Бетонға арналған толықтырғыштар


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Жалпы темірбетон бұйымдарын жобалау . . . 6
1. 1. Темірбетон туралы мәлімет . . . 6
1. 2. Курстық жұмыстың тақырыбын негіздеу. Берілген бұйым туралы мәлімет . . . 8
2. Темірбетон бұйымдарына қойылатын талаптар . . . 10
2. 1. Бұйымның номенклатурасы . . . 11
2. 2. Шикізат көздері мен материалдар . . . 13
2. 3. Бұйымды дайындаудың технологиялық тәсілдерін анықтау . . . 17
2. 3. 1 Өндіріске таңдалған технология мен әдіске сипаттама . . . 21
2. 3. 2 Темірбетон бұйымдарын қалыптау және құбырды дайындау технологиясы . . . 22
3. Технологиялық бөлім . . . 24
3. 1. Цехтың жұмыс істеу режимі . . . 24
3. 2. Цехтың жылдық бағдарламасын анықтау . . . 25
3. 3. Технологиялық линияны есептеу . . . 30
3. 4. Арматура бұйымдары мен элементтерінің технологиялық
сипаттамасы . . . 31
3. 5. Шикізат қоймасының есебі . . . 33
3. 5. 1. Толтырғыштар мен цемент қоймасын есептеу . . . 33
3. 6. Жылумен өндеу режимі . . . 34
3. 7. Технологиялық жабдықтарды таңдау . . . 36
4. Тіршілік қауіпсіздігі . . . 38
Қорытынды . . . 39
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Бетон және темірбетон бұйымдары мен конструкциялары
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағынан дамуы әрқашанда күрделі құрылыстың тиімді және жедел жүргізілуімен тікелей байланысты болатыны ежелден белгілі. Қоғамдық өндірістің дамуына және әлеуметтік міндеттердің шешілуіне арналған халық шаруашылық қорларын тұрғызу және оны тездете жаңарту, сонымен қатар, құрылыс өндірісі тиімділігін пәрменді жоғарылату - күрделі құрылыстың басты мақсаты болып табылады.
Қазіргі өндіріс орындарындағы жүріп жатқан жаппай жекешелендіру процесіне сәйкес қаражатты ең алдымен, істеп тұрған өнеркәсіп орындарын қайта конструкциялауға жәнне техникалық қайта жабдықтауға жұмсалуы тиісті. Осындай құрылыс жұмысының басты көлемі жергілікті минералдық шикізат қорын қолдана жасалынған материалдар мен зауыттық бұйымдарын қолдана орындалып, жұмсалған қаражат тиімділігін көтеру - құрылысшылардың ұтылмас жолы. Әсіресе құрылыста индустриялық бұйымдар мен конструкцияларды қолдану арқылы оның техникалық - экономикалық көрсеткіштерін бірнеше рет жоғарылату мүмкіншілігі туады.
Бетон және темірбетон конструкциялары өнеркәсіптерінің дамуы өнеркәсіп жағынан өркендеген басқа елдердегі даму тәжірибесі мен өрлеу дәрежесіне сәйкес келеді және бірқатар көрсеткіштері бойынша дүниежүзілік жетістіктер деңгейіне жоғарыланған.
Сонымен қатар, бетон және темірбетон конструкциялары өндірісіндегі кемшіліктер де жетерліктей. Болашақта осы олқылықтарды біртіндеп жою пайдаланып жатқан цементтер өндірісінде жетілдіруді қажет етеді, жасалу, сақтау және қолдану процесінде цемент шығыны әлі де айтарлықтай. Бетон даярларда қолданылатын толтырғыштардың көпшілігі стандарттар талабына толық сәйкестенбейді. Темірбетон конструкцияларын жылумен өңдерде көптеген ыстық бу пайдаланусыз далаға шығындалады, қалып паркінің жаңалануы нашар, бетондық араласпаны даярлауға әбден жарайтын өндіріс қалдықтары әлі де болса аз пайдаланады. Өндірісте, әсіресе қалыптау және арматура жасау цехтарында еңбек сыйымдылығы осы уақытта шекті жоғары болып келеді, қолмен істелінетін жұмыс көлемі көптеу, өнеркәсіп құрылысына қолданылатын конструкцияларды жасарда, қол жұмысының үлесі 40% жетеді. Төменгі класстар бетондарынан жасалынатын конструкциялар үлесі айтарлықтай, сонымен қатар, жоғары мықтылық бетондардан жасалынатын тиімді конструкциялар небәрі 0, 1-0, 2% аралығында. Жеңіл және кеуекті бетондардан жасалынатын жинақты жүккөтерімші және қоршаушы конструкциялар көлемі бар болғаны 15-20% аспайды. Көптеген нысандар тым ұзақ салынып, техникалық-экономикалық көрсеткіштері төмендеу болатыны жиі кездесіп тұрады. Оның үстіне ғылым және техника-технология жетістіктерін шаруашылық салаларына енгізу жұмыстары бүгінгі күннің талабына сәйкестенбейді.
Бетон және темірбетон өнімдерін құрылыста қолданудың бастапқы негіздері. Қазір бетон және темірбетон неше түрлі үй және ғимараттарды тұрғызу үшін кеңінен қолданылатын материалдар мен бұйымдар. Бұдан былайғы уақытта да, олар құрылыстың барлық сатысында ең көп қолданатын маңызды материалдар, бұйымдар және конструкциялар болып қала беруінде күмән жоқ.
Бетонды құрылыста кеңінен қолданудағы бастапқы негіз, ол байланыстырушыны және толтырғыштарды өндіруге қажет табиғи шикізаттың таусылмас қорының барлығы; байланыстырушы мен толтырушыны жасау үшін өнеркәсіп өндіріс қалдықтарын пайдаланудың экологиялық маңыздылығы; түрлі толтырғыштарды, оның ішінде жасанды кеуекті толтырғыштарды қолдана отырып, бетон орташа тығыздығын кең аралықта өзгерту мүмкіншілігі; азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстардың, оның ішінде жерастында, суастында және суүстінде пайдаланатыны, ғимараттардың қатаң және түрлі талаптарын қанағаттандыру мүмкіншілігі. Темірбетон конструкцияларына қажетті архитектуралық және пайдаланарлық қасииеттерін беру мақсатында қолданатын көптеген құрылыс және өңдеме материалдарымен бетонның сыйысушылығы.
Темірбетон өнеркәсібінің дамуына қозғаушы күш болған факторларды екі топқа бөлуге болады: біріншісі конструкциялық шешімдерді жетілдіруге немесе жаңа конструкциялардың пайда болуына мүмкіндік беретін факторлар; соның арқасында жетерліктей тиімді және сенімді тәсілдермен конструкциялық жетілдіру жағын шешу мүмкін болып, темірбетон бұйымдарын жасау және тұтас конструкциялық тұрғызу көлемі көбейе түсті. Әртүрлі құрылыс саласына керекті темірбетон бұйымдары номенклатурасының құрамын кеңейтуге, сондай-ақ, жобалық шешімдерді әрі қарай жаңалау бағыттарына әсер ететін және конструкциялар мен ғимараттарды жетілдіру қажеттілігін анықтайтын факторлар.
Бірінші топтағы факторларға жататындар: бетон және темірбетон ғылыми теорияларын ескерудің тәжірибелік тәсілдерінің дамуы; түрлі бетондардың (ауыр, жеңіл, ұялық, ыстыққа төзімді және т. б. ), тиімді арматуралық құрыштары мен арматуралық бұйымдардың жасалынулары, белгілі технологияларды және өндіріс процестерін дайындау және жетілдіру, темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын зауыттық жағдайда жасау үшін тарамдалған мықты өнеркәсіптерінің құрылуы.
Екінші топтағы факторлар өнеркәсіптік, қоғамдық және тұратын үйлердің аумақтық жоспарлық шешімдерін дамытуды, конструкцияларды унификациялауды және типизациялауды, құрылыстардың жаға түрлеріне (көліктер, байланыс, атомдық энергетика ғимараттарына және т. б., жерастында және суастында ерекше жағдайларда салынатын ғимараттарда) темірбетон конструкцияларын қолдануды кеңейту мүмкіншілігін қамтиды.
1. Жалпы темірбетон бұйымдарын жобалау
1. 1 Темірбетон туралы мәлімет
Темірбетон бұйымдары мен конструкциялар типтері
Жиналмақшы темірбетон бұйымдары мен конструкциялары құрылыс комбинаттарында және темірбетон зауыттарында жасалынатыны белгілі. Сондықтан, оларды жобаларда бұйымдардың зауыттық технологиялығына қойылатын талаптары ескеріледі. Бұл талаптар элементтің шектік массасын, олардың геометриялық мөлшерлерін, пішінін және элементтер қимасын, олардың арматуралануын, зауыттық дайындық дәрежесін анықтауға негіз болып табылады. Көліктік және жүккөтермілік жабдықтар шарты бойынша элементтер ұзындығы, әдетте 25м, ені 3м және массасы 25 т аспайды. Типтік жиналмақ конструкцияларының номиналдық мөлшерінен құрссат етілетін ауытқуын стандарттармен және техникалық жағдаймен тағайындайды, әдетте ±5÷10 мм құрайды.
Темірбетон бұйымдарының номенклатурасы. Азаматтық үйлер құрылысына арналған темірбетон бұйымдары. Іргетастар үшін іргестастық блоктарды -қадаларды пайдаланады. Қабырғалар астына текше (ленталық) іргетастарын трапеция түріндегі (іргетас ені 0, 6÷0, 8 см) жеке блоктардан орындайды. Блоктар ұзындығы 0, 78÷2, 38 м, биіктігі 30÷50 см, массасы 0, 5÷4 т. блоктарды М150 - М300 ауыр бетондардан жасайды. Жертөле қабырғаларын М100 - М150 ауыр бетондардан жасалынған бүтін немесе қуысты блоктардан орындайды, олардың ұзындығы 2, 5 м, биіктігі 70 см, ені 50 см дейін, құрыш торларымен арматураланған болады. Блоктардың көлденен бүйірлерінен тік ойықтар қалдырады. Блоктарды тиісті жеріне орналастырғаннан соң, ерітіндімен немесе бетонмен толтыра конструкцияны біртұтастайды.
Бағана астына арналған іргетастар маркалары М200 ÷ М300 ауыр бетоннан жасалынған массалық элементтер - астынғы (табаны) жазық. Оларды нығыздалған жерге немесе дайындалған бетон үстіне орнатады, үстіңгі бетіне бағананы (тіректі) кигізу үшін арнаулы ұя - стакан типтес құрылым отырғызады. Темірбетон бағанасын жақтары 30 см төрткілдік (квадраттық) қимасымен, ұзындықтары 20 м дейінгі ұзындық элемент түрінде шығарады.
Сыртқы қабырғалардың жылуоқшаулағыштық қасиетін жақсартып, массасын төмендету мақсатында ортанғы қабаты жылуоқшаулағыш материалдардан (пенополистиролдан, минералдық мақтадан, ұялық бетоннан және т. б. ) жасалынған үшқабатты панельдерді қолданады. Мұндай панельдердің қалыңдығы 25÷30 см дейін кішірейген, ал массасы 50% дейін төмендеген болады. Панельдердің маңдай беттерін (қасбеттерін - фасадтарын) зауыттық жағдайда керамикалық плиталармен қаптайды, атмосфераға тұрақты бояуларымен бояйды немесе декоративтік марериалдармен өңдейді. Ішкі қабырғалары үшін маркалары М150÷М300 ауыр бетондардан немесе маркалары М200 - М300 конструкциялық жеңіл бетоннан бірқабатты панельдері жасалынады. Оларды тұтастай және есіктік ойықтарымен ұзындығы 6 м, биіктігі 2, 9 м дейін және қалыңдығы 20 см мөлшерлерімен шығарады.
Көпқабатты үйлер бағаналары қимасы 30х30 немесе 40х40 см, ұзындығы 1÷4 қабатқа есептелінген тікбұрышты конструкциялық түрінде жасалынады. (сурет 1. ІІ) . Мұндай бағана үшін маркалары М200 - М500 бетон пайдаланады, оны кеңістік каркастарымен арматуралайды, бағана ұштарында бойлық арматуралары шығып тұрады, бұлар бағананы ұштастыра жинағанда пісіріледі. Көпқабатты қаңқаларындағы ригельдерді жабындық плиталары таянуы үшін төменгі жағында текшесі немесе бүйір қырларынан шығып тұратын текшесі бар тавролық қимасымен жасап шығарады. Ригельді 6 м аралық үшін ұзындығын 5, 5 м, қима биіктігі 65 см өлшемінде жасайды. Ригельдер үшін маркалары М400 - М500 бетон қолданады.
Ригельдерді 6 м аралық үшін кәдімгі және алдын - ала кернеуленген арматурасымен жасайды., ал 9 м аралыққа тек қана алдын - ала кернеуленген арматурамен жасалынады.
Сурет 1. ІІ. көрсетілгендей, тұрғын және қоғамдық үйлер жабындықтары тұтас қимадағы, қуыс денелі, қабырғалы плиталардан болулары мүмкін. Көпқуысты плиталар цилиндрлік қуыстарымен ұзындығын 6 м, енін 2, 4 м және қалыңдығын 22 см немесе ұзындығын 9÷12 м, енін 1, 5 м және қалыңдығын 30 см параметрінде жасалынуы мүмкін. Қабырғалы плиталарды П - тәріздегі қимасында ұзындығын 8, 8 м, енін 1, 5 м биіктігін 40 см етіп жасайды.
Сурет-1. Көпқабатты үйлердің темірбетондық
конструкциялық элементтері:
І-үй қаңқасының бағанасы; ІІ-жабыңдық плиталары:
а-бүтін қималы; б-көпқуысты; в-қабырғалы; г-2Т типтегі
Үлкен аралықтар үшін 2Т типтегі ұзындығы 15 дейін, ені 3 м дейін және биіктігі 60 см болатын қабырға плиталар шығарылады. Бұл плиталарды жасауға маркалары М200-М400 бетонды, алдын-ала кернеуленген немесе кәдімгідей арматураны қолданады. Плиталармен қатар бөлмеге жамылдық панельдерін де жасайды, бұларда бүтін, қуысты және қабырғалы болуы мүмкін.
- Өндірістік ғимараттары үшін темірбетон конструкциялары. Өнеркәсіптік ғимараттарына азаматтық үйлер құрылысындағы темірбетон номенклатурасына ұқсас бұйымдары мен конструкцияларрын қолданады, бұлар тек өлшемдерімен, арматурасымен және пішіндерімен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік ғимараттары бірқабатты, бір және көпаралықтықтарры, биіктігі 3, 6- 18 м көпқабаттылар болулары мүмкін.
Биіктігі 10, 8 м және жүккөтерімдігі 20 т дейінгі крандары бар үйлер үшін қимасы тікбұрышты 40х60, 40х80 және 50х80 см және биіктігі 4, 5-11, 8м темірбетон бағаналарын жасайды; биіктігі (құрылыс конструкциясы астына дейінгі 10, 8-18 м) жүккөтерімдігі 50 т дейінгі көпірлік крандары бар үйлер үшін - екітармақты (двухвствовые), ұзындығы 11, 85-19, 35 м, кранастындағы бөлігінің қимасы 40х100 және 60-190 см бағаналар жасалынады. Қолданылатын бетон маркалары М300-М500. Массасын төмендету мақсатында алдын-ала кернеуленген, қимасы екіавторлық және сақиналық бағаналар жасалынып практикада қолдануда. Бірқабатты үйлер үшін, сурет-4 көрсетілгендей, темірбетон іргетастық блоктары және арқалары, итарқа және итарқа асты арқалықтары, фермалары, жамылтқы плиталары және қабырға панельдері шығарылады. Іргетастық арқалықтарын бағаналары 6 және 12 м қадамдарындағы ішкі және сыртқы қабырғалары астына қолданады. Тиісінше ұзындығы 5, 95 және 11, 96 м қимасы трапеция тәрізді немесе тавролық түріндегі арқаларды кернеуленбеген немесе алдын-ала кернеуленген арматурасымен жасайды.
сурет-1. 1 итарқа(а) және итарқа асты фермалар(б), арқалық(в)
1. 2 Курстық жұмыстың тақырыбын негіздеу.
Берілген бұйым туралы мәлімет
Инженерлік ғимараттар құрылысына темірбетон бұйымдары. Арналулары бойынша әртүрлі инженерлік ғимараттар құрылысына да типтік темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын қолданады. Көлік құрылысы үшін алдын-ала кеурнеуленген шпалдарды, маркасы М500 бетоннан және түйіспелік (контактылық) желілер тіректерін, маркасы М400 және аязға тұрақтылық маркасы Ғ100-Ғ200 бетоннан жасайды. Түйіспелік желілер тіректерін көпшілігінде құбырлық қимада және екітаворлық және швеллерлік типте торлық қабырғаларымен жасайды. Автожол және әуежайлары үшін маркалары М300 және М150 бетондардан жасалынған мөлшері 1, 75 х 3м және қалыңдығы 13-17 см дейінгі алдын-ала кернеуленген плиталарды қолданылады. Көпірлер үшін көпірлер тірегіне бағаналарды және тиімді қимасы (қос Т және таворлық және т. б. ) алдын-ала кернеуленген аралық құрылымдарды (пролетного строения) қолданады. Метрополитен немесе басқа түрлі туннельдер үшін тюбинигілерді, туннельдерді өңдеуге блоктар, қабырға блоктарын, бағаналарын және метрополитен станциясына жабындық блоктарын зауыттарда шығарады. Бұл бұйымдар маркалары М200 - М400 ауыр бетоннан алдын-ала кернеулендіре немесе кәдімгідегідей арматуралануымен жасалынады.
Сушаруашылығына арналған ғимараттар үшін бетон және темірбетон құбырларын қолданады. Диаметрі 10 - 60 смм және одан үлкен, ұзындығы 1-2 м құбырларды арнаулы технология бойынша жасайды. Оларды қысымсыз су ағызар және канализациялар желілерін төсеу үшін қолданады. Диаметрі 50-120 мм және одан үлкендеу, ұзындығы 4-6 м құбырларын дірілдетумен- центрифигалаумен, престеумен жасайды. Оларды арнаулуы бойынша қысымсыз және қысымдық құбырлар деп жіктейді.
Темірбетонды құбырлар - бұл құбырлар жоғары беріктіктегі бетон материалынан және арматуралы каркастан дайындалады. Құбырлар негізінен құрылыста азаматтық, коммунальды, жолға арналған құбырлар болып жіктеледі. Құбыр дайындау өндірісінде вибро пресстеу технологиясын пайдалана отырып, негізгі компонент ретінде, айтылып өткендей, бетонды қолданады. Бұл технология әдісімен құбырды дайындау басқа әдістерге қарағанда әлде қайда тиімді. Себебі, темірбетонның беріктігі жоғары болады.
Негізінен темірбетонды құбырлар негізінен аязға және ылғалға төзімді болып келеді. Темірбетонды құбырларды екі топқа жіктейді: қысымды және қысымсыз. Осы әр топтың өзіне тән стандартарға сәйкес берілетін күш пен беріктік дәрежесі келтірілген. Жоғарыда аталып өткендей, темірбетон құбырларын құрылыста нақты су магистралында сұйықтықтарды тасымалдау ретінде, жерасты су құбырлары ретінде т. с. с. қолданылады.
2. Темірбетон құбырларына қойылатын талаптар
1. Темірбетон құбырын дайындау кезінде нақты бекітілген стандарттарға (ГОСТ 12586. 1) . және технологиялық құжаттарға сәйкес келуі қажет.
2. Құбырлардың сусіңіргіштігі төмен және іштегі гидростатистикалық қысымға төзімді болу шарт, осыған сәйкес былайша жіктеледі МПа:
2, 4 (24) - 0 класты құбыр үшін;
1, 8 (18) - 1 класты құбыр үшін;
1, 2 (12) - 2 класты құбыр үшін;
0, 6 (6) - 3 класты құбыр үшін;
3. Құбыр жарылуға төзімді болу қажет. Келесі кестеде көрсетілген шарттарға сәйкес келмесе, онда өнім өндіріске жіберілмейді:
Кесте -1
d,
мм
4. Құбырлар келесі талаптарға сай аса зең қойылады ГОСТ 13015. 0:
- бетонның беріктігі;
- арматуралық каркастың бұйымда дұрыс орналасуы;
- коррозиядан қорғауы.
5. Бетонның беріктігі келесі кестеге сай болу шарт:
Кесте-2
Бетонның беріктігі,
МПа (кгс/
6. Темірбетон құбырына пайдаланатын толтырғыштар келесідей стандарттарға сәйкес тағайындалады:
Цемент - ГОСТ 10178-85;
Толтырғыштар - ГОСТ 26633, ГОСТ 8267, ГОСТ 10260 и ГОСТ 8736;
Су - ГОСТ 26995.
Ірі толтырғыштар фракциясы: 5-10 мм, 5-15 мм, 10-20 мм.
7. Ал арматураларға келесідей шарттар қойылады:
- классов В-II и Вр-II по ГОСТ 7348;
- классов В-I и Вр-I по ГОСТ 6727
2. 1 Өндіріс өнімдерінің номенклатурасы
ГОСТ 12586. 0-83
ГОСТ 12586. 1-83
Кесте -3
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz