігі. Жылу өткізбейтін материалдардың бұл қасиетіоларды тыстау үшін қолданыларда ескеріледі. Жылу өндіретінагрегаттардың температурасына байланысты оларды тыстау үшінкерамикалық бұйымдар қолдану температурасының шегі9000С-ғадейін, перлиттен жəне вермикулиттен жасалынған бұйымдар6000Сдейін, кеуекті бетон5000С-ға дейін пайдаланылады.Органикалық жылу өткізбейтін материалдарды қолданутемпературасының шегі60-пен1000С аралығында. Олардың шіругетөзімділігін, яғни микроорганизмдер, бактериялар, саңырауқұлақтар жəне құрт-құмырсқаның кейбір түрлерінің əсерінеқарсылығын(əрекетін) өсіру үшін оларды жасауда қолданылатыншикізаттар антисептиктермен жəне улы заттармен өңделінеді.Сыртқы қабырғаны жылу шығынан сақтау жəнетоңазытқыштарды қорғау үшін пайдаланылатын материалдар аязғатөзімді болуы керек.

Ағаштың құрылымы
Ағаш деп - сабқтары мен тамырлары сүректеніп кеткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі2м-ден кем емес көп жылдықөсімдіктерді айтады. Ағаш салмағының 60...90%-і ,5...20%-і бұтақ жəне5...20%-і тамыр болып келеді. Ағаш ондаған жылдан мыңдаған жылға дейін тіршілік етеді(мысалы, емен2000, шырша1200, қарағай600, қайың 120 жыл). Ормандағы ағаш жылынакөлемінің4%-і мөлшерінде көбейеді. Қазақстан орман шаруашылығында 300млн. м3 ағаш қоры бар.
Қажетті экологияны сақтау үшін халық шаруашылығынакеректі ағашты оның өнімінен артық дайындауға болмайды.Дайындалған ағаштың шамамен жартысы іске жарамды, көбінеседіңнен кесіліп өндіріледі. Қалған жартысы - қалдықтар: кесінді(шет тақтай бөренеден тілінген тақтайлардың екі шетінен түскенкесінді), білте тақтайша(қырланып жонылған жіңішке жарамсызболса да, ағаштар материалдар, бұйымдар өндіретін алдыңғықатарлы комбинаттарда, т.б. өнеркəсіптерінде, ормандадайындалған ағаштың98%-не дейін падаланылады).Ағаштың беріктігі жəне серпімдігі жоғары, тығыздығы жəнежылуөткізгіштігі төмен, аязға төзімді, суда жəне жасандыполимерлерді еріте алатын органикалық ерітінділерде ермейді, оңай өңделеді(кесіледі, сүргіленеді, фрезаланады, қашаланады, бұрғыланады) желіммен я желімсіз, үңгіме арқылы немесе шегеменұштастырылады. Ағаштың негіз кемшілікте суды көп жұтатындығы, шіругебейімділігі, отта оңай жануы, əр түрлі бағытта физика-механикалыққасиеттерінің біркелкі еместігі жатады. Ылғалдан, т.б. зиянды ортаəсерінен қорғау үшін кептіріледі, оған лак я сыр жағылады немесебасқа химиялық заттар сіңіріледі. Антипирендер сіңіру не оттанқорғайтын сырмен сырлау арқылы ағаштың отқа төзімдігінарттыруға болады. Ағаш сүрегінің құрылымы
Ағаш сүрегі деп - ағаштың діңі мен бұтақтарында,тамырында қатайып кеткен тығыз қабықты клеткалардан құралғантканьдарды атайды. Ағаштың техникалық қисеттері оның ішкіқұрылымы діңнің үш кесіндісі арқылы анықталынады: көлденең,радиал, яғни бойлық(ағаш өзегін бойлайтын) жəне тангенциал(хордасы бойынша). Ағаш микроструктурасы оның діңінің көлденең қимасынанжақсы анықталады, көлденең кесіндісінен(ағаштың түріне жəнежасына байланысты диаметрі 1...10мм), сақина тəрізді жылдыққабаттарын, сыртқы қабығын т.б. байқауға болады. Сыртқы қабықағашты сыртқы əсерлерден: температурадан, механикалықкүштерден, биологиялық əсерлерден жəне кебуден сақтайды. Ағаш түрлерінің көбі көлденең кесіндісінен қарағандаақшыл келеді, Бірақ кейбір ағаштар сыртқы қабыққа қарай ақшылтүстес болғанымен өзегіне қарай бурыл тартады. Осыған орай ағашядролы(қарағай, емен, терек, т.б.) болып бөлінеді. Ядроның түсіқоңырлау, бурыл болады, ал шел қабықтың түсі ақшылдауболғандықтан оны кейде жас сүрек деп те атайды. Ядро(піскенсүрек) механикалыққасиеті жағынан ағаш бөренесінің ең сапалыбөлімі, онымен салыстырғанда ағаштың өзегі мен жас сүрегініңберіктігі жəне шіруге төзімдігі шамалы. Жылдық қабаттардың(сақиналардың) санына қрай ағаштыңжасы анықталынады. Сақиналар ағаштардың жыл сайын өсуінің нәтижесінде оның сабюағына ағаш клеткаларының жиналуынанпайда болады. Жылдық сақиналардағы кеш(жазда, күзде) құралғансүректердің ағаштың көлденец кесіндісіндегі өңдерін өлшеп, оның% мөлшерін есептеу ағаштың беріктігін шамамен табу тəсіліретінде қолданылады.Өзек ағаштың осал жəне шірігіш бөлігі, өзектен радиалбағытта өзек сəулелері таралады. Бұл сəулелер(тарамдар) арқылыкамбийден өзекке жəне кері беғытта қоректік заттар жүріп тұрады.Өзек сəулелерінің түріне қарай ағаштың түрін ажыратуға болады. Емен, бук ағаштарының өзек сəулелері анық жəне ірі, ал қайың, жеке ағаштарынікі майжа, көзге көрінбейді.Өсіп тұрған ағаштың ішкі қабығы мен жас сүрегі арасындакамбий* атты бөлінуі арқылы көбейетін тірі клеткалардан тұратынжұқа қабат бар. Камбий клеткаларының бөлінуі көктемде басталыпжазда, күз басында бітеді. Сондықтан ағаштың əр жылдық қабатыерте құралатын немесе көктемгі жəне кеш құралатын немесе жазғыя күзгі сүректен тұрады. Көктемді сүрек жұқа қабықты үлкенклеткалардан, ал жазғы я күзгі қалың қабықты кішкентей клеткалардан құралған. Осыған орай жазғы я күзгі сүрек ертеқұралатын сүрекпен салыстырғанда бурыл, тығыз, берік болады.Ағаштың микроструктурасы ағаш сүрегін микроскопарқылы керегінше үлкейтіп зерттегенде оның əр түрлі клеткалардантұратынын көрсетеді. Мысалы, жұқа қабықты клеткалар арқылыөсімдік тамырынана жапырағына қарай қорек заттар өтеді. Ағашжапырақтарында ауадағы көміртегі (IV) оксидімен күн сəулесіəсерінен суда жақсы еритін глюкоза(С6 Н12 О6) түзіледі. Бұл глюкоза еріген күйінде камбийдің өсіп жатқан клеткаларына келеді. Клеткалардың қабығында глюкоза малекулалары өзара қосылыптізбектер түзеді. Бұл жағдайда поликонденсация реакция əсеріненоттегі байланыстары(− O−) пайда болып, су бөлініп шығады, яғни
С6 Н12 О6 - С6 Н10 О5 + Н2О
Оттегі байланыстары глюкоза тізбектерін біріктіріп бірнешежүз глюкоза клеткаларынан тұратын целлюлоза макромоекуласын, яғни клетка деп аталатын үлкен моекулалы ( С6 Н10 О5) полимертүзеді: мұндағы − n полимеризация дəрежесі, яғни полимердіңмолекулалық массасы(салмағы), ол6000...14000 аралығында.Клетканың өсу процесі аяқталғаннан соң оның қабыңысүрекке(ағаш тканіне) айналады. Басқаша айтқанда клеткаларыбөліну арқылы өсіп жеткен негізінде целлюлозадан тұратынсозылған ұршық тəрізді қуыс клеткалар-ұялар(қабықтар)механикалы қ күштерге кедергі көрсете алатын ағаш талшықтарынтүзеді. Бұл талшықтар əдетте, ағаш өзегін бойлай бағытталған.

Ағаштың қасиеттері
Ылғалдығы. Ағаштың ылғалдығы деп оның үлгісінкептіргенде салмағы қаншалықты өзгеретіндігін атайды.Стандартты нормалы ылғалды деп 12 процентке тең ылғалды атайды. Ағаштың физикалық-механикалық қасиеттерінің көрсеткіштеріондағы ылғал мөлшерімен тікелей байланысты болғандықтан, оларды бір ыңғайға келтіру үшін осы, яғни12%-тік, ылғалдықтаанықтайды.
Ылғал капиллярлық(клетка қуысында, клеткалар арасында) жəне гигроскопиялық (клетка қабығында) деп екіге бөлінеді. Ағашты кептіргенде ең алдымен кпиллярлық(бос) ылғал, онан соңгигроскопиялық(байланысқан) ылғал ұшады. Əдеттегигроскопиялық(байланысқан) ылғал шегі30% шамасында, алағаштың толық(бос жəне байланысқан) ылғалдығы одан жоғары. Мысалы өсіп тұрған немесе кесілген ағаштың ылғалдығы40...120% аралығында болады. Егер ағашты көп уақыт суда ұстаса, оның ылғалдығы200%-ке жетеді, ал ағаш көп уақыт ашық ауада немсебөлмеде сақталынса, ол тепе-теңдік ылғалдыққа жетеді. Ауадакептірілсе ағаштың тепе-теңдік ылғалдығы15...18 процент, албөлмеде кепсе - 8...12 пайыз аралығында болады. Ағаштың тепе-теңдік ылғалдығының мөлшері оны қоршаған ауаның ылғалдығымен температурасына байланысты. Əдетте оны номограмма арқылыанықтайды.
Көлемі мен формасының өзгергіштігі. Сүрек клеткаларыныңқабығындағы гигроскопиялық ылғал азайса, яғни30%-тентөмендесе, ағаш шөгеді, оның сызықтық өлшемдері, ал бұлардыңсалдарынан көлемі кішірейеді. Бұл жағдайда сүрек талшықтар бойыөте аз мөлшерде (0,1%) шөгетін болғандықтан, ағаштан шөгукөрсеткішін(%-пен) мына формулалар арқылы анықтайды:

мұндағы − ab ылғалды ағаш үлгісінің(өңінің жəне қалыңдығының) өлшемдері: − K K,b a құрғақ(ылғалдығы ноль%) ағаш үлгісіқимасының өлшемдері.
Ағаштың құрылымы əр бағытты басқа болғандықтан оныңəр бағыттағы шөгу көрсеткіші де басқа. Талшықтар бойы, жоғарыдакөрсетілгендей ағаш өте аз шөгеді (ұзындығы 1 метр сүреккептіргенде 1мм-ден артық қысқармайды); ал тангенциал(хордалық) бағытта өте көп мөлшерде6...12%-ке дейін шөгеді.
Жоғарыда айтылғандай ағаш тек қана гигроскопиялық ылғал азайсашөгеді, ал бос(клеткалар аралығындағы) ылғалдан ажырау оныңөлшемдеріне əсер тигізбейді. Егер ағаштың клеткалары толықылғалдандырылса, яғни ылғал гигроскопиялық шегіне(30%-ке) жеткізілсе, ол ісінеді, көлемін ұлғайтады. Көлденең жəне тангенциал бағытта талшықтар бойы шөгумен ісіну кернеу пайда болып, ағаштардың майысуы жəне жарылып кетуі мүмкіншілігін туғызады. Сондықтан ағашконструкцияларын қолданғанда олардың ылғалдылығыпайдаланылатын орны ылғалдығына тепе-тең болуы немесе олардыылғалдан қорғау(лактау, сырлау) қажет.
Тығыздығы. Затының тығыздығы ағаш түрлерінің бəрінебірдей1,54гсм3тен, өйткені олардың бəрі де бір заттанцнллюлозадан құралған. Ағаштың орташа тығыздығы оның түріне(тұқымына) байланысты0,38...1,1гсм3аралығында ; бұл тығыздықағаштың ылғалы көбейген сайын өседі. Құрылыста қолданылатынағаш түрлерінің тығыздығы мынандай: өте жеңілдері450кгм3 - ғадейін (май қарағай - 390, бал қарағай - 440), жеңілдері460...600кгм3аралығында(ш ырша, көк терек, қарағай), орташасалмақталары610...750кгм3ара лығында(қайың, шамшат, сағызқарағай, емен). Жылу өткігіштігі төмен, өйткені ағаш кеуекті материал. Ағаштың жылу өткізгіштігі, оның көлденең кесімі бағытыменсалыстырғанда, талшықтар бойы2 есе көп. Мысалы, қарағайдыңжылу өткізгіштігі талшықтар бойы бағытында0,35Втм0С, (алталшықтарға көлденең бағытта0,17 Втм0С). Ағаштыңылғалдылығы көбейген сайын оның жылу өткізгіштігі де өседі.
Беріктігі. Ағаштың қималарында көрсетілген үш бағыттаоның беріктігінің мөлшері əр түрлі. Егер ағаш сүрегін талшықтарды бойлай(ағаштың өзегін бойлай) сыққандағы беріктік шегін біргетең деп алсақ, оның талшықтарға көлденең бағытта сыққандағыберіктігі0,1...0,3 аралығында болар еді. Ағаштың талшықтарынбойлай созғандағы жəне игендегі кедергісі жаңағы бірменсалыстырғанда сəйкесінше2...3 есе жəне1,5...2 есе көп. Мысалы, Павлодар(Кереку) облысы қарағайын ағаштың өзегін бойлайсыққандағы кедергісінің шегі359...366кгсм2болса, оны осыбағытта созғанда көрсеткен кедергісі - 918...920кгссм2.
Ағаштың талшықтарын бойлай(яғни ағаштың өзегінбойлай) созу күшіне салыстырмалы кедергісі беріктігінің орташатығыздыққа қатынасы, яғни0ρR (шамамен беріктігі жоғарыболатын жəне шыныпластиктің салыстырмалы кедергісіне тең (1-кесте). Демек, ағаш салыстырмалы беріктігі бойынша осыуақыттың конструкциялық материалдармен бəсекелесе алады(бəсекелеседі). Бірақ ағаштың жоғары беріктігін пайдалану оңайемес, өйткені сүрегіндегі ақаулар, бұтақтар орны, құрт жеген орны,т.б. оның беріктігін өте төмендетеді. Бұл жағдайда ағашты беріктігіжоғары желімделген ағаш конструкцияларын жасауда пайдаланғантиімді.

1 - кесте
Құрылыс материалдары
Созғандағы беріктік шегі, МПа
Орташа тығыздығы, т\м3
Салыстырмалы беріктігі, МПа
Ағаш (ылғалдылығы 12% қарағай)
115
0,63
213
Беріктігі жоғары болат
2000
7,85
265
Шыны пластик
400
2
200

Ағаштың беріктік мөлшері де оның ылғалдығынабайланысты. Ноль мен30% (яғни гигроскопиялық шекке дейін) ылғал аралығында талшықтар бойы сығу беріктігі4 есеге дейіназаяды(төмендейді). Ал сүректің ылғалдығы гигроскопиялықшектен, яғни30%-тен асқаннан соң ылғал əсерінен өзгермейді.Ағаштың физико-механикалық қасиеттері оныңылғалдығына байланысты болғандықтан, бұл қасиеттерстандарттық, яғни12%-тік ылғалдықта анықталынады. 8...20% ылғалдық аралығында ағаштың беріктігі ылғал өскен сайынпропорционал төмендейді:
R12=Rw[1+a(w-12)]
Мұндағы; WR жəне2W- ағаштың сынау кезіндегі беріктігі менылғалдығы, кгссм2жəне%, α- ылғал1%-ке өскенде беріктіктіңазаюы мөлшерін көрсететін коэффициент. Ағаштың тұқымына(түріне) байланысты α мөлшері0,01...0,05 аралығында.
Ағаштың ақаулары. Ағаштың сортын бекіту үшін оныңберіктігін жəне ақауларының түрін, олардың азды-көптілігінанықтайды. Осыған байланысты, ағашты сортқа бөлу жұмысыұқыпты жүргізілсе, оның құрылыста қалдықсыз(толық) пайдаланудəрежесі өседі. Ағаш сүрегінің құрылымындағы негізгі ақауларғаондағы бұтақтардың орны, талшықтарының ирелеңдеп орналасуы,дін жундығының тез төмендеуі, құрт-құмырысқадан жəнесаңырауқұлақтың ұрық тұқымының бүлінуі т.б. жатады. Бұтақтардың орны(бұтақты кескеннен кейін ағаштың сабағындақалған орны) бұл ағаш ақауларының ең көп тараған түрі: бұтақтарорындарының жанында талшықтар ирелеңдейді, осыныңсалдарынан ағаштың беріктігі төмендейді. Бұтақтар орны ағашөңдеуді қиындатады, одан өндірілетін бұйымдар шығыныназайтады. Ағаш сапасының нашарлауы оның денесіндегі бұтақтарорнының түріне, санына, əрқайсысының мөлшеріне жəнеорналасқан орнына байланысты. Бұтақтар орнының əсіресе созуберіктігіне тигізетін зияны зор. Сондықтан күш(салмақ) түсетінағаш конструкциялар бұтақ орны жоқ, ал болса сау(шірімеген) сүрекпен қосыла өскен(біртұтас бірігіп кеткен) ағаштарданжасалады. Талшықтардың ирелеңдеп орналасуы - ағаш сүрегіталшықтарының өзара параллельді емес, тігі яғни талшықтардыңбағыты дін, тақтай, т.б. бұйымдардың ұзын өсінен(өзегінен)ауытқуы. Ирелең талшықта сүрек ағаш өңдеуді қиындатады жəнеоны ұзыннан кескенде түзу емес талшықты қиылып кететіндіктенкесінді материалдың беріктігі төмендейді. Дің жуандығының тез төмендеуі - діңнің табанының жоғарықарай диаметрі нормадан көпке төмендеуі; нормалы деп діңнің1мұзындығына диамтрі1см-ден артыққа кемімейтіндігін атайды. Дің жуандығының тез төмендеуі одан өндірілетін кесіндіматериалдың көлемін азайтады, оны кескенде пайда болатынқалдықты көбейтеді.
Құрт жеген орны. Ағаштың құрт жеген орны деп - құрт-құмырысқаның сүректе іздер мен тесіктер қалдыруын атайды. Бұлорын: 1. беті тесілген - 3мм-ден терең емес, 2. саяз тесілген - кесінді материалдары(мысалы, тақтайларда) 5мм-ге дейін, ал діңматериалдарда(бөренеде) 16мм-ден артық емес жəне3. Тереңтесілген(бір бетінен екінші бетіне дейін) болып бөлінеді. Ағашты шіруден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдарын сынау
Құрылыс материалдарының орташа тығыздығын анықтау
АҒАШТАН ЖАСАЛАТЫН ЖИНАЛМАЛЫ БАҚША ОРЫНДЫҒЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ
Фанерден көлемдік бұйымдар жасау
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ
Орманшылық`
ЖЕМІС-ЖИДЕК АҒАШТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Жердің құрылысы
Төменгі және жоғарғы мантиясының мәртебесі мен заттардың құрамы. «Тектоносфера» тұжырымдамасы
Пәндер