Жасанды Кеуек материалдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1.1 Гипстік байланыстырушыларын өндіру үшін қолданылатын
шикізаттар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Гипстік және гипс-бетондық бұйымдары, олардың қолданылуы ... ... 12
2.2.Гипстік немесе гипсбетондық бұйымдар өндіру технологиясы ... ... . .14
2.3 Цехтың жұмыс режимі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3. Қоршаған ортадағы және технологиялық процесс кезіндегі
қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылатын әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Кіріспе
Жылуөткізбейтін деп жылу өткізгіштігі аз үйлерді, басқа да ғимараттарды, жылу өндіретін агрегаттарды немесе оны таситын құбырларды жылу шығынын сақтайтын материалдар мен бұйымдарды атайды. Жылу өткізбейтін материалдың жылу өткізгіштік коэффициенті 0,18 Вт(моС)-тан төмен болуы, ал тығыздығы 600 кгм3нан жоғары болмауы керек. Материалдар құрғақ болмауы және ылғыл тартқыш болмауы керек, өйткені материал ылғылданса жылу өткізгіштігі өседі, ал егер ол органикалық материал болса шіруі де мүмкін. Жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдардың түрлері өте көп. Құрылыс нормалары мен ережелері 100-ден аса жылу өткізбейтін бұйымдардың қасиеттері мен өлшемдеріне шарт қояды. Бұл материалдар оларды өндіру үшін қолданылатын шикізатқа сырнтқы түріне сығылу қабілетіне байланысты топтастырылады. Пайдаланылатын шикізатына қарай олар органикалық және бейорганикалық (минералды) деп екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа ағаш талшықтары джәне жоңқалары негізінде жасалатын тақталар, жылу өткізбейтін пластмассалар қамыстан істелінген тақталар, т.б.жатады. Екінші тараған топқа минералдық мақта (мысалы, шыны талшықтары) және одан өндірілетін бұйымдар, асбест талшықтарынан жасалған бұйымдар, кеуекті шыны (көбік шыны) түйірлері кеуектелінген перлит , вермикулит, т.б.жатады. Екінші топқа қатысты материалдар көбінесе ыстық беттерді (жылу шығаратын агрегаттарды, мысалы қазандарды) жабу үшін қолданылады.
Сыртқы пішініне қарай жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар дана және сусымалы деп бөлінеді. Дана бұйымдар оларға тиісті форма (өлшем) бері, яғни қалыптау арқылы жасалынады. Сусымалы материалдар талшық не түйір ретінде өндіріледі. Сығылуға қабілеттігі бойынша жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдар қатты, қатаңдығы жоғары, қатаң, жартылай қатаң және жұмсақ болып бөлінеді. Бұл материалдар мен бұйымдардың үлгілеріне 2000 Па жүк түсірілгенде олардың салыстырмалы деформациясы 30%-тен жоғары болса, оларды жұмсақ (Ж), сығылуға қабілеттілігі 6...30% аралығында болса жартылай қатаң (ЖҚ), салыстырмалы деформациясы 30%-тен көп емес болса қатаң (Қ) деп атайды. Егер сынағанда жылу өткізбейтін материалдар мен бұйымдарға 4000 Па және 10 кПа жүк түсірілген болса және олардың сығылуға қабілеттігі 10%-тен көп болмаса, онда оларды сәйкесінше қатаңдығы жоғары немесе қатты деп атайды. Материал ылғалданса оның жылу өткізгіштігі тез өседі, өйткені судың жылу өткізгіштігі 0,58 ВтмоС, яғни ауаның жылу өткізгіштігі 25есе көп. Белгілі бір шекте (саңылаулардың түріне байланысты) жылу өткізгіштік материалдардың ылғалдылығына (кw) тура пропорционал өседі.

λw = λk + δwk

Мұнда λw және λk - материалдың 1% көлемдік ылғалдығына келетін өсімі, ол оң температурада 0,002 ВтмоС, ал теріс температурада 0,004 ВтмоСға тең.
Органикалық жылу өткізбейтін материалдарды қолдану температурасының шегі 60-пен 1000 С аралығында. Олардың шіруге төзімділігін, яғни микроорганизмдер, бактериялар, саңырауқұлақтар және құрт құмырсқаның кейбір түрлерінің әсеріне қарсылығын өсіру үшін оларды жасауда қолданылатын шикізаттар антисептиктермен және улы заттармен өңделінеді.
Сыртқы қабырғаны жылу шығынан сақтау және тоңазытқыштарды қорғау үшін пайдаланылатын материалдар аязға төзімді болу керек.
Кеуек материалдар - тұйық немесе бір-бірімен өзара жанасатын қуыстары бар табиғи және жасанды құрылыс материалдары. Кеуек материалдар қуыстарының көлемі 30 - 80% материалдар жатады. Кеуек материалдардың көлемдік массасы аз, беріктігі төмен, жылу мен дыбысты нашар, ал бу мен газды көбірек өткізеді. Жұмысқа төзімділік қасиетіне байланысты бұл материалдар кеуектілігі төмен, орташа және жоғары болып үш топқа бөлінеді. Табиғи Кеуек материалдар ға кеуек тау жыныстары мен минералдар (пемза, вермикулит, қабыршақтас, диатомит, т.б.), ал жасанды Кеуек материалдарға кеуек шыны, кеуек гипс, кеуексиликат, керамзит, жеңіл бетондар, т.б. жатады. Кеуек материалдар термиялық және хим. жолмен, массаға сұйық заттарды қосып, қатайған кезінде кептіру жолымен немесе алдын ала кеуектелген толтырғыштар мен көбікті пайдалану арқылы алынады. Жасанды Кеуек материалдар. - кеуек гипс алу үшін суға шыланған гипске (14 бөлік гипс, 34 бөлік су) канифоль желімінен жасалған көбік, т.б. араластырып қалыпқа құйып, қатайған соң кептіргіш камераға жіберіледі. Кеуек гипстің тығызд. 400 - 800 кгм3, беріктігі 5 - 10 кгсм2, кемшілігі дымқыл тартқыштығында. Кеуек гипс жылу өткізбейтін материал есебінде үй қабырғаларына қолданылады. Кеуек магнезит каустикалық магнезиттің ерітіндісіне арнаулы көбік араластыру арқылы алынады. Оның ең тиімді қасиеті - көлемінің өзгермейтіндігі.

1.1 Гипстік байланыстырушыларын өндіру үшін қолданылатын
шикізаттар
Қазіргі құрылыс практикасында керамикалық, силикаттық, бетондық және қабырға қалау материалдарымен қатар гипс негізінде жасалынатын қабырғалық материалдарды қолдану да дамып келеді. Сондықтан осы уақытта гипс байланыстырушысын және соның негізінде жасалынатын материалдар мен бұйымдарға үлкен көңіл аударылып келеді. Гипсті және одан жасалынатын бұйымдарды қолдану энергия және материал шығындылығын төмендетудің және құрылыстың техникалық дәрежесін көтерудің қайнар көзі болып есептелінеді. Мысалы 1т гипс байланыстырушысын алу үшін, отын шығыны 1т цемент алғанымен салыстырғанда 4 есе аз, сондай-ақ, өндіріске қаражат шығыны 2 есе тқмен технологиядағы еңбек өнімділігі жоғары. Гипс зауытында технологиялық жабдықтың металл сыйымдылығы цемент зауытына қарағанда 3 рет аз. Сонымен қатар, гипстен жасалынған қабырғалық материалдар отқа және биотұрақтылығымен, гигиеналығымен ерекшеленеді. Әсіресе жылу және дыбыс қоршығыштық қасиеттері басымдау келетін кеуектендірілген гипстік материалдарды пайдаланудың келешегі зор.
Польшада бір отбасылық үйдің сыртқы және ішкі қабырғасын қалауға қуыс денелі гипстік элементтерді BSP пайдаланады. Олардың маркасы Г-3 және Г-4 гипстен ұстасуын баяулататын ешбір қоспалар қолданбай және қалыптарға немесе кассеталық қалыптарға 5 данадан құйып жасайды. Қалыптанушы араластың СГ қатынасы өндіріс жағдайына байланысты 0,5-0,85 аралығында өзгереді. Қуыс денелі гипстік элементтерден қабырғаны қалау үшін құрамы 1:3 (гипс:құм) гипстік ерітіндісін немесе құрамы 1:2:0,5; 1:3:0,5; 0,5:2:1 (гипс:құм:әк) гипсті әктік ерітінділерін қолданады.
Польшада қуыс денелі гипстік тастың жаңа түрі патенттелінген. Оны бір пәтерлік үйдің сыртқы және ішкі қабырғаларынкөтеруге қолданады. Басты бір қуыс денелі тасты жасауға 8,5 кг құрылыс гипсі және 5,5 су кетеді. Бұларды арнаулы қалыптарда жасайды.
Мұндай тастардан сыртқы қабырғаларды көпқабатты етіп орындайды. Демек олардың көтергіш қабаты гипс тасынан, жылуқоршағыш қабаты минералдық мақтадан немесе пенополистиролдан және қаптаушы қабаты керамикалық плиткалардан ерітінді сылағынан немесе басқа өңдеуші материалдардан тұрады.
Үй қабырғасын көтергенде қуыс денелі тастарды бірінің үстіне бірін ерітіндісіз жарты тасқа ығыстыра орналастырады. Бәрақ қалайда тік қуыстар бірінің үстіне бірі орналасқан қабырғада диаметрі 150 мм канал құрулары қажет. Одан кейін қабырғаның түріне байланысты, бұл каналдар бетон араласпасымен немесе гипс ерітіндісімен толтырылады. Әрбір төртінші канал көтеруші тірек болып саналады.
Бірнеше шет елдерде фосфогипстен қабырғалық тастарды өндіру дамып келеді. Мысалы, ірі фирмаладың бірі Salzgitter jndustriebau СутВН атты ГФР фирмасы, гипстен және фосфогипстен қабырғалық тастарды пресстеу тәсілімен жасайды.Оларды салмақ түсетін және салмақ түспейтін қабырғаларды көтеруге, сыртқы және ішкі қабырғаларды өңдеуге қолданады.
Тастардың мөлшерлері, мм: ұзындығы 249-365, ені 115-300, биіктігі 71-238. Гипстік тастар тығыздығы жоғарылау болады 1600-1800 кгм3 . Отқа беріктік шегі, 180 мин., бетондікінен едәуір жоғары, дыбыс қоршағыштық қасиеті тығыздығына байланысты және силикаттық кірпіштің дыбыс қоршағыштық қасиетімен теңдесе келеді. Гипстік тастардың қысқандағы мықтылығы тығыздығынығ өскендігіне сәйкес өседі: тығыздығы 1600, 1700 және 1800 кгм3 болғанда мықтылығы соған сәйкес 17,5; 21 және 25 МПа болады(фирма проспектасы Salzgitter jndustriebau СутВН, ФРГ).
Фирма Spic Batigno I les (Франция) басқа фирмалармен бірлесіп ұялы кеуекті фосфогипстен қабырғалық тастар шығаруға маманданған. Бүл тастар ешқандай арнаулы жабдықсыз бірінің ойығына екіншісінің қыры қиылыса кіріп, оңай ақ жиналады. Оларды үйдің ішкі және сыртқы қабырғаларын көтеруге, сондай ақ үйдің қаңқаларын кқтеруге қолданады. Мұндай тастардан қаланған сыртқы қабырға бетіне қорғағыш сылақ қажет.
Дегенмен гипстік қабырға материалдарын құрылыста бұдан да кең қолдануына олардың сынғыштығы және игендегі мықтылық көрсеткішінің төменділігі айтарлықтай кедергі болуда. Гипстік материалдардың мықтылық және пайдаланулық көрсеткіштерін жақсартудың бір жолы олардың талшықты компоненттермен арматуралау және суға шыдамдылығын асыру.
Фирма Gipsbouw (Нидерландия) қуыс денелі гидрофобталынған гипстік тастарын жасауды ойластырып тапқан. Бұл тастардан бір пәтерлік аз қабатты үйлердің сртқы қабырғасын қалау барысында олардың қуыстарын бетон араласпасымен толтырады. Гидрофобталынған гипс тастары атмосфералық суды және жаңадан құйылған бетондағы суды өзіне сіңірмейді. Мұндай тастардан қаланған қабырға қуыстарын бетонмен толтырғаннан кейін бірден жүк тиелмеген жаппа салмағын өзіне түсіре алады. Тас мөлшерлері 300 х 299 х 500 мм. Біреуінің массасы 19,3 кг. Тас қабырғасының қалығдығы 40 мм. Қабырғаның толмай тұрған жерлерін құрылыс барысында стандартты қуыс денелі тастардан керекті бөлігін тіліп алып толтырады. Тұтастандырылған гипс тастарынан қаланған қабырғаның бет тығыздығы 500 кгм3 , дыбыс қоршаушылық қасиеті жақсы, жылу өткізгіштік коэффициенті 0,27 вт(мК). Гипс тастарынан қаланған қабырға беті дыбыс үдемелігін қте қысқа уақыт ішінде азайтып, үй ішінде жағымды микроклимат тудырады.
Гипстен жасалатын қабырғалық бұйымдардың асыру проблемасын ГФР зерттелген. Соның нәтижесінде қабырғалық бұйымдар жасау үшін кеуекті гипсті қолдану экономикалық жағынан тиімді болытыны пайымдалған. Ал, көбікті полистирол гранулдары немесе күптірілген перлит қосылған тығыз гипстің игендегі мықтылығы бойынша эффект болмайтынды,ы дәлелденген. Ұзындығы 12 мм шыны талшықтарын гипске қосқанда бұл көрсеткіш айтарлықтай жақсарған. Мысалы, массасы бойынша 1% шыны талшығын қосқанда кеуекті гипстен алынған қабырғалық бұйымдарының игендегі мықтылығы 90%-ға өскен. Кеуекті гиспс пен шыны талшық араласынан қабырғалық бұйымдарды өнеркәсіптік жағдайда шығарғанда да олардың мықтылығы жоғарлауы лабораториядағыдай болған.
Францияда үйдің сыртын қабырғасын көтеруге арналған гипсқұмдық қабырғалық тастардың шығарылуын ойластырып тапқан. Құрғақ кәдімгі құрылыстық гипсті майда құммен араластырады. Гипстің тез қатаятындығынан, гипс пен құм араласпасын деформацияланбайтын қалыпқа құяр алдында сумен араластырады; араласпаға кеткен су мөлшері араласпаны ең аз энергия шығынымен тығыздауды қамтамасыз етеді. Гипс гидротацияланғандағы масса көлемінің ұлғаюы және пресстеу күші қалыптау процесінде бұйымдарға үшбіліктік қысым туғызады. Осындай жағдайда қалыпталынып қатаюының арқасында тығыз криссталдық торы бар гипсті-құмдық тастар структурасы алынады. Тастың қысқандағы мықтылығы 20мМПа.
ТМД елдерінде гипс негізінде қабырғалық материалдарын жасау ойластырылып, өнеркәсіптік масштабта шығарылуы дұрысталып келеді. Ресейде ЦНИИГЭН ТВЗ және ТК ауылдық жерлерде аз қабатты үйлер салу үшін қолмен қаланатын ойынқылы қуыс денелі модульдік тастарды гипс негізінде жасап шығарған. Тастың массасы 17 кг. Еңбек өнімділігі кірпіштік қалаумен салыстырғанда бірнеше рет жоғары. Тас мөлшерлері 500 х 250 х 200 мм. Оларды гипс негізіндегі арнаулы құраммен бір бірімен біріктіріледі. Осылайша гипстік модульдік тастардан аз қабатты үйлер тұрғызылады.
Латвияның ғылыми зерттеу институты аз қабатты үйлер құрылысын индустриалдау үшін биіктігі жоғары гипстік байланыстырушыдан универсалдық модульдік элемент жасаған. Мұндай элементтер аз қабатты үйлердің қоршағыш және салмақ көтеруші конструкцияларын құрғақтай жинап тұрғызуға арналған. Элементтің салмағы 38 кг, қысқандағы мықтылығы 30 МПа, созғандағы мықтылығы 3,5 кг МПа, аязға беріктігі 75 циклдан кем емес, су сіңіргіштігі массасы бойынша 5% көп емес. Латвия республикасы бойынша есептелінген экономикалық эффектісі жылына 500 бір пәтерлі тұрғын үй жайын салғанда, 4 млн.руб жеткен.
Осы институтта маркалары Г-10, Г-13 альфа гипстен газдалған гипстік блоктар жасалған. Олар аз қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын тұрғызуға арналған. Қабырға сыртқы беті декоративтік қорғағыш полигранмен өңделінеді. Блоктарды қысқандағы мықтылығы 3-5 МПа, тығыздығы 600-700 кгм3.
Сондай-ақ биіктігі 2 қабаттан көп емес құрғақ және нормалдық жағдайда пайдаланылатын тұрғын үй жайдың сыртқы және ішкі қабырғаларын тұрғызу үшін арналған ағаш ұнтағы қосылған гипсті цементтік тастардың құрамын іріктеп, оларды жасау технологиясын ойластырған. Тастардың мөлшерлері 200х200х400 мм. Мықтылығы 2,5-3,5 МПа , орташа тығыздығы 1100 кгм3 дейін, жылу өткізгіштік коэффициенті 0,24 Вт(мК) асық емес, аязға беріктік маркасы Г25.
Құрылыс материалдарын ғылыми зерттеу институты Череновецстройматериалы өндіріс бірлестігімен бірге аз қабатты құрылыс үшін гипсті бетондық қабырғалық тастарын жасаған. Толтырушы ретінде салмағы тығыздығы 1350 кгм3, түйіршік мөлшері 20мм-ге дейінгі отын шлагын немесе салмалы тығыздығы 1400-1500 кгм3, ылғалдығы 1-2%, ірілігі 0,14- 0,15 мм әк тасы қалдығын қолданады. Бетон аралас тасында 60% гипстік байланыстырушыны отын шлагымен немесе әк тас шығынымен ауыстырғанда гипсті-бетон маркасы 50 алынған. Тастардың қысқандағы мықтылығы 5,4-5,8 МПа, отын шлагын қосып алған бұйымның орташа тығыздығы 1330-1460 кгм3, әк тас шығынын қосқанда 1360-1480 кгм.
В.В.Куйбышев атындағы Москваның құрылыс институтында маркалары Г-3, Г-4 гипстік байланыстырушыдан немесе маркалары 100-150 гипсті цементтікпуццоландық байланыстырушыдан және табиғи не жасанды кеуекті толтырушылар негізінде алынатын қабырғалы тастар жасалынған. Бұл тастарды гипсті цементтіпуццоландық байланыстырушыны қолдана жасағанда олардың қысқандағы мықтылығы 25-75 МПа, орташа тығыздығы 800-1200 кгм3, аязға беріктігі 25-50 циклдер. Байланыстырушы шығыны 300-400 кгм3, соның ішінде портландцементінің шығыны 46-69 кгм3.
Бұл тастарды гипс бетоннан немесе кәдімгі цемент бетонынан майда блоктар мен тастарды жасауға арналған жабдықтарда қалыптайды. Бүтін немесе қуыс денелі тастарды жасау үшін ұстасуын баяулататын қоспасы бар, қаттылығы орташа бетон араласпасын қолданған тиімді болып саналады, ал қалыптауын күшті тығыздатушысы бар қалыптау жабдықтарын қолдана атқарады. Сонда қалыптай салып бірден мықтылығы маркалық мықтылығынан 50-70% дай және ылғалдылығы 12-18% тастар алуға болатындығы айқындалған.
Жоғарыда келтірілген деректерге қарағанда гипстік және гипсті цементтіпуццоландық байланыстырушылар негізінде әралуан гипстік және гипс бетондық материалдар мен бұйымдарды өндіруді ұйымдастыру онша қиын емес. Құрылыстық гипстің жедел қатаюы және оның жақсы қалыптық қасиеті тезірек және қысқа мерзімнің ішінде жиналмалы құрылыс үшін тиімді бұйымдарды жасауға мүмкіншілік береді.

2.1 Гипстік және гипс-бетондық бұйымдары, олардың қолданылуы
Гипстік байланыстырушы негізінде құрылыстық материалдар мен бұйымдарды гипс илемесінен, гипстік ерітінділер мен бетондардан жасайды. Сондықтан гипс негізіндегі материалдар мен бұйымдарды гипстік және гипс-бетондық деп жіктейді.
Гипс илемесі деп гипс пен су араласынан алынатын созыла ағатын қою ерітіндісін айтады. Гипс ерітіндісіне қосымша құм немесе басқа толықтырушылар қосылады. Гипс-бетондық араласпа құрамында әдетте органикалық немесе минералдық толықтырушылар болады. Гипс-бетондық араласпаны қалыпталынып қатайған соң гипс бетоны деп атайды.
Толтырғыштар ретінде гипс-бетонына табиғи материалдарын пемза, туф, отындық және металлургиялық шлактарын, сондай ақ, жеңіл жасанды толтырғыштарын шлактық пемза, керамзит, аглопорит, вермикулит және т.с.с қолданады. Органикалық толықтырғыштардан ағаш ұнтағы, жоңқаларын,талшықтарын және зығыр талшықтарын т.с.с.қолданады. Гипс илемесіне толықтырғыштарды қосу арқылы оның созылмалық қасиетін жақсартады, шөгуін төмендетеді, байланыстырушының меншіктік шығынын азайтады, қалыпталынатын массаға су тасқынын төмендетеді.
Гипстің сынғыштығын азайту мақсатында оны арматуралық материалдармен (талшықты материалдармен) беріктендіреді. Мұндай материалдар тікелей қалыптанушы массаға қосылады немесе сол жасалған бұйымның конструкциялық бір бөлігі ретінде құрастырылады. Сонымен, құрғақ гипстік сылақта арматура рөлін сыртынан қапталған картон: прокаттап жасалған қалқалық гипс-бетондық панельдерінде ағаш рейкаларынан құрастырылған қаңқа: гипсті-бетондық панельдерде-қамыс және т.с.с. атқарады. Сондай ақ гипсті бетон бұйымдарында алюминдік арматураны қолданудың да болашағы бар. Құрыштық арматуралар гипс бетондық бұйымдарда тотықтанып кетеді, сондықтан оны сирек қолданады, онда да үстін битумдық лакпен немесе басқа арнаулы жабындылармен жағып коррозиядан қорғайды.
Гипстік бұйымдардың отқа төзімділігі, тазалығы, дыбыс қоршағыштық қабілеті, жылуды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бетон араласпасының технологиялық қасиеттері
Құрылыс туралы жалпы түсінік
Құрылыс материалдар шығару заводы
Құрлыс туралы түсінік
Құрылыс материалдары
Бетон материалы
Жеңіл бетондар
Керамикалық кірпіш пласикалық перстеу арқылы алу өнімділігі 25млн дана
Ұңғының түбін тұз қышқылымен өңдеу
Жылытқыш, іштік және аралық материалдар
Пәндер