Саздардың созымталдығы


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3 1. Шығарылатын өнімнің сипаттамасы. … . . . …. …… . . . 7
- 1. 1. Техникалық талаптар . . . 8
2. Технологиялық бөлім . . . 11
- 2. 1. Шикізатқа сипаттама . . . 132. 2. Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау … . . . 142. 3. Қабылданған технологиялық схеманың жазбасы … . . . 172. 4. Керекті технологиялық құрылғылардың саны . . . 19
3. Үздіксіз жұмыс атқаратын шар тәрізді диірмен . . . 20
4. Зауыттағы еңбекті қорғау… . . . 22
5. Қоршаған ортаны қорғау . . . 24
Қорытынды . . . …. . 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі……… . . . 26
КІРІСПЕ.
Керамика - деп keramike грек сөзі (keramos- сөз деген сөзден шыққан) -қыш өнері деген мағынада. Керамикалық деп әр алуан ылғалдықтағы, көпшілігінде минералдық немесе органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан түрлі тәсілдермен қалапталып және жоғары температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен бұйымдарын айтады.
Керамикалық материалдар мен бұйымдар өнеркәсібі қазіргі кезде бүкіл процестерді механикаланған және автоматикалынған өндіріс саласы. Мұндағы ең басты өндіріс процесі-қалыпталынып кептірілген шикі материалдар мен бұйымдарды пештерде жоғарғы температурада белгілі режимде өртеу. Сондықтан, бұл өндірісте шығарылатын өнімдер күйдірілген материалдар мен бұйымдар деп аталады. Керамикалық материалдар номенклатурасы орасан көп. Оларға жататындар: кәдімгі күйдірілген кірпіштер, түрлі мақсатқа арналған керамикалық тастар, черепицалар, құбырлар, электр айырушы материалдар мен бұйымдар, жеңіл толтырушылар және жылу оқшаулағыш материалдар (керамзит, перлит, вермикулит, аглопорит) және т. б толып жатқан түрлі керамикалық материалдар мен бұйымдар.
Керамика біздің ерте заманнан бері қолданылып келе жатқан өте көне материалдың бірі. Керамикалық өнеркәсіптің соңғы жүз жылдықтардағы дамуы орыс ғылымдарының еңбектерімен байланысты екенінде дау жоқ. Әсіресе акдемик В. И. Вернадскийдің және проф. А. П. Земятченскийдің керамика өндірісіне керекті шикізат қасиеттерін зерттеу жұмыстары, академик П. П. Будниковтың Д. Н. Полубояриновтың, А. К. Киптенко және т. б. ғылымдардың крамикалық материал өндірісін жетілудіру тұрғысындағы еңбектері, керамикалық өнеркәсіптің жан-жақты дамуына, сан-алуан құрылыстық керамиканы жергілікті шикізаттар негізінде қалыптасқан технологиясымен жасап шығаруға және санын көбейтіп, сапасын жақсартуға ғылыми-өндірістік әсер етеді.
Жақсылап дайындалған сапалы шикізаттардан технологиялық нақтылы режимде жасалынып күйдірілген материалдар мәңгілік жетерліктей басым және де түсі, фактурасы бойынша сырты ешбір қосымша өндіруді қажет етпейтіндей болып шығады.
Саздан жасалынып, жоғары температурада өртенген материалдар керамика технологиясында керамикалық шыны (черепок) деп аталады. Шикізат құрамына және қүйдіру температурасына байланысты керамикалық материалдар екі топқа бөлінеді: толық күйдірілген, сындырылған жері жылтыр, тығыз структуралы керамика-су сіңіруді 2-4 -дан аспайды (мысалы, фарфорлар, шала фарфорлар, жол кірпіші, еден плиталары және т. б) жарым-жартылай күйдірілген, сондықтан, кеуектілі керамика - су сіңіру 8-20 -ға дейін (толық денелі, қуыс денелі және жеңіл кірпіш, керамикалық тас, черепица, қаптаушы плиталар, дренажды құбырлар және т. б) . Тағы дөрекі (ірі) және жұқа (майда) керамикаға бөлінеді. Дөрекі керамика сынығы беркелкі емес, ірі түйіршікті структурасымен сипатталады (мысалы, құрылыс және шамот кірпіштері), ал жұқа керамиканікі-майда түйіршіктері, біртекті және бірыңғай боянған структура (мысалы фарфор, шала фарфор, фаянс) .
Керамикалық өнеркәсіпте қолданатын негізгі шейкі заттар- саздар мен каолиндер. Дегенмен, металлургия, электротехника, радиотехника өндірістерінде қолданатын аспаптар жасау қажеттігі және т. б. өндірістерінің қатандау және жеке талаптары таза тотықтар, карбидтер, нитридтер, боридтер және т. б. с. с. қосындылар негізінде отқа тұрақты, электроайырушы және т. б. техникалық керамика материалдарын өндіруге сабепкер болды. Олардың кейбіреулерінің балқу температурасы 3500-4 С дейін жетеді.
Әсіресе, металл мен керамикадан тұратын керамет деп аталатын бұйымдарының практикалық маңызы орасан зор. Ауыспалы құрамдағы отқа берік материалдар тамаша қасиеттері бойынша теңі жоқ қазіргі өндірістерде қолданатын жаңа материалдар өкілі. Бұл материалдардың бір беті қиын балқитын таза металдан тұрады да, екінші беті-отқа берік керамикалық материалдардан, мысалы, бериллий оксидінен жасалынады. Осы аталған екі қабат аралығындағы материалдар құрамы кілт өзгермей біртіндеп жұмсақ өзгеретіндіктен, материалдардың жылулық соққыға тұрақтылығы басым болады.
Көптеген техникалық керамика материалдарының қасиеттері саздан және каолиннен жасалынған бұйымдардың қасиеттерінен мүлде басқаша. Сондықтан, барлық керамикалық материалдар мен бұйымдарды бірлестіретін белгі ретінде оларды жоғарғы температурада күйдіріліп алынуын және өнадірісте ұқсас технологиялық тәсілдері (шикізаттарды өндеу және керамикалық массаны дайындау, материалдарды қалыптау, кептіру және күйдіру) қолдануын айтуға болады.
Керамикалық материалдарды және бұйымдарды әшекейлеу үшін және оларды сыртқы әсерлерден қорғап мәңгілігін қамтамасыз ету мақсатымен бетінангобамен немесе глазурмен сырлайды. Бұйымдарды әшекейлеу керамикалық бояуларды жағу арқылы орындайды. Отқа төзімді керамикалық жамылтқы металдарды тотығудан және жоғары температура әсерінен қорғайды.
Керамика бұйымдарының пайдаланулық және көркемдік-әшекейлік тамаша сапалары оларды тек қана құрылыста ғана емес, техника мен тұрмыста да кең қолданылуына арқа болды. Сонымен керамиканы құрылыстық, техникалық және тұрмыстық деп те ажыратуға болады.
Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдары арналулары бойынша былайша топталынады: қабырғалық материалдар-кәдімгі құрылыс кірпіші, қуыс денелі кірпіш және тас, кеуекті және жеңіл кірпіш керамикалық кірпіштен және тастан жасалынған қабырғалық блоктар мен панельдер үй фасадын ( үй қас мандайын) қаптаушы материалдар мен бұйымдар-беттік кіршіш және тастар, плиткалар іштей қаптаушы керамика материалдары- қабырғалар және едендер үшін плиталар мен плиткалар санитарлық-техникалық бұйымдар жол және жерасты коммуникациясы үшін- жол кірпіштері, құбырлар, жылу айырушы материалдары -жеңіл кірпіш және фасонды бұйымдар, қышқылға төзімді керамика-кірпіш, плитка, құбыр және т. б. отқа төзімді керамикалық материалдар және толтырушылар-түрлі керамикалық бұйымдар, керамзит, алгопорит, перлит, вермикулит және т. б.
1. Шығарылатын өнімнің сипаттамасы.
Саздардың созымталдығы
Созымталдық деп - саз илеменің сырттан түсетін механикалық күштің әсерімен тұтастығын бұзбай (бөлінбей және жарылмай) деформациялануын және күштің әсерін тоқтатқанда, қабылданған пінін сақтайтын қабілетін айтады. Керамикалық бұйымдардың қалыпталынуы саздардың осы қасиетіне негізделген.
Құрғақ саз қолда оңай сүзіліп тұрады. Оған біртіндеп суды қоса араластыра бастаса, саз созымдалына түседі, бірақ бір шекке дейін. Одан әрі суды қоса берсе, саз сұйықтанып қолға жабыса бастайды. Керекті мөлшердегі сумен жақсы араласқан саз илемесі, саусақпен қысыңқырағанда ыдырамайтын және қолға жабыспайтын саздар нормальдық қоюлығына сай су мөлшерімен араласқан істік саз болып саналады.
Созымтал масса алу үшін қажетті су молшері саздың қасиеттеріне, әсіресе ондағы саздың- майда түйіршіктердің және құмның мөлшеріне байланысты болады. Жұмсақтығы басымдау саздарда құм аздау және саздық заттар көптеу болады да, нормальды қоюлық илеме үшін суды көбірек талап етеді. Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын жасау үшін жұмсалатын саздық массаны 17-25% аралығындағы су мөлшерімен араластырып дайындайды (ылғалдылығымен сазды 100% алады)
Созымталды саздық массадағы саздың рөлі былайша түсіндіріледі: құрғақ сазды суландырғанда судың молекулалары (диполдары) саз минералыны4 түкті түйіршіктер арасына тартылады, сөйтіполардың беттерінде адсорбталған су қабаты құралады. Сондықтан саз ісінеді. Бұл адсорбталған су қабаттары түйіршіктердің өзара жылжуын жеңілдететін жағылған май рөлін орындайды. Сондықтан сумен араласқан саз оңай қалыптанушы саздық масса болып шығады. Неғұрлым саз созымтал жұмсақ. соғұрлым жақсы қалыптанушы саздық масса алу үшін суды көбірек қажет етеді және соғұрлым ауалық отырылуы үлкен болады.
Созымталдығы нашар саздың суқұмарлығы(нормалдық қоюлығы) яғни жақсы қалыптанатын саз массасын алу үшін су мөлшері 17-20%, ауалық отыруы 5-7%. Созымталдығы орташа саздың суқұмарлығы 20-28%, ауалық отыруы 7-10%. Созымталдығы жоғары саздікі- 28-35%, ал ауалық отыруы - 10-15%.
Саздар созымтал жұмсақтығы бойынша үшке бөледі: (созымталдығы) жұмсақтығы нашар, орташа және жақсы.
Керамикалық құрылыс материалдары мен бұйымдарын (керамикалық кірпіштер, тастар және т. б. ) жасау үшін қолайлы созымталдығы (жұмсақтығы) орташа сыз. Саз созымталдығының техникалық көрсетеіші ретінде созымталдық саны қабылданған.
Саз массасын созымталдық тәсілмен дайындау жұмысы мынадай процестерді қамтиды: сазды карьерден шығаруды, оны және құнарсыздандырғыш қоспаларды майдалауды, оларды алдын-ала араластырып ылғалдауды, шихтаны ұлпа етіп майдалауды және саз массасын дайындауды. Осы аталған процестерді тек мұқият орындағанда ғана, жақсы сапалы керамикалық бұйымдар алуға мүмкіндік туады.
Алдын ала араластыру үшін араластырғышқа ұсақталған сазды және өлшемдеп салады. Керек болған жағдайда ғана суды немесе буды береді. Созымтал саз массасын толық ұнтақтауды тегіс немесе тісті бетті жанышқыларда, жүгіртпелерде және басқа жабдықтарда орындайды.
Кесте 1. 1
Атауы
(Өнімнің түсі)
Бірлік кірпіш
(Қызғылт)

Тас
(Қызғылт)

Бірлік кірпіш
(Ақшыл кремді)
(Қою қоңыр)

Іріленген тас
(Ақшыл кремді)
(Қою қоңыр)
Тас
(Ақшыл кремді)
(Қою қоңыр)

Техникалық қасиеттері мен тығыздығына байланысты (көлемдік массасын) тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіш үш топқа бөлінеді:
- тиімді, қарапайым кірпіштен жасалған, қабырғаның техникалық қасиеттерін жақсартады және қабырғаның қалыңдығына қарағанда жіңішке келеді. Бұл топқа тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес кірпіш және тығыздығы 1400 кг/м3-ден артық емес тастар жатады;
- қатысты тиімді, жабын конструкциялардың жылу-техникалық қасиеттерін жақсартады. Бұл топқа тығыздықтары 1400 кг/м3жоғары кірпіштер мен тығыздығы 1450-ден 1600 кг/м3-ге дейінгі тастар;
- тығыздығы 1600 кг/м3-ден жоғары болатын қарапайым кірпіш;
Кірпіштер мен тастардың массасы МЕСТ 22951-78 талаптарына сай болу керек. Тығыздығы бойынша кірпіштер мен тастар мынадай маркаларға бөлінеді: 300, 250, 200, 175, 150, 125, 100, 75.
Аязға төзімділігіне байланысты Мрз 15, Мрз 25, Мрз 35 и Мрз 50 маркаларына бөлінеді.
1. 1. Техникалық талаптар.
Кірпіштер мен тастар стандарттың талаптарын қанағаттандыру керек және дайындалуы белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуі қажет.
Кірпіш пен тастардың қысқандағы және игендегі беріктік шегі 1. 2. 1. кестеде берілгеннен аз болмауы керек.
Қарапайым кірпіштің пішіні параллелепипед тәріздес, тік қабырғалы және бұрышты, беткі жағы тегіс және өлшемдері 250×120×65 немесе 250×120×88 болуы қажет. Беткі жағы бұдыр болуы да мүмкін. Радиусы 15мм -ге дейін дөңгелектелінген бұрышты кірпіш пен тастарды өндіруге рұқсат етіледі. кірпіштер мен тастардағы қуыстар жазықтығына параллель немесе перпендикуляр орналасу керек және олар түбіне дейін тесік (сквозные) не тек ойық болуы мүмкін. Түбіне дейін тесік цилиндрлік қуыстардың диаметрі 16 мм-ден артық болмауы керек, ал ойық қуыстардың диаметрі - 12 мм-ден артық болмауы керек. Диаметр несквозных пустот не регламентируется. Размер горизонтальных пустот не регламентируется. Сыртқы қабырға кірпіштері мен тастарының қалыңдығы 12 мм-ден кем болмауы керек.
Практика жүзінде өлшемдері дәл болатын кірпішті алу мүмкін емес, сондықтан да мемлекеттік стандартқа сай белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштерден ауытқу келесілерден аспау керек:
Кесте 1. 2
Кірпіштің аяғына дейін күйдірілмеуі және күйіп кетуі жарамсыз болып табылады, ондай бұйымдарды тұтынушыға ұсынуға болмайды.
Әктік қоспалар сынақтан өткізгеннен кейін бұйымдардың бетінде жарықшақтардың пайда болуына әкеледі, сондықтан кірпіш бетіндегі жарықшақ ұзындығы 5-10 мм-ден болатын саны үштен артық болмауы керек.
Тұрақты массаға дейін кептірілген кірпіштер мен тастардың су жұтымдылығы толық денелі кірпіштер үшін 8% аз болмауы керек, ал қуыс денелі бұйымдар үшін - 6% кем емес.
Сумен қаныққан күйдегі кірпіштер мен тастар қандай да болмасын ақауларсыз (жарықшақтың пайда болуы, үгітілуі, түсінің өзгеруі) аязға төзімділігі бойынша маркаларына байланысты кезектесіп қатыру мен ерітудің 15, 25, 35, және 50 цикліне шыдау керек.
Иілу мен сығуға беріктігі 1. 3 кестесінде көрсетілген.
Кесте 1. 3
Сапа жағынан жоғары катергориялы кірпіштер мен тастар мына талаптарды қанағаттандыруы керек:
- қуыс денелілер эффективті не қатысты эффективті және беріктігі бойынша 100ден кем емес маркалы болуы керек;
- толық денелі кірпіштің маркасы беріктігі бойынша 150ден кем болмау керек;
- бұйымның аязға төзімділігі Мрз 25-тен кем болмау керек;
кірпіш пен тас жалпы көлемі бойынша сынықтары 3% артық болмау керек.
Берілген курстық жұмысымда есептеулер толық денелі кірпіш шығару бойынша жүргізілді. Өлшемдері:
- ұзындығы 250 ± 5 мм;
- ені 120 ± 4 мм;
- қалыңдығы 65 ± 13 мм.
Кірпіш құрылыста ғимаратардың сыртқы және ішкі қабырғаларын және т. б. элементерін тұрғызу үшін, сонымен қатар қабырғалық панельдер мен блоктар жасауда қолданылады.
2. Технологиялық бөлім.
Кірпішті таза саздан немесе созымталдығы жоқ төмен қоспалары бар саздардан жасайды. Көбіне шихта құрамына күйген қоспалар қосады.
Кірпіш дайындау үшін жеңіл балқымалы саздар негізгі шикізат болып табылады. Бұл таулы жыныстар сумен араластырғанда созымталды қамырға айналып, 800-1000°С температурада күйдіргенде тас тәрізді материал пайда болады.
Жеңіл балқымалы саздар жауын-шашын жыныстарына жатады. Кірпіш өндірісінде көп қолданысқа ие болған: элювиалды, гумидті, аллювиалды, теңізді және т. б. саздар.
Қабырға материалдарын өндіруге қажет саздың қолдану мүмкіндігін анықтау үшін оның түйіршікті, химиялық және минералогиялық құрамын, созымталдығын және технологиялық қасиетін білу керек.
Кірпіш өндірісінде сазды фракция құнды болып саналады, олардың құрамы 20℅-дан артық болмауы тиіс.
Саздың құрамында шикізаттың технологиялық қасиеттерін арттыратын Al 2 O 3 глиноземнің болуы маңызды: жеңіл балқымалы саздарда оның мөлшері 10-нан 15% дейін болады. SiO 2 кремнеземнің құрамы 60-75% мөлшерінде болады. Сазды кремнеземнің бөлігі сазды түзетін минералды байланыстыратын күйде және байланыстырылмаған күйде қалдық материалдар қасиетіне ие болатын қоспа ретінде болады.
Кальций саздардың құрамында карбонат және сульфат күйінде, ал магний доломит күйінде болады. Саздың кейбір сорттарында кальций мен магний оксидтерде (СаО және MgO) 25%-ға жетеді, бірақ олардың жалпы құрамы 5-10%-дан аспайды. Көбіне кальций мен магнийдің қосындысы керамикалық бұйымдардың пісірілуіне және беріктігіне қарсы әсер етеді. Сазды құрамның 20% көп карбонатты қоспаларда олар сәйкес өңдеусіз немесе байытусыз қолданыла алмайды. Темірдің, титанның, марганецтің және басқа да металдардың саздарда 10-12% мөлшерінде болады және керамикалық бұйымдардың маңызды қасиеттеріне қатты әсер етеді. Ең көп әсерді саздардың құрамында Fe 2 O 3 оксиді және Fe(OН) 3 гидроксиді түрінде болатын темірдің оксидтері және MnO 2 марганец оксидтері тигізеді. Олар бұйымдардың пісу қабілетін жақсартып, түсін өзгертеді.
Калий және натрий саз құрамына қышқыл оксиді ретінде енеді және оның құрамы 3, 5-5% мөлшерінде болады.
Күкірт сазда әртүрлі қосынды түрінде болады, оның құрамы қабырға керамикалық бұйымдардың сапасына әсер етпейді.
Органикалық заттар көбінесе саздардың құрамына 5-10%-дай болады. Бұйымдардың күюі кезінде олар жанып кетіп, қаңқалардың кеуектілігін арттырады. Саздардың құрамында органикалық заттардың, сулардың және карбонаттардың (СаСО 3 , МgCO 3 ) болуына байланысты қамырға айналу кезінде жою көрсеткіші болады.
Кірпішті саздың химиялық құрамы проценттік шамада төмендегі кестеде көрсетілген.
Кесте 2. 1
Саздың негізгі қасиетін анықтайтын саз түзуші минералдар көбінесе құрамында кремнезем және темір оксидтері, сонымен қатар, карбонаттар және суда еритін металдардың әртүрлі тұздары болатын аллюминийдің гидросиликаты ретінде келеді.
Саздардың ең маңызды қасиеті болып созымталдығы табылады, яғни оған су қосқан кезде сыртқы күш әсерінен әртүрлі пішінді қабылдай алатын және сыртқы күшті тоқтату кезінде оны сақтай алу қабілеті.
Пластикалық емес материалдар ретінде ірі түйіршікті құм, шлак, дегидратталған саз, шамотты қолданады, жанып кететін қоспа ретінде - ұсақталған көмір, торф және ағаш үгінділері қолданылады. Сонымен қатар саздардың табиғи қасиетін жақсартатын қоспаларды қолданады.
2. 1. Шикізатқа сипаттама.
Керамикалық кірпіш өндірісінде негізгі компонент ретінде Ақжайық ауданы, Ілбішін кенорнының сазын қолданамыз. Бұл саз кептіруге орташа созымтал, орташа дисперсті, орташа сезімтал болып келеді.
Кесте 2. 2
Саздың химиялық құрамы, %
Саздың карьерлік ылғалдығы - 19 % артық емес.
Созымталдық саны - 20.
Кептіруге сезімталдық коэффициенті - 1, 55.
Жалпы отыруы - 11, 4%.
Ауалық отыру - 7%.
Саз кептіруге орташа созымтал және орташа сезімтал болғандықтан, созымталдықты, отыру коэффициентін және кептіруге сезімтал коэффициентін азайтатын қоспаларды қосу керек. Саз кірпіштің жоғары беріктігін қамтамасыз ететіндіктен, түзейтін қоспаларды - ағаш үгінділерін қосу ұсынылады. Ұсақталған ағаш үгінділері пішіндеу кезінде созымталдықты төмендетуге көмектеседі, ылғал беруді жақсартып және ауалық отыруды азайтатын болғандықтан, өнімнің және кептіргеннен кейін жартылай фабрикаттың беріктігін арттырады, талшықтарымен салмақты шегендеу арқылы кептіру кезіндегі отыру коэффициентін төмендетеді.
Күйдіру процесі кезінде олар жанып кететін қоспаретінде қолданылады. Солай олар бұйымдардың бірқалыпты жылуын қамтамасыз етеді, және дайын бұйымның кеуектілігін арттырады. Кеуектіліктің артуы кірпіштің салмағын азайтады, жылу- және дыбысоқшаулағыш қасиетін төмендетеді және бұйымның беріктігін біраз төмендетеді.
Жанып кететін қоспа ретінде ағаш үгінділері қолданылады(ТУ-313-64) . Үгінділердің ылғалдылығы 30% артық емес, гранулометриялық құрамы: фракция құрамы 5 мм-ден артық жіберілмейді; 1-ден 5 мм-ге дейін - 85%; 1 мм-ден аз - 15%.
Қалдықты қоспа ретінде шамот қолданылады. Оның ылғалдылығы - 5-9%. Гранулометриялық құрамы: түйіршіктің ірілігі 1-ден 5 мм-ге дейін - 85%; 1 мм-ден аз - 15%. Фракциялық құрамы 5мм-ден артық жіберілмейді. Шамотты қосу пішіндеу кезінде созымталдығын төмендетіп, кептіру кезінде отыру коэффициентін азайтуға және бұйымның беріктігін арттыруға көмектеседі.
2. 2. Өндірістегі технологиялық сызбаны таңдау.
Шикізатты зауыттық жағдайда сынау үшін учасканың ортасында орналасқан шурфтан массасы 5-20 т жалпы сынама алады. Әдетте, мұндай зерттеуді ғылыми институтының эксперименталдық цехында немесе зауыттық жағдайда, тек бұрынғы лабораториялық зерттеу нәтижелерінде негізделініп, берілген өндіріс параметрлерін тиянақты бақылаумен жүргізіледі. Сынау жұмысын орталық және зауыттық лабораториялар мамандарын қатыстыра жүргізген дұрыс болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz