Гипсті байланыстырғыш заттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жылу өткiзбейтiн деп - жылуөткiзгiштiгi аз үйлердi, басқа да
ғимараттарды, жылу өндiретiн агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды,
жылу шыныны сақтайтын материалдар мен бұйымдарды айтады, Жылу өткiзбейтiн
материалдың жылуөткiзгiштiк коэффициент! - 0,18 Втм°С-тан төмен болуы, ал
тығыздығы 600кгм3-нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ, эрi ылғал
тартпайтын болуы қажет. Өйткенi материал ылғалданса, жылуөткiзгiштiгi
өседi, ал егер ол органикалық материал болса, шiруi де мүмкiн.
Пайдаланатын шикiзатына қарай олар: органикалық жэне
бейорганикалық (минералды) деп екi топқа бөлiнедi. 1-топка: ағаш
талшықтары мен жоңқалары негiзiнде жасалынған тақталар
(сәйкесiнше ДВП - древесно-волокнистые) ДСП - древесно
стружечные плиты), жылу өткiзбейтiн пластмассалар, қамыстан
iстелiнген тақталар, т.б. жатады. 2-топқа көп тараған топқа
минералдык мақта (мысалы, шыны талшықтары) мен одан өндiрiлетiн бұйымдар,
асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуектi шыны (көбiк шыны) түйiрлерi
кеуектелiнген перлит, вермикулит, т.б. жатады. 2-топқа қарасты материалдар
көбiнесе ыстық беттердi (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы, қазандарды)
жабу үшiн қолданады.
Сыртқы пiшiнiне қарай жылу өткiзбейтiн материалдар мен бұйымдар: дана
және сусымалы болып бөлiнедi. Дана бұйымдар -тиiстi форма (өлшем) беру,
яғни қалыптау арқылы жасалынады. Сусымалы материалдар талшық не түйiр
ретiнде өндiрiледi.
Құрылымы. Жылу өткiзбейтiн материалдардьщ кұрылымы өте кеуектi келедi.
Материалдардағы саңылаулар (тесiктер) жабық, ашық iрi, уақ деп бөлiнедi.
Уақ және жабық (яғни өзара қатынассыз) саңылаулы материалдьщ жылу
өткiзбейтiн қасиетi жоғары болады, өйткенi мұңцай саңлаулар iшiндегi ауаньщ
өтаiзпштiгi өте аз - 0,023 Втм-°С.
Касиеттерi. Тығыздығы жылу өткiзбейтiн материалдардың негiзгi қасиеттерiнiң
бiрi — ол кiшi болған сайын, жылу аз өткiзiледi. Жылу өткiзбейтiн
материалдар өнеркэсiбi тығыздығы 15-тен 600 кгм3-га дейiн материалдар мен
бұйымдарды өндiредi. Бұлардың ең жеңiлi -газ бен толтырылған пластмассалар,
олардың тығыздығы 15-25 кгм3 аралығында. Тығыздығы өскен сайын,
материалдардың жылу өткiзгiштiгi өседi.

Органикалық емес, яғни минералдық жылу өткiзбейтiн материалдар мен
бұйымдар өндiру үшiн шикiзат ретiнде таужыныстары, металлургия шлактары,
шыны сынықтары, т.б. қолданылады.
Минералды мақта - оңай балқитын таужыныстарын (мергель, долмит,
базальт, т.б.) балқыту арқылы балқыған металлургиялықшлактар
өндірілетін жылу өткізбейтің материал.Ол жінішке диаметрі 5-15 мкм шыны
тәрізді талшыктар.
Керамикалық жылу өткiзбейтiн бұйымдарды: қалыптау, кептiру және күйдiру
арқылы өндiредi.
Ұялы шыны немесе көбiкшыны деп - саңылаулары көп, кеуектi қүрылымды
шыныны атайды. Күрамына қарай (қолданылатын шикiзат-тарға байланысты) ұялы
шынының кеуектiгi - 80-95% аралығынада болады.
Фибролит дегенiмiз — ағаш ленталары мен цементтен жасалған тақта бұйым.
Арболит - ағаш немесе ауылшаруашылық өндiрiсiнiң қалдықтарынан жасалған
түйiрлердi цементпен араластырып, көбiнесе жабылатын қалыпта престеу арқылы
өндiрiлетiн бүйымдар (панельдер, тақталар).

Негізгі түсініктер
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар деп сумен араластырғанда жақсы
иленетін жəне бірте-бірте қатайып, тасқа айналатын минералдардан жəне тау
жыныстарынан күйдіру арқылы алынатын ұнтақтарды айтады. Сондықтан оларды
бейорганикалық немесе минералды байланыстырғыш заттар деп атайды. Минералды
байланыстырғыш заттар алдымен 2 ірі топқа:
ауалық жəне гидравликалық болып бөлінеді. Ауалық байланыстырғыш заттарды
сумен араластырғанда алынатын қамыр тек ауада ғана қатаяды жəне қатаюдың
салдарынан пайда болған беріктігін сақтайды. Бұл топқа гипс, əк,
магнезиалды байланыстырғыш заттар жəне сұйық шыны жатады.
Гидравликалық байланыстырғыштардан су қосып алынатын қамыр, алдымен ауада
аз уақыт қатайғаннан кейін барып су астында жəне басқа ылғалды жерде одан
əрі беріктігін сақтап қатая түседі. Бұл топқа портландцемент жəне оның
түрлері: глинозем цементі жəне оның негізінде алынатын цементтер,
гидравликалық əк жатады.

Гипсті байланыстырғыш заттар
Гипсті байланыстырғыш заттар төменгі жəне жоғарғы
температурады күйдіріліп алынады. Төменгі температурада гипстер екі сулы
гипсті 150...1600С қыздыру арқылы немесе оны 123-130 градуста қысымы
1,3...1,5 атмосфералық су буымен өңдеу арқылы алынады. Бұл температурада 2
сулы гипс 1,5 молекула суынан айрылып, жарты сулы гипске өтеді. Осы гипс
көрсетілген технологияларға сəйкес β - модификациялы жарты сулы гипс жəне 7
0 α - модификациялы жарты сулы гипс түрінде өндіріледі: олар
сəйкесінше құрылыс гипсті жəне беріктігі жоғары гипс деп аталынады. Жоғары
температурада гипсті байланыстырғыш зат екі сулы гипсті көбінесе 900
градусқа дейін күйдіру немесе оны 2000С- та ұзақ уақыт қыздыру арқылы
алынады. Бұл жағдайларда екі сулы гипс сусыз түрінен – ангидритке ауысады.
Гипс байланыстырғыш заттарын өндіру үшін ШИКІЗАТ ретінде табиғи гипс тасын,
табиғи ангидрит, сол сияқты негізінен кальций сульфаттарынан тұратын химия,
металлургия, т.б. өнеркəсіптер қалдықтарын пайдаланылады. ҚҰРЫЛЫС ГИПСТІ
қазандарда, айналып тұратын барабандар немесе басқа арнаулы құрылғыларда
қыздыру арқылы алынады. Алдымен гипс тасы өлшемі 3-4см түйіршіктерге
ұсатылады, содан кейін шахталы немесе аэробильді диірменде бір уақытта
кептіріледі, майдаланылады. Осылай майдаланып кептірілген гипс тасы
механикалық араластырғышпен жабдықталған қазанға түседі. Гипстің қазанда
қайнау уақыты 3-4 сағатқа созылады. Гипсті барабандарда өндіру əдісі
бойынша
өлшемі 2см ұсақ тасты айнымалы барабанда күйдіреді. Бұл үшін пеш ошағынан
барабанның бір шетіне температурасы 600-7000С газ жіберіледі. Барабанның
екінші шетіне орнатылған тартқыш винтилятор күшімен газ, барабан ішіндегі
газ ағымына қарсы жылып келе жатқан материалды жол жөнекей қыздырғаннан
соң, сыртқа шығарылады. Осылай күйдірілген гипс шарлы диірмендерде немесе
кəдімгі ұн тартатын тас диірмендерде майдаланылады. Құрылыс гипсі 3-ші əдіс
бойынша шикізатты майдалау жəне оны күйдіру процестерін бір кезде, бір
агрегатта жүргізу арқылы өндіріледі.
Гипсті əр түрлі қондырғыларды қыздырғанда екі сулы гипстің бəрі бірдей
жарты сулы гипска ауыспайды. Оның біразы сол екі сулы күйінде қалып, ал
біразы сусыз ангидрит күйіне көшеді. Бұл екі өнім де құрылыс гипсінің
сапасына зиянды. Сондықтан гипс қыздыру құрылысынан шыққан күйде арнаулы
силосқа жіберіліп: онда біраз уақыт ұсталынады. Бұл жағдайда сусызданып
үлгермеген екі сулы гипс жарты сулы күйіне көшеді де, ал сусыз
ангидрит су буын бойына тартып, жарты сулы гипске айналады. Осының
нəтижесінен алынған құрылыс гипсінің сапасын əжептəуір жақсарады.
Айта кетерлік бір жағдай, құрылыс гипсін қазанда қайнату
жолымен алынғанда, қазанның жəне оған салынған ұнталған гипс
тасының биіктігі артқан сайын, қайнау процесі қатты жүреді
жəне алынған өнімнің сапасы жақсарады. Мұның себебі қазандағы
гипстің төменгі қабаттарында орналасқан бөлшектері өздерінің 1,5
молекула суын температурасы 123 градусқа жеткен кезде ғана
сұйық күйінде бөліп шығаруында, ал алынатын 0,5 сулы гипстің
кристалдарының мүскіні α - формасына жақындауында. Гипстің
төменгі қабаттарынан бөлінген су буы жоғары қарай шыққан кезде, қазандағы
гипс ұнтағы кəдімгі су тəрізді бұрқылдап қайнайды. Қазандағы гипстің
жоғарғы қабатындағы бөлшектері өздерінің кристалдық суынан 70-80 градуста-
ақ айрыла бастайды. Сол себепті бұл 0,3 сулы гипстің кристалдары майдалау,
ал құрылысы кеуекті болып келеді. Мұндай кристалдар су сіңіргіш келеді де
сапасы төменірек құрылыс гипсінің құрамында көбірек кездеседі.
Тағы бір жағдай: ретінде қолданылатын табиғи гипс тасының
тығыздығы артқан сайын, одан алынатын құрылыс гипсінің сапасы
арта түседі. Мұның себебі де сол бір жарым молекула кристалдық
судың тығыздыу кристалдарын шегіне жеткен температурада ғана
123 градуста бөлініп шығатындығына.
Шикізатта екі сулы кальций көп болған сайын, одан алынатын
өнімнің сапасы жоғары болады. Құрылыс гипсін өндіруге
қолданылатын табиғи тасы үш сортқа бөлінеді. Бірінші сортты
таста екі сулы кальций сульфаты 95-тен кем болмауы керек, 2-ші
сортта – 75, ал 3-ші сортта 65%-тен кем болмауы тиіс.
Құрылыс гипсінің ұнтақтық дəрежесі, ұстасу жəне қатаю
мерзімдері. Құрылыс гипсінің ұнтақтылығы үш дəрежемен
сипатталынады: оны елегенде тесіктерінің өлшемі 0,2мм елеуіште
қалатын қалдық 30%-тен көп болмаса, ол 1-ші дəрежелі немесе ірі
ұнтақты, егерде көрсетілген елеуіште қалатын қалдық 15%-тен
аспаса, ол II-ші дəрежелі немесе орташа ұнтақты; ал 2%-тен кем
болса, ол III-ші дəрежелі немесе уақ ұнтақты деп аталынады.
Құрылыс гипсті тез ұстасып, тез қатаятын матерал. Ұстасу
мерзімі бойынша бұл гипс мына түрлерге бөлінеді: тез қатаятын
гипстер (А); олардың ұстасу процесінің басталуы 2 минуттан ерте,
ал аяқталуы 15 минуттан кем болмауы қажет. Орташа қатаятын
гипстер (Б); олардың ұстасу процесінің басталуы 6мин. ерте емес
болуы, ал аяқталуы 30мин. кем болмауы тиіс; баяу қататындар (В) –
ұстасуының басталуы 30мин. ерте болмауы керек (соңы
нормаланбайды).
Кейде гипстің ұстасу жылдамдығын азайту үшін оған
каратинды жəне əкті желімді баяулатқыштар, сол сияқты
сульфиттік-спирт, сульфиттік-ашытқы бардалары, т.б. беттік
əсерлігі бар заттар қосылады. Гипстің ұстасуын баяулататын
заттардың бəрі оның су тұтқыштығын азайтады, ал беріктігін
арттырады.
Құрылыс гипсінің қатаюы үшін оған керекті мөлшерде су
қосылады: бұл судың мөлшері əдетте гипс салмағының 50...70%-і
аралығында. Гипстен дайындалатын қамырдың нормалы қоюлығы
қамырды стандартты диаметрі 50мм қуыс цилиндрде сынау арқылы анықталынады.
Егер цилиндрге толтырылған қамыр цилиндрді тігінен көтергенде диаметрі
180±5мм-ге тең болып жайылса, қамырдың қоюлығын нормалы дейді, яғни
қамырдың қоюлығы гипс стандартының шартын қанағаттандырады. Егер қамыр
диаметрі 180±5мм-ден аз немес көп болып жайылса, онда гипс ұнтағына
қосылатын судың мөлшері сəйкесінше арттырылады, я кемітіледі. Су шығыны
азайған сайын гипс ұнтағынан алынатын жасанды тастың беріктігі арта түседі.
Құрылыс гипсі өте тез қатаяды: оның маркалық беріктігі екі
сағаттан кейін-ақ анықталынады. Қатаю процесі кезінде гипстің
жарты сулы түрінің еріген молекулалары сумен химиялық
реакцияға түсіп, екі сулы гипс түзейді:

CaSO H O H O CaSO H O 4 2 2 4 2 ⋅ 0,5 +1,5 = ⋅ 2

Жарты сулы гипстің (ерігіштігі 8гл) қаныққан ерітіндісі, екі
сулы гипспен (ерігіштігі 2гл) салыстырғанда, асыра қаныққан
ерітінді болғандықтан, екі сулы гипс ерітіндіден тұнбаға дəлірек
айтқанда, қатты кристалдарға айналады; кристалдар өседі, өзара
жалғасады, қатаяды. Жоғарыдағы реакция бойынша жарты сулы
гипстің екі сулы гипске ауысуы үшін 18,6% қана су қажет. Бірақ
құрылыс гипсі ұнтағынан бұйымдар өндіру үшін оған бұл
мөлшерден əлде қайда көп (50...70%-ке дейін) су қосу керек.
Реакцияға қажетсіз артық су қатаю процесі кезінде ауаға ұшып,
бұйымдарды кеуекті өндіреді, олардың беріктігін төмендетеді.
Жарты сулы гипстің β - модификациясының басқа бір түрі –
қалыптық гипс. Оның сапалы жоғары сапалықұрылыс гипсікіндей,
ұнтақтың дəрежесі жоғары – III-ші, яғни уақ ұнтақты (n 02
өлшеуіште қалатын қалдық мөлшері 2%-тен артпайтын) болып өндіріледі. Бұл
гипс қалыптар жасау үшін керамика жəне фосор –
фаянс бұйымдарын өндіруде қолданылады.
Беріктігі жоғары гипс көбінесе табиғи екі сулы гипс тасын
автоклавта қысымы 1,3 атмосфераға тең қаныққан су буында 5...10
сағат ұстап 140...1600С-та кептіріп, одан соң майдалу арқылы
өндіріледі. Бұл гипс негізінде жарты сулы гипстің α -
модификациясынан – ірі жəне тығыз кристалдан тұрады. Сол
себепті оның су тұтынғыштығы аз – 30...45%, ал беріктігі жоғары –
бір шаршы сантиметрге келетін сығу күшінің шегі 15...25МПа
болады. Гипстердің беріктігі олардың су тұтынғыштығына
(нормалы қоюлығына) байланысты болады.
Ангидритті гипс алу үшін екі сулы гипс тасы жоғары
температурада 600...9000С-та күйдіріледі, онан соң майдаланылады.
Бұл температурада гипс аздап ыдырайды да, 3...5%əк пайда болады.
Осы аз ғана əк ангидритті гипс қамырларының қатаю процестерінің
катализаторы ролін атқарады. Ангидритті гипс баяу ұстасып қатаяды, бірақ
оның суға төзімділігі мен беріктігі жоғары (сығуға беріктік шегі
10...20МПа). Сондықтан ол жіксіз еден құру, сылақ жəне қалау жұмыстарына
қажет құрылыс ерітінділерін дайындау, сонымен қатар жасанды мəрмəр өндіру
үшін қолданылады.
Ангидритті гипс алу үшін гипс табиғи екі сулы гипс тасы
жоғарғы температурада – 600...9000С-та күйдіріледі, онан соң
майдаланылады. Бұл температурада гипс аздап ыдырайды ды,
3...5% əк пайда болады. Осы азғана əк ангидритті гипс
қамырларының қатаю процесінің катализаторы ролін атқарады.
Ангидритті гипс баяу ұстасып қатаяды, бірақ оның суға төзімділігі
мен беріктігі жоғары (сығуға беріктік шегі 10...20МПа). Сондықтан
ол жіксіз еден құру, сылақ жəне қалау жұмыстарына қаже құрылыс
ерітінділерін дайындау, сонымен қатар жасанды мəрмəр өндіру
үшінқолданылады.
Гипстердің беріктігі, маркалары, қолданылуы. Гипстердің
беріктік көрсеткіштерін олардың қоюлығы нормалы қамырынан
жасалынған өлшемі 4×4×16см стандартты үлгілерін 2 сағат
өткеннен кейін сынап анықтайды. Июге жəне сығуға кедергі
жасайтын күштердің ( R ию, R сығу) көрсеткіштеріне сəйкес гипсті
байланыстырғыштарГ-2...Г-25 аралығында болып 12 маркаға
бөлінеді; Г əрпінен кейінгі цифр гипстің үлгілерінің сығу күшіне
кедергі жасайтын шегін МПа өлшемінде көрсетеді. Гипстердің ию
күшіне кедергісі көрсетілген маркалар үшін сəйкесінше 1,2...8МПа
кем болмауы керек.
Гипсті байланыстырғыштарды маркалау тəртібі бойынша
олардың негізгі қасиеттерінен белгілі бір мағлұматтар алуға
мүмкіндік береді. Мысалы, гипс Г-5-А-П болып белгіленсе, бұл
таңба гипстің маркасы 5, тез қатайғыш, ұнтақтылығы орташа
дəрежелі екенін көрсетеді.
Маркалары Г-2...Г-7 гипсті байланыстырғыштар үйдің
бөлмелері арасында қабырға ретінде орнатылатын тақтайлар мен
панельдер, ішкі сылақ жұмыстарына қажетті құрылыс ерітінді
ретінде жəне гипсті-цементті-пуццоланды байланыстырғыш
(ГЦПБ) зат өндіру үшін қолданылады. Гипсті ерітінділердің көлемі
қатайғанда біраз (1% шамасында) ұлғаяды. Гипстің бұл қасиеті
шликерлік (құю) əдіспен архитектуралық бұйымдар істеуде өте
пайдалы, өйткені гипс ерітіндісі мүсінінің формасында бар нəзік
өрнектерді тегіс қамти алады. Осылай гипстен жасалынған нұсқада
(модельде) өндірілетін архитектуралық мүсін (бұйым) сапалы
болып шығады.
Қалыптық гипс пен ангидритті гипстірдің қолданылу орны
жоғарыда көрсетіледі. Маркалары жоғары басқа гипстер жұқа
қабырғалы бұйымдар, мысалы, вентиляциялық (ауа тазартқыш)
қорап өндіруде пайдаланылады; Саратова арболит бұйымдары
Куйбышевтің беріктігі жоғары гипсі негізінде өндіріледі.

Құрылыс гипсi

Бейорганикалық минералды байланыстырғыш заттар деп физика-химиялық
процестер нәтижесiнде сумен араластырған кезiнде өздiгiнен қатуға қабiлеттi
созымды-жабысқақ қамыр құрайтын ұнтақ тәрiздi материалдарды айтайды. Қaту
шарттары бойынша байланыстырғыштар 3 топқа бөлiнедi:
- ауада қатуға және ұзақ уақыт берiктiгiн сақтауға қабiлеттi ауа
байланыстырғыштары (ауа әгi, магнезиалды байланыстырғыш, гипстiк
байланыстырғыш, суйьқ шыны, қышқылға төзiмдi цемент);
- тек ауада емес, суда да солай қататын және ұзақ уақыт берiктiгiн
сақтайтын гидравликалық байланыстырғыштар (портландцемент және оның бiр
түрлерi, цементтер, гидравликалы әк, роман цемент);
- шылыққан су буы және жоғары қысым ортасында (O,8-1,5МПа) қататын
автоклавта қатылатын байланыстырғыштар (әк-кремнеземдi, әк-күлдi, әк-
шлакты, нефелиндi цемент және т.б.
Гипстік байланыстырушыларының түрлері және оларды өндіру үшін қолданылатын
шикізаттары
Гипстік байланыстырушылары деп жарты сулы гипстен немесе сусыз ангидриттен
тұратын, гипс тау жынысын қыздырып және майдалап алатын, материалдарды
айтады.
Жылумен өңдеу температурасына байланысты гипстік байланыстыру - шылары
екі топқа бөлінеді: төменгі температурада күйдірілетін кәдімгі және жоғарғы
температурада күйдірілетін ангидриттік гипс. Біріншісін гипс тау жынысын
(CaSO x 2HO) 140 – 1900 С қыздыру арқылы алады. Ол негізінде жарты сулы
гипстен ( CaSO x 0,5H2O ) тұрады. Ерекшелігі – тез қатаяды. Екінші тобын –
жоғарғы температурадан ( 600 – 9000 С ) күйдіру арқылы алады. Бұлардың
құрамы көпшілігінде сусыз ангидриттен тұрады. Ерекшелігі – баяу қатаяды.
Төменгі температурада күйдірілініп алынатын гипске мына төмендегілер
жатады.
1. Кәдімгі құрылыс гипсі. 2. Техникалық гипс. 3. Қалыптық гипс.
Жоғарғы температурадакүйдірілініп алынатын гипстер мыналар:
1. Ангидриттік цемент;
2. Өте жоғарғы температурада күйдірілетін гипс-эстрих-гипс.
Кейде ангидриттік байланыстыруыларды табиғи ангидритті күйдірмей-ақ,
қатаюды қоздыратын әк қоспаны қосып ұнтақтап алуға болады. Сондай-ақ,
гипстер байланыстырушыларына құрамы негізінде жарты сулы гипстен және оған
қосымша әктен, цементтен, ұнтақталған түйіршікті домна қоқысынан тұратын
күрделі композицияларды жатқызуға болады. Бұлар қосымша құрамдаушының
түріне байланысты гипс дене цементті, гипсдене қоқысты және басқа да сол
сияқты байланыстырушылар болып бөлінеді.
Гипстер байланыстырушыларын өндіру үшін шикізат ретінде екі сулы
табиғи гипс тасын, сусыз ангидритті, сазды гипс тасын және кейбір екі сулы
немесе сусыз күкірт қышқылды калцийден ( СаSO4 ) тұратын кейбір өндіріс
қалдықтарын, тіпті болмаса олардың араласпаларын қолданады. Дегенмен
гипстік байланыстырушыларын алу үшін екі сулы табиғи гипс тасын басымдау
қолданады. Мемлекеттік стандарттың талабы бойынша бұл тау жынысында
СаSO4 x 2H2O мөлшері 65 пайыздан кем болмауы керек.
Фосфогипс табиғи фосфаттардан фосфор қышқылын және фосфорлық
тыңайтқыштарды алғаннан шығатын қалдық. 1 тонна фосфор – қышқылын алғанда 4
тонна фосфогипс қалдығы пайда болады. Фосфогипсте 80 – 98 пайыз СаSO4 x
2H2O болады. Бірақ сапасын төмендететін 25 пайыз шамадағы ылғалдылықпен 0,5
– 1,2 пайыз фосфаттар мен фтор қоспалары да болуы мүмкін. Неғұрлым Р2 О5
саны көп болса соғұрлым фосфогипстің сапасы төмен болады.
Борогипс – бор қышқыл өндірісінен шығатын қалдық. Оның ылғалдылығы 40
– 50 пайызға дейін жетеді, құрамында кальций сульфаты басым, SiO2 саны 20-
25, B2O2 – 0,5-1,5 пайыз.
Біздің республикамызда гипс байланыстырушыларын өндіру үшін шикізат
қоры жеткілікті.

Гипстердің қасиеттері және қолданылуы

Төменгі температурада күйдірілген гипс байланыстырушыларының
қасиеттері ұқсас. Басты айырмашылығы – олардың су талапкерлігінде. Нормалды
қою гипс қамырын алу үшін в – модификациялы гипс өз массасынан 50 – 70
пайыз су қажет етеді, ал а – модификациялы гипсі 30 – 45 пайыз. Жарты
гидраттың екі гидратқа көшкендегі гидратация процесі үшін осы судың небәрі
18,6 пайызы қажет. Химиялық процеске қатыспаған судың артығы кептіру
мезгілінде ажырайды. Сондықтан, қатайған гипстің кеуектігі 30 – 50 пайыз
болады. а – модификациялы гипсінің кеуектігі аздау болады, сондықтан, оның
мықтылығы в – модификациясынан жоғарылау.
Жылумен өңдеу арқылы алынған жарты гидратты кальций сульфаты үшін
стандарт бойынша 12 маркаға бөлінеді (МПа) Г-2, Г-3, Г-5, Г-6, Г-7, Г-10, Г-
13, Г-16, Г-19, Г-23, Г- 25. Сонымен қатар, игендегі ең аз мықтылығының
мәні – 1,2 ден 8 МПа ге дейін.
Тор көзінің мөлшері 0,2 мм електегі қалдығы арқылы пайызбен
анықталатын диірменде тарту ұнтақтылығы бойынша гипс байланыстырушылары үш
топқа бөлінеді:
1. Ірілеу тартылған – електегі қалдығы 23 пайыз; 2. Орташа тартылған –
електегі қалдығы 14 пайыз; 3. Майда тартылған – електегі қалдығы 2 пайыз.
Гипс байланыстырушылары жеделдете ұстасады және тез қатаяды. Қатаю
жылдамдығы бойынша олар үш класқа бөлінеді: тез қатаюшы, нормалды қатаюшы,
баяу қатаюшы. Әр класқа сай ұстасу мезгілдерінің басы – 2,6 және 20
мин.ерте болмау керек, соңы – 15 және 30 мин.класс В үшін нормасы жоқ кеш
болмау керек.
Гипстің ұстасу мезгілдері шикізаттың сапасына, оны өндіру жағдайына,
сақталуының ұзақтығына, құйған судың мөлшеріне, су мен гипсті араластырар
кезіндегі температураға, араластыру жағдайына, қоспаның қосылуына және
т.б.факторларға байланысты.
Гипстің ұстасу мезгілін едәуір тездету үшін қалыпты қоюлыққа керекті
судан аз сумен араластырады немесе гипс қамырының температурасын 40 – 45 С-
қа дейін көтеру арқылы да тездетуге болады. Ал, бұл температурадан
жоғарырақ жылытса, қатаю жылдамдығы баяулайды.
Гипс массасының температурасы 90 – 100 С –қа дейін көтерілгенде,
ұстасу және қатаю процестері тіпті тоқталады. Себебі, бұл және бұдан
жоғарғы температурада жарты сулы гипстің судағы ерігіштігі екі гидраттық
гипс ерігіштігін көп төмен болып кетеді. Осы жағдайда байланысты жарты
гмдраттың екі гидратқа көшуі тоқтайды, демек, осыған байланысты қатаюы да
тоқтайды.
Егер гипсті толтырушылармен араластырса, онда оның ұстасуы баяулайды.
Гипстің тез қатаюы одан әртүрлі бұйымдар жасарда өте тиімді қасиет.
Бірақ, кейбір жағдайларда гипстің тез ұстасуы онша қолайлы болмайды, қайта
өндірісте кедергі болып шығады. Сондықтан, гипс қамырының ұстасуын тездету
немесе баяулату үшін оны сумен араластырар кезде кейбір қоспалар қосады,
демек, қосындылар қолдана отырып гипстің ұстасуын керекті мезгілде
реттейді. В Б Ратинов бұл қоспаларды әсер ету механизмдеріне байланысты бес
класқа бөлуді ұсынған
1 класс – күшті және әлсіз электролиттер және кейбір элоктрорлиттерге
жатпайтындар. Бұлар жарты және екі гидраттың суда ерітінділігін өзгертеді,
гипстер түйіршіктерін қиын еритін жұқа қабықпен каптамайды.
2 класс – екі сулы гипстың кристалдану процессіне ұйытқы болатын
кристалданған дайын және сол сияқты заттар.
3 класс – жарты және екі сулы гипс түйіршіктері өз беттеріне тартып
алатын және кристалдар туындыларының пайда болу жылдамдығын азайтатын
сыртқы беті активті заттар.
4 класс – жарты гидрат түйіршіктерінің бетіне қиын еритін бірікпеден
қорғауыш пленка құрайтын заттар.
5 класс – түрлі кластарға жататын заттардан тұратын күрделі қоспалар.
Бұл сияқты күрделі қоспаларды қолдана отырып, гипс қамырының
жылжымалылығын, ұстасу мезгілін, қатаюын, гипстің мықтылығын керекті
бағытта өзгертуге болады.
Гипсті өндірудің технологиялық процесі
Технологиялық процесс келесідей
операциялардан тұрады:

- Байланыстырғыш шикізатты дайындау.

- Толтырғыштар мен су дайындау.

- Дайындалған шикізатты араластыру.

- Гипсті қамырды қалыптау.

- Жасанды кептіргіш пештерде кептіру.

Өндірістегі бірқалыпты ритмді ұстау үшін қалыпталушы гипсті қамыр белгілі
ұстасу уақытымен ерекшелену керек. Ол үшін гипсті қамыр құрамына ұстасу
дәрежесін керегінше тездететін немесе төмендететін бәсендеткіштер қосады.
Сонымен қатар гипсті плиталарды қатты құрылымды қамырлардан да шығаруға
болады. Ол үшін қалыптушы вагонеткаларды массамен толтырғаннаң соң вибро-
үстелге бекітеді. Вибро-үстелде гипсті масса бірқалыпты нығыздалады. Егер
қалыптау үшін горизонтальды көп ұялы қалыптар қолданылса, онда оларды вибро-
рольганг үстіне бекітеді.
Ірі механикалық зауттарда
гипсобетонды плиталар өндіру үшін жоғары өнімді карусельді қалыптағыш
машиналары қолданылады. Гипсті плиталарды карусельді машиналарда қалыптау
кезінде гипсті масса тез қатуы керек. Гипсті қамырдың ұстасу уақыты 5–6
мин. аспауы керек. Сондықтан да гипсті қамыр құрамына ұстасу дәрежесін
тездететің бәсендеткіштер (екісулы гипс) қосады. Ал суды 35-С
температурада жылытады.
Бұл әдіс ұстасу дәрежесін жоғарлатып,кебурежимін қысқартады.
Құрылыс гипсін өндіру бірнеше сатыдан тұрады: алдын-ала шикізатты
дайындайды, яғни гипс тасын кептіріп және майдалайды; оны шахта немесе
айналмалы пеште, қазанда қыздыру арқылы дегидратациялайды; гипс тасын
дегидртация процесінің алдында немесе соңында ұнтақтайды.
Кейбір жағдайларда алдымен екі сулы гипс тасын кептіріп, майдалап,
одан кейін ұнтақтайды.
Бұл өндіріс тәртібінің жүйесі гипс тау жынысының дегидратациясының
қамтамасыз ету үшін қолданылатын жылу агрегатының түріне байланысты.
Қазіргі уақытта гипс байланыстырушыларын өндіру процестерінің бірнеше
схемасы белгілі.
1 әдіс бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Байланыстырғыш заттар және оның жіктелуі, қолданылуы мен қасиеттері, ерекшеліктері
Гипс байланыстырғыш материалы
Әрлеу материалдары
Ангидритті цементтен жасалған құрылыс қоспалары
Бейорганикалық байланыстырғыш материалдарға түсінік
Байланыстырғыш заттар
Бейорганикалық байланыстырғыш заттар
Байланыстырғыш заттар туралы негізгі ақпараттар
Гидротациялық (бейорганикалық) байланыстырғыш заттар
Ауада қатаятын байланыстырғыш материалдар
Пәндер