Ішті айдайтын дәрілер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазақтың халықтық медицинаның әртүрлі ауруларды емдеуде көп ғасырлық мал тәжірибесі бар. Қазақстанның халық емшілері жараны, қабынуды және басқа да ауруларды ойдағыдай емдеген. Алайда дәрі-дәрмектерді ғылыми негізде қолдану тек Қазан төңкерісінен кейін ғана өріс алып, республикада алғашқы оқу және ғылыми-зерттеу мекемелері құрылды.
Фармакологиялық проблемалармен Алматы мемлекеттік медицина институтының (1934ж), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының (1925ж) лабораториялары шұғылданды.
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспонденті, профессор Р.С.Күзденбаева басқаратын фармакологогтар мектебі жемісті жұмыс істеуде. Бұлар молекулалық фармакология саласында мамандануда. Клиникалық фармакология саласында профессор И.Р.Құлмажанов және оның шәкірттері ойдағыдай еңбектенуде.
Қазіргі кезде Қазақстанның дәрілік өсімдіктерді фармокологиясы деп атайды.
Клиникалық фармакологияны дамытуға Д. Р. Лоуренс пен П. Н. Бенкті айрықша үлес қосты. Олар клиникалық фармакология жөнінде айрықша маңызды нұсқау жасады. Бұл нұсқау 1960-1987 жылдар аралығында 6 рет басылып шықты. Осы салада Ресей фармокологиясы В.И.Метелица жемісті жұмыс істеп келеді.
Дербес фармакологияны дамытуға елеулі үлес қосқандар: А.Флелеменг, З.Ермальева (пенецилинді шығарған), Г.Домарг( сульфаниламицидтердің әсерін алғаш рет ғылыми сипаттап жазушы).
Фармакология термині алғаш рет 1693 жылы пайда болды, сол кезде дәл осындай атаумен нұсқау басып шығарды. Дәрітану туралы алғашқы деректер көне заманнан белгілі бола тұрса да, фармакологтардың алғашқы мектебі 1847 жылы Бухгеймнің басшылығымен Юрьев университетінде пайда болды. Мәселен, көне Египеттің Папирусо-Эберса деп аталатын медициналық трактатында дәрілік препараттардың осы күнге дейін мәнін жоймаған оншақты рецептісі бар. Көне гректің кемеңгер дәрігері Гиппократ (б.з.д. 460-366 ж.) медикаменттермен емдеуді ұсынып, оны табиғи күш-қуатқа көмек ретінде қарастырды. Дәрітану ілімін дамытуға ортаазиялық көрнекті медик Әбу Әли ибн Сина (Авиценна, 980-1037 жж.) еңбектері зор үлес қосты. Оның Дәрігерлік өнер қағидасы атты іргелі еңбегінде Батыс пен Шығысытың дәрігерлік бай тәжірибесі, Галеннің және басқа да көрнекті медиктердің зерттеулері жинақталған.

Фармакологияның дамуы мен негізгі бағыттары:
1.Эмпириялық кезең, немесе тәжірибе кезеңі. Аты затына сай болмаса да
қарапайым тәжірибелердің іске асқаны сөзсіз;
2.Гуморалды медицина кезеңі - негізін қалаушы Гиппократ (адамның денесі
төрт сұйықтан - қан, сары өт, қара өт, сілекейден тұрады;
3.Дәрілерді жалпы және арнайы дәрілерге бөлу кезеңі - Авл Корнелий Цельс
(б.э.д. 30 ж. - б.э. 50ж.);
4.Малға тәжірибе жүргізу кезеңі - Клавдий Гален (130-200 ж);
5.Діни - схоластикалық кезең - Авицена (ибн Сина). Бірінші рет індетті
ауруларды тарататын, көзге көрінбейтін қоздфрғфштар туралы және ауру
малды клиникалық тексеруде тыңдау, соққылау әдістерін қолдануды іске
асырды.
6.Химиялық тепе-теңдікті уағыздау кезеңі - Гогенгейм - Парацельс (1493
1541). Схоластикалық теорияға қарсы шықты. Аурудың негізінде химиялық
тепе-теңдіктің бұзылуы жатқандығын, оны тек химиялық әдіспен түзету
керек екенін қағидалады. Медицинада өз жүйесін - иатрохимия (емдеу
химиясы) жүйесін дәрістеді.
14-19 ғ. Ғылым мен техниканың жылдам дамуы фармакологияның дамуына да өз әсерін тигізді. Фармакология ғылым ретінде 18 ғасырда дами бастады. Дәрілік заттардың әсерін зерттеу үшін эксперименттер жүргізіле басталды. Дүние жүзіндегі ең бірінші эксперименталды фармакологияның лабораториясын Юрьев (Тарту) университетінде 1849 жылы Р.Бухгейм ашты.
Препараттарды синтетикалық жолмен алудан бастап фармакологияның дамуының жаңа кезеңі басталды. Осыдан бастап химикалық фармацептикалық өндіріс тез қарқындап дами бастады.
Ресейде фармакологияның дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар: И.Г. Гмелин, Н.М.Максимович-Амбодик, Н.И. Пирогов, А.П. Нелюбин, О.В.Забелин, Р. Бухгейм, Е.В. Пеликан, И.М.Сеченов, С.П. Боткин, И.П. Павлов, Н.П.Кравков, В.В.Савич, П.И. Лукин, Г.А. Полюта, Н.А. Сошественский.
Қазіргі кезде фармакологияның дамуына елеулі үлес қосқандар:
И.Е. Мозгов, Н.П. Говоров, Д.К. Червяков, П.Д. Евдокимов.
Малдәрігерлік фармакология жөніндегі бірінші оқулықтың авторы П.И.Лукин. Ол 1837 жылы жарық көрген Зоофармакология оқулығы.
1879 жылы Г.А.Полюта Ветеринарная фармакология с общей терапией и рецептурой атты оқулығын шығарды. Онда автор дәрілердің әсерлерінің механизміне көп көңіл бөлді.
Фармакологияның дамуы биологияның, медицинаның және басқа да адамзат дамуының салаларының прогресстерімен қатарласа жүрді. Міне осы ұзақ даму процессін үш кезеңге топтастыруға болады:
1.Адамзаттың жаратылысынан бастап 19 ғасырдың басына дейінгі кезең (синтетикалық химияның дамуының басталуы);
2.19 ғасырдың басынан 20 ғасырдың 30-шы жылдарына дейін (синтетикалық препараттардың көпшілігі алынған кез);
3.30-шы жылдардан осы кезе дейін - антибиотиктер мен сульфаниламидтердің ашылуы, фармакологиядағы жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуы.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - іш айдағыш заттарға жалпы сипаттама, фармакологиялық қасиеті, мал дәрігерлік медицинада қолданылуы, улылық деңгейін және т. б. анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Ішті айдайтын дәрілер;
-Ішек жиырылтатын стимуляторлар;
-Ішек ішіндегінің көлемін ұлғайтатын препараттар;
-Азық қорыту жолдарына әсер ететін дәрілер;

II. Әдебиетке шолу

И.Е. Мозговтың айтуынша Сабур - алоэнің әр түрлі түрінен кептірілген шырын. Жылтыр, қою түсті, жылтыр әйнектерге оңай бөлінетін; ұнтақ түрінде сары-жасыл түсті. Дәмі қышқыл, өзіне тән иісі бар. Ыстық суда (1:2), спиртте (1:5), сонымен қатар сілті ерітінділерінде ериді. Оған аздаған мөлшерде жасыл сабынды қосқанда сабур жұмсарады. Осының әсерінен болюс пен пилюль дайындайды. Әсер етуші бөлігі-антраглипозоидтар. Сабурдың емдік қасиеті егістіктерге 3000 жыл бұрын мәлім болған. Сабурды сонымен қатар үндістер мен римдіктерде пайдаланған. Сабур аз дозада дәм жүйкесіне тітіркендіргіш әсер етіп, асқазанның қызметін жақсартады. Бірақ та ол дәм рецепторларын тітіркендіріп ғана қоймай, барлық сезімтал ұштарына әсер етеді. Мысалы, ұнтақ түрінде тағайындалған сабур құрғақ азықпен араластырып бергенде, жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіріп, түшкіру мен жөтелге алып келеді. Асқазанда ол сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді. Кейде сабурды күйіс қайыратындарға руминаторлы зат ретінде қолданады.Тітіркендіргіш әсері бар сабур сыртқы жарақатқа қолданғанда грануляциялық өсуіне әсер етеді.Сабур-жылқылар үшін ең жақсы іш айдағыш зат. Ол тоқ ішек бөлігіне әсер етіп, асқазан мен тік ішекке еш зиян келтірмейді. ІҚМ сабурге аз сезімтал. Міқ-ға сабурді бергенде антрагликозидтер ыдырап қышқылданады. Осының арқасында оның әсері күшті. Ұсақ малдар мен шошқаларға сабур дәл осылай әсер етеді. Іш айдағыш әсерін 2-3 рет көбейтуге болады. Ол үшін оны тұндырма не ерітінді түрінде берген жөн. Сабурды көбіне көк сабур ұнтағы мен жасыл сабыннан жасалған болюс түрінде береді. Кейде ботқа түрінде дайындайды. Сабурдың болюсті сақтауға ыңғайлы. Кейде бұл препаратты өт айдағыш ретінде қолданады [1].
Б.В. Ушаның мағлұматы бойынша әдетте олар гастритте, буаз малдың азыққа зауқы болмағанда (егер мұның өзі қарын қышқылдығының көтерілуіне байланысты болса), қарынға операция жасағаннан кейін тұз қышқылының тілінген тұсқа әсерін болдырмау үшін, әрі ауру зардабын басу үшін қолданылады. Антихолинэстераздық дәрілерден уланудың ерекше белгілерінің бірі-қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуынан болатын клонико-тонустық қалтырау. Антихолинэстнраздық дәрілерден улануды емдеу үшін осы препараттардың антогонисі-атропинді қолданады [2].
В.Д. Соколовтың мағлұматы бойынша Сенны жапырағы - бұл жапырақты осы уақытқа дейін Египетте александр жапырағы деп білген. Осыны іш айдағыш ретінде қолданған, ішек перистальтикасын күшейтеді. Егер оны көп мөлшерде қолданса, ішектің қабынуы байқалады.Сенна жапарағы - жапырақты гүлдену кезінде жібереді.Жапырақ дозасы жылқы 200-300 г, сиырларға 250-400, қойларға 30-60, шошқаларға 10-20, есте 5-15, мысық 2-5, тауықтарға 1-2 г азықпен 2 рет сулы тұндырма 1:10. Оны құрғақ күйінде 0,3 г таблеткада жіберіледі. Таза күйінде сенаде, сенадексин, антрасеннин кальциі тұздар құрамында кездеседі [3].
Б.Д. Айтжановтың айтуынша Шерменгүл тамырының препараты. Шерменгүл-көпжылдық шөптесін өсімдік. Бастапқы әсер етуші заты-генциопикрин. Ауыз қуысындағы сезімтал ұштарды тітіркендіру нәтижесінде қарын безінің функциясын күшейтеді. Шерменгүл тамырының препаратын қарын және ішек секрециялары әлсірегенде қолданады. Оны қою экстракт, тұндырма, домалақ және болюс түрінде ішкізеді [4].
Д.А. Третьякованың айтуы бойынша ішті айдайтын өзге де препараттар секілді хирургиялық операция алдында ішеті тазарту үшін, ерекше құнды малдарды рентгенологиялық зерттеуге әзірлеу алдында, ішек түйілгенде қолданылады [5].
Д.К. Червяковтың мағлұматы бойынша іш өткізетін препараттар ішектердің рецепторларын әр түрлі деңгейде тітіркендіре отырып, олардың жиырылуын үдетеді, химустан тез босауына жағдай жасайды. Өсімдіктерден алынатын препараттар химиялық тітіркендіру тудырады. Ал тұзды ерітінділер ішектерде нашар сіңеді, осмостық қысымды жоғарылатады, химустың және ас қорыту жүйесінің сөлдерінің сұйық бөлігінің адсорбциясына кедергі жасайды. Ішектердегі химустың көлемі ұлғаяды, механорецепторлар тітіркенеді, ішектердің жиырылуы үдейді [6].
М.И. Рабиновичтің деректерінде іш айдайтын препараттар орташа дозасы әрбір 8 сағат сайын көктамыр ішілік баяу инфузия түрінде қолданылатын 1,5 млн ХБ (тәулігіне 4,5 млн ХБ). Ауыр жағдайларда доза екі еселенуі мүмкін. Ең жоғары тәуліктік доза - 9 млн ХБ. Емделушінің жағдайы келсе, емдеу препаратты ішке қабылдау арқылы жалғастырылғаны жөн. Емделу ұзақтығы жұқпалы үдерістің ауырлығына және өсу ерекшеліктеріне,
микрофлораның сезімталдығына байланысты болады және оны дәрігер әр адамға жекелей белгілейді. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде спирамициннің дозасына өзгеріс енгізу қажет емес [7].
Қолдану тәсілдері: құтының ішіндегісін инъекцияға арналған 4 мл суда ерітеді, соданкейін инфузиялық ерітіндіде сұйылтады. 100 мл 500 глюкозада сұйылтылған препаратты көктамыр ішіне тамшылата, баяу, кем дегенде, 1 сағат бойы енгізеді.
Б.В. Маневичтің пікірінше жүректің жиырылу ырғағының ауыр бұзылулары аритмияға қарсы көптеген дәрілерден және басқа дәрілік заттардың әсерінен болуы мүмкін. Гипокалиемия тудыруға (калийді шығаратын диуретиктер, ынталандыру сипатындағы іш айдағыш дәрілер, көктамыр ішіне қолданған кезде В амфотерицин, глюкокортикостероидты препараттар, тетракозактид) брадикардиямен қатар және туа болатын немесе жүре пайда болатын, әсері ұзаққа созылатын QТ аралығы алдын ала себепкер факторлар болып табылады. Көктамыр ішіне енгізуге арналған спирамицин torsades de pointes - дің дамуын ушықтыратын дәрілік заттар тобына жатады [8].
Т. Шеңгелевтің айтуынша тұзды іш айдағыштарға магний сулфаты суда ериді. Бұл тұздар суда ериді. Магний және сульфат ионы диссоциясы кезінде асқазан-ішек жолында сіңіріледі. Сондықтан оларда тағайындағанда ішек жолдары олардың иондары жоғары концентрация туғызады. Ішектегі жоғары концентрация осмостық қысым тудырады, ішектегі сұйықтықтың сіңірілуіне кедергі жасайды. Тәулігіне ішектен бірнеше литр сұйықтық өтеді. Егер тұзды іш айдағыштың арқасында сұйықтық сіңірілмей тұрса, онда ол ішектің созылуына әкеліп соғады [9].
В.Н. Жуленконың мәліметі бойынша ішті айдайтын дәрілер ішектің түйілуіне байланысты емес іш қатқанда, улануды емдегенде, (ішті айдайтын тұзды дәрілер, кастор майы), дәрі-дәрмектердің қосалқы әсерлерінен сақтандыруда, солардан болатын іш қатқанда (мәселен, апиын препараттарынан іш қатқанда), ішекке хирургиялық операция әзірлік процесінде, ерекше құнды малдардың қарын-ішек жолдарын рентгеноскопия жасағанда қолданылады. Әдетте, ішті айдайтын дәрілер жіті түрде ішек түйілгенде, буаздықтың соңғы сатысында, ал өсімдіктен жасалатын препараттардың көпшілігі-уланғанда қолдануға болмайды, өйткені удың ішекке сорылуына ықпал етеді [10].
З.К. Кожабековтің деректерінде іш өткізетін препараттар ішектердің рецепторларын әр түрлі деңгейде тітіркендіре отырып, олардың жиырылуын үдетеді, химустан тез босауына жағдай жасайды. Өсімдіктерден алынатын препараттар химиялық тітіркендіру тудырады. Ал тұзды ерітінділер ішектерде нашар сіңеді, осмостық қысымды жоғарылатады, химустың және ас қорыту жүйесінің сөлдерінің сұйық бөлігінің адсорбциясына кедергі жасайды. Ішектердегі химустың көлемі ұлғаяды, механорецепторлар тітіркенеді, ішектердің жиырылуы үдейді [11].
Д.А. Харкевичтің айтуынша іш өткізетін препараттар ішектердің рецепторларын әр түрлі деңгейде тітіркендіре отырып, олардың жиырылуын үдетеді, химустан тез босауына жағдай жасайды. Өсімдіктерден алынатын препараттар химиялық тітіркендіру тудырады. Ал тұзды ерітінділер ішектерде нашар сіңеді, осмостық қысымды жоғарылатады, химустың және ас қорыту жүйесінің сөлдерінің сұйық бөлігінің адсорбциясына кедергі жасайды. Ішектердегі химустың көлемі ұлғаяды, механорецепторлар тітіркенеді, ішектердің жиырылуы үдейді [12].
Г.А. Хмельницкийдің айтуы бойынша ішті айдайтын әсері бүкіл азық қорыту жолдарындағы сезімтал нервтерді тітіркендіруге негізделген. Ол ішті айдайтын өте әсерлі дәрі, алайда ішті айдау әсері біршама баяу-16 сағаттың ішінде басталады. Бұл орайда ол күшті әсер етіп, ауыртады. Нәжіс құрамында кейде шырыш және көп мөлшерде өт пигменті болады. Ішектен баяу сорылады, сорылған препарат бүйрек арқылы бөлініп шығады. Созылмалы іш қатуда, сондай-ақ құстан өзге барлық мал түліктері мен үй жануарларына өт айдайтын дәрі-дәрмек ретінде қолданылады [13].

III.Негізгі бөлім
3.1 Ішті айдайтын дәрілер.

Іш айдағыш деп - ішек функциясын күшейтіп, хилустың асқазан жылжуына әсер ететін заттар. Әсер етуіне байланысты іш айдағыш препараттарға бөлеміз;
а) нашар әсер ететін ішекті босатып нәжісті шығарады.
б) тікелей әсер ететін, ішекті тазартады. Дефекация бірнеше рет болады.
в) қатты әсер ететін ішекті қатты жиырылтады.
Пайда болуына қарай және қасиетіне қарай тұзды, өсімдік майы және синтетикалық препараттар деп бөлінеді. Іш айдағыш қасиеті ішектің рефлекстік қасиетімен сипатталады.
Әсер ету механизміне қарай келесі топтарға бөлінеді:
а) ішектегі осмостық қысымды жоғарлатып, жиналған сұйықтық пен
нәжісті бөлетін заттар.
б) ішекті тітіркендіріп, дефекация актісін рефлекторлы күшейтеді.
в) қатты құрамаларды жұмсартатын майлар.
Іш айдағыш заттар іш түйелу, түрлі улануларда, уды бөлінуін тездетеді, құрттарға қарсы әсер етуіне қолданады, ішек бітелгенде кеңінен қолданады. Іш айдағыш асқазан мен ішектің жаралы зақымдалуында қолдануға болады.
Бұл ішкізгенде ішектің жиырылуын күшейтетін препарат. Ішті айдайтын дәрілер былайша жіктеледі: бейорганикалық тұздар (магний сульфат, магний карбонат, магний гидроксид, натрий сульфат, магний гидроксид, магний натрий тартат), органикалық қосылыстар (лактулоза, метилцелюлоза, диоктил натрий, бисакодил, сұйық парафин), өсімдіктен алынатын препараттар (жолжелкен дәні, қара өрік және інжір, кебек, кастор майы, пішен, агар препараттары, стеркуля, испагул препараттары, калифорниялық қаражеміс, рауғаш, қызылмия, алоэ) және әсер ету орны мен механизмі бойынша: ішектегі нәжісті ұлғайтатын препараттар (тоқ ішекте-агар, кебек, испагул, метилцелюлоза, жолжелкен, стеркуля, қара өрік және інжір, аш ішекте-магний карбонаты, гидроксид және сульфат, натрий сульфат және натрий-калий тартат), нәжісті жұмсартатын препараттар, (диоктил натрий, сульфосукцинат, сұйық парафин), ішек функциясын стимулдайтын препараттар (аш ішекте-кастор майы, тоқ ішекте-бисакодил, сабур, пішен және каскара).
Ішті айдайтын дәрілер ішектің түйілуіне байланысты емес іш қатқанда, улануды емдегенде, (ішті айдайтын тұзды дәрілер, кастор майы), дәрі-дәрмектердің қосалқы әсерлерінен сақтандыруда, солардан болатын іш қатқанда (мәселен, апиын препараттарынан іш қатқанда), ішекке хирургиялық операция әзірлік процесінде, ерекше құнды малдардың қарын-ішек жолдарын рентгеноскопия жасағанда қолданылады.
Әдетте, ішті айдайтын дәрілер жіті түрде ішек түйілгенде, буаздықтың соңғы сатысында, ал өсімдіктен жасалатын препараттардың көпшілігі-уланғанда қолдануға болмайды, өйткені удың ішекке сорылуына ықпал етеді.
Іш өткізетін препараттар ішектердің рецепторларын әр түрлі деңгейде тітіркендіре отырып, олардың жиырылуын үдетеді, химустан тез босауына жағдай жасайды. Өсімдіктерден алынатын препараттар химиялық тітіркендіру тудырады. Ал тұзды ерітінділер ішектерде нашар сіңеді, осмостық қысымды жоғарылатады, химустың және ас қорыту жүйесінің сөлдерінің сұйық бөлігінің адсорбциясына кедергі жасайды. Ішектердегі химустың көлемі ұлғаяды, механорецепторлар тітіркенеді, ішектердің жиырылуы үдейді.
Рауағаш тамыры - ерте жазғытұрым, күзде жинап алады. Ондағы антрагликозидтер олардан қантты бөлгеннен кейін эмодин және басқа да заттар түзеді. Олар әсіресе тоқ ішектердің рецепторларын тітіркендіреді. Іш өткізу әсері 8-10 сағаттан кейін байқалады. Ұнтақ және қайнатпа түрінде қолданады.
Крушина қабығы - өсімдік гүлдегенге дейін жинап алады. Қайнатпа, сұйық және құрғақ экстракт түрінде қолданады. Қағаз пакетте, таблетка, түрінде шығарады.
Май (консистенциясы жағынан вазелин майына ұқсас) ішке қолданылатын, азық массасын жұмсартып, асқазан жолымен қозғалуына септігін тигізеді. Майлардың барлық түрі, тіпті нейтральды майлар да осындай әсер етеді. Сондықтан оларды іш айдағыш ретінде қолданады. Ішекте түрлі фермент пен сілті әсерінен түрлі қосылыстардың ыдырауына әкеліп соқтырады. Мұндай әсер олардың құрамына байланысты.
Кастор майы - бұл май кенелі өсімдік дәнін сығу нәтижесінде пайда болады. Құрамында триглицерид рицинол қышқылы бар. Май қою, майлы сұйықтық, аздап сарғыш түсті, өзіне тән иісі бар. Салмағы 0,946-0,970. температураның төмендеуіне байланысты қоюланады, 0° температурада лайланады. Суда ерімейді.
Триглицерид рицинол қышқылы өздігінен іш айдағыш препарат, сондықтан ішке қабылдаған кастор майы азықты
жұмсартады, оның асқазан жолымен жеңіл қозғалуына мүмкіндік береді. Ащы ішектің сілті ортасына түскен май тез арада ыдырап, рицинол қышқылының түзілуіне спецификалық әсерін тигізеді. Ол ішектің жүйкелік ұштарын сезімтал тітіркендіреді де, ішектің жиырылуына әкеліп соқтырады. Рицинол қышқылының тұзы тез сіңеді, сондықтан оның әсері ащы ішекпен шектеледі.
Кастор майының іш айдағыш әсері жүйке ұштарын тітіркендіргендіктен, оны ішектің қабыну кезінде тағайындайға болмайды. Кастор майын ұзақ пайдалануға болмайды. Өйткені асқазан ішек жолдарының қызметін бұзады. Құстарда, етқоректілерде кастор майы ащы ішекте тез ыдырайды. Іш айдағыш әсері оларда 4-6 сағаттан кейін пайда болады. Оның әсері ащы ішектің кейін басқа ішектердің жиырылуымен сипатталады. Сонымен қатар (шөп қоректі жануарларға) кастор майын спиртпен (1:2) араластырып, жүннің өсуі үшін қолданады.
Кастор майын ішкізгенде қарындағы азықты жұмсартуға ықпал етеді. Тоқ ішекте ол тез ыдырап, рицинол қышқылы мен оның тұзын түзеді де, ішек кенересін тітіркендіріп, оның жиырылуын күшейтеді. Атап көрсететін жәйт, препаратты қайталап қолданған жағдайда азықты қорытуы мүмкін. Ет қоректі және талғаусыз қоректілер үшін ішті айдайтын әсері күштірек. Шөпқоректі жануарлар үшін ішті айдайтын әсерін күшейту үшін дозасын көбейтеді. Жануарлардың барлық түріне де ішті айдайтын әсері 4-6 сағаттан кейін басталады.
Сабур - алоэнің әр түрлі түрінен кептірілген шырын. Жылтыр, қою түсті, жылтыр әйнектерге оңай бөлінетін; ұнтақ түрінде сары-жасыл түсті. Дәмі қышқыл, өзіне тән иісі бар. Ыстық суда (1:2), спиртте (1:5), сонымен қатар сілті ерітінділерінде ериді. Оған аздаған мөлшерде жасыл сабынды қосқанда сабур жұмсарады. Осының әсерінен болюс пен пилюль дайындайды. Әсер етуші бөлігі-антраглипозоидтар.
Сабурдың емдік қасиеті егістіктерге 3000 жыл бұрын мәлім болған. Сабурды сонымен қатар үндістер мен римдіктерде пайдаланған. Сабур аз дозада дәм жүйкесіне тітіркендіргіш әсер етіп, асқазанның қызметін жақсартады. Бірақ та ол дәм рецепторларын тітіркендіріп ғана қоймай, барлық сезімтал ұштарына әсер етеді. Мысалы, ұнтақ түрінде тағайындалған сабур құрғақ азықпен араластырып бергенде, жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендіріп, түшкіру мен жөтелге алып келеді. Асқазанда ол сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді. Кейде сабурды күйіс қайыратындарға руминаторлы зат ретінде қолданады. Тітіркендіргіш әсері бар сабур сыртқы жарақатқа қолданғанда грануляциялық өсуіне әсер етеді.
Сабур - жылқылар үшін ең жақсы іш айдағыш зат. Ол тоқ ішек бөлігіне әсер етіп, асқазан мен тік ішекке еш зиян келтірмейді. Міқ сабурге аз сезімтал. Міқ-ға сабурді бергенде антрагликозидтер ыдырап қышқылданады. Осының арқасында оның әсері күшті. Ұсақ малдар мен шошқаларға сабур дәл осылай әсер етеді. Іш айдағыш әсерін 2-3 реткөбейтуге болады. Ол үшін оны тұндырма не ерітінді түрінде берген жөн.
Сабурды көбіне көк сабур ұнтағы мен жасыл сабыннан жасалған болюс түрінде береді. Кейде ботқа түрінде дайындайды.
Сабурдың болюсті сақтауға ыңғайлы. Кейде бұл препаратты өт айдағыш ретінде қолданады.
Сабурдың құрғақ тұндырмасы - сары-қою ұнтақ, қышқылды дәмі бар, суда ериді. Ішке беретін мөлшері аз.
Сабурдың ала тұндырмасы - қара күрең түсті, қою консистенциялы, қышқыл дәмі бар.
Сабур тұнбасы - сары күрең, мөлдір сұйықтық, өте ащы дәмі бар. Спиртте дайындайды.
Халық емінде және ветеринарияда сабур жапырағынан шырынын сығып, күйік кезінде, ауыр жарақат кезінде қолданады, жар, дерматит кезінде кеңінен қолданады. Сонымен қатар туберкулез, маляри кезінде де қолданады. Академик В.П. Филатов сабур тұнбасынан арнайы тері астына қолданылатын биогенді стимуляциясы бар зат дайындаған.
Сенны жапырағы - бұл жапырақты осы уақытқа дейін Египетте александр жапырағы деп білген. Осыны іш айдағыш ретінде қолданған, ішек перистальтикасын күшейтеді. Егер оны көп мөлшерде қолданса, ішектің қабынуы байқалады.Сенна жапарағы - жапырақты гүлдену кезінде жібереді.Жапырақ дозасы жылқы 200-300 г, сиырларға 250-400, қойларға 30-60, шошқаларға 10-20, есте 5-15, мысық 2-5, тауықтарға 1-2 г азықпен 2 рет сулы тұндырма 1:10. Оны құрғақ күйінде 0,3 г таблеткада жіберіледі. Таза күйінде сенаде, сенадексин, антрасеннин кальций тұздар құрамында кездеседі.
Ревень тамыры - әсер етуші заттар бір жағынан хризофан қышқылы мен эмодин ыдырауынан түзілсе, бір жағынан таногликозоидтан. 3 жылдық кептірімеген тамыр, күз бен ерте көктемде жиналады. Тұнба немесе ұнтақ түрінде қолданылады. Жылқыларға 300-500г, шошқа 50-80, ит 15-30, мысық 2-5г. Таблеткада 0,3-0,5г ұсақталған тамыр бар. Құрғақ ревень тұнбасы жылқыларға 50-150г, сиырларға 150-250. қойларға 25-50, шошқа 20-40, итке 5-10, мысыққа 0,5-2г дозада береді. Препарат аз дозада дәм сезу жүйкесін тітіркендіріп ретінде әсер етеді. Оны жиірек ешкі мен шошқаға, сирегірек қой мен сиырға береді.
Көп мөлшерде бергенде секреция болу төмендейді және перистальтика азатыны байқалады. Осындай жағдайда өндірілген
антрахинан әсері аз болады, ал дубильді заттар жеткілікті болады.Дубильді заттардың әсері 1 сағат, дефекация 3-5 рет болады.
Ревеньнің қышқылды спиртті тұнбасы. Күрделі препарат. Оны дайындау үшін ревеньнің тамырын аира, горчавки тамырын 70% спиртте дайындалады асқазан жүйесін жақсартуға пайдаланылады.
Крушина қабығы көктемде жинайды.Оны тұнба, сұйық және құрғақ тұнба. Доза: жылқы 100-250г, сиыр 200-400, қой 25-50, шошқа 5-15, ит 2-5, мысық 1-2 г түнге, сұйық тұнбасы: 200 - 300 мл, 250-500, 40-100, 10-30, 5-15 және 2-5 мл. Оны 100г пакетте немесе 0,2 г таблетка түрінде жіберіледі. Рамения препараты 0,05 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Препараттың токсикалық әсері
«дәрілік өсімдіктер»
Несеп жүйесін емдеу үшін қолданатын өсімдіктер
Түйежантақ өсімдігінің дәрілік және мал шаруашылығындағы маңызы
Құрамында лигнандар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар өсімдіктер және олардың ерекшеліктері
Қазақстанның дәрілік өсімдіктердің таралуы
Өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттар
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар
Удың жануарлар ағзасына әсері
Сілтілік және сілтілік жер металлдар
Пәндер