Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе

Малдардың өнімінің сапасын арттырудың негізгі тірегі - ол уақытында өнімді аз бергін көрі малдарды шығыстан шығарып, олардың орнын жоғарғы өнімді дұрыс малдармен толықтырып отыру.
Малдарды күтіп-бағуды жақсылап ұйымдастыру, олардың ауру - сырқаудан аман болуын қадағалау, күтіп-бағылуын дұрыстау, ауру бола қалған жағдайда уақытында емдеу әдістерін қолдану, ауруды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын уақытында жүргізу - жалпы мал мамандарынан бастап сол салада істеп жүрген барлық еңбекқерлердің ең негізгі жене күрделі міндеттерінің бірі. Малдар ауруларының арасында түрлі жұқпалы аурулар, иназиялық т.б. аурулары жиі кездеседі. Бұл аурулардын себептері мен даму процестері әртүрлі болып келеді. Сондықтанда бұл жүйелердің негізгі аурулары көп себептері бар аурулардың қатарына жатады.
Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.
Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариял ық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.
Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері.Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады.

ІІ. Әдебиетке шолу

Т. Сайдолдаұлының айтуынша жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған жас-өспірімдер, екі қабат және емшекте баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру малды бағып - күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен жабдықтау, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады [1].
Т. Сайдулдин, санитариялық тұрғыдан мал фермалары мен кешендері жабық кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның биіктігі кемінде 180см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1м, тереңдігі 1,5м ор қазылады [2].
Е. Қасымовтың кітабында жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады деп жазылған [3].
Қ.А. Лесованың айтуынша шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, елде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі [4].
Т.М. Жамансариннің деректерінде малдың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау- қоғамдық және адамның жеке басының денсаулығын қорғау үшін жағдай туғызуға және малдың ауруына, өлуіне жол бермеуге бағытталған аса маңызды шара. Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысу үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс делінген [5].
А.А. Конопаткина айтқандай тарихи тұрғыдан қарастырғанда адамзат алғашында вакцина ретінде өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Адамзат сүт ашытатын микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл ауруларға қарсы егу үшін құрамында ауру қоздырушы микроб бар әр түрлі патологиялық материалдар пайдаланылған [6].
Ж. Бердімұратовтың айтуынша жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі [7].
Е. Әмірбектің айтуынша тірі вакциналар ауру қоздырушыларының тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар әлсіретілген және әлсіретілмеген деп аталатын топтарға бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы микробтың уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп тиісті бір ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен уыттылығы бәсеңдетілген түрін айтады. Уыттылығының төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғалтып, иммунитет қалыптастыру қасиетін сақтайтындай дәрежеде болуы қажет. Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым қуалап, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болса, ондай әлсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, яғни вакцина даярлау үшін қолданады [8].
Е. Қасымов, әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы төмендеген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудыратын қасиетін мейлінше сақтауы қажет. Екінші сөзбен айтканда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық штамм организмге енгізілгеңде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуно-морфологиялық болып табылады [9].
Қ.А. Лесова айтуы бойынша індеттік жағдайдың негізгі көрсеткіші - күдік тудырған аурудың сол өңірде бар немесе жоқ екендігі. Басқаша айтқанда, тиісті індет ошағының немесе табиғи ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл аймақта болмаса, осы аурудың басқа жердегі ошағына ауырған малдың қандай қатысы болуы мүмкін екендігін анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының нысандарын талдауға тікелей қатысты. Індет бұғауының буындарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен басталады. Ауруға бейім жануар індет бұғауының соңғы буыны болса да, жануардың ауруға бейімділігі балау жұмыстарында бірінші кезекте ескеріледі. Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпайтындықтан малдың бұл түлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз әрекет екені даусыз. Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс және жас ерекшеліктеріне негізделіп қарастырылады [10].
Ветеринариялық заңдылықтар кітабының бірінші томында былай айтылған. Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және арнайы шаралар - малды ауруға тексеру мен иммундеу, барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек [11].
А.Д. Третьякова, соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың тағы бір әдісі пайдаланыла бастады. Бұл - гетерологиялық иммунитетті (гетероиммунитет) пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқыш иммунитет деп те атайды, оның негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, шошқа обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады [12].
Т.М. Жамансарин, көп жағдайда инфекциялық синдром организмнің жалпы өзгерістері ретінде байқалады. Бұл өзгерістер: дененің қызынуы, жабырқау, тәбеттің жойылуы, метоболиттік ақаулар. Кейде инфекциялық синдром орны шектелген ақаулар арқылы білінеді. Мұндай құбылыстар белгілі бір ұлпалар мен мүшелердің шектеулі зақымдануы кезінде байқалады. Орны шектелген инфекциялық процестің әдеттегі белгілері - жалпы қабыну құбылыстарына тән өзгерістер: rubor, tumor, саlor, dolor және functio leasa. Бұған осы мүшеге ғана тән симптоматологиялық белгілер қосылады [13].
А.А. Конопаткина, пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған. Өте жақсы нәтиже бұзауды колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін Сидоров пен Курашвили (1981) колипротектан деп аталатын дәрмек ұсынды. Торайларға колиэнтеро-токсемияға қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нәтиже береді. Диктиокаулез гельминтінің балапан құрттарына рентген сәулесімен әсер етіп, пероральдік жолмен иммундеу үшін пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік әдіс жабайы жануарларды, мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын етке қосып беру арқылы, иммундеудің бірден-бір қолайлы жолы болып табылады [14].
В.П. Урбан, Аэрозольдік әдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды, терісі бағалы андарды иммундеу жөнінде біраз тәжірибе жинақталған. Құсты Ньюкасл ауруына, шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәтижесі аэрозольдің көлеміне байланысты. Ірі аэрбзольдер жоғарғы тыныс жолдарында шөгеді де, өте майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиолалары мен альвеолаларына өтеді. Аэрогендік әдіспен иммундеу үшін вакцинаны құрғақ немесе сұйық күйінде де пайдалануға болды. Әйтседе бірдей нәтижеге жету үшін сұйық вакцинаға қарағанда құрғақ вакцина анағүрлым көп мөлшерде қажет болады. Иммундеудің нәтижесі тірі вакцинаның аэрозоль күйінде тіршілігін сақтауына байланысты. Бүркілген вакцина штаммы жылдам кебуінің салдырынан тез өле бастайды. Оның тіршілігін сақтауы табиғатына, ортаның температурасы мен ылғалдығына байланысты. Аэрозольдік жолмен иммундеу үшін тірі вакциналар тиімді. Олардың ауада тіршілігін ұзақ уақыт сақтау үшін әр түрлі тұрақтандырушы қоспалар пайдаланылады. Ондай қоспалар ретінде қолданылатын кептірілген сүт, глицерин аэрозоль бөлшектерінің ылғалын сақтауға көмектеседі [15].
Т. Сайдулдиннің кітабында келтірілген мәлімет бойынша індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі [16].
Р. Егеубаевтың кітабында келтірілген мәлімет бойынша аурудың індеттік ерекшеліктеріне тоқталғанда, оның қарқыны (спорадия, эпизоотия, панзоотия), жұғымталдығы, шығын және өлім көрсеткіштері, т.б. ескеріледі. Сонымен қатар аурудың маусымдық және кезеңдік ерекшеліктері оны балау үшін құнды деректер болып табылады [17].
А.М. Ермахановтың кітабында келтірілген мәлімет бойынша іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру - шаруашылық және ветеринариялық - санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады [18].
А.Ф. Кузнецовтың мәліметінше вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектің антигендік физикалық және химиялық қасиеттері және тиісті аурудың ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, тері астына топалаңның және құтырықтың, бұлшық етке қысаға мен лептоспироздың, тері үстіне шешектің, танау қуысына парагрипптің, емшек үрпіне (интрацистернальдық немесе диалетикалық жолмен) колибактериоз бен қылаудың вакциналары жіберіледі [19].
Ж. Мырзабековтың кітабында келтірілген дерек бойынша жануарларды негізінен екі түрлі жолмен: жекелей және жаппай иммундеуге болады. Дара иммундеу жануарлардың әрқайсысына жеке-жеке вакцина жіберу арқылы, ал топтап иммундеу жануарлардың тұтас бір тобына вакцинамен бірден әсер ету арқылы іске асырылады. Жекелей иммундеу кезінде вакцинаны бұлшық етке, тері астына, тері ішіне, тері үстіне жібереді. Бүл әдістерді парентеральдық деп атайды (ішекке соқпай, яғни ішек арқылы емес, деген мағынада). Парентеральдық жолға көк тамырға енгізу де жатады, бірақ бұл әдіспен іс жүзінде ешбір вакцина жіберілмейді [20].
ІІІ. Негізгі бөлім

0.1 Індетке қарсы шаралар

Індетке қарсы алдын алу және сауықтыру шаралары. Олардың кешенді және жоспарлы түрде мемлекет тарапынан және адам денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуі.
Ұйымдастыру-шаруашылық,ветеринариял ық-санитариялық және арнайы шаралар. Инфекция қоздырушысының бастауы мен берілу тетіктеріне, ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін шекарадағы және мал фермаларындағы санитариялық бақылау, әкелінген жануарларды карантиндеу.
Жануарларды иммундеу, вакциналар және олардың түрлері, иммундеу әдістері. Жұқпалы ауруларды балау, індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық, микробиологиялық, серологиялық, аллергиялық балау әдістері. Нозологиялық және эпизоотологиялық диагноз.
Індет ошағында жүргізілетін шаралар. Карантин және шектеу қою, алу. Ауру және ауруға күдікті жануарларға қатысты шаралар. Індет ошағындағы жануарларды вакциналау және фармакопрофилактика.
Ірі мал фермалары мен кешендерді індеттен қорғау. Кешендерді салу және малмен толтыруға қойылатын санитариялық талаптар. Кешендердің ішкі және сыртқы санитариялық аймақтары, олардағы індетке қарсы шаралар.

3.2 Індетке қарсы шаралар туралы түсінік

Індетке қарсы шаралар жұқпалы аурулардың шығуына және олардың таралуына жол бермеуге бағытталады. Жұқпалы ауруларды болдырмау үшін дауалау (алдын алу) шаралары іске асырылады, ал ауру шыға қалған күнде оны жою (сауықтыру) шаралары қарастырылады. Сонымен індетке қарсы шаралар дауалау шаралары және сауықтыру шаралы болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың қай-қайсысы болмасын бірнеше салаға бағытталған кешеннен тұрады. Бұл күрделі кешенге кіретін шаралар індет бұғауының барлық буындарына қарсы бағытталуы керек, сондықтан да олар инфекция қоздырушысының бастауына, инфекция қоздырушысының берілу тетігіне және ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі.

Іңдетке қарсы шаралар жалпы және арнайы болып екі топқа бөлінеді. Жалпы шаралар кез келген жұқпалы ауруға бағытталған ортақ сипатта болады да, оған ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық шаралар жатады. Арнайы шаралар нақтылы бір жұқпалы ауруға қарсы бағытталады да, оған сол ауруды балау және жануарларды иммундеу жатады.
Індетке қарсы шараларды іске асыру негіздері. Індетке қарсы шаралардың басты негізі - олардың кешенді түрде жүргізілуі. Бұл кешенділік жоғарыда көрсетілген індеттенудің барлық қозғаушы күштеріне қатысты біртұтас ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралар ретінде жүргізілуінен туындайды.
Екінші бір негіз - індетке қарсы шаралардың белгілі бір жүйемен жоспарлы түрде жүргізілуі. Әрбір шаруашылық пен белгілі бір территорияда індетке қарсы жүргізілетін дауалау және сауықтыру шараларының жоспары болуы керек. Бұл жоспар еңбек және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
Індетке қарсы шаралардың үшінші негізі - олардың мемлекеттік сипаты. Бұл шаралар мемлекет тарапынан белгіленеді де, мемлекеттік оргаңдардың қолдауымен іске асырылады. Жұқпалы аурулар шыға қалғанда карантин немесе шектеу қою немесе алу жергілікті әкімшіліктің шешімі арқылы жүргізіледі. Індетке қарсы шаралардың дұрыс іске асуына әкімшілік органдары (полиция) көмек көрсетіп, бақылау жасайды.
Төртіншіден, індетке қарсы шаралар адамдарды малдан жұғатын аурулардан сақтандыруға бағытталады. Жануарлардың жұқпалы ауруларының адамға жұғу қауіптілігін инфекцияның зоонотикалық потенциалы деп атайды. Сондықтан жануарлардың жұқпалы ауруларымен күрес шаралары медициналық мекемелермен ынтымақтастықта жүргізілуі керек.

3.3 Ұйымдастыру шаруашылық шаралары

Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық мәселелері маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын тиісті талаптарға сай жолға қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі керек. Аталған шаралар - мал шаруашылығын дұрыс жүргізудің міндетті шарттары болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын зарарсыздандыру және арнайы шаралар - малды ауруға тексеру мен иммундеу, барлығы да ұйымдық-шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып, оқшаулау, күту, ол үшін еңбекақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б. аурудың шығуынан туындайтын мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін 18 жасқа толмаған жас-өспірімдер, екі қабат және емшекте баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру малды бағып-күткендегі еңбекақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-шаруашылық мәселелеріне мал бағатын адамдарды арнаулы жұмыс киімімен жабдықтау, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау шаралары жатады.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі ветеринариялық білімді насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға, мал иелері мен шаруашылық басшыларына олардың жауапкершіліктеріне сай мал аурулары және олармен күресу жолдары туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты ветеринария органдары жүйелі түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме, дәрістер өткізу арқылы жүргізеді.
Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән ретінде оқытылады.

3.4 Жұкпалы ауруларды дауалау шаралары

Жұқпалы аурулардың алдын алудың басты негізі - малды дұрыс бағып-күтумен қатар қора-жайларда, жайылымдарда, азықтандырған және суарған сәттерде санитариялық-зоогигиеналық реттілікті бұлжытпай орындау болып табылады. Жақсы қоңдылық малдың ауруға жалпы төзімділігін қамтамасыз ететін болса, жекелеген ауруларға бейімділігін тежеу үшін арнайы телімді биологиялық дәрмектер қолданылады. Дауалау шаралары жануарлардың ауруға төзімділігін арттырумен қатар, олардың ауру қоздырушыларымен жанасуына жол бермеу жолдарын да қамтиды. Бұндай шаралардың қатарына шекараны, мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды жұқпалы аурудан қорғау, яғни індетке қарсы қорғаныс жатады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін олардың қоздырушыларын шет елдерден шекара арқылы өткізуге жол бермеудің маңызы аса зор. Шекаралық ветеринариялық бақылау нүктелері құрлық, теңіз және өзен бойларымен өтетін мемлекеттік шекарада және халықаралық әуежайларда орналасады. Олар малды және малдан алынатын өнімдерді сыртқа немесе ішке өткізуді қадағалайды. Ветеринариялық жарғы бойынша шет елдерден тек қана сау малдарды, ал импорттық мал өнімдері мен шикізатты жұқпалы аурулардан таза территорияда өсірілген сау малдардан алынған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етіледі. Шекарадан өтетін мал бақылау нүктелерінде дәрігерлік тексеруден өтеді, карантинделінеді, қажет жағдайда дауалық шаралар (вакциналау, т.б.) жүргізіледі.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда ерекше көңіл бөлетін мәселе - экзотикалық деп аталатын аурулардың алдын алу. Ондай ауруларға біздің елде кездеспейтін шошқаның африкалық обасы, блутанг, аусылдың сирек кездесетін типтері, т.б. жатады.
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғағанда көрші елдегі індеттік жағдай ескеріледі. Белгілі бір ауру бойынша шектес территория мүлдем сау болуы немесе тұрақты түрде сау болмауы, елде оқтын-оқтын ауру байқалып тұруы мүмкін. Табиғи географиялық жағдай мен экономикалық байланыстар ескеріліп, аурудың әкеліну қаупіне болжау жасалынады. Егер ауруға қарсы сенімді вакцина болса шекара маңындағы аймақта ауруға бейім жануарлар егіліп, иммунделген қорғаныс аймағы жасалынады. Қауіп төндірген ауруға қарсы сенімді вакцина болмаса қатаң санитариялық шаралар енгізіліп, шекараға тақау аймақта ауруға бейім жануарлар толықтай жойылады немесе алып кетіледі.
Жұқпалы аурулардан мемлекеттік шекара ғана қорғалып қоймай, сақтық жұмыстары облыс, аудандар арасында да қарастырылады. Әрине, бұл шаралардың бағыты мен мазмұны жағынан мемлекетаралық шекарадағы атқарылатын әдіс-амалдардан айырмашылықтары болады.
Мал өсіретін шаруашылықтар мен фермаларды індеттен қорғау. Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін жаңадан салынатын мал фермаларына орынды дұрыс таңдап алу қажет. Әсіресе топалаң секілді қоздырушысы топырақта ұзақ жылдар бойы сақталатын аурудан ол жердің сау болуы шарт.
Жұқпалы ауру фермаға басқа мал фермаларынан, елді мекендерден келеді. Сондықтан да мал фермаларын әр түрлі объектілерден санитариялық талаптарға сай ара қашықтықты сақтай отырып орналастыру қажет. Жұқпалы аурудың таралуы үшін терісі бағалы аңдарды, үй қояндарын және құс өсіретін шаруашылықтар ерекше қауіпті болып саналады. Өндіріс орындарының ішінде бұл тұрғыдан мал өнімдері мен шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындары (тері заводы, ет комбинаты, т.б.) қауіп тудырады. Сондай-ақ қатынас жолдарынан, әсіресе ірі транспорт жүйелерінен, мал фермасын қашық орналастырған дұрыс.
Ферма территориясын қоршау. Санитариялық тұрғыдан мал фермалары мен кешендері жабық кәсіпорындар қатарына жатады. Сондықтан оларды қоршап, ішке қатынау тек қана дезинфекциялық тосқауыл мен ветеринариялық-санитариялық өткелек арқылы ғана іске асырылуы керек. Ферма мен кешеннің күллі территориясы тұтас немесе торлы қорғанмен қоршалынады. Қорғанның биіктігі кемінде 180см болуға тиіс. Қоршаудың сыртынан ені 1м, тереңдігі 1,5м ор қазылады.
Ферманың ішкі территориясына қатынайтын көлік, егер мал тұрмайтын шаруашылық аймағына баратын болса (мысалы, жем-шөп әкелгенде), дез-тосқауыл арқылы өтеді. Ал мал тұратын таза аймаққа баратын көлік пен адамдар ветсан өткелек арқылы өткізіледі.
Жаңадан келген малды карантиндеу. Шаруашылыққа шеттен әкелінген мал табынға қосардан бұрын бір ай бойы карантинде бөлектелініп ұсталынады. Карантин кезінде жануарлар ретті түрде клиникалық бақылау мен лабораториялық тексеруден өтеді. Шаруашылықта ұстау үшін жұқпалы аурулардан сау, арасында микроб алып жүрушілері жоқ малдар ғана жіберіледі.
Карантин кезінде жануарларды індет жағдайына сәйкес кейбір жұқпалы ауруларға қарсы егеді. Бордақылау кешендерінде жаңадан әкелінген бұзаулардың карантиндеу мерзімі 15 күнмен шектелінеді.
Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарда сақтық шаралары ретінде жануарлардың белгілі бір топтарын кейбір ауруларға, негізінен созылмалы жұқпалы ауруларға, тексеріп отырады. Ондай ауруларға сиырда бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, қойда бруцеллез, жұқпалы эпидидимит, хламидиялық іш тастау, жылқыда маңқа, инфекциялық анемия, т.б. жатады.
Дауалық шаралардың ішінде сақтық дезинфекциясы мен дератизациясының маңызы зор. Бұл екі шараны қатар жүргізген мезетте алдымен дератизация жүргізіп, кемірушілердің өлекселерін жинап алғаннан кейін дезинфекция жасалынады.

3.5 Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы иммундеу

Жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы жасанды жолмен, яғни қолдан иммундеу белсенді және енжар әдістер арқылы іске асырылады. Белсенді иммундеу үшін вакциналар, ал енжар иммундеу үшін иммуноглобулин препараттары қолданылады.
Вакциналар тірі және өлтірілген деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Тірі вакциналар. Тірі вакциналар ауру қоздырушыларының тіршілігін жоймаған өсіндісі болып табылады. Бұлар әлсіретілген және әлсіретілмеген деп аталатын топтарға бөлінеді. "Әлсіретілген" деген сөз қоздырушы микробтың уыттылығына қатысты айтылған. Әлсіретілген штамм деп тиісті бір ауру қоздырушы микробтың жасанды жолмен уыттылығы бәсеңдетілген түрін айтады. Уыттылығының төмендеуі микробтың ауру қоздыру қабілетін жоғалтып, иммунитет қалыптастыру қасиетін сақтайтындай дәрежеде болуы қажет. Егер микробтың бұл қасиеті тұрақты тұқым қуалап, ұрпақтан ұрпаққа берілетін болса, ондай әлсіретілген қоздырушыны вакциналық штамм ретінде, яғни вакцина даярлау үшін қолданады.
Тарихи тұрғыдан қарастырғанда адамзат алғашында вакцина ретінде өзгертілмеген уытты ауру қоздырушы микробтарды пайдаланған. Адамзат сүт ашытатын микробтарды білмей тұрып-ақ айран ұйытуды үйренгені сияқты ауру қоздырушы микробты білмей-ақ адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға қарсы еге білген. Көне дәуірдің өзінде Азиялық көшпенділер адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға ала өкпені егіп, аурудан сақтандыра білген. Бұл ауруларға қарсы егу үшін құрамында ауру қоздырушы микроб бар әр түрлі патологиялық материалдар пайдаланылған.
Адамға шешек егу вариолау деп аталады. Іс жүзінде бұл адамнан адамға шешекті қолдан жұқтыру еді. Ал қойдан қойға шешекті егу овиналау деп аталады. Кейін (1902 ж.) қойға егілген шешек сөлі - овина өндірістік әдіспен алына бастады. Қазір бұл дәрмектің негізінде аллюминий гидрототықты формолвакцина даярланады. 1796 ж. ағылшын дәрігері Э.Дженнер халық тәжірибесіне сүйеніп, адамға сиырдың шешегін егуді ұсынды. Бұл әдіс вакциналау (вакцинация, латынша vасса - сиыр) деп аталды да, бұдан былай жұқпалы ауруға қарсы егу әдістерінің барлық түрлері осылайша аталатын болды.
Әлсіретілмеген вакциналарды пайдалану қазіргі уақытта да қалған жоқ, Мысалы, қазір құс шешегіне қарсы вакцина ретінде тауық пен күрке тауықты егу үшін шешек вирусының көгершіннен алынған штаммы қолданылады.
Ескеретін бір жағдай әлсіретілмеген тірі вакциналарды егудің өзіндік ерекше әдістері бар. Бүл дәрмектер әдеттегіден тыс микробтың денеге табиғи жолмен енуіне керағар организмдегі белгілі бір орындарға егіледі. Мысалы, овинаны қойдың құйрығының жүнсіз тақыр жеріне тері ішіне, ала өкпе сөлін сиырдың құйыршығының ұшының сырт жағына, кебенек сөлін ешкінің маңдайына, құс шешегін құстың балақ қауырсынының ұясына (фолликуласына) жібереді. Вакцинаны бұлай еккенде орны шектелген патологиялық процесс өрбіп, ақыры сәтті аяқталып, ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.
Соңғы уақытта әлсіретілмеген тірі вакциналарды қолданудың тағы бір әдісі пайдаланыла бастады. Бұл - гетерологиялық иммунитетті (гетероиммунитет) пайдалану нәтижесі. Бұндай иммунитетті айқыш иммунитет деп те атайды, оның негізінде микробтардың антигендік ұқсастығы жатыр. Ортақ антигендері бар микробтардың біріне қарсы иммунитет екінші ұқсас микробқа да қарсы әсер етеді. Жоғарыда көгершін шешегінің вирусын тауық шешегіне қарсы вакцина ретінде қолданылатындығы айтылды. Сол сияқты күрке тауықтың герпес вирусын Марек ауруына қарсы, Роус вирусын тауық лейкозына қарсы, Шоуп фибромасының вирусын үй қоянының миксоматозына қарсы, балалардың қызылшасының вирусын ит обасына қарсы, шошқа обасының вирусын сиырдың вирустық диареясына қарсы, бактериялық обаның вакцинасын теңіз тышқанының псевдотуберкулезіне қарсы пайдалануға болады.
Қазіргі заманда әлсіретілмеген микроб вакцина ретінде өте сирек қолданылып, керісінше уыты әлсіретілген микроб штаммдарынан даярланған вакциналар кеңінен пайдалатынатын болды.
Әлсіретілген вакциналар ауру қоздырушы микробтың уыттылығы төмендеген штамының өсіндісі болып табылады. Бұл штамм өзіне тән уыттылығын белгілі мөлшерде төмендетіп, иммунитет тудыратын қасиетін мейлінше сақтауы қажет. Екінші сөзбен айтканда иммуногендігі толық сақталып, тек қана аз мөлшерде қалдық уыттылығы болуы керек. Вакциналық штамм организмге енгізілгеңде онда өсіп-өніп, өзіне тән ауру қоздырмауы керек. Бұл жағдайда организмде болатын құбылыс вакциналық процесс деп аталады. Оның нәтижесінде сол ауру қоздырушысына қарсы телімді иммунитет қалыптасады. Қазіргі көзқарас бойынша вакциналық процесс ауруға, тіпті оның жасырын түріне де жатпайтын дербес процесс. Вакциналық процесс кезінде организмде болатын өзгерістер зиянды патологиялық емес, керісінше пайдалы иммуно-морфологиялық болып табылады.
Әлсіретілген вакциналық штамм - ауру қоздырушының сапалық жағынан басқа биологиялық қасиеттерге ие болған жаңа бір қалпы деп есептеген жөн. Вакциналық штамм ретінде әлсіреген микробтың табиғи жағдайда пайда болған немесе эксперимент нәтижесінде жасанды жолмен алынған жаңа бір тармағы (клоны) пайдаланылады. Бұндай клондарды табу үшін ауру жануарлардан бөлінген микробтың көптеген штаммдарының арасынан сұрыптау жұмысын жүргізеді. Ал жасанды жолмен алу үшін ұзақ уақыт қоректік ортада өсіреді немесе әр түрлі жануарлардың денесі арқылы өткізеді , не болмаса әр түрлі мутогендік факторлармен әсер етеді. Мұндай жасанды мутанттар алудың әдістерін үш топқа бөлуге болады:
1. Химиялық әдістер: азот қышқылы, т.б. химиялық заттармен әсер ету.
2. Физикалық әдістер: ультракүлгін сәуле, температура, радиация, т.б.
3. Биологиялық әдістер: бактериофагтар, антибиотиктер, жануар организмі арқылы пассаж, т.б.
Әлсіретілген тірі вакциналардың алыну тарихына аздап шолу жасасақ, бұл әдістің негізін қалаған Л.Пастер топалаң микробын жоғары температурада (42,5-43° С) өсіру арқылы оның уыттылығын төмендетті. Жануарлар арқылы пассаж жасау да Л.Пастер тапқан әдіс. Ол құтырық вирусын үй қояны арқылы үздіксіз пассаж жасау арқылы вакциналық штамм вирус-фикс (fiхе - бекіту) алды.
Аталған әдіс вирустық инфекцияларға қарсы вакцина алу үшін кеңінен пайдаланылады. Алынған вакциналық штамдар пассаж жасау үшін пайдаланған жануарлардың түріне қарап әр түрлі атауларға ие болды. Мысалы, үй қояны арқылы пассаж жасалса, ондай штамм лапинделген (lаріnus - үй қояны), құс арқылы болса авинделген (avis - құс) деп аталады. Ал ұлпа өсіндісіне өсірілуге бейімделген штамм өсіндік, ал құс эмбрионында өсуге бейімделсе эмбриондық вакцина деп атау қалыптасты.
Соңғы кезде микроорганизмдердің вакциналық штаммдарын алу үшін генноинженерлік әдістер пайдаланыла бастады. Вакцинаны гендік инженерлік әдіспен синтездеу (құрастыру) үшін ауру қоздырушысының антигендік детерминанты үшін жауапты ДНҚ сегментін прокариот немесе эукариот жасуша жүйесіне енгізеді. Бұл әдіспен әр түрлі ауру қоздырушы микробтардың антигендік құрамын өзгертуге, не болмаса ауру қоздырмайтын сапрофитті микробка ауру қоздыратын микробтың антигенін көшіріп қондыруға болады.
Өлтірілген вакциналар. Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздырушы микробтарды әр түрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін бактерияларды тығыз немесе сұйық қоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс орындарында микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең тарауына байланысты көбінде сұйық қоректік орта пайдаланылады. Алынған микробтарды өлтіру үшін әдетте формалин, фенол, мертиолат (тиомерсал), ацетон, ал кей жағдайда жоғары температура, ультракүлгін сәуле, ультрадыбыс пайдаланылады. Осыдан келіп формолвакцина, фенол вакцина, мертиолат вакцина (тиомерсал вакцина), қыздырылған вакцина, дезинтеграциаланган (улътрадыбыспен талқандалған) вакцина, т.т. атаулар пайда болған. Осы аталған заттардың ішінде формалиннің әсері ерекше. Ол микробты өлтіріп қана қоймай, оның токсиндерінің улық қасиетін бейтараптайды. Формалинмен, бейтараптанған токсин анатоксин деп аталады, ол иммуногендік қасиетін толық сақтайды. Француз ғалымы Г.Рамон ашқан бұл жаңалық сіреспеге, дифтерияға қарсы вакциналар даярлауға мүмкіндік берді. Мұлдай вакциналар анатоксин вакциналар немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулардың емі
Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру
Маңқа ауруы
Жылқылардың маңқа ауруы
Маңқа ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Маңқаны балау, дауалау шаралары
Шекараны жұқпалы аурулардан қорғау
Індеттік процесс және қозғаушы күштер
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда жүргізілетін іс-шаралар
Пәндер