Қақырықтың бөлінуіне дем беруші дәрілік заттар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..3
II. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...5
ІII. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... . 7
3.1. Қақырық түсіретін препараттар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ..10
3.2. Қақырық түсіретін препараттардың әсер ету
механизмі ... ... ... ... 12
3.3. Апоморфин препараты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.4. Аққорғасын өсімдігінің тұнбасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
3.5. Алтей тамыры
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .19
3.6. Қақырық шығаратын препараттар туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ...2 1
3.7. Қақырық шығаратын дәрілік заттардың әсер ету
механизмі ... ...23
IV. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 26
V. Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...27

Кіріспе

Қақырық түсіру – ол ветеринарлық дәрігерлердің жиі кездестіретін
клиникалық симптомдарының бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда
құсудың шығу себебі анық, ал кейбір жағдайларда қақырық түсірудің
этиологиясы мен патогенезі өте қиын дифференциальды-диагностикалық
мәселе болып табылады. Қақырық түсіру актісін шақыру үшін
фармакологияда арнайы қақырық түсіргіш препараттар қолданылады.
Мысалы: алтей тамыры, аққорғасын тұнбасы, апоморфин және тағы басқа.
Бұл препараттарды қолдану барысында өте мұқият болу керек.

Қақырық организмнің қорғаныс реакциясы, сопақша мида орналасқан құсу
орталығының қатысуымен іске асатын күрделі рефторлы процесс.Қақыртатын
дәрілік заттарды екі топқа бөлуге болады: бірден орталыққа әсер ететін
дәрілік заттар және рефлекс арқылы әсер ететін заттар деп атайды.
Қақырық түсіретін дәрілік заттың әсері бронхы бездерінің секрет
бөлінуінің үдеуімен қабаттаса жүреді. Қақырықтың бөлінуінің көбеюі және
оның жылдамдығы малдың жөтелімен тікелей байланысты. Препараттың әсерінен
жыпылақтағыш эпителий торшаларының белсенділігі жоғарлайды,
бронхиоллалардың жиырылуы ширайды, секреттің бөлінуі ұлғаяды. Сонымен қатар
бронх секреция қызметін күшейтіп қақырықты сұйылтып ағызадан тез шығарып
тастайды.
Қақырық түсіретін дәрілік заттар 2 топқа бөлінеді. 1-ші секроторлы
бронх бездерінің қызметін күшейтіп қақырықты ағзадан шығарады, 2-ші тобы
препараттар бронхы кілегей қабықтарына эпителий қызметтерін күшейтіп
бронхы бұлшық етті жиырылтып қақырықты төменгі жағынан жоғары жағына тез
шығарады.
Қақырық түсіретін дәрілік заттарды екі топқа бөледі:
1. Қақырықтың бөлінуіне дем беруші дәрілік заттар.
Олар өз кезегінде рефлекторлы және резорбтивті болып бөлінеді. Дәрілік
заттар жалпы организмге әсер етеді, әсіресе жүрек-қан тамырлары
және тыныс алу жүйелеріне.Оларды көбінесе малдар азықпен уланғанда
қолданады. Буаз малдарға, асқазанның кілегей қабығын жарақаттайтын
қышқылдық және сілтілік заттармен уланғанда, асқазан мен өкпелерден қан
аққанда, орталық нерв жүйесі қажығанда қолдануға болмайды.
Мен осы тақырыптағы курстық жұмысымды жаза отырып, алдыма осы
тақырыпта ашуда бірнеше мақсат-міндеттер қойдым.
Мақсаты –қақырық түсіретін препараттар туралы жалпы мағлұмат алу,
олардың мәнін, әсер ету механизмін білу, сонымен қатар бұл препараттардың
жалпы даму тарихын ашып көрсету.
Міндеттері: - Қақырық түсіретін препараттар туралы жалпы түсінік;
- Қақырық түсіретін препараттардың әсер ету
механизмі;
- Апоморфин препараты;
- Аққорғасын өсімдігінің тұнбасы;
- Алтей тамыры;
- Қақырық шығаратын препараттар туралы
түсінік;
- Қақырық шығаратын дәрілік заттардың әсер ету
механизмі;
II. Әдебиетке шолу

Бұрынғы кезде қақыртатын препараттар ретінде құрамында әсер етуші
алкалоид эметин заты бар ипекакуана тамыры немесе қақырық түсіргіш өсімдік
тамырын пайдаланып отырған. Ипекакуана тамырын ішке қабылдағаннан кейін
қақыру актісі дәл сол кезде пайда болмайды, ол ұзақ уақыт өткеннен кейін
пайда болады. Бұл уақытта сезімтал нерв ұштарынан құсу орталығына
импульстар суммациясы келіп түседі. 1817 жылы ипекакуана тамырынан алкалоид
эметині бөлініп алынды.
1890 жылы анестезин препараты синтезделді. Бұдан бір бұрын орыс ғалымы
В.К. Анреп кокаин алкалоидының жергілікті жансыздандыру қасиетін ашты. Ал
1905 жылы новокаин синтезі іске асырылды. Бұл жағдайлар дәрілік заттарды
жергілікті анестезин ретінде кеңінен қолдануына бастама болды. Анетезин
жергілікті қолдануда айтарлықтай белсенді. Бұл препаратты әлі күнге дейін
күйіктер, қышыма, невралгия, миалгия, сызат, жарық кезінде асқан тұсының
ауруы кезінде және кейде құсу кезінде ішке қабылдауға береді.
1895жылы Н.Н. Токарев алғаш рет алкалоид эмитеннің қақыртқыш әсерін
зерттеді және оның рефлекторлық қаситеін анықтады. Н.Н. Токарев осы
зерттеу жұмыстарын И.П. Павловтың лабораториясында жүргізген. Эметиннің
қақырық шақырғыш әсері ауыз қуысы арқылы енгізгнде болатыны дәлелденді. Ал
бұл препараттарды тік ішек және тері астына енгізу тиімді емес.
1918 жылы атропиннің әсер ету механизмі анықталды. Эндогенді
ацетилхолин үшін организмде байланысу орны - рецепторлар болу керек
екендігі анықталды. Бұл рецепторлар үшін ацетилхолин табиғи медиаторлар
болып табылады. Осылай холинорецепторлар туралы алғашқы түсініңтер
қалыптасты.
Орталық холинорецепторлардың белгілі бір деңгейдегі тежеуіші атропин.
Бірақ бұл рецепторларға спецификалық тежеуіш әсерін 40-50 жылдарда жасалған
синтетикалық орталық холинолитиктер береді.
1919 жылы Кенон гистаминді жануарларға ішке енгізу кезінде шоқтық
әсер беретінін анықтаған. Гистаминге деген қызығушылық 1927 жылы
жануарлардың өкпесі мен өзге ұлпаларында табылғаннан кейін арта түсті.
Осылай 1919 – 1929 жылы күйік кезінде гистамин организм клеткаларынан
бөлінетіні анықталды.
Гистамин ерітіндісін тері астына енгізгенде клеткалардың ісінуі,
тамырладың өткізгіштігі байқалды. Гистамин қабынудың және аллергияның
белгілі бір медиаторы ретінде қарастырыла бастады (яғни фармакологиялық
заттардың жасалуы туралы идеяла туындай бастады).
Яғни гистаминдік процестерге әсер етеін, ең алдыңғы орында гистаминге
қарсы заттар, фармакологиялық заттар жасалуы туралы идеялар туындай
бастады. Бұл идеяларды тек қана 1935 – 1937 жылдары фенотиазиндік
гистаминге қарсы: этизиан, дипразин және басқа да препараттар пайда болды.
Ал 50 жылдары кеңінен димедролды қолдана бастады.
50 жылдардың негізгі ең ірі жетістіктерінің бірі серотиннің медиаторлық
рөлі анықталды.
Серотонин синтезі 1951 жылы жасалған болатын.
Эндогендік серотининдік процестерді зерттеу барысында үш түрлі
серотониндік рецепторлар анықталды.
1952 жылы жүйке жүйесі қозған малдады емдеу үшін хлорпропазин
(аминазин) мен резерпиннің спецификалық тиімділігі анықталды.
1957 жылы алғашқы антидеприсанттар ашылды (ипрониазид, имипромид).
Содан кейін мепробласт және транквилизациялаушы қасиеттері анықталды.
1966 жылы психотропты препараттардың алғашқы классификациясын ұсынды:
- нейролептиктер, олар бұрын үлкен транквилизаторлар деген атпен
белгілі болған;
- антидепресанттар, оларды кейде психикалық энергизаторлар дейді;
- психостумуляторлар;
- психодислептиктер.
Психотропты препараттардың жаңа тобы ноотроптардың алғашқы өкілі
пирацет болды, ол 70 жылдардың басынд пайда болды.
Фармакологияның осы заттарды зерттеумен айналысатын белгілі
психофармакология деген, ал көрсетілген әсері бар препараттар
психотроптар деген атауға ие болды.
1989 жылы тежеуіш серотиндік 5 – нт – 3 – рецепторлық препараттары
ондансетрон (латран), трописетрон және басқалары синтезделді.
Осы рецепторлар арқылы организмге химиялық қосылыстар, әсіресе ісікке
қарсы препараттар, түскенде жүрек айну және құсу актісі жүзге асырылады.
Соңғы кезде (1989 жылы) синтезделген препараттарға деген қызығушылық артып
препараттарға, соның ішінде ондансетрон, трописетрон және басқа да
препараттарға артып келеді.
Қазіргі заманғы алғашқы психотропты препараттар ХХ ғасырдың 50
жылдарының басында шығарылды. Ал осыған дейін, бұл мақсатта негізгі
препараттар ретінде ұйықтатқыш және седативті заттар, инсулин, кофеин
қолданылып келген.

Ш. Негізгі бөлім

Хронологиялық таблица

Жылы Оқиға
1895 жыл (Н.Н.Токарев) - алғашқы алколоид эметиннің әсері мен
оның рефлекторлық қасиетін зерттеді.
1876 жыл - шіру азықтарынан гистамин белогы
бөлінді .
1890 жыл - анестезин синтезделді.
1905 жыл - новокаин синтезі жасалды.
1918 жыл - атропиннің әсер ету механизмі
анықталды.
1919 жыл - гистаминді жануарларға терінің астына
енгізу кезінде, оның шоктық әсері анықталды.
1927 жыл - гистаминнің жануарлардың өкпе
және басқа да клеткаларында табылды.
1917–1929 жылдар - күйік кезінде гистамин препаратының
организм клеткаларынан бөлініп шығатындығы анықталды.
1935–1937 жылдар - гистаминге қарсы заттардың шығарылуы.
1948 жыл - кристалл түрінде серотин бөлініп
алынды.
1951 жыл - серотин синтезделді.
1952 жыл - жүйке жүйесі қозған малдарды емдеу
кезінде аминазиннің спецификалық тиімділігі анықталды.
1957 жыл - антидеприсанттар алынды.
1966 жыл - психотропты препараттардың ең алғашқы
классификациясы ұсынылды.
1989 жыл - ондансетрон, трописетрон және т.б
синтезделді.

Қақыру – ол ветеринарлық дәрігерлердің жиі кездестіретін клиникалық
симптомдарының бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда құсудың шығу себебі
анық, ал кейбір жағдайларда құсудың этиологиясы мен патогенезі өте қиын
дифференциальды-диагностикалық мәселе болып табылады. Шығу себебі белгісіз
құсық ағылшын әдебиеттеріне сүйенсер болсақ, “Unexplained vomiting” -“шығу
себебі белгісіз құсық ” деген атқа ие болып отыр.
Асқазан, асқорыту мүшелерінің және жұтқыншақ кілегей қабығының
тітіркенуі кезінде қорғаныш рефлексі маңызды роль атқарады. Осы
рефлекстердің нәтижесінде құсық пайда болады.Құсу актісі кеміргіштерден
басқа барлық сүтқоректілерде бар. Кеміргіштерде және кейбір
шөпқоректі жануарларда құсу актісі мүлдем болмайды.
Қақыру физиологиялық және патологиялық болып бөлінеді. Физиологиялық
құсық кезінде организм асқазан-ішіек трактісіне түскен қорытылмаған
химиялық заттардан арылады. Ал патологиялық құсық бұл мақсатты көздемейді,
ол басқа екіншілік клиникалық бұзылуларға әкеліп соғатын әр түрлі
себептермен шақырылады.
Қақыру арқылы асқазандағы токсикалық заттардың ішектерге сіңуіне және
қанға өтуіне жол бермейді. Өйткені құсу кезінде токсикалық заттар сыртқа
шығарылады.
Қақыру актісі арнайы структуралық сопақша мимен, яғни қақырық орталығы
және аталмыш хеморецепторлық пусктік аймақпен (триггерлік аймақ)
қадағаланып отырады. Қақыру орталығының қозуы кезінде дамиды, ол қақыру
орталығына токсикалық және дәрілік заттардың тікелей әсер етуінен, сонымен
қатар оның орталыққа тартқыш рефлекторлық қозуы мен хеморецепторлық
триггерлік аймақтарға импульстар келіп түсуінен болады. Хеморецепторлық
аймақ өзінің локолизациялау қасиетіне байланысты тітіркенулерді қан арқылы
да, жұлындық сұйықтық арқылы да қабылдап отырады.
Ас қорыту каналының рецепторларының тітіркенуі структуралық жұлындық
сұйықтықтан сопақша мидың бір жолдық ядроларына беріледі (Nucleus tractus
solitari).
Бұл аймақ химиялық заттарға және құсық шақырғыш препараттарға өте
сезімтал. Көптеген дәрілік заттардың әсері біріншілік қозуымен немесе
аймақтық тежелуімен іске асырылып отырады.
Қақыру жиі асқазанға түскен тітіркендіргіш токсикалық заттарды шығаруға
бағытталған қорғаныс актісі болып табылады. Мұндай жағдайларда бұл
физиологиялық процесті жеделдетуге арналған арнайы дәрілік препараттар
(құсық шақырғыш) керек болады.
Қақырық түсіргіш заттарды қақыру рефлексі бар жануарларға, соның
ішінде иттерге, шошқаларға, мысықтарға қолданады. Мұндай препараттарды
жануарлар бұзылған азық, улы өсімдіктерді және басқа улы, тітіркендіруші
заттарды, оларға қастандық жасау үшін арнайы уланған азықтарды қабылдаған
кезде және қақыруға қарсы еш кедіргі болмаған жағдайда беріледі. Кейбір
Интернет форумдарында улануларды емдеуге байланысты Жедел қақырық шақыру
деген кеңестерді жиі кездестіруге болады, мысалы: паразиттерге қарсы
өңдеуден кейін инсектицидтермен улану. Соған қарағанда кейбір жануарлар
иелері (кейде тіпті ветеринарлық дәрігерлер де) құсық шақырғыш
препараттарды беру жай нәрсе еместігін әлі түсінбеген сияқты.
Жалпы жұтылған қатты заттар (жұтылған бөлік көлеміне қарай) 3,4-5
сағаттан немесе одан да көбірек уақыт өткеннен кейін қорытыла бастауы
мүмкін. Ал сұйық заттар бірнеше минуттан кейін сіңіріле бастайды. Осы
жағдайлардың барлығын мүмкіндігінше тез ескере білу керек, ал қажет болған
жағдайда, қақырықты да соғұрлым тез шақыру қажет. Ал егер удың құрамы ішек
қабырғалары арқылы қанға сіңіп кеткен жағдайда, құстырғыш препараттарды
енгізудің еш қажеті жоқ.
Қақырық түсіруге мынадай жағдайларда тыйым салынады:
- егер өңеш пен асқазан қабырғаларына зақым келтіретін заттар жұтылған

болса;
- егер жұтыну рефлексі әлсіреген немесе тіптен болмаған жағдайда;
- құрысу кезінде немесе оның пайда болуы мүмкін жағдайда;
егер өкпеден және асқазан жолында қан кету болса (мысалы: ойық жаралар
- кезінде) ;
- буаздық кезінде.
Қақырық түсіргіш заттар асқазан құрамындағы улы заттардан толық
тазартылмайды, бар болғаны 80%-ын ғана жояды. Қақырық түсіргеннен кейін
уларды шығару және бейтараптау шараларын ұйымдастыру керек. Ол үшін
адсорбенттер, уға қарсы дәрілер, тамақты жуып-шаю және тағы басқа шараларды
міндетті түрде қолдану керек екенін естен шығармағалары.

3.1. Қақырық түсіретін препараттар туралы жалпы түсінік
Басында жіңішке ішектің антиперистальтикасы байқалады, кейін оның
құрамы біртіндеп қарынға өтеді. Осы кезде қарынға жол ашылады. Қақыру
процесі кезінде терең дем алынады, кеуде қуысында теріс қысым пайда болады,
ал лоқсу асқазанның құрамының өңешке келуіне жағдай жасайды. Бұл мезгілде
көкет пен құрсақ бөлімінің бұлшық еттері теө жиырылады. Бұл асқазан іші
қысымының көтерілуіне алып келеді. Ал дем шығару кезінде асқазанның
ішіндегісі өңеш және ауыз қуысы арқылы сыртқа шығарылады.
Қақыру алдында тыныс алудың жиілеуі, ал кейіннен баяулауы байқалады.
Сонымен қатар жүрек жиырылу ритмінің өзгеруі, тер бөлінуі, сілекей
бездерінің секрециясының, өңеш және жұтқыншақ кілегей бездерінің және тыныс
алу жолдарының кілегей бездерінің секрециясының көбеюі байқалады.
Қақыру актісі мезгілінде аз уақытқа артериальдық қан қысымы көтеріледі,
ал кейін оның тез төмендеуі байқалады. Соның салдарынан бұлшық еттердің
босаңсуы болады.
Торлы түзілістердің бүйірінде, жұп құсу орталығы арқылы жүзеге асып
отырады.
Қақыру орталығы сопақша мида жөтелу және кезеген жүйке орталықтарның
қасында оналасқан.
Қақыру орталығына тітіркенулерді жеткізетін жүйке талшықтаы кезеген
жүйке құрамы арқылы өтеді.
Қақыру орталығы организмге жат химиялық заттардың әсеріне өте сезімтал
келетін сопақша мида орналасқан хеморецепторлық пусктік аймақты (триггерлік
зона) қамтиды. Құсу құсу орталығының тітіркенуінен және оған триггерлік
аймақтың хеморецепторларынан импульстар келіп түскенде пайда болады.
Қақыру орталығы еш күмәнсіз рефлекторлы сезімтал нерф ұштары арқылы
жұтқыншақтың артқы қабырғалары, тілдің түбі, кеңірдек, асқазан, бауыр, өкпе
жіне т.б. арқылы тітіркенуі мүмкін.
Қақыру актісі жұтқыншақ кілегей қабығының механикалық тітіркенуінен де
болуы мүмкін. Сондықтан да жұтқыншақты тітіркендіру қақырық түсірудің
бірден бір әдісі болып табылады. Қақыру, ол қақыру орталығының немесе осы
орталық пен байланысты ми бөліктері қозған кезде пайда болады, мысалы:
тамақ ісігі кезінде, тамақтың кілегей қабатының қабынуы кезінде және басқа
да инфекциялық аурулар кезінде.
Қақыру орталығының тітіркену механизмін екіге ажыратады: орталық және
рефлекторлы қақырық түсіргіш препараттардың орталықтық және рефлекторлық
әсерлі топтар деп бөлінуінің бірден-бір себебі осы. Тікелей құсу орталығына
әсер ететін заттарды парентеральді, инъекция жасау арқылы енгізу керек, ал
рефлектоорлы әсерлі заттарды ішуге береді.
Орталыққа әсер ететін құсық шақырғыш препараттарға ең алдымен
апоморфин гидрохлоридті атап өту керек. Ол қазіргі уақытта қолданыстағы
жалғыз құсық шақырғыш препарат. Апоморфиннің орташа дозасы әдетте аз уақыт
лоқсудан кейін бірнеше рет құсық шақырады. Апоморфиннің көп мөлшері құсық
тоқтатқыш әсер береді.
Рефлекторлы әсерлі құсық шақырғыш препараттарға мыс пен мырыш сульфатын
жатқызуға болады. Олар рефлекторлық құсықты жылдамырақ шақырады. Алайда
олардың қолданылуы шектелегн, өйткені олар асқазанның кілегейлі қабығын
тітіркендіріп жалпы токсикалық әсер беруі мүмкін.

3.2. Құстыратын препараттардың әсер ету механизмі
Құсу процесі кезінде тыныс алу бұлшық еттері, құрсақ бөлімінің бұлшық
еттері және азық каналы қатысады. Басында жіңішке ішектің
антиперистальтикасы байқалады, кейін оның құрамы біртіндеп қарынға өтеді.
Одан кейін қарынның препилорикалық бөлімінің түйілуі қарын түбі мен өіештің
босаңсуымен бір мезгілде өтеді. Осы кезде қарынға жол ашылады. Құсу процесі
кезінде терең дем алынады, кеуде қуысында теріс қысым пайда болады, ал
лоқсу асқазанның құрамының өңешке келуіне жағдай жасайды. Бір мезгілде
көкет пен құрсақ бөлімінің бұлшық еттері тез жиырылады. Бұл асқазан іші
қысымының көтерілуіне алып келеді. Ал дем шығару кезінде асқазанның
ішіндегісі өңеш пен ауыз қуысы арқылы сыртқа шығарылады.
Құсу актісінің бастапқы фазасында секрециялық сілекей бөлуінуінің,
бронхтық бездердің секреция бөлінуі күшеюі, бронх бұлшық еттерінің босаңсуы
байқалады. Бұл өз кезегінде қақырықтың түсуін жеңілдетеді. Құстырғыш заттар
аз мөлшерде қолданған кезде мұндай нәтижелерді көруге болады. Бұл кейбір
құстырғыш препараттарды қақырық түсіргіш заттар ретінде де қолдануға
мүмкіндік береді.
Құсу алдында тыныс алудың жиілеуі, ал кейін баяулауы байқалады.
Сонымен қатар жүректің жиырылу ритмінің өзгеруі, тер бөлінуі, сілекей
бездерінің секрециясының, өңештің және жұтқыншақ кілегей бездерінің және
тыныс алу жолдарының кілегей бездерінің секрециясының көбеюі байқалады.
Құсу актісі мезгілінде аз уақытқа артериальдық қысымы көтеріледі, ал
кейін оның тез төмендеуі байқалады. Соның салдарынан бұлшық еттердің
босаңсуы байқалады.
Жүрек айнудың шығу тегі, сезімтал импульстардың пайда болу орны және
олардың өту жолдары әлі толығымен зерттелмеген.
Жүрек айнудың немесе лоқсудың басты себептері шытырмандардың
тітіркенуі, ішкі органдардың ауырсынуымен тітіркенуі немесе теріс эмоциялар
болуы мүмкін.
Малдарда жүрек айну салқын тер бөлінумен, ауыз қуысы бездерінің,
қарын, бронхтардың секрециясының көбеюімен, дұрыс емес тыныстанумен,
артериальдық қысымның төмендеуі және бұлшық еттердің босаңсуымен
сипатталады.
Дәрілік заттардың белгілі бір ұлпалармен әсерлесуінің маңызды нәтижесі
дәрілік заттар молекулаларының спецификалық заттармен физико-химиялық
әсерлесуі болып табылады. Мұндай спецификалық биомолеула (немесе оның
бөлігі) циторецептор деп аталады. Циторецептордың спецификалық әсерін
белгілі бір дәрілік затпен структуралық комплиментарлығымен анықталады.
Осының нәтижесінде биомолекуланың конформациясы кешенді өзгереді. Бұл
процесс оның клетка ішіндегі функциясының өзгеруіне алып келеді. Кейін ол
сол клетканың қызметінің өзгеруіне алып келеді. Белгілі бір клеткалардың
қызметінің өзгеруі белгілі бір мүшенің немесе жүйенің қызметінің өзгеруіне
алып келуі мүмкін. Құстырғыш заттарды құсу рефлексі бар жануарларға, соның
ішінде иттерге, шлшқаларға, мысықтарға қолданады. Құсу актісі
кеміргіштерден басқа барлық сүтқоректілерде байқалады. Құсу актісі
кеміргіштер мен кейбір шөпқоректі жануарларда мүлдем дамымаған.
Иттер. Иттердің құсу рефлексі жақсы дамыған. Апоморфин гидрохлорид
иттерге арналған жақсы құстырғыш препарат болып табылады. Ол инъекция
жасағаннан кейін 3-10 минуттан соң құсық шақырады. Бірақ сопақша мидың
пусктік аймағына әсер ету арқылы апоморфин құсу орталығын тежейді.
Сондықтан егер бірінші доза құсық шақырмаса, екінші рет енгізудің еш
нәтижесі болмайды. Сонымен қатар бұл препарат сатылымда шектелген (А
тізімі). Қазақстан Республикасында иттерге қолданылатын құстырғыш зат
ретінде аққорғасын тұнбасы тіркелген. Сонымен бірге 3% сутегінің асқын
тотығын қолданады. Олар инесіз шприц көмегімен немесе жұтқыншаққа тікелей
спринцовка жасау арқылы енгізеді. Д.Хэрриот мәліметтеріне сүйенетін болсақ,
амалсыздан кей уақытта қыша ерітіндісін сүт консистенциясына дейін езіп
қолданған жағдайлардың болғандығын айтады. Метиктерді ішке қолдану
барысында олардың аспирациясынан сақтану керек.
Шошқалар. Қазақстан Республикасында шошқаларға арналған құстырғыш
препарат ретінде аққорғасын тұнбасы тіркелген. Бұл дәрілік зат шошқалардың
өңеші бітелуі кезінде де қолданылады. Артық мөлшерде қолданған кезде улану
болады, бұл кезде 1% атропин сульфат ерітіндісін қолданады. Апоморфин
гидрохлоридті қолданған кезде шошқалардың тек 40%-нда ғана құсық
шақырылады. Егер апоморфинді сол шошқаларға қайталап енгізгенде құсық
болмауы мүмкін, ал алдында апоморфин еш әсер етпеген шошқаларда құсық пайда
болуы мүмкін.
Мысықтар. Мысықтар үшін арнайы эметиктер жоқ. Жиі ксилазин препаратын
қолданады. Құсық 2-5 минуттан кейін пайда болады. Апоморфин мысықтарда
құсық шақырады, бірақ бұл препарат мысықтардың орталық жүйке жүйесін
қоздыратын болғандықтан, оларды қолдануға болмайды. Мысықтар үшін
ипекакуана шырыны әр дайым оң нәтиже бермейді, ал оны қайталап енгізген
уақытта улану пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл препаратты енгізгеннен
10-30 минуттан кейін ғана құсық пайда болады.
Мүйізді ірі қара және ұсақ малдар. Басқа жануарларда құсық шақыратын
препараттар күйіс қайыратын малдарда өңештің қабырғаларының босаңсуы мен
мес қарынның жиырылуын күшейтеді. Аққорғасын тамырсабағының тұнбасы мен
қайнатпасының азғантай мөлшері бронхиальдық секреция мен алдыңғы
қарындардың моторикасын күшейтеді. Құсық шақырғыш препараттарды өңеш
бітелуі кезінде де қолданады. Кейбір деректер бойынша аққорғасын тұнбасын
сиырлар мен бұзаулардың өңешінің алма және картоппен бітелуі кезінде де
пайдаланады, егер оларды қолмен немесе зонд көмегімен алуға немесе мес
қарынға итеріп жіберуге мүмкіндік болмаса. Препартқа деген сезімталдық әр
түрлі. Кей жағдайларда екінші қайтара (қауіпті, негізінен бір рет қолданылу
ұсынылады) енгізгенде, шамамен бірінші енгізуден 10 минут өткен соң құсық
шақырылмаған және улану белгілері болмаған жағдайда жануарларға енгізеді.
Кейде сілекей ағу жағдайлары кездеседі, бірақ олар еш дәрігер көмегінсіз
кетеді. Аққорғасынмен өте жіті улану жайттары тіркелмеген.
Жылқылар. Құсық шақырғыш препараттарды жылқыларға енгізбейді, өйткені
олардың асқазанның мықты кардиальді сфинктері құсықтың шығарылуын
болдырмайды. Егер жылқының кардиальді сфинктері босаңсыған болса немесе
асқазанда жоғары қысым болатын болса, құсық шақырылуы мүмкін. Қай-қай
жағдайда эметикді жылқыларға енгізгенде олардың асқазандарының жыртылу
қаупі төнеді.
Қояндар. Қояндарда басқа кеміргіштердегідей құсу рефлексі мүлдем
дамымаған.

3.3. Апоморфин препараты
Апоморфин – дәрілік препарат болып табылады.Ол морфинге сутектіхлорлы
сілтінің әсер етуі арқылы алынатын жартылай синтетикалық алкалоид болып
табылады.
Фармакологиялық қасиеттері:
Апоморфин морфиннің кейбір фармакологиялық қасиеттерін сақтап қалған.
Ол әлсіз анальгезирлеуші белсенділікке ие. Ол тыныс алу орталығына
мазасыздандырарлықтай әсер береді. Апоморфиннің сопақша мидың
хеморецепторлық пусктік (триггерлік зона) аймағына әсерін ерекше атап өтуге
болады, ол аймақты қоздыруы бұл препараттың құстырғыш әсері бар екенін
көрсетеді. Апоморфин морфин секілді құсу орталығын қоздырады. Егер
апоморфинді бірінші рет енгізгеннен еш нәтиже болмаса, екінші рет енгізудің
де еш нәтижесі болмайды. Егер құсу орталығының қозуы (мысалы: терең наркоз
кезінде) немесе хеморецепторлық пусктік аймақ (мысалы: нейролептикалық
заттар әсерінде болса) күйзелісте болса, апоморфин тиімді нәтиже бермейді.
Медицинада қолдану үшін апоморфин гидрохлорид препараттары шығарылды
(Apomorphini hydrochloridum).
Физикалық қасиеттері:
Ақ, аздап сұрғылт немесе сарғыш келген иіссіз кристалданған ұнтақ болып
табылады. Ауада және күн сәулесі әсерінен жасыл түске өзгереді. Суда (1:60)
және спиртте (1:50) қиын ериді. Сулы ерітінділер күн сәулесі әсерінен және
ауаның әсерінен түсі тез жасылданып, өздерінің белсенділігін жоғалтады.
Инъекциялық ерітінділерді (рН 2,3 – 3,0) стабилизатор қосу арқылы
дайындайды.
Фармакокинетикасы:
Бауырда глюкуронидтердің түзілуімен метаболизацияланады (негізін
тәуліктің жарық кезінде). Бүйректен метаболиттер түрінде шығарылады.
Негізінен өзгермеген 4% қосылыс түрінді.
Қолданылуы:
Асқазаннан улы затарды және пайдалануға жарамсыз азықтарды тез арада
жою үшін (асқазанды жуып-шаю мүмкін болмаған жағдайда).
Қолданылу тәсілдері мен дозалануы:
Апоморфин препаратын көбінесе тері астына енгізеді.
Мүйізді ірі қараға – 0,02 – 0,05 мл тері астына.
Шошқа мен ұсақ малдарға – 0,01 – 0,02 мл тері астына.
Ит пен мысықтарға – 0,001 – 0,003 мл тері астына.
Тауыққа – 0,002 – 0,003 мл тері астына.
Жағымсыз әсерлер:
Апоморфин препаратын қолдану кезінде өте мұқият болу керек. Кейбір жеке
ауруларда галлютинацийлер болуы мүмкін. Сонымен қатар аллергиялық реакция
беруі мүмкін.
Артериалдық қысымның күрт төмендеуі кезінде жүрек-қан тамыр
препараттарын беру керек. Апоморфинді қолдану барысында құстырғыш
массалардың тыныс алу жолдарына түсіп кетуінен сақтану қажет.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
Препаратқа деген жоғары сезімталдық. Асқазан және он екі елі ішектің
ойық жарасы кезінде, асқазан-ішек трактісінен қан кету қаупі төнгенде;
артериальдық гипотензия кезінде; туберкулездің ашық формасында және өкпенің
қан кетуінде; асқазанның қышқылдармен, сілтілермен күюі кезінде; жүктілік,
сонымен қатар анкиометиктермен улану кезінде қолдануға болмайды.
Шығарылу түрі:
Ұнтақ күйінде.Бұл препаратты жақсы жабылатын, сарғыш әйнекті банкілерде
шығарылады. Бұл оны күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтайды.
Сақтау шарттары:
А тізімі препараты.

3.4. Аққорғасын өсімдігінің тұнбасы
Атауы – Аққорғасын тұнбасы.
Латынша атауы – Tinctura Veratri.
Аққорғасын тамырсабағын 70º этил спиртінде тұндыру арқылы алады (1:10).
Бұл препараттың құрамында алкалоидтар (протовератрин, нервин) және қант,
кразмал, қарамай болады. Аққорғасын тұнбасы қызыл-бурыл түсті біртекті
мөлдір және өзіндік иісі бар сұйықтық. Оларды әйнек флакондарда 100 мл, ал
пластикалық флакондарда 500 мл-ден шығарады.
Фармакологиялық қасиеттері:
Аққорғасын тұнбасын парентеральді енгізген кезде оның құрамындағы
алкалоидтар кілегейлі қабықты тітіркендіреді және асқазан секрециясы мен
моторикасын күшейтеді. Ал иттер мен шошқаларда құсық шақырады. Күйіс
қайыратын малдарда аққорғасын тұнбасын ішке енгізгеннен 5-10 минут өткеннен
кейін оларыдң алдыңғы қарындарының жиырылу функциясы қалпына келеді және
күшейеді, сонымен қатар кекірік пен күйіс қайыру пайда болады.
Қолданылуы:
Күйіс қайыратын жануарларға алдыңғы қарындарының гипотаниясы мен
атониясында, тимпания және мес қарын парезі кезінде күйіс қайырудың
жандануы үшін қолданылады.
Қолданылу тәсілдері мен дозалары:
Аққорғасын тұнбасын ішке келесі дозаларда беріледі: мүйізді ірі қараға
– 5 – 12 мл әр басқа немесе 0,01 – 0,024 млкг тірілей салмағына; қой мен
ешкіге – 1 – 4 мл әр басқа немесе 0,04 – 0,08 млкг тірілей салмағына;
шошқаларға – 1 – 2 мл немесе 0,014 – 0,028 млкг тірілей салмағына; иттерге
– 0,05 – 2 мл немесе 0,05 – 0,2 млкг тірілей салмағына тәулігіне 1 – 2 рет
жазылғанға дейін. Кей уақытта мүйізді ірі қараға аққорғасын тұнбасын тамыр
ішіне енгізеді (өте жай). Кейбір жағдайларда аққорғасын тұнбасын бүрге,
бит, жүн жегіш жәндіктермен жіне кенелермен күресу үшін де қолданады.Ол
үшін ішке енгізу мөлшеріне тең мөлшерде жануарлардың арқасын бүкиді.
Жағымсыз әсерлері:
Аққорғасын тұнбасын дұрыс пайдаланбаған жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тыныс мүшелерінің қызметіне әсер ететін дәрілік заттар
Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
Аллергиялық емес демікпе
Тыныс алу ағзаларының аурулары кезіндегі емдік дене шынықтыру
Емдеу - сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы жайында
Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруының этиологиясы
Бронх өткізгіштігі бұзылу синдромы барысында емдеуге қолданылатын заттар
Бронх демікпесі
Құстырғыш және қақырық түсіргіш заттар
Пациентті тексеру әдістері
Пәндер