Сауын сиырлар гигиенасы


Мазмұны:
І. Кіріспе . . . 3
IІ. Әдебиетке шолу . . . 4
IІI. Негізгі бөлім: . . . 7
3. 1 Сауын сиырлар гигиенасы . . . 7
3. 2 Сиыр сауу және сүт өндіру гигиенасы . . . 9
3. 3 Сауын сиырларды азықтандыру . . . 12
3. 4 Сауын сиырларды күтіп-бағу әдістері . . . 22
3. 5 Сауын сиырларға арналған қора - жайға қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптар . . . 23
IV. Қорытынды . . . 26
V. Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 27
Қосымшалар
Кіріспе
Қай заманда болмасын адам тіршілігінде ірі қара малының орны өте зор. Сол себептен дұрыс күтіп-бағу жолдарымен малдың денсаулығын сақтап, оның өнімділігін арттыру қай шаруашылық шаруашылық болмасын олардың мақсаты. Ал малдың денсаулық жағдайы мен өнімділігін арттыру қай шаруашылыққа зор пайда әкеледі. Пайдалы шаруашылықтар ауылымыздың да, ауданымыздың да, еліміздің де өркендеуіне зор үлес қосатыны анық.
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының жетекші салаларының бірі - ірі қара шаруашылығы. Халықты азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлерінен (ет, сүт және тағы да басқа) қамтамасыз ету осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты. Сондықтан малды күтіп - бағу және ұдайы өсіру жүйелерін жақсарту, микроклиматты ыңғайлы ету, азықтандырудың гигиеналық жағын жақсарту, селекциялық тұқым асылдандыру жұмыстарын жетілдіру, шымыр да шыныққан төл өсіру, малдың сан - салалы аурулармен күрес, сауу гигиенасы, яғни тазалығы мен сүт сапасын арттыру басты міндет болып табылады.
Ол үшін сиырларды, әсіресе сауын сиырларды дұрыстап күтіп-бағу және барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды мұқият сақтап, олардың орындалуын міндетті түрде қадағалау керек.
Бұл гигиеналық талаптар мен міндеттердің біразы осы курстық жұмыста көрсетілген, сонымен қатар сиырларды бағып күтудің гигиеналық талаптары мен түрлері төменде келтірілген.
Мақсаты мен міндеті малды күтіп - бағу жүйелері мен әдістерін мал шаруашылықтары орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайларына қарай материалдық және еңбек ресурстары шығындарын аз жұмсай отырып, мал өнімдерін барынша мол алудың көздейтін шаруашылық, ветеринарлық - санитарлық, гигиеналық және ұйымдастыру шараларының жиынтығын дұрыс ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты - сауын сиырларды күтіп-бағудағы гигиеналық талаптар мен күтіп-бағу шараларын экономикалық жағдайларға байланысты ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- сауын сиырлар гигиенасын көрсету;
- сиыр сауу және сүт өндіру гигиенасын көрсету;
- сауын сиырлады азықтандыру нормасын есептеу;
- сауын сиырларды күтіп - бағу әдістерін анықтау;
- сауын сиырларға арналған қора-жайға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды белгілеу.
ІІ. Әдебиетке шолу
Н. Омарқожаұлының айтуы бойынша, сауын сиырларды азықтандыруын сауымның физиологиялық заңдылықтарымен сәйкес сауым сызығының өзгеруіне байланысты ұйымдастырады.
Сауын сиырдың қоректік мұқтаждығы оның тірілей салмағы байланысты тіршілігі қамтамасыз ету мен сүттілігіне байланысты өнім түзу қажеттілігінен туындайды.
Сауын сиырдың қоректік мұқтаждығы оның тірілей салмағы байланысты тіршілігі қамтамасыз ету мен сүттілігіне байланысты өнім түзу қажеттілігінен туындайды. Тірілей салмағы ауырлап, сут сауыны молайған сайын азықтандыру нормасы ұлғаяды.
Сауын сиыр азықтандыру нормасы жасы мен физиологиялық ахуалына, тірілей салмағы мен қоңдылығы, сүт сауымы мен майлылығына сәйкес өзгереді.
Сауын сиырға тәбеті шапқанша сапалы пішендеме мен сүрлем, ал жазғытұры көкшөп беріп, содан кейінгі кездегі сүтті сиыр рацион осы аумақты шырынды жемшөппен негіздейді [1] .
Г. К. Волковтың айтуы бойынша, сауын сиырларды бағып күту және қарқынды пайдаланудың дұрыс жүйесінің маңызды бүыны олардың терісін, аяқтарын дұрыс күтудің және тұрақты түрде серуендетуді ұйымдастыру болып табылады. Белгіленген күн тәртібін сақтау қажет. Өйткені, малда уақытқа деген рефлекс өте тез қалыптасады. Сиырдылар белгілі бір азықтандыру, суару, саууға үйренеді. Сол тәртіп бұзылса сиырлар мазасызданып, сүті кемиді. Күн тәртібі мал ұстаудың маусымына қатысты мәселе. Ол сиыр сауу реттілігімен және азықтандыру тәртібімен анықталатын мәселе [2] .
Н. И. Клейменовтың айқанына көз жүгіртсек, сауын сиырды қолда-жайылымда, қолда-лагерьде және қолда күтіп-бағу жүйелері ұсынылады. Оларда сиырды байлап және байламай ұстау әдістері пайдаланады. Соған орай ветеринарлық-санитарлық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелері ферманың бас жоспарынан бастап, малды күтіп-бағу және азықтандыру технологиясына жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс.
Бокстарда байлаусыз бағу әдістері қолданылады. Азық ленталы транспортермен таратылса, сауу қондырғыларымен сауылса, қи тор еденнен дельта-ысырғышпен шығарылса, негізінен сүт өндірудің өнеркәсіптік технологиясын ұанағаттандырады [3] .
Ж. Б Мырзабековтың айтуы бойынша, сауын сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы азық жолымен немесе қи жолымен біріктіріледі. Бір үздіксіз қатарға 50 орыннан артық жасауға болмайды. Сиырлардың әрбір секциядан серуендету алаңына, серуендету-азықтандыру ауласына немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сиыр қорасының ортаңғы немесе бүйір бөлңктеріне сүт бөлімі орнастырылады. Сиыр қоралардың бір қабатты етіп салынып, төбесі жылыландырылып, желдетілетін жабынмен немесе шатыр жабынымен жабылады.
Сауын малына автоматты «бас жіп» сенімді әрі ыңғайлы да қауіпсіз. Бұл жабдықтар мал оттық алдында жеке-жеке автоматты түрде шешілуін, яғни босауын қамтамасыз етеді [4] .
П. Ибрагимовтың айтуынша, сауын сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылықтың ерекшелігі - физиологиялық процестердің - буаздықтың және қарқынды сүт өнімнің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процестер организмнің алмасу процестеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезеңде саыун сиыр үшін жем - шөп те, микроклимат та, күтімде де, бір сөзбен айтқанда жан - жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың маңызы зор [5] .
Ж. Б. Мырзабековтың жазғанына қарасақ, сауын сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рационда құрамына ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроэлементтер кіруі тиіс. Сондай-ақ рационның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына да қатысты болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға, витаминдерге деген физиологиялық қажеттерін өтеуі де керек. Өйткені әр минут сайын сүтпен бірге 0, 66 г жуық май, 0, 80 г лактоза және 0, 60 г белок бөлінеді.
Сауын сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылықтың ерекшелігі - физиологиялық процестердің - буаздықтың және қарқынды сүт өнімнің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процестер организмнің алмасу процестеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезеңде саыун сиыр үшін жем - шөп те, микроклимат та, күтімде де, бір сөзбен айтқанда жан - жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың маңызы зор.
Сауын сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рационда құрамына ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроэлементтер кіруі тиіс. Сондай-ақ рационның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына да қатысты болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға, витаминдерге деген физиологиялық қажеттерін өтеуі де керек. Өйткені әр минут сайын сүтпен бірге 0, 66 г жуық май, 0, 80 г лактоза және 0, 60 г белок бөлінеді [6] .
В. М. Юрковтың айтуынша, төсеніш әр малға 3-5кг мөлшерінде тәулігіне бір рет қосымша төсеп отырады. Қи жылына 1-2 рет қана шығарылады. Барлық серуендету алаңы қатты төсенішті етіліп, канализация басқышына қарай 3-4 градус еңгіштікпен жасалады [7] .
В. Ф. Матусаевичтің және тағы басқа зерттеулері сауын сиырларды үнемі серуендетудің бұзаулауды қалыпқа келтірудің, ұдайы өсу қызметін жақсартудың, олардың өнімділігін арттырып, денсаулығы мықты төл алудың маңызды тәсілі екенін дәлелдеді. Егер сауын сиырды ұстау технологиясында белсенді серуен қарастырылмаса, серуендету алаңының нормасы сақталмаса, өріске шығарылмаса алдын - ала мұндай шаруашылықта қысыр мал пайызы, гинекологиялық ауру, желінсау, аяқ - тұяқтарының ауруы, белок және минерал заттардың алмасуының бұзылуы көбейеді, яғни гипокинезия басты проблема болады [8] .
В. Ф. Красота айтып көрсеткендей казеинге қарағанда сарысу белоктарының құрамы таптырмас аминқышқылдар мен күкіртке бай болып келеді және физиологиялық тұрғыдан өте сапалы қоректік зат болып табылады. Осы қасиетке орай сарысу белоктары азық рационына кіретін сүт қоспалары өндірісінде құнды өнім болып табылады [9] .
Р. Егеубаев ауыл шарушылығы ғылымдарының саласына белсене үлес қосып жүрген ғалымдардың бірлесіп жазған анықтамалық құралындағы деректер көзі ретінде, сиырлардың жақсы және қолайлы деңгейде теңестірілген мерзімдік азық үлестерінде, әдетте күкірттің жеткіліксіз екендігін байқауға болатындығын, және оның мерзімдік азық үлесі құрамындағы құрғақ заттың 0, 14 - 0, 18 %-ы көлемінде мөлшерленуі тиіс екендігін ерекшелеген жөн [10] .
А. М. Ермаханов негіздерінде биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін сиырды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып - күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай сиырдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан - жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа сауын сиыр шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1, 5 - 17, 5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай - ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 - 3% - ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық - дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 - 500 - ге дейін жеткізіп, бұзауларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі - туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады [11] .
В. Ф. Красота сауын сиырларына сондай-ақ, йод, темір, кобальт, мыс, кей кездері күкірт пен калий жетіспеушілігі байқалады. Сауын сиырларында натрийға деген мұқтаждықты ас ас тұзын беру арқылы қамтамасыз етуге болады. Әдетте, сиырларға азық өлшемінде 5 грамм ас тұзын, немесе 1 г құрғақ затқа 5-8 грамм ас тұзын беру жеткілікті. Сауын сиырларында ас тұзына деген қажеттілік, шамамен көк азықтармен және сүрлеммен азықтандыру барысында 2 мәрте байқалады [12] .
Н. А. Кравченконың айтуынша бұзау сүт ішкеннен кейін емуге талпынбас үшін оның тұмсығындағы сүт қалдығын таза шүберекпен сүртеді. Ал тәбеті бұзылып, қора қабырғасын, жайылған кірді және таза басқа бөгде заттарды жалап, шайнаған бұзау организмінде микроэлементтер жетіспеуі мүмкін. Сондықтан оларға ас тұзына не жемге қажетті микроэлементтер күкірт қышқылдары темір, мыс, марганец, хлорлы кобальт, йодты калий және басқалары қосады [13] .
Н. Ә. Жазылбековтың жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша, Қазақстан жағдайларында ет бағытындағы ірі қара бұзауларын 8 айлығына дейін енесінен айырмай, орташа қарқынмен өсіргенде (тірілей салмағының тәуліктік өсімі 750-800- ден 1000г-ға дейін), оларға жұмсалған құнарлы азықтар енесінен айырғандағы тірілей салмағының 100кг-на шаққанда 0, 8-0, 85-тен 0, 9-1, 2 центнерге дейінгі мөлшерде болған [14] .
В. Д. Крючков, көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде, ет бағытындағы ірі қара шаруашылығында төлді ерте көктем айларында алудың тиімді екені, мұның емізулі сиырлардың жайылымға шыққан бойда-ақ сүттілігінің 15-20%-ға артуына ықпал ететін, сонымен бірге N айлық бұзаулардың тірілей салмағын 25-30кг-ға арттыратын көк азықты барынша көп пайдалануына мүмкіндік беретіні белгілі болды [15] .
Т. Сайдолдаұлы, сауын сиырлырды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы азық жолымен немесе қи жолымен біріктіріледі. Бір үздіксіз қатарға 50 орыннан артық жасауға болмайды. Сауын сиырлардың әрбір секциядан серуендету алаңына, серуендету-азықтандыру ауласына немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сауыен сиыр қорасының ортаңғы немесе бүйір бөліктеріне сүт бөлімі орнастырылады. Сиыр қоралар бір қабатты етіп салынып, төбесі жылыландырылып, желдетілетін жабынмен немесе шатыр жабынымен жабылады [16] .
Т. Сайдулдин, cиырдың сүттілігі артқан сайын қоректік заттарға мұқтаждығы өсетіндіктен, азық жеу мұқтаждығы да артады. Ас қорытатын жолының сыйымдылығына байланысты малдың азық жеу мүмкіндігі желінетін азықтардың құрғақ зат көлемімен шектелген [17] .
Е. Қасымов, cүтейту кезеңінің аяқталғанын сиыр тәуліктік сүттілігінің ұлғаймауынан байқайды да, үстемелеп азықтандыруды доғарады. Содан кейін сауымының келесі қызған кезеңі басталады. Сауым сүтінің негізі бөлігі осы кезеңде сауылатындықтан, қысқа мерзімде жоғары сауынына сиыр сауымының бұл кезеңі мейлінше созу көзделеді. Жақсы азықтандыру арқылы сиырдың сауым барысында айлық сүттілігінің 8 -10% орнына тек 3 - 4 % дейін кемуін қамтамасыз етуге болады. Сиыр сауымының қызған кезеңінде сақа, орта қонды сиырларды анықтамалықтарда келтірілген негізгі азықтандыру нормасына сәйкес азықтандырады [18] .
Т. М. Жамансарин, cиырдың сүттілігі артқан сайын қоректік заттарға мұқтаждығы өсетіндіктен, азық жеу мұқтаждығы да артады. Ас қорытатын жолының сыйымдылығына байланысты малдың азық жеу мүмкіндігі желінетін азықтардың құрғақ зат көлемімен шектелген. Сиырдың тірілей салмағы мен тәуліктік сауынына байланысты өзгерген рацион құрғақ затын жеу мүмкіндігін eсептеуге болады [19] .
А. А. Конопаткина, cауын сиырларды қолда жайылымда, қолда - лагерьде және қолда - күтіп - бағу жүйелері ұсынылады. Оларда сиырда байлап және байламай ұстау әдістері пайдаланады. Соған орай ветеринариялық - санитарлық және зоогигиеналық ережелер, мал бағудың жүйелері мен ережелеріне ферманың бас жоспарынан бастап, малды күтіп - бағу және азықтандыру технологиясына жатқызылатын барлық тәсілдеріне дейін сай келуге тиіс [20] .
ІІІ. Негізгі бөлім
3. 1 Сауын сиырлар гигиенасы
Сауын сиыр организмінің өзіне тән биологиялық және шаруашылықтың ерекшелігі - физиологиялық процестердің - буаздықтың және қарқынды сүт өнімнің, сүт беру мерзімінің бір мезгілде үйлесім табуы болып табылады. Бұл процестер организмнің алмасу процестеріне, күрделі физиологиялық қызметтеріне үлкен күш түсіреді. Осы кезеңде саыун сиыр үшін жем - шөп те, микроклимат та, күтімде де, бір сөзбен айтқанда жан - жақты қолайлы әсер ететін технологиялық шаралардың маңызы зор.
Сауын сиырдан сүттің мол шығуына септігі тиетін азықтандыру деңгейі мен қамтамасыз ету жағына баса назар аударған дұрыс. Рационда құрамына ірі азық, балғын азық, жем, минералды азықтар мен микроэлементтер кіруі тиіс. Сондай-ақ рационның салмаққа, сауылатын сүті мен жыл маусымына да қатысты болғаны жөн және олардың малдың белоктарға, минералды заттарға, витаминдерге деген физиологиялық қажеттерін өтеуі де керек. Өйткені әр минут сайын сүтпен бірге 0, 66 г жуық май, 0, 80 г лактоза және 0, 60 г белок бөлінеді.
Сондықтан жоғалтқан энергия мен пластикалық материалдардың орнын толтыру үшін сауын сиыр күніне 30 кг - ға дейін азық қабылдауы керек. Себебі 1 л сүт пайда болу үшін сауын сиырдың емшегінен 300 - 500 л қан жүру керек.
Сапасы жақсы пішен, сүрлем, бұршақ тұқымдастардың көк балаусасы немесе астық тұқымдастардың шөп қоспысы, содай - ақ тамыржемістер рационындағы протиен, витамин, минералды заттар мөлшері мен қант - протеин қатынасын арттырады.
Сауын сиыр рационындағы ірі азық пен шырынды азықты қоректілігі жағынан жас шөптен салынған пішендемемен алмастыруға болады, жемнің өте көп мөлшері сүттің майлылығын кемітетіндіктен оны қалыпты мөлшерде ғана берген жөн.
Рационда протеин жетіспесе жем қоспасының құрамына аминді - жем қоспасы немесе мочевина қосылады. Сонда малдың протеинге деген 20 - 25 пайыз қажетін алмастыруға мүмкіндік бар.
Сауын малын азықтандыру кезінде минералды заттардан рацион құрамында кальцийдың, фосфордың, хлорлы натрийдің, калийдің, магнийдің, йодтың, кобальттың, мыстың, темір, марганец, мырыштың болуын қадағалау қажет.
Сауын малының рационына енетін жем - шөпке сүттің құрамы, оның дәмдік сапасы мен технологиялық қасиеті қатысты келеді. Сүттің құрамы мен қасиеті, малды сапасыз жем - шөппен, шіріген немесе көгерген пішен, сүрлем және пішендеме сүттің құрамын бұзады.
Рационда азықтық шалқан, қызылша, тамыржемістер пілегі көп болса сүт ашқылтым тартып, жем - татып тұрады.
Айқыш гүлді өсімдіктер сүтке қыша иісін беріп, оның дәмін бұзады.
Азықтандырудың сиыр суалтудағы маңызды да зор. Суалту - сиырды азықтандыруды және саууды өзгерту жөніндегі сүттің бөлінуін тоқтатуға бағытталған тәсілдер жиынтығы. Сиыр дер кезінде суалтылса желінсау ауруының алдын алуға болады, сиырдың денсаулығы жақсарады, тіршілікке бейім төл алуға мүмкіндік туады, сондай - ақ өнімділігі артады.
Сиыр бұзаулауына 2 ай қалғанда суалтылуыға тиіс. Сондықтан да сүт беру кезеңінің 7 айынан соң, саууды тоқтату керек. Сондай-ақ желінді сылауды да тоқтатып, рационнан мол, сүт шығаруға қатысты азықтарда (жем, шырынды азық) түгел алып тастау керек. Сөйтіп, жұмсақ пішен беріледі. Бірте - бірте сиыр сауу саны да қысқартылады. 3-4 литрге дейін ғана сүт шығаратындар бірден суалылады. Әдетте, сиырды 7 - 10 күннің ішіндегі суалтуға болады. Сиыр неғұрлым сүтті болса, суалту мерзімі де соғұрлым ұзаққа созылады.
Сауын сиырларды күтіп - бағу гигиенасы. Азықтандыру, жем - шөп пайдалану анағұрлым қолайлы болатындай микроклимат жағдайларын жасаумен, серуендетумен және басқа да сауын сиыр күтіп - бағу жағдайларымен үндесіп жатуы керек. Бұл тұрғыда жетекші орын микроклиматқа тиеді. Қора - жай кең, құрғақ, жылы, таза, жаұсы желдетілетін, өкпек жел соқпайтын болуға тиіс. Сауын сиырдан сауылатын сүтке ауаның алмасу көлемі, температурасы және салыстырмалы ылғалдылық едәуір ісер етеді. Ауаның температурасы +3 градустан төмендесе, сауылатын сүт 4-25пайыз азаяды. Температура 25 градустан асса да сүт өнімділігі кемиді. Салыстырмалы ылғалдылық 85 пайыздан артса, сауын сиыр өнімділігі 1-1, 5 кг төмендейді.
Сауын сиырларды байлап бағу қора - жай микроклиматына айырықша әсер етеді. Ол сауын сиырға жылы әрі жылы болуымен бірге, ылғалдылықты азайтып, ауадағы аммиак құрамын кемітеді.
Сауын сиырларды серуендетусіз ұстау микроклиматты нашарлатады, малдың өнімділігі мен денсаулығына зиянды әсер етеді.
Сауын сиырларды ұстауда қолайлы жағдай туғызу - олардың табиғи төзімділігін нығайтып, ауруларын азайту және өнімділігін көтеру деген сөз.
Сауын сиырларды күту. Сауын сиырларын бағып күту және қарқынды пайдаланудың дұрыс жүйесінің маңызды буыны олардың терісін, аяқтарын дұрыс күтуді және тұрақты түрде серуендетуді ұйымдастыру болып табылады. Белгіленген күн тәртібін сақтау қажет. Өйткені, малда уақытқа деген рефлекс өте тез қалыптасады. Сауын сиырлар белгілі бір азықтандыру, суару, саууға үйренеді. Сол тәртіп бұзылса сиырлар мазасызданып, сүті кемиді. Күн тәртібі мал үстаудың маусымына қатысты мәселе. Ол сиыр сауу реттілігімен және азықтандыру тәртібімен анықталатын мәселе.
В. Ф. Матусаевичтің және тағы басқа зерттеулері сауын сиырларды үнемі серуендетудің бұзаулауды қалыпқа келтірудің, ұдайы өсу қызметін жақсартудың, олардың өнімділігін арттырып, денсаулығы мықты төл алудың маңызды тәсілі екенін дәлелдеді. Егер сауын сиырды ұстау технологиясында белсенді серуен қарастырылмаса, серуендету алаңының нормасы сақталмаса, өріске шығарылмаса алдын - ала мұндай шаруашылықта қысыр мал пайызы, гинекологиялық ауру, желінсау, аяқ - тұяқтарының ауруы, белок және минерал заттардың алмасуының бұзылуы көбейеді, яғни гипокинезия басты проблема болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz