Электр тоғының әсер ету механизмі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ветеринар дәрігерге кей уақытта өзінен-өзі өліп кеткен жануарлардың
өлуі себебін анықтауға тура келеді. Мысалы: сап-сау жануар өзі-өзінен өліп
қалды. Бұндай жағдайда мал найзағайдың әсерінен өліп кетуі мүмкін.
Найзағайдың тоғының кернеуі миллионға дейін, қуаты жүз мың амперге дейін
болады. Жердегі заттар найзағай кезінде электр жинайды, мысалы: жалғыз
өскен ұзын теректер,зәулім-зәулім ғимараттар. Найзағайдың механикалық күші
және жылу энергиясы болады.
Найзағайдың бірнеше түрлері белгілі: өте қысқа мерзімді найзағай болады.
Мини секундтан секундқа дейін әсер етеді. Тарамдалған найзағай, біруақытта
жердің бірнеше жеріне әсер етеді.
Адам электр тоғымен зақымдалғанда күйіктердің орны қалады. Ал
жануарларда терінің ерекшелігіне байланысты ондай іздер байқалмайды. Өте
сирек жүннің күйген орны қалуы мүмкін. Айқын белгілер жоқ кезде арды
жануарлардың жатқан жерін мұқият қарау керек. Кейде айналасында жерде
ойықтарды көруге болады. Қазылып қалған шағын ойықтардың электр зарядының
өткен жері болып табылады.
Осындай өлім найзағайдан басқа электр тоғының әсерінен болады. Көп
себептердің бірі жарықтандырғыш желілердің үзіліп кетуінен жануар осы
сындырғы ілініп қалады, басып кетеді. Егер жануар сымдардың бір полюсін
аяғымен басып, екінші полюс денесіне тисе бірден өліп кетеді.
Электр тоғының әсер ету механизмі әлі толықтай зерттелген жоқ. Бірақ тоқтың
электро-химиялық, жылу және механикалық әсері бар екені белгілі.
Организмнен өткен тоқ ішкі органдарға айтарлықтай зиян келтіреді,
соның ішінде жүрек және өкпе. Тоқтың әсері алдымен бұлшық етте білінеді.
Өкпе бұлшық еттерінің жиырылуы тыныс алуды қиындатады. Жүректің қызметі
бұзылады, жүректің соғылуы нашарлайды. Егер тоқтың әсері ұзақ болса, тоқ
кіру және шығу жерінде ойылған күйіктердің орны болады. Қан кей уақытта
гемолизге ұшырайды.
Қора-жайды жарықтандыру үшін қолданылатын электр тоғы адам үшінде,
жануар үшін де өте қауіпті.
Электр тоғымен жарақаттанған кездегі өлімнің тағы бір себебі жануар
тыныс алу жолдарының салдануынан, асфексия болып табылады.
Найзағай, электр тоғы әсерінен болатын жарақаттарға диагноз қою
адамдарға қарағанда жануарларда қиын. Себебі жануарларда жергілікті
белгілер жоқтың қасы. Медицинада электр тоғанан болған жарақатты
анықтағанда электр белгілерге сүйенеді. Сым тиген теріде металл қалдықтары
қалып қойған жағдайда зақымданған жерді микроскопиялық әдіспен анықтайды.
Мардова Республикасындағы Краснослабодск районындағы Свабодный труд
колхозында қаңтар айы кезінде шамамен екі апта қатарынан торайлар қырылды.
Арнайы бактериологиялық, вирусологиялық, биохимиялық, химико-
таксикологиялық әдістерді қолданып зерттеу жүргізген кезде алиментарлы
инфекциялық аурулармен улану анықталған жоқ. Паталогоанатомиялық
зерттеулерден кейін біреуінде аорта доғасының айналасында аортаның жарылуы,
алө өзгелерінде қан қысымының көтерілуінен және қатты физикалық қысымның
әсерінен перикартқа қан толып, жүрек жарылған. Шошқа тұратын қора-жайдағы
техникалық рұқсаты жоқ электр жылытқышты айырғаннан кейін торайлардың
жаппай қырылуы тоқтады.

I. Әдебиетке шолу.
Жансыздандыру әдісін бағалаудың маңызды бір көрсеткіші жануар
организмінің физиологиялық күйіне әсер етуі болып табылады. П.Г.Сундуков,
Н.Я.Начатовтың (1982) ғылыми зерттеулерінде электрлік жансыздандырудың
жануар организміне кері әсерін тигізбейтіні, керісінше ынталандыратын әсер
беретіні анықталған.
Ю.В.храмов (1987) жүргізген жұмыстарда электр тоғын қойларды
жансыздандыру және ынталандыру мүмкіндігі бар екендігі баяндалады, алайда
қысқа мерзімді электрлік ынталандыру қойлардың физиологиялық күйіне әсері
жайында деректер жоқ. Организмге кез-келген әрекет жасау жануарлардың
физиологиялық жағдайына қандай да бір өзгерістер әкелуімен қатар көптеген
жағдайларда қан жүйесінде белгі қалдыратыны белгілі.
Электр тоғына деген қызығушылық оның организмге уытты әсер етпеуіне
орай туындалады. В.А.Гиляровский (1954) емдік-сақтандыру тежегіш әрекеті
ретінде электрмен ұйықтатуды ұсынған.
М.Д.Пастернак (1964) жүктілер токсикозын (уыттануын) емдеу үшін
электрмен ұйықтатуды зерттеген.
Ветеринарияда буаз жануарлар мен олардың ұрпағына импульсты тоқтардың
әрекет әсеріне аз көңіл бөлініп келген. 1973 жылы Н.Я.Наяатов электрлік
жансыздандыруды потогенетикалық терапия әдісі ретінде ұсынған.
А.Г.Сизинцев (1975) электрлік жансыздандыру газ алмасуы қарқындылығын
ынталандыратынын және азықтың қорытылуын жоғарылататынын анықтаған.
1996 жылы А.Б.Потрясов буаз сиырлар организміне ТКЭЫ (транскраниялды
электроынталандыру) әсерін зерттеп, қысқа уақыттық әсерлеу зат алмасуы
деңгейін жоғарылататынын атаған. Алайда, электроынталандырудың ірі қара мал
ұрпағына әсері аз зерттелген сала болып қала беруде.
Кейбір жағдайда ескеру қажет, бұрыңғы кезде қолданылған әдістер,
кейбір жерлерде қазіргі кезге дейін қолданыста жүрген әдістер (балта, балға
көмегімен естен тандыру). Ислам көзқарасы бойынша мүлдем тиым салынған
(харам), өйткені ол жануарларды қорлау, қинау, өлтіру болып табылатындықтан
адамгершілікке жатпайды.
Электр тоққа байланысты болса белгілі бір шешімге келместен бұрын
кейбір аспектіге тоқталып өтсек: Құранды анық және бір жақты қан мен
өлексеге тиым салынған. Аллах бізге өексе, қан, шошқа етіне және Аллахтың
аты аталмай өлтірілгендердің бәріне тиыйым салды. Ал мәжбүр болғандар,
күнәһар, қылмыскер болып саналған жоқ. Негізінен Аллах өте мейірімді және
кешірімді.
Исламда жеуге болмайтын өлексеге, жемтікке жататын өз өлімімен өлген
барлық жануарлар және мұсылман, христиан және иуда салтына сәйкес
өлтірілмеген жануарлар.
Электрдің әсері жануарды қимылсыз қалдыратындықтан, бұлшық еттердің
салдануынан қан сыртқа шықпайды. Кей уақытта жүрек бұлшық еттері де
салданады. Қанның көп мөлшері жануар ұшасында қалып қояды. Мұндай заттардың
жағдайы күмәндандырады. Бұрыңғы қағидаларға сәйкес бұндай еттерді пайдалану
үлкен күмән тудырады.
Электр тоқты қолдану кезінде жануарлардың сою кезіне дейін өліп
кетпеуіне кепілдік жоқ.Соның ішінде құстарға қатысты. Жануарлар электрдің
бірдей мөлшерін әртүрлі қабылдайды және әсер етеді.
Ғалымдар жүрек бұлшық еттерінің тоқтауынан жануардың өлімін байқаған.
Сондықтан, кейбір жануар электрошоктың әсерінен клиникалық өлімнен өтеді,
ал кейбіреуі өліп кетуі мүмкін. Электрошокты дұрыс пайдалану кезінде
жануарлар тоқтың әсерінен өлмейді, белгілі бір уақыт аралығында есінен
танып жатады.
Жауапкершіліксіздік пен немқұрайлық басым болған мына заманда бұл
әдістің әрдайым дұрыс орындалатынына кім кепілдік бере алады?
Кейбір қазіргі мұсылман ғалымдары (оқымыстылар) электр шогын қолдануға
болатынын айтады. Олапрдың қолдайтын себебі, электрошок қолданған кезде
жнуар өлмейді. Электрошокты қолдануға рұқсат бере отырып, олар мыналарды
ескертеді: Тыныштандыратын шоктарды құстарға мүлдем қолдануға болмайды.
Мұсылмандар отырысында осы сұрақты қарастыру кезінде мынадай шешім
қабылдады: Тыныштандыратын электр тоғын пайдалануға болады, жануардың өмірі
үшін қауіпті болмауы керек.
Сонымен қатар құрбан айт кезінде құрбандыққа шалынатын малдарды сойған
кезде электрошок қолдануға болмайды. Себебі жануарлардың бұл кезде қимылсыз
болуы шариғатқа қарсы болып саналады. Мұсылмандар мен иудалықтар жануарды
сояр кезде электрошок қолдануға қарсы шығушылар Құдайдың жазғаны жануарлар
сау болу керек және оларды зақымдамау керек, ал электрошок ол жануарларды
зақымдауға жатады дейді.
Электр тоғын қолдануға болады дегеннің өзінде де өлімге әкеліп соқтыру
мүмкіндігі болады, соның ішінде құстарға қатысты. Біздің жағдайымызда
жануарларды сою кезінде электрошокты еш кедергісіз қолдануға жіберсек:
салтқа, дәстүрге қарамайтындарға жол ашылады және сол тағамдардың
итекеткасына міндетті түрде халал деп жазбауға болар еді.
Қорытындылай келе, электртоқты қолдану не қолданбау туралы біржақты
шешім қабылдау өте қиын және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Тағам
ретінде тек халал тағамдарын қолданатын адамдар алдында үлкен
жауапкершілікті талап етеді.
Егерде шешімді ғылыми зерттеу нәтижелеріне және діни ілімдерді негізге
ала отырып қабылдаған болса, онда қабылданған шешім үшін күнә тағылмайды,
егер шешім қате болса да.

1.1 Электр тоғымен жарақаттанған кезде клиникалық белгілер.
Тоқпен жарақаттанған жануар қатты дыбыс шығарады, кеңірдекте спазма
байқалады. Тынынс алу мүшелерінің қатты жыртылуынан асфекция пайда болады.
Тері қабаттарының көгеруі болып, еріксіз несеп, нәжіс болінеді, бұлшық
еттері ауырады, құлақ шуылдайды, көздері жыпылықтайды, эмоциалық шок
болады. Есін білуі де, есінен тануы да мүмкін. Жарақаттың түріне мүмкін.
Тірі қалғандар да көптеген потологиялық процестер байқалады.
Электр тоғының әсер ету механизмі.
Электр тоғының әсері әр түрлі моменттердің жиынтығы. Жануар организмі
тоқ оту үшін қолайлы орта емес. Тоқтың әр түрлі органдар мен ұлпаларға әсер
етуі денедегі өту жолына байланысты. Өту жолы міндетті түрде плюстен плюске
дейін түзу болмайды. Көпшілігі ірі қан жолдары арқылы. Сондықтан денеден
өткен тоқ міндетті түрде жүректі бойлап өтеді. Дегенмен де, негізгі жол қан
жолдары деп айтуға болмайды. Көпшілігі ірі қан жолдары арқылы бұлшық еттен
кейін екінші орында деп санайды. Кейбіреулері тоқ тері кедергісінен өтіп,
жүйке жүйесі арқылы тарайды деп санайды.
Физико – химиялық процестер тірі организм немесе өлі материал болсын
тоқтың термикалық, электролитикалық және механикалық әсерінен туындайды:
* Организмде түзілген әр түрлі ерітінділерде көп болуы (бұларға
организмдегі барлық сұйықтық жатады) тоқтың электролитикалық
әсерімен түсіндіріледі.
* Электр жарақаты кезіндегі механикалық әсер: тез арада есінен
айырылып құлаған кезде өте қауіпті жарақат алып, кейде өліп кетумен
сипатталады. Көп жағдайда биіктен құлаған кезде.
Сонымен қатар электр тоғы әсерінен басқа өткізгіштен дене кері
лақтырудан өзге бөлек органдардың механикалыө зақымдары. Мысалы: терінің
жыртылуы, сүйектердің сынуы мен шығуы және тағы басқалар. Сынулар мен
шығулар электр жарақаты кезінде сіреспе, эппилепсия аурулары, электрошоктық
терапия кезіндегі гипогликемия кезінде ұқсас болады. Электр тоқтың әсерінен
бұлшық еттің қатты жиырылуын тудыратындықтан сүйектің сынуы мен бұлшық
еттің бір жерге жиналып қалған жерінде шығулар пайда болады. Кейбір уақытта
ішкі органдардың жарылуы байқалалды (бауыр, талақ, жүрек).
Өлім механизмі.
Өлімнің негізгі себебі болып: асқазанның фибрилияциясы мен жүрек
жұмысының тыныс алу кезінде тоқтауы болып табылады. Дене қатты дірілдеген
де өлім асфиксиядан (тұншығу) кеуде, кеңірдек, қарын бұлшық еттерінің
спазмасынан пайда болады және орталық тыныс алудың салдарынан және шоктан
өлім пайда болады. Жиі электр жарақат кезінде қазіргі заманғы ветеринария
жануар өмірін сақтай алады. Сондықтан электр тоғымен жарақаттанған жануарға
жақындау алдында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керек. 380 Вольттан
төмен электр тоғымен жарақаттанған жануар өздігінен тоқ көзінен ажырай
алмайды. Тоқ денеден өтіп, орталық жүйке жүйесін зақымдағасын жануар есінен
айырылады. Сондықтан алғашқы көмек жарақаттанған жануарды тоқ көзінен
ажырату.
2. Техникалық және атмосфералық электр тогымен зақымданудан өлу.
Электрлік жарақат техникалық және атмосфералық болып бөлінеді. Көп
жағдайда техникалық электр жарақат пен электр тогы өткізілетін желілермен
байланыс кезінде пайда болады. Кейде жоғарғы кернеулі тоқпен электр көзіне
жақындамай-ақ, электр жарақатын алуы мүмкін. Себебі электр желісіне жақын
тұрған кезде, тоқ доғаланып барып тиеді. Электр тоғымен зақымдану
жануарлардың тұяқтарын қатты басып жүргеннен де болады, себебі жердің
астымен өткізілген тоқ тұяқпен қатты басқанда табанға тоқ беріледі.
Техникалық электр жарақатын техникалық электр бұйымдарын қолдану
кезінде және басқада электр көздері арқылы алады.
Электр жарақаттарды көбіне электр желілерінен дұрыс қорғаныс болмаған
жағдайда, кей электр құрылғылары ісен шықан кезде, тағы басқа тоқ беретін
электр көздері арқылы және электр көзіне қауіпсіздікті сақтамай немқұрайлы
құрағанда алады.
Электр тоғы денеге өтіп тұйық цепь құрағанда жануар өледі немесе
денедегі тоқ вольтты доға құрағанда, от шашу болған кезде жануар электр
тоғынанг өледі. Электр тоғының әсері алыстанда өтеді. Кернеулігі өте
жоғары, соның ішінде от шашу түріндегі электр тоғының әсері 1-1.5м
аралығында да тоқ соғады.
Электр тоғымен зақымданудың тағы бір түрі адымды кернеудің әсерінен.
Бұндай жағдай көбіне жерге түсіп қалған немесе жер асты арқылы өткізілген
сымардың өте жоғары кернеулігінен болады. Тоқ көздерінің басталатын жерінде
кернеу төмен болады. Тоқ өткізгіш сымдардың кернейлігінің потенциалы әр
жерде әр түрлі болғандықтан, адымды электр деген атқа ие болды. Осындай
территорияға тап болған жануарлардың бір аяғы жоғарғы потенциалды жерде, ал
екінші аяғы төмен потенциалды аумақты басып тұрады. Сол себепті тоқтың
белгілі бір бөлігі жануарды жарақаттайды. Тоқтың әсер ету жағдайы электр
тоқпен жарақаттанған кезде ішкі және сыртқы факторлардың маңызы бар екенін
ескеру керек. Тоқтың түрлері: Өндірістік тоқтар, ауыспалы және тұрақты
тоқтар түрінде пайда болады. Ауыспалы тоқтың келтіретін жарақаты ауырлау
болып келеді. Себебі, тұрақты тоқтың қауіпі төрт есе төмен болады,
ауыспалыға қарағанда. Зақымдану кезінде маңызды рольді тоқ күші атқарады,
ал ол кезегінде кернеумен қарсы тұруға байланысты болады. Вольтпен
өлшенетін тоқтың кернеулілігін кез-келген уақытта анықтауға болады және ол
өмірге анағұрлым қауіп төндірмейді. Өмірге қауіпті болып келетін кернеудің
шекарасын анықиау өте қиын, өткені төмен не жоғарғы кернеудің жануар
өміріне қауіпті тербелісі де өте маңызды.
Әр түрлі кернеудегі тоқтардың барлығынан өліп кетуге болатынын естен
шығармауы керек. 10 вольт төмен кернеуі бар тоқ көзінен жарақат алып, өліп
кеткен жағдайда болған. Кейбір уақытта 7000-100 000 Вольт аралығындағы тоқ
көзінің жарақатынан аман қалған кездер де бар.
Ауыспалы тоқтың жиілік кезңінің де үлкекн маңызы бар. Неғұрлым қауіпті
болып келетін эксплуатация кезінде пайдаланатын кезеңінің мөлшері 40-70 Гц
болатын ауыспалы тоқтар. Жиілігінде 100 кезеңі болатын тоқтар аса қауіпті
емес, ал өте жоғары жиіліктегі 100 000-ға дейін кезеңі бар тоқтар 1 минут
мүлдем қауіпсіз болып келеді. Кейбір жағдайларда мұндай тоқтардан жарақат
алған, тіпті өліп кеткен жағдайлар белгілі.
Жағдайға байланысты әртүрлі қуатты тоқтар бірдей кернеу беруі мүмкін.
Жануарларды өлтіретін тоқтың күші 0.1-0.25 А-ға дейін, дегенмен мұндай
жағдайдың өзінде тербелістер байқалады. Кей уақытта тоқ күші 2-5 милиампер
тоқтан да жануарлар өліп кеткен жағдайлар болған, ал кей жағдайда бірнеше
мың амперлі тоқтан жануарлар тірі қалған. Бұның себебін былай түсіндіруге
болады: Көркем қуатты тоқ әсер еткенде, алдымен үлкен жылу эффектісі
беріледі, осы кезде ұлпа нөмірленеді. Нөмірленген жерлер тоқты мейлінше
ұстап тұрады. Кедергі шешуші фактор болып табылады. Өйткені, тоқ күші
кернеулігі кері пропорционалды. Кедергі Ом-мен өлшенеді. Жануар кедергісі
тоқтың кіру орнының кедергісінің өту жерлерінің және шығу орындарының
кедергісінің қосындысынан тұрады. Тоқтың өту жолдарының кедергісі әр бөлек
ұлпаның кедергісінің көлеміне байланысты. Сүйектердің тоққа қарсы кедергісі
өте жоғары болғандықтан, тоқты нашар өткізеді. Қанның кедергісі төмен
болғандықтан, тоқты өте жақсы өткізеді. Май, тері және бұлшық ет
кедергілері орташа болады.
Тоқтың кіру жеріндегі терінің кедергісі сол уақыттағы терінің
жағдайына байланысты. Құрғақ мазальды тері иоқты өте нашар өткізеді және ол
10 000 Ом-ға дейінгі кедергіге қарсы тұра алады. Ылғанды және терлегіш
келетін тері 1000 Ом-ға дейінгі кедергіге төтеп бере алады. Көбінесе кіру
жолы бас, ал шығу жолы аяқ.
Тоқ байланысы да роль атқарады. Тоқтың шығу кезіндегі кедергісі
жағдайға байланысты, мысалы: тоқтың шығып кетуіне кедергі жасайды, ал
егерде тоқ шығатын жерінен тез жерге шығып кетсе келетін зиянды жарақат
соғұрлым аз болады.
Аталған жағдайлардан басқа метеорологиялық жағдайдың маңызы бар.
Мысалы: жаңбырлы ауа-райы, құрғақ кезінде тоқ өткізбейтін заттарды сулап,
ылғалдап электр жарақаттарын тудыруы мүмкін. Қоршаған ортаның жоғарғы
температурасы жануарды терлетеді, осы кезде терінің кедергісі нашарлайды.
Тоқтың әсерін мықты дені сау жануарлар жақсы көтереді, ал жүрегі,
жүйке жүйесі нашар жануарлар тоқтың әсерінен алған жарақатқа шыдай алмайды.
1.3 Жануарларды тоқ соғудан қорғау.
Мал шаруашылығын дамытудағы жаңалықтардың бірі-ол шағын сүтті тауарлы
фермалар мен үлкен агроөнеркәсіптік кешендерде де электр қауіпсіздігін
орнпту болып табылады. Найзағай жануарды өлтіреді деген қағида баяғыдан
белгілі. Әдебиеттерде найзағай кезінде 2000 қой тобы, бір кезде 1000 қой
өлген топ. Найзағайдың соққысынан жылқылар мен сиырлар өледі. Тағы бір
найзағай кезінде 152 сиыры бар шаруашылықта 126 сиыр өлген деген ақпарат
берген. Кернеулігі 100 Вольт торды жасап шығарған кездің бір жылдарында
жануарларды гальваникалық тоқ зақымдайды деген қағида пайда болған.
Негізі бұндай жағдайда өлімнің себебі: адымды кернеу. Себебі: үзіліп қалған
электр сымның 100м қашықтыққа әсері болады. Себебі, жердің астында дұрыс
орналастырылмаған электр құрылғыларының бұзылуынан, үзілген сымдардың
әсерінен жануарлардың зақымдалуы тіркелген. Қазіргі кезде найзағайдан
қорғайтын құрылғыларды орнатқаннан кейін, малдардың электр тоғымен
зақымдалуы біршама азайды. Дегенмен де кең көлемдегі электрификация ауыл
шаруашылығының барлық саласында электр қолдану көбейіп барады. Соның ішінде
мал шаруашылық және құс шаруашылығында электр көзін өндірістік цехтарында
электротехникалық құрылғылардың күрделі түрлерін пайдаланды. Ауыл
шаруашылық энергетика даму үстінде. Ірі ауыл шаруашылық комплекстерде үлкен
электрленген цехтар құрылғылар, аппараттар қолданылады. Бұлар бір жағынан
өндіріс үшін өте тиімді де жеңіл болып келеді. Бір жағынан ауыл шаруашылығы
және құс шаруашылығы кәсіпорындарында электрқұрылғылары дымқыл бөлмелерде
орналасқандықтан, олардың сымдары көбіне жерде орналасқандықтан электр
апаттары болған жағдайлар тіркелген. Әр жағымсыз жағдайдан кейін электр
құрылғыларының қайтадан қауіпсіздігін өзгертеді. Дегенмен де ауыл
шаруашылығы кешендеріндегі қауіпсіздікті электр ұрылғылармен қамтамасыз ету
үшін, олардың құрылымын және тағы басқа жағдайды, әрбір қайғылы жағдайды
күту шарт емес. Сондықтан жануарлардың электр жарақатын тестілеу пайдалы.
В.П.Сакулин жануарлардың электр жарақатының тестісін жасады. Жануарлардың
эектр тоғымен жарақаттануы адамдардың ұмтылысына байланысты. Адам мен
жануарға электр тоғының әсерінде айырмашылық бар. Бірінші және маңызды
ерекшелік мынада: жануарлардың денесінен өтетін тоқ тізбектерінің 3 түрі
бар: аяқ-аяқ, қол-қол, тұмсық-қол. Қораның ішінде тұрған жануар мойнындағы
темір алдыңғы жағында болса, онда тоқ мойнынан өтпейді. Өйткені жануар
терісінің түсінің изомециялық қасиеті болады. Сондықтан тоқты жібермейді
немесе оны күшейтпейді. Осы бір жайт адамға қарағанда жануарлардың электр
тоғымен зақымдануында ұтымды болып келеді. Өндірістік кәсіпорындарда темір
жүйелер, құбырлар, су құбырлары көп пайдаланылады. Жануарлардың
зақымдалуының 2 қарапайым нысаны: ауыл шаруашылық фирмаларды
автоматтандырған су беру жүйесі пайдаланылады. Ол приборлардың
электродвигателі болады және оған жалғанған сымдар болады. Шамалы монтаждық
әсерінен, сонымен қатар эзоляцияны дұрыс бақыламаудың әсерінен сымдарда
ақау пайда болды. Осының салдарынан ылғалданып тұрған құбыр мен зақымданған
сымдардан шыққан тоқ шашырап, су ішуге келіп құбырға тиіскенде жануарлар
тоққа соғылып өледі. Тап осындай себекптен бір фирмада 30-ға жуық жануар
қырылып қалған. Екінші мысал: экплуатацияға жауапты маман сымдардың
эзоляциясын дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр өлшеуіш аспаптар
Ағып кету тоғын тексеру
Электр тогымен алынатын жарақат
ЭЛЕКТРЛІК ТОК ӘСЕР ЕТКЕНДЕ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ ПРОЦЕСТЕРДІ ТАЛДАУ. ЭЛЕКТР ТОКТЫҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЖАРАҚАТТАР
Электр қозғалтқыш таңдау
Айнымалы ток тізбегіндегі қуат
Жүктілігі 40 тонна көпірлік кранның автоматты электр жетегі
Электр жетек таңдау және дамыту
Мұнара кранының механизмдерінің электр жетектерін қарастыру
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы
Пәндер