Жас төлдерді азықтандырудағы кальций мен фосфор мөлшері
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Жас төлдерді азықтандырудағы кальций мен фосфордың маңызы
Мазмұны
І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жылқы төлін азықтандыру
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2. Жас төлдерді азықтандырудағы кальций мен фосфор
мөлшері ... ... ... ... 14
2.3. Төлдердің өсіп-өну
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.16
2.4. Бұзаудың қоректік заттарды
қажетсінуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.5. Төлдерді 6 айлығынан кейін азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық
үлестері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.6. Төлдерді 8 айлығынан кейін
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...27
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Азықтандыру – малдың түріне, жасына, жынысына физиологиялық жағдайына,
тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм
мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса оның тіршілігін
қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де өнімділігі
өскен сайын оны өндіруге жұмсалатын энергия мен қоректік заттар деңгейі
ұлғаяды.
Азықтандыру малдың өсуі, жетілуі, салмағы, дене пішіні мен өнімі үшін
шешуіші рөл атқарады. Организмге қажетті қоректік заттардың мөлшері малдың
жасына, физиологиялық күйіне, өніміне, салмағына, ауаның температурасына
және басқа сыртқы жағдайларға байланысты. Өскелен жас организімге бір
қоректік зат жетіспесе, өсуі тоқталады, не баяулайды.
Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы – азықтандыру.
Малдарды азықтандыру жөніндегі зоотехникалық ғылым сан алуан
экспериментальды мәліметтерді, соның ішінде әртүрлі қоректік заттарды,
витаминдер, ферменттер, алмастырылмайтын амин қышқылдары, макро, микро
элементтер және зат алмасу факторлары, азықты тиімді пайдалану, туралы
жинастырады. Бұл мәліметтер ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру теориясы
мен практикалық толық жетілдіру негізінде ертеден қызмет етіп келеді.
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру мөлшері 1966 жылы анықталып,
қосымша 1972 жылы толықтырылған. Азықтарды тиімді қолдануда мал өнімінің
жоғарлауына, мал өнімдері шаруашылығының талаптарына жауап бермейді. Олар
жеуге жарамды бүкіл комплексті заттарды минералды және биологиялық активті
заттардың қажетті баланстанғанын ескермейді. Қазіргі көзқарастар,
сәйкесінше рацион құрамыда азықтық бүкіл элементі оптимальды арақатынаста
болады.
Малдың бірқалыпты тіршілік етуі үшін, организмнің физиологиялық
қасиетін өтеу үшін мөлшерлі қоректік заттар қажет. Сондықтан малды
белгіленген норма бойынша азықтандыру керек, онда организмнің қоректік
заттарға, қорытылатын протеинге, минералдық заттарға және каротиге жалпы
мұқтажы ескеріледі.
Малды нормамен азықтандыру ғылымға негізделсе, азықты үемдеуге, оның
шығымын едәуір қысқартуға, өнімнің өзіндік құнын арзандатуға мүмкіндік
береді. Азықтағы қоректік заттардың мөлшерін азық өлшемімен белгілеу
ұйғарылған.
Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия,
т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері,
терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы
болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі.
Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады.
Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, актау тәсілдерін енгізу
салдарынан көбейіп кетті.
Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың,
кемірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін
де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды
түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп карау кате.
Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның
құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның
витаминді сіңіруі қабілеті бүзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды
авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза қүр-
құлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ — С —
авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д-авитаминоз, бери-бери —
В, авитаминоз т.с.с.
Курстық жұмыстың мақсаты – ауыл шаруашылық малдарының төлдеріне
азықтандыру ерекшеліктері туралы білімді тереңдету. Төлдерді нормалап
азықтандыру және азық құрамындағы кальций мен фосфордың маңызымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеті – төлдерді азықтандыру ерекшеліктері және
олардың мерзімді жетілуіне ене сүтімен қоса қосымша азықтармен азықтандыру
туралы түсінік беру. Төдерді азықтандырудың рациондарымен және азық
құрамындағы кальций және фосфордың маңызы туралы түісінк беру.
1.1. Әдебиетке шолу
И.Мозговтын [1] айтуы бойынша кальций жеткіліксіз болған жағдайда
шеміршектің метафизарлық кальцийленуі болмайды да, рахит пайда болады.
Жыныстық жетілген малдардың сүйегі жұмсарады. Сүйектің жұмсаруына себепші
болатындар — азықтандырудағы олқылықтармен қоса, бүйрек жетімсіздігі мен
құрысуға қарсы препараттарды қолдану әсер етеді. Кез келген витаминді
(әсіресе А және Д витаминін) ағзаға қалыптан тыс көп беру гиповитаминоз
ауруына ұшыратады. Кальцийды бірден кеп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері
әсер етеді, яғни уландырады.
Д.Ф.Лэсли [2] атап көрсеткендей – салмағы 20, 25, 30 және 35 кг
қозылар үшін протеиннің оптималдық концентрациясы рационның құрғақ затына
шағып есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5% болу керек. Малдың
қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген қажеттілігі төмендей түседі.
Тоқтыларды бордақылағанда олардың рационындағы жасұнықтың мөлшеріне көңіл
аудару керек. Жасұнықтың тым көп болуы қоректі заттың қорытылуын
төмендетеді, өнім үшін жұмсалған мөлшерін жоғарылытып жібереді. Сондықтан
да рационда ірі азықтың (пішен, сабан т.б.) мөлшері 25% аспағаны жөн.
Бордақылауға алынған тоқтылардың рационындағы майдың да мөлшерін бақылап
отыру қажет. Рационға қосымша май қосу тоқтының салмақ көрсеткішіне, азықты
өтеуіне және бордақылаудың экономикалық тиімділігіне игі әсерін
тигізгендігі байқалады. Бордақылау қойларына берілетін минералды заттардың
да жеткілікті болуы қажет. Азық рационында кальций, натрий, фосфор күкірт
және басқа да элементтердің жетіспеуінен малдың салмақ қосуы төмендейді.
Н.А.Кекибаевтің [3] мәліметі бойынша ұзақ уақыт қоректік заттар,
әсіресе азот пен фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл
заттардың жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен
бірге бұл кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп
кетеді. Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сортқа жатқызылады, әрі бағасы
анағұрлым төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы
жүнді немесе жүнді-етті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген
сапасыз азық жыл бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді. Сиыр мен
шошқа шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы
мен сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл
бойындағы өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз
жеткілікті болып тұруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін
көрсетеді.
Н.Ә.Жазылбековтың [4] жүргізген тәжірибелерінің мәліметтері бойынша
Елімізде қабылданған азықтандыру нормаларында, малдың азыққа деген
мұқтаждығының жалпы дәрежесі – азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций,
фосфор, каротин және микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы
сипатталады.Жас төлдерді басым бөлігі шырынды және ірі азықтардан тұратын,
аз құнарландырылған мерзімдік азық үлестерімен азықтандырып өсіру ірі
азықтарды жақсы пайдаланатын малдың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндайда,
мерзімдік азық үлестерінің қоректің негізгі элементтері бойынша
теңестірілуі, олардың 1кг құрғақ затта қажетті деңгейде шоғырлануы оң
нәтижелерге қол жеткізу шарты болып табылады. Бұзаулардың қорытылатын
протеинге деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін, оларға құнарлы азықтарды
астық тұқымдас және бұршақтүқымдас дақылдар (бұршақ қытай бұршағы, ноқат
және б.) дәндерінің қоспасы түрінде беруге, сондай-ақ пішен мен сүрлемнің
бір бөлігін беде пішендемесімен алмастыруға немесе мерзімдік азық
үлестеріне шөп ұны мен белокты-витаминді қоспалар енгізуге болады.
Қоректік заттардың едәуір бөлігі биологиялық тұрғыдан жоғары
қасиеттерімен ерекшеленетін сүтпен бірге баратын болғандықтан, ет
бағытындағы ірі қара бұзауларының мерзімдік азық үлестеріндегі
(рациондарындағы) 1 азық өлшеміне: 6-8 айлығында 114-115г.; кальцийден 8
айлығына дейін - 5,5-7г., фосфордан -3,6-4,5г.; каротиннен - 10-20мг; 10
айдан асқан соң тиісінше: 7,8-8,4; 5-6, және 24-25мг енгізу ұсынылады.
П.А. Федотов [5] жұмыс аты азығының 1 а.ө.-де 80 г қорытылатын
протеин, 5—6 г кальций, 4-5 г фосфор, 10-15 мг каротин болуға тиіс. Ауыр
жұмыста термен көп су, түз жоғалтылатындықтан, жұмыс ат басын күнделікті 40-
50 кг таза сумен және әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда... жеңіл жұмыс
атқарғанда — 6 г, орта ауырлықтагы жұмыс атқарғанда — 7 г, ауыр жұмыс
атқарғанда 9 г ас тұзымен қамтамасыз етеді. .
Р.Я. Шилердің [6] деректеріне қабандарға, екі жастан асқандарына әр
100 кг салмаққа 1,5-1,6 азық өлшемі қажет, ал жас қабандарға 2,4-2,5 азық
өлшеміндей мөлшерде берілуі керек. 1 азық өлшеміне сәйкес 120-140 г
протеин, 8-10 г ас тұзы, 6-7 г кальций, 5-6 г фосфор, 10-20 мг каротин
болуы тиіс.Аналық шошқаларға, екі жастан асқандарына әр 100 кг салмаққа 1,5
азық өлшемі мөлшерінде берілуі керек, ал екі жасқа дейінгі мегежіндерге 2,5-
3 азық өлшемі болуы тиіс. Сонымен қатар ер 1 азық өлшеміне 100-120 г
қорытылған протеин, 8-10 г ас тұзы, 6-7 г кальций, 5-6 г фосфор және 8-10
мг каротин болуы тиіс.
З.С. Никоро [7] жекелеген минералды элементтер көптеген кұрылымдар
құрамына (кальций мен магний - сүйектің, фосфор — аденозинфосфатты
қышқылдардың, темір — гемоглобиннің, кобальт — цианкобаламиннің, йод —
тироксиннің, т. с. с.) тікелей кіруімен қатар организмдегі қышқыл-сілтілік
қатынас пен иондық теңдікті, осмостық қысымды калыптастыруға қатысады,
микроэлементтер ферменттер функциясын әсерлендіретін коферменттер құрамына
кіреді. Өте аз мөлшерде болатын витаминдер зат алмасуының барлық қырын
ретгестіру арқылы организм тіршілігі мен өнімділігіне ықпал етеді.
С.И. Богословский [8] атап өткендей, биологиялык маңызы анықталған
биогендік элементтердін 99,95%-ын көміртегі, сутегі, оттегі, азот, кальций,
фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец,
кобальт, йод, селен, молибден мен вольфрам қүрайды. Бұлардың 98,5%
көлеміндегі басым бөлігі алғашқы 6 элементтің, оның ішіңде, 98,0%
органогендік 4 элемент -оттегі (70%), көміртегі (18%), сутегі (10%) мен
азот үлесіне тиеді.
В.А. Петухов [9] мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және 35 кг

Э.Я. Задарин [10] айтуы бойынша ет өндіруге бағытталған жылқы
шаруашылығы ең басты іс – шаралардың бірі малды дер кезінде сою және етін
өткізу. Өндірілген еттің сапасын ғана емес, сонымен қатар өзіндік құнын да
есептеу керек.
Н. Омарқожаев [11] деректері бойынша қазақ жылқысын жақсартып, сапасын
арттыру ісінде қазақы биелерді, дон, желісті, ауыр жүк тартатын және басқа
тұқымды айғырдан будандастырудың үлкен маңызы бар.Қазақы биелердің ерекше
қасиеттері, олар жергілікті жердің жағдайына тез үйренеді, тез семіреді,
сүтті келеді, табында бағылғанның өзінде іш тастамайды.Ал, құлынын өз
сүтімен асырап, тез есейтеді.
К. Дүйсембаев [12] деректері бойынша лабораториялық жағдайда
жануарларға жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, жылқы арасында көп кездесіп
жүрген сақал және пастереллез аурулардың аралас түрін емдеудің тиімді
тәсілін жылқы малының өзіне қолдануға мүмкіндік береді.
Қ.Ғ. Есенғалиевтің [13] зерттеуі бойынша биенің сүт өнімдерін арттыру,
оның ішінде осы белгілеріне қарай таңдап, алынған биелерді алдын – ала
азықтандыру мөлшері дәрежесімен біршама анықтауға болады.Биенің сүттілігі
оны азықтандыру мен бөліп – күту жағдайына тікелей әсер етеді.
М.А. Кенеев [14] айтуы боиынша Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс
оқымыстысы Н.И .Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы
жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударды. XIX ғасырдың
аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін кемірсулар, майлар, белоктар,
минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді.
Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И. Лунин
жоғарыда көрсетілген заттардың коспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ
тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бүл қоспадағы заттардан басқа бір
заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың
тіршілік етуі үшін қажетті бүрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір
белгісіз зат бар деген пікір пайда болады. Осындай пікірді У. Бунгенің С.
А. Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жүмыстары дәлелдеп
берді. Голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың
"бери-бери" ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған
күрішпен тамак- тандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады.
Кейіннен Гопкинс күріш дәнінің сыр- тқы қауызында белгісіз бір заттың бар
екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы
поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар
кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит аурымен ауырған
көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін
зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа үқсас екенін анықтады.
Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның
құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға
келді. Ол бұл затты "витаминдер" деп атады. "Вита" — латынның "тіршілік,
өмір" деген сөзі, ал "амин" — деп химиялық құрамында азоты бар заттарды
атайды.
Б.Б. Қайтымбай[15] аитуы боиынша Макколлум және оның шәкірттері
жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор "А" - ның қажет екенін
анықтап, оған А витамині деп ат берді. А витаминінің жетіспеуі адамды ақшам-
соқыр ауруына шалдықтыратыны анықталды. Макколлум витаминдерді ашылу
ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С
витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды
ретіне қарай В,, В2, В3, т.б. деп белгіледі.
Сент-Дьердьи С витаминін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен
бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады.
Осыдан кейін дат ғалымы Дам қанның қүрамында бо латын К витаминін.
Смит, Фолкерс т.б. В2 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам
ағзасында қанның азаюына әкеліп соктыратыны белгілі болды.
В. Данилевскидің деректерінде, Кеңес заманында А. В. Палладин, М. Н.
Шатерников, Л. А. Черкес, В. Н. Букин, В. В. Ефремов сияқты оқымыстылардың
бастауымен көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Түрлі эксперименттер
арқылы авитаминоздардың патофизиологиялық және биохимиялық езгерістері
ашылды.
Казіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және
олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді,
мәселен, А витамині — ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар
екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині — кальциферол деп аталады, яғни
"кальций ионын, тасымалдайды" деген мағынаны береді. Сол сияқты
витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау кабылданған.
Ол кезде "анти" деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сәз бо- лып отырған
витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып
жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині
(рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы) витамин
деп аталады т.с.с.[10]
С. Мұқанов [16] аитуы боиынша, витаминдердің тағамдық заттарда
жетіспеуінен болатын дерттер көне заманнан-ақ белгілі болғанымен, оның
себептері осы біз өмір сүріп отырған XX ғасырдың бастапқы жылдарында ғана
анықтала басталады. Казіргі уакытта витаминдер тобына жататын заттар ете
көп.
Н.Е. Керімбаев [17] деректерінде ескеретін жайт, А витамині біршама
улы. Оның дозасы артық болған жағдайда сүйегі ауруға шалдығады, жемшөбін
жөнді жемейді, гепатосшіеномегамия, жалпы улану белгілері байқалады.
Сонымен қоса терісі ауруға шалдығыгі, тері қабаты сыпырылып түсе бастайды.
А. Мұқанов [18] аитуы боиынша Тетравит және тривит. Майда еритін
витаминдердің жиынтық препараттары. Гипо және авитаминозды, ксерофтальмияны
(көздің қүрғақ- тануын), рахитті, сүйекгің жұқаруын (остеомалядия),
тетанияны (құрысуды), эннефаломалияны (мидан қабьшуьш), бауырдың улы
дистрофиясынын, тері кабынүын, жөнді жазылмаған жара мен жарақатты, кілекей
қабықтың катаральды қабынуьш емдеу және сақтандыру үшін, сондай-ақ жана
гуған төлді тез жетілдіру және малдың төлдегіштігі үшін қолданылалы[3].
Ж. Мырзабеков [19] аитуы боиынша XVIII ғасырдың ортасында Глиссон
деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында
кездесетін ауру туралы жазған болатын . Бұл ауру мен ауырғандардың
сүйектері деформацияланатындығы анықталды, кеиінен оның мешел рахит ауруы,
яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.
А. Б. Несіпбаевтын [20] аитуы боиынша витамин көздің торлы қабығының
жарыққа сезімтал ферменті, ол эпителийдің, жыныс органдары мен бездерін,
тер безінің өсіп-жетілуіне қатысады. А витамині сонымен қоса фосфор,
углевод, липид алмасуды реттейді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жылқы төлін азықтандыру ерекшелігі
Жаңа туған құлын қорегі енесінің уызы мен сүті. Құлынды сүтке
жарытумен қатар, тез өсіп-жетілуі үшін ертерек қосымша азықтарға үйреткен
жөн. Алғашқы айдан бастап енесі сауылып, өзі желіге байланған құлынды
қосымша азықты жақсы жеуге дағдыландырып, үйрету керек.
Оларды алғашқы күндерден бастап жеңіл қорытылатын диеталық қабығынан
тазартылған сұлы ұнтағы мен жанышталынған сұлы дәніне, минералды
қосындыларды жеуге үйретеді. Ол үшін алдарындағы жеке науаға сүйек ұны,
азықтық бор, ас түзын үнемі тұратындай салып қояды.
Тұқымға қалдырылатын құлынды 7-8 айға дейін енесін еміздіріп өсіреді.
Құлын тез өсіп-жетілуі үшін мыжылған сұлы дәні, бидай кебегі, шөп ұны мен
күнжара ұнтағынан тұратын 1 кг-да 1 а.ө., 110—120 г қорытылатын протеині
бар қосындыны жегізеді. Оған құлынды біртіндеп үйретіп, тәулігіне әр басы 2
айлығында — 0,5—1 кг жегізе бастап, 3-4 айлығында — 2—3 кг, енесінен
ажыратар 5—6 айлығында 4—5 кг береді. Қыста бұл қосындыға қоса жақсы
жапырақталған жұмсақ пішен салып, жазда құлынды таза ауада, күн көзінде
жайылым отына жаяды.
Енесінен ажыратылған құлынның өсіп-жетілуі баяуламауы үшін түрлі дән
жармасы, күнжара мен шрот ұнтағы, бұршақ тұқымдастар дәнінің ұнтағы, сапалы
сүрлем, пішендеме, тамыр жемістілермен үстемелеп қоректендіреді.
Құлын жемінің жартысына жуығын (қоректілігі бойынша 40—45%)
протеинінің биологиялық құндылығы жоғары, қорытылуы жеңіл сұлы мен арпа
дәнінің жармасы құрайды. Олармен қатар жеңіл қорытылатын жүгері мен бидай
дәні ұнтағын қосады.
Енесінен ажырату мезгілі әдетте жаздың аяққы кезеңі — күздің басына
сәйкес келетіндіктен, ажыратылған құлынды оты сақталған табиғи немесе екпе
жайылым көгіне жаяды. Қыста құлынтай азықтандыруын алдымен сапалы пішенге
негіздейді. Мініс және жегіс тұқымның құлын-тай басына тәулігіне 6
айлығында — 3—4 кг, 9 айлығында — 4—5 кг, 12 айлығында 6—12 кг пішен
жегізеді. Оған қоса сапалы жүгері сүрлемін, туралған сәбіз, жем қосындысын
береді.
Әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда 6—12 айлық құлындарға — 3,0 кг,
12—18 айлық тай-жабағыларға - 2,85 кг, 18-24 айлық құнандарға - 2,6 кг, 2-3
жастағы дөнендерге - 2,4 кг әр 1 кг-да — 0,92—0,85 а.ө., 94—76 г
қорытылатын протеин, 7—4,5 лизин, 7—5 кальций, 5—4 фосфор, 7—6 г каротині
бар құрғақ зат жегізеді.
Тұқымдық еркек құлынның қоректік мұқтаждығы ұрғашы құлындікінен 10%
жоғары екенін ескереді де, оларды жазда мүмкіндігінше ұзақ мерзім жайылымда
бағып, қыста аралас пішен, пішендеме, 13 бөлігі бидай кебегінен тұратын
бұршақ, күнжара, шрот, сұлы, арпа мен жүгері жармасының қоспасын тәулігіне
құнан басына — 3-4 кг, дөнен басына — 4-5 кг жегізеді.
Желгіш және мініс жылқы тұқымдарының төлдерінің қоректік заттарды
қоректенуінің мөлшері
1 кесте
Көрсеткіштері Жасы, айы
6-12 12-18 18-24 жастағы жастағы
100 кг салмағына тиіс 3 2.85 2.6 2.5 2.5
құрғақ зат, кг
1 кг құрғақ затқа тиісті 0.92 0.88 0.83 0.85 0.85
азық өлшемі
Алмасу энергиясы, МДж 9.62 9.20 8.68 8.90 8.90
Сіңімді белоктық зат, г 94 80 8.68 8.90 8.90
Лизин, г 7 5.5 5 4.5 4.5
Шикі клетчатка, г 170 170 176 180 180
Ас тұзы, кг 2 2.3 2.5 2.8 2.8
Кальций, г 7 5.5 5 5 5
Фосфор, г 5 4.5 4 4 4
Магний, кг 1.4 1.3 1.3 1.3 1.3
Темір, кг 100 80 80 80 80
Мыс, кг 9 8.5 8.5 8 8
Мырыш, кг 32 30 25 25 25
Кобальт, мг 0.6 0.5 0.5 0.5 0.5
Марганец,мг 40 40 30 30 30
Йод, мг 0.8 0.5 0.5 0.5 0.5
Каротин, мг 6.7 6.2 6.2 6.2 6.2
Витамин, А, мың х.ө. 2.7 2.5 2.5 2.5 2.5
Д, мың х.ө. 0.27 0.25 0.25 0.25 0.25
Е, мг 30 25 25 25 25
В1, мг 3 3 3 3 3
В2, мг 3 3 3 3 3
В3, мг 4.5 3.5 3.5 3.5 3.5
В4, мг 150 150 150 150 150
В5, мг 10 6.5 6.5 6.5 6.5
В12,мг 6 6 6 6 6
Ұрғашы жабағы 6-12 айлықтың азықтандыру нормалары
2 – кесте
Ұрғашы жабағы 6-12 айлық
Көрсеткіштері
Салмағы, кг
200 250 300 350 400
Құрғақ зат, кг 6 7.5 9 9.8 11
Азық өлшемі, кг 5.5 6.8 8 8.6 9.6
Алмасу энергиясы, мДж 57.5 72.1 86.7 90 101.2
Қорытылатын белок зат, г 565 735 840 785 860
Лизин, кг 45 50 54 57 68
Шикі клетчатка, г 1020 1275 1550 1555 1600
Ас тұзы, кг 12 15 18 21 24
Кальций, г 42 52 65 70 75
Фосфор, г 30 31 45 52 58
Магний, кг 8 10 12 14 16
Темір, кг 600 750 900 950 1050
Мыс, кг 54 67 81 92 103
Мырыш, кг 190 240 280 330 380
Кобальт, мг 3.6 4.5 5.4 5.9 6.3
Марганец,мг 240 300 360 400 440
Йод, мг 3.6 4.5 5.4 5.9 6.3
Каротин, мг 40 50 60 70 80
Витамин, А, мың х.ө. 16 20 24 28 32
Д, мың х.ө. 1.6 2 2.4 2.8 3.2
Е, мг 180 225 270 310 335
В1, мг 18 22 27 32 36
В2, мг 18 22 27 32 36
В3, мг 30 37 45 53 59
В4, мг 900 1100 1300 1500 1600
В5, мг 60 75 90 105 115
В12,мг 9 11 13 15 17
Еркек (құлыншақ) тай 6-12 айлықтың азықтандыру нормалары
3 – кесте
Еркек (құлыншақ) тай 6-12 айлық
Көрсеткіштері
Салмағы, кг
200 250 300 350 400 450
Құрғақ зат, кг 6 7.5 9 10 11.4 12.5
Азық өлшемі, кг 5.5 6.9 8.1 9.2 10 11
Алмасу энергиясы, мДж 58 72.2 84.7 96.3 104.6 115
Қорытылатын белок зат, г 565 735 840 785 860 985
Лизин, кг 45 50 54 57 68 68
Шикі клетчатка, г 1020 1275 1550 1555 1850 1900
Ас тұзы, кг 12 15 18 21 24 22
Кальций, г 42 52 65 70 75 75
Фосфор, г 30 31 45 52 58 60
Магний, кг 8 10 12 14 16 18
Темір, кг 600 750 900 950 1050 1200
Мыс, кг 54 67 81 92 103 100
Мырыш, кг 190 240 280 330 380 400
Кобальт, мг 3.6 4.5 5.4 5.9 6.3 7
Марганец,мг 240 300 360 400 440 480
Йод, мг 3.6 4.5 5.4 5.9 6.3 7
Каротин, мг 40 50 60 70 80 91
Витамин, А, мың х.ө. 16 20 24 28 32 37
Д, мың х.ө. 1.6 2 2.4 2.8 3.2 3.7
Е, мг 180 225 270 310 335 440
В1, мг 18 22 27 32 36 40
В2, мг 18 22 27 32 36 40
В3, мг 30 37 45 53 59 60
В4, мг 900 1100 1300 1500 1600 1800
В5, мг 60 75 90 105 105 115
В12,мг 9 11 13 15 17 19
2.2. Жас төлдерді азықтандырудағы кальций мен
фосфор мөлшері
Мал азықтандыруды мөлшерлеуде макро және микро элементтер есепке
алынады. Ондай аса маңызды макролементтерге калий және фосфор жатады.
Кальций аағзадағы сүйек және шеміршек тіндерінен басқа тіндердің
барлығында көп мөлшерде болады. Ол азықтарда жеткілікті болғандықтан, мал
әдетте оның жетіспеуінен қиындық көре қоймайды.
Фосфорда да кальций сияқты сүйек тінінің негізін құрайды. Ол барлық
жасушалардың ядролық заттарының құрамына нуклеопротеидтер түрінде енеді.
Фосфор безді тіндерде, бұлшық еттерде жүйке тіндерінде көп болады. Фосфор
қышқылы көмірсулар мен майлардың алмасу процесіне қатысады. Натрий мен
калий фосфаттары ағзадға әр түрлі ортаның әрекеттесуін реттеп отыратын
тежегіш болып табылады. Фосфор күйіс малының алдыңғы қарындарын (жұмышақ
пен таз қарындар) мекен ететін микрооганизмдердің тіршілік етуі үшін қажет:
азотобактер, нулеопротеидтер түсу үшін фосфор пайдаланылады.
Мал азығында калций мен фосордың жетіспеуі сондай ақ, мерзімдік азық
үлесінде олардың арақатынасынң дұрыс болмауы, мешел (рахит), сүйектің
жұқаруы (остеомаляция), сүйектің бөркеніптеуі (остепароз), сүйектің
талшықты дәнекер тіндерінің әлсіреуі (остеофиброз) фофорсыздық (афосфороз)
ауруларына ұшыратады.
4-кесте.
100г минералды азықтағы кальций мен фосфор мөлшері, грам есебімен
Минералды азықтар Кальций Фосфор
Мал азығындық бор 17,4 -
Монокальций фосфат 15 22
Динокальций фосфат 27 19
Үш кальций фосфат 32 14
Фторсыздандырылған 35 15
фосфат
Фосфарин 33 14
Сүйек ұны 30 14
Мал азығындық преципетат26 17
Моноаммонийфосфат - 25
Диаммонийфосфат - 23
Д — тобындағы витаминдер немесе кальциферолдар, тек мал органңзмінде
кездеседі. Олар өсімдіктер құрамындағы стеролдардан ультракүлгін сәулесінің
әсерінен түзіледі. Стеролдардың ең маңызды өкілі — эргостерол. Ол ашытқылар
мен зең саңрауқұлақтарында көптеп кездеседі. Д — тобындағы
дәрмендәрілердің ішінде жануарлар үшін ең маңыздылары — Д2—эргокальңиферол
және Дз — холекальңиферол.
Кальциферолдар организмде минералды заттар мен қуат алмасуын реттеуге
қатынасады, азоттың, углеводтардың, кальцийдің, фосфордың сіңуін
жақсартады.
Организмде Д — дәрмендәрілері жетіспесе жас мал рахит ауруына
шалдығады, ал сақа малда — остеомалиация байқалады, малдың көбею қызметі
бүзылып, өнімділігі төмендейді.
Д тобындағы дәрмендәрілер балық майында, сүтқоректілер мек құс
бауырында көп болады. Ол сүт құрамында, сары майда, жұмыртқаның сары
уызында да кездеседі. Әртүрлі азықтың 1 кг-да халықаралық бірлікпен (ХБ)
есептегенде Д дәрмендәрісі мына мөлшерде кездеседі: пішен мен жоңышқада,
сары жоңышқа пішенінің ұнында — 200—1000, жүгері сүрлемінде — 30—70, құрғақ
ашытқыда — 1—5 млн, азықтық ашытқыда — 3—7 млн, балық ұнында 50—100, майын
айырған сүтте — 5—20.
Д витаминдерінің жиьштыты (эргокальциферол-Д2 және холекаль диферол-
ДЗ). Бұл витаминдер организмде катьций мен фосфордың алма суына қатысады.
Олар кальций мен фосфордың ішектен тасымалдануына (сорылуына) қатысады,
параггормонмен бірге сүйектің минералдануына ықпал етеді, кальций жөне
фосфор түздарының бүйрек озекшелерінде кері сорылуын стимулдайды. Мүндайда
кальпий концентрациясы көбейеді[1].
Ескеретін жайт, озге де майда еритін витаминдер секілді, эрго және
холекальциферолдар өте улы жәнсде үзақ уақыт қолданғанда организмде жиналып
қалады.
Дозасын артық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz