Ауру қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС-ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Морфология және физиология»
кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы : «Лептоспироз кезіндегі патоморфологиялық өзгерістері»
Орындаған: ВМ - 35 топ студенті
.
Тексерген: в. ғ. д., профессор Кушалиев Қ. Ж.
Орал-2011
Жоспар
Кіріспе . . . 3
I. Әдебиетке шолу.
1. 1. Тарихи дамуы . . . 4
1. 2. Вакцина егу профилактикасы . . . 7
II. Негізгі бөлім.
2. 1. Жарып - сою хаттамасы . . . 9
2. 2. Этиологиясы мен патогенезі . . . 11
2. 3. Клиникалық белгілері . . . 12
2. 4. Патолого-анатомиялық өзгерістері . . . 14
2. 5. Патогенезі . . . 15
2. 6. Диагнозы . . . 16
2. 7. Аурудан емдеу . . . 17
2. 8. Алдын алу және күресу шаралары . . . 18
III. Қорытынды . . . 19
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 20
Кіріспе
Жалпы ветеринария саласын дамытудың бірден бір жолы - малдарды жұқпалы және жұқпалы емес аурулардан сақтау болып табылады. Осыған орай мал шаруашылығы мамандарының алдына қойған мақсат міндеттері болады. Осы мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мал басын көбейтіп, оның өнімділік сапасын арттыру керек. Бұл үшін мал мамандары шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлік, зоотехникалық қызмет көрсетуді, малдардың бағылуы мен азықтандыруына, азық сапасын көтеруін, ветеринарлық шаралардың уақытылы және жоғары деңгейде өткізуді талап етеді.
Лептоспироз (leptospirosis) - қысқа мерзімді қызбамен, қан аздықпен, сарғаюмен, гемоглобинуриямен, іш тастаумен, септицемия, кілегейлі қабықтар және терінің некрозымен, ішек-қарынның әлсіреуімен сипатталатын жұқпалы табиғи ошақты ауру. Бұл аурумен барлық мал түрі ауырады. Әсіресе, ірі қарада, жылқыда, қойда, шошқада, бағалы терілі аңдарда жиі кездеседі. Ауру қоздырушысы стирохет тұқымдастарына жататын leptospira түрінің патогендік микроорганизмдері. Ауру қоздырғышы лептоспира суатта, көлшіктерде, батпақты жайылымдарда, көк өрістерде тез өсіп өнеді. Малдың организміне лептопиралар ауыздың немесе танау қуысының және ішек-қарынның кілегей қабықтары арқылы жұғады.
Лептоспироз табиғи - ошақтық аурулар қатарына жатады. Аурудан сәтсіз шаруашылықтардан асыл тұқымды малдар сатылса көптеген шаруашылықтар мен аудандарды қамтитын энзоотия түрінде белгі бере алады.
Адам және жануар липтосперозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы А. Weil, 1888 Н. П. Васильев адамның жұқпалы сары аурудың клиникалық картинасын нақты сипаттады. Содан соң осы ғалымдардың құрметіне аталмыш ауру Вейл-Васильев атауына ие болды. 1904 жылы неміс журналында Е. Дьяченконың Кубаньдағы мүйізді ірі қара клиникалық белгілері туралы еңбегі жарияланды. Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған адамның қанымен зақымдалған теңіз шалқалардың бауырынан спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spiroclaeta ictero haemorr laguae деп атады. Жалпы осы курстық жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылық малдары ауыратын жұқпалы ауруларды анықтау, себебі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, диагноз дәл қою арқылы емдеу, сонымен қатар олардың аурудан өлген жағдайда өлекселерін жарып сойып қарау, басқа малға
жұқпауын қадағалау, яғни, алдын алу және күресу шараларын өткізу болып табылады.
Әдебиетке шолу
- Тарихи дамуы
Ауру тарихы. Адам және жануар лептоспирозын ұзақ уақыт бойы ұқсас аурулардан ажырату қиын болды. Тек ХІХ ғасырдың соңында ғана алғаш рет 1886 жылы А. Weil; 1888 жылы Н. П. Васильев адамның жұқпалы сары ауруының клиникалық картинасын нақты сипаттады.
Ауру қоздырушысы Жапонияда 1914 жылы Инадо, Ноки, Канеко ашып, олар жұқпалы сары аурумен ауырған адам қанымен зақымдалған теңіз шошқаларының бауырынан спирохеталарды ажыратып алып, ауру қоздырушысын Spirochaeta icterohaemorrhagiaе деп атады. 1917 жылы Ногуши қоздырушыны Leptospira деп атап, оларды туыстығына байланысты жіктеді
К. П. Студенцов (1966) мәліметтеріне қарағанда лептоспирлер пішініне байланысты С және S әріптері тәріздес. Осыған орай лептоспира атауы гректің екі сөзінен құралған:
Leptos - ұсақ, spira - иір. Spirochaetaceae тұқымдасының leptospira туысына жатады. Халықаралық жіктеуге сәйкес, лептоспир туыстары екі түрде: лептоспир - паразиттер (L. interrogans) және лептоспир - сапродиттерден (L. biflexa) құралады. Қазіргі уақытта L. interrogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал L. Biflexa 38 топқа жататын 63 сероварға бөлінеді.
А. И. Протасов (1968) зерттеулерінде лептоспирлер аздап жарық сәулесін сындырады, сондықтан оларды микроскоптың «қараңғы бөлімінде» қарайды. Олар нәзік спиральмен қоршалған жіңішке жіп болып көрінеді, активті қимылы бар. Олардың мөлшері 4-15х0, 2-0, 4мкм, шеттері (бір немесе екі жағы) қайырылған және домалақтанған жуандауы бар. Лептоспирлер 26-28 0 С температурада және РН 7, 2-7, 4, үй қояндарының немесе қойлардың қан сарысуы қосылған әртүрлі қоректік ортада культивирленеді.
А. П. Шатров пен А. Ф. Кирпичев (1971) деректеріне сүйене келсек, бұл індеттің пайда болуы Қазақстан жануарларының Солтүстік Кавказдан, Украинадан, Роспов облысынан әкелінуімен байланыстырады. Қазақстанда қойлардың лептоспирозы 1943 жылы тіркелген.
Т. Телеуғалиев (1970) жазбалары бойынша бұл ауруды гемоспоридиоз ауруларынан ажырату керек. Гемоспоридиозда талақтың көлемі ұлғаяды, ал лептоспирозда талағы әдеттегідей болады. Лептоспирозда аурудың кілегей қабығы өлі еттенетін болса, гемоспоридиозда ол кездеспейді.
Т. А. Кононов (1973) бойынша шошқа аурудың жіті және жетілеу түрімен ауырғанда олардың сол түйіндері сәл ғана ұлғаяды, қызыл сұр тартады, пышақпен тілгенде ойдым-ойдым боп қанталағаны байқалады. Көмекей бездерінде өлі еттенген сары түсті участоктар пайда болады.
Талақ сәл үлкейген, етегі нүкте тәрізденіп қанталаған. Бауыры сарғаяды немесе қызыл - қоңыр түсті болады. Бүйректері сәл үлкейеді. Қызыл - сұр түсті. Аурудың созылмалы түрінде бүйректерінің үстіңгі жағы нүкте тәрізді қанталайды. Етінің түсі солғын қызыл кейде сәл сарғыш тартады.
Э. С. Плотников (1975) негіздеріне назар аударар болсақ, сауылатын малдар сүт беруін азайтады немесе біржолата тоқтатады. Буаз малдар іш тастайды немесе бұзаулар нашар болып туады. Ал ауырған малдан туған бұзауда алғашқы күннен-ақ дене температурасы көтеріледі, тәбеті жоғалып мұрнынан кілегей ағады, конъюктивиясында ірің пайда болып, қатты арықтайды.
Б. Көпбосынов (1978) мәліметінше лептоспирозбен тек жануар ғана емес адамда ауырады екен.
С. А. Амреев, Л. П. Баяринова зерттеулеріне қарағанда 1998 жылы бұл ауруға 806 адам шалдыққан. Бұл дегеніміз дерттің жылдам ұшығатынын көрсетеді.
Т. Сұлтанқұлов (1978) пікірінде шаруашылықта лептоспироз ауруы анықталғанда ауру малды бөлектеп оған қан сарысуын тері астына 10-12мл дейін инемен жібереді. Қалған барлық малды вакцина мен әр жеті күннен кейін 2 рет егеді. Аурудың клиникасы білінбесе және күдікті болса малды союға болады. Мұндай малдың етін мал дәрігерлік экспертизаның ережелеріне сәйкес пайдаланылады. Ал сүтін жақсылап қайнатқаннан кейін пайдалануға рұқсат етіледі. Ауырған малға 40%-к глюкоза ерітіндісін қанына жібереді. Асқазанның жұмысын жақсарту үшін глаубер тұзын (200-1000г дейін) суға езіп ішкізеді. Бір аптаға дейін әр киллограмм салмағына 6 ЕД есеппен стрептомин береді. Жылқыға емдік мақсатпен әр киллограмм салмағына (0, 005-0, 01 кг қан тамырына) нарсульфазал жібереді.
А. А. Конопаткин (1984) жазбаларында лептоспираның морфологиялық құрылысы білік жіпке тізгендей бірімен-бірі қабыса бұйраланып, өте ұсақ спирал тәрізді көрінеді. Лептоспираның ұзындығы 5-тен 18 метрге, 2-0, 2-ден 0, 3 метрге дейін болады. Бұл микроорганизмнің басы қармақ сияқты иіліп келіп, ұшы түйме тәріздес сүмбіленеді. Лептоспиралардың тағы бір қасиеті олар анаминдік бояумен боялмайды, Романовтың әдісі бойынша көк - сұр түске боялады. Ал күміс жалатылса қоңыр немесе қара түске айналады.
Б. Ф. Бессарабов (1984) лептоспироз кезінде ауырып айыққан малдарда берік және ұзаққа созылатын иммунитет пайда болады дейді. Кейде ол стирилсіз. Активті иммундау үшін поливалентті ВГНКИ депонирленген вакцинасын қолданады, онда елдің қай аймағында болсын ең жие кездесетін лептоспирлердің әр түрлі сероптары үйлескен екі варианттары шығарылғандары пайдаланылады.
Б. И. Антонов (1986) дерегінде ауруға диагнозды-клиникалық, паталого-анатомиялық, індеттік деректердің, бактерологиялық, серологиялық, гистологиялық және лабораториялық зерттеулер негізінде қояды. Малдың тірі кезінде жаңадан жиналған несеп пен қан, ал өлгеннен кейін бауыр бүйректер және кеуде мен іш қуыстарының транссудаттары тексеріледі. Аурудың 5-7 күннен бастап микроаглютинация (РМА) және макроаглютинация реакциялары бойынша қан сары суын тексереді. Тексеруді лептоспирдің типтелденген штамдарының жиынтығымен жүргізеді. Сары су титрі РМА-да 1:500 және одан жоғары немесе РА-да 3-4 кресі бар малдарды лептоспир тасушылар деп қарайды.
Серологиялық диагноз қойғанда лептоспердің қоздырғышы деп ең жоғары титрдегі антительдер табылған серологиялық топтың липтоспирлері саналады.
П. В. Житенков (1989) мәліметтері бойынша бұл ауруда жарып сойған кезде барлық органдар өзгерістерді анық көруге болады.
Айталық, терінің әртүрлі учаскелерінен некроз ошақтарын, көзге көрінетін кілегейлі қабықтардың сарғаюын және ауыз қуысының кілегейлі қабығында ойық жараларды табады. Ішін жарғанда көп жағдайда барлық тканьдердің сарғаюы мен тері асты клетчаткасында, ішектің сірілі және кілегейлі қабықтарында, өкпеде, жүректе, бүйректе, жолақта қан құйылуларда көруге болады. Сол түйіндері үлкейген және сарғайған. Бүйректер үлкейген. Олардың сыртында кішкентай сары ошақшалар көзге түседі, қыртыс және іш қабықтарының шекаралары байқалмайды. Қуықтың кілегейлі қабығы қан құйылумен тұмшаланған. Бауыр екі есе ұлғайған, босаңдаған, кесілген жері саз түсті.
И. А. Бахулов (1993) зерттеулері бойынша аурудан сәтті шаруашылықтарға малдарды тек қана лептоспирозды серологиялық тексерулердің нәтижесі теріс деп танылғанда сәтті шаруашылықтан әкеледі.
1. 2. Вакцина егу профилактикасы
Вакцинология термині вакцина дайындайтын, сынайтын, қолданатын және вакциндеуден кейінгі қалыптасатын иммунитетті зерттеумен айналысатын ғылымдар арасында кеңінен танымал.
Вакцинология - вакциналар мен иммунитет туралы ғылым.
Вакцинация - вакцина көмегімен белсенді иммунитет түзу тәсілі.
Европада эпидемия кезінде вакцина алғаш рет қолданылған. Ол вакцина құрамына қоректік ортада шайылып, формалинмен инактивтелінген лептоспира суспензиясы енген.
Кеңестер Одағында қарсы вакцинаны А. А. Варфоломеева мен Г. Н. Ковальский ендірген.
Адсорбенттер қосылған (ашудас, алюминий сульфаты, алюминий гидрооксиді) Pomona, Icterohaemorrhagiaе сероварларының лептоспироздық вакциналарын H. C. Ellinghausen ұсынды.
C. I. York және I. A. Baker тауық эмбрионында өсірілген лептоспиралардың Pomona штамынан дайындалған вакцинаны ұсынған.
Моновалентті формолглициринді вакцина Ресейде лептоспироздан сәтсіз шаруашылықта сынақтан өткізіліп оң нәтиже алынған.
Ресей және ТМД елдерінде лептоспироздың алдын алу үшін келесі вакциналар ұсынылады:
- ірі қараның қарасаны мен лептоспирозына қарсы ассоцирленген вакцина;
- жануарлар лептоспирозына қарсы «ВГНКИ» поливалентті вакцина;
- жануарлар лептоспирозына қарсы концентрленген вакцина;
- шошқаның лептоспирозы мен парвовирустық инфекциясына қарсы ассоцирленген вакцина;
- шошқаның парвовирустық ауруларына, лептоспирозына, Ауески ауруына және хламидиозына қарсы концентрленген инактивтелінген вакцина;
- жануар лептоспирозына қарсы лиофильденген вакцина;
- лептоспироз және құтыруға қарсы сұйық инактивтелінген вакцина («Лепторабизин, ЛБ») ;
- құтыру және лептоспирозға қарсы сұйық инактивтелінген вакцина (Эурикан RL) ;
-құтыру және лептоспирозға қарсы сұйық біріктірілген инактивтелінген вакцина (Nobivac RL)
- ит обасы, аденовирустық инфекциясы, парво- және короновирустық энтериті, лептоспирозына және құтыруына қарсы вакцина («Мультикан») ;
-ит обасы, инфекциялық гепатиті, аденовироз, парвовирустық энтериті және лептоспирозға қарсы поливалентті вакцина («Гексаканивак») ;
-обаға, аденовирозға (тип 2), парвовирозға, параинфлюенцияға, лептоспирозға қарсы лиофилденген құрғақ тірі вакцина («Dyramun») ;
-обаға, аденовирозға (тип 2), парвовирозға, короновирусқа, парагрипп және лептоспирозға қарсы лиофилденген құрғақ тірі вакцина («Dyramun» МАХ 5-СV/4L) ;
- ит обасына, аденовирозына (тип 2), парвовирозына, респираторлық инфекциясына (тип 2), лептоспирозына және құтыруына қарсы поливалентті біріктірілген вакцина (Eurican DHPPI2 LR) ;
- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы тірі поливалентті инактивтелінген вакцина («Нарвак») ;
- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы тірі поливалентті инактивтелінген вакцина («Биовак L») ;
- L. іcterohaemorrhagiaе, L. canicola тудыратын ит лептоспирозына қарсы тірі бивалентті инактивтелінген вакцина («Nobivac Lepto») .
Уыттылығы жоғары, антигендігі мен иммуногендік қасиетке ие лиофилденген вакцина Помона және Тарассови лептоспираларынан Болгарияда дайындалған.
Кешендi иммундеу жануар ағзасына едәуiр оң әсер бередi. Кешендi препарат компоненттерiнiң бiрiнiң иммунизаторының әсерiнiң әлсiреуi олардың дозаларының қажетті мөлшерде сақталмауынан болады.
Лептоспироздың арнайы алдын алу шараларында келтірілген әдебиет көздерінен алынған мәліметтерді жинақтай отырып, қысқаша мынадай тұжырымға келуге болады:
-серовар және серотоп бойынша лептоспиралардың өндірістік штамдарын таңдап алу лептоспирозға қарсы сапалы вакцинаны өндірудің басты шарты болып табылады.
Негізгі бөлім
2. 1. Жарып - сою хаттамасы
БҚО Жәнібек ауданының «Қамысты» ұжымына тиісті ірі қараны патолого-анатомиялық жарып - сою.
Ірі қара 2011 жылдың 17 сәуір күні ауырды, емханаға 19. 04. 2011 жылы әкелінді. Орал қалалық ветеринарлық зертханасында машықтанушы студент Утешева А. М. мен оған бақылаушы ретінде бактериологиялық бөлімінің меңгерушісі Шукешев Е. К. және ветеринарлық дәрігер Сабыржанов А. У. -тің қатысуымен жүргізілді.
Анамнез
Ірі қара малының дене температурасы 39 0 С-қа дейін көтерілген. Азық жұту актісі бұзылған. Дем алысы мен жүрек тамыр соғысы жиілеуі байқалған. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың сарғаюы пайда болған. Терісі өлі еттенген. Мал қатты жүдеп, күйзеліске ұшыраған.
Ауырғаннан кейін 3 күннен соң, 22. 04. 2011 жылы өлді.
1. Сыртқы қарау
І. Басты белгілер. Ірі қара малының өлігі 2 жаста, етті бағыттағы тұқым, дене бітімі ортадан жоғары
ІІ. Өлекседегі өзгерістер. Өлексе салқындаған, жалпы дене бітімі бүтін, солғын бейнеленген.
ІІІ. Арнаулы білім.
3. 1. Конъюктивасында қысың қабығы бозарған, көз алмасы солғын, көздің кілегей қабықтары қансызданып кеткен.
3. 2. Ауыз қуысы - кілегей қабығы некрозға ұшыраған.
3. 3. Мұрын қуысы - кілегейлі сорап байқалады.
3. 4. Сыртқы жыныс мүшелері - некроздалған.
3. 5. Түктері - жоқ, түсіп қалған.
3. 6. Терісі - әртүрлі учаскелерінде некроз ошақтары, кілегей қабаттарының сарғаюы.
3. 7. Желін, үрпі жолдары - сыртқы кілегей қабығы некроздалған.
2. Ішкі қарау
2. 1. Бұлшық еттері мен сіңірлері - солғын тартқан және қою күлгін түстес, ісік байқалады, сарғыш түстер мен дақтар тәрізді қан құйылулар бар.
2. 2. Буындары - үсті аздап ісінген, буын қуыстарында аздаған жылтыр сарғылт түсті созылған сұйықтық.
2. 3. Сүйіктері - бүтін, жарылған жоқ, анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы дұрыс.
2. 4. Құрсақ қуысы - сарысуға толы.
2. 5. Өңеш - ісік пайда болған.
2. 6. Асқазан - жалбыршақ қарын құрғақ нығыздалған азыққа толы.
2. 7. Ішектер - сірілі және кілегей қабықтарында қан құйылымдар. Шажырқай сол түйіндері қанталаған.
2. 8. Бауыры - үлкейген, қызғылт түсті. Паринхимасында некроз.
2. 9. Өт қабы - үлкейген, қара көк өкпе толы.
2. 10. Бүйректері - қан құйылу байқалады, ісіңкі, сыртқы қабықтары сұрғылт тартқан, қабығы қолмен оңай сыпырылады, көлемі ұлғайған.
2. 11. Несеп ағар, қуық және несеп шығару жолдары - қою күрең түсті, несеппен кернелген, кілегей қабығы қабынған.
2. 12. Жатыры - қабынған.
2. 13. Көкірек қуысындағы органдар - сарысуға толы.
2. 14. Кеңірдек және бронхылар - кілегей қабықтары жылтыр, қызғылт- қоңыр түсті, қабынған.
2. 15. Өкпе - ісіңкі, қан құйылған, бронхтары көбікке толы.
2. 16. Жүрек - бұлшық еті пісірілген ет түсіндей.
2. 17. Қан тамырлары - қан кернеген.
2. 18. Талағы - гиперемияланған, сәл еті жұмсарған.
2. 19. Лимфа түйіндері - аса үлкейген, күлгін қызыл түсті, сірілі инфильтрациялық жасунықпен қапталған, қан құйылу байқалады.
2. 20. Бас миы мен жұлыны - сол түйіндері үлкейген, айналасында жалқаяқ жиналған.
Патолого-анатомиялық диагноз:
- Некроз
- Веноздық гиперемия
- Лимфаденит
- Бронхопневмония
- Бауырдың гипертрофиясы
- Капростаз
Қорытынды:
Өлексенің клиникалық белгілеріне, сыртқы және ішкі патолого-анатомиялық өзгерістеріне қарап, малдың лептоспироз ауруымен ауырып өлгендігі анықталады.
2. 2. Этиологиясы
Жұқпалы аурудың негізгі көзі - ауру мал және ауырып жазылған мал. Бұл малдар бірнеше ай бойына лептоспира тасушы болып жүреді де, аурудың қоздырғыштарын несеппен сыртқа шығарады. Лептоспира тасығыштық қасиет түлкіде 514 күнге дейін, сиырда 210 күнге дейін, кеміргіш жәндіктерде өмір бойы сақталынады. Бұл жағдайда ауруды жұқтырудың көздері, лептоспироза мен лептоспироза тасығыш ауру малдың несебімен былғанған суаттар мен жем-шөпте болады. Негізінен аурудың жұғуы алиментарлық жолмен болады. Бірақ малдардың суға түсуі кезінде немесе ауру жабысқан заттарға жұғысуынан терісінің және кілегей қабықтарының зақымданған жері арқылы малдың немесе лептоспира тасығыштардың шикі етін жегендіктен ауруға шалдығады. Лептоспираның көп таралуына себепкер болатындардың бірі осы аурумен ауырып жүрген және лептоспираны тасушы көр тышқандар болып саналады. Өйткені, бұл тышқандар мал суаратын суаттарды, малдың жем - шөбін өзінің несебі арқылы лептоспираны үнемі жұқтырып отырады.
2. 3. Клиникалық белгілері
Жасырын кезең 2-ден 20 күнге дейін. Аурудың клиникалық белгілері көп түрлілігімен сипатталады: жіті, жітілеу созылмалы және симптомсыз.
Күйіс қайырушы малдардың ауруы жіті өткенде 4-6 күн бойы дене температурасы 4, 5-41 0 С дейін көтерілуі байқалады. Малдар енжар қалпы жем-шөптен бас тартады, күйіс қайрамайды. Сауын малының сүті азаяды. Ішек-қарын жолдарының әлсіреуі нәтижесінде әуелі білінген іш өту іш қатуға ауысады. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың сарғаюы пайда болады, ал несеп шие түстес немесе бурыл түрге енеді. Кейде көздің дәнекер қабығының қабынуы мен мұрын қуыстарының кілегейлі, ал қораларда іріңді сорап байқалады. Одан әрі бас жақтың терісінің (әсіресе, тұмсық пен еріндерде), желіннің, жыныс органдарының сыртының, ауыз қуысының кілегейлі қабығының некрозы байқалады. Сиырлардың буаздығының әр мерзімінде іш тастау болады. Ауру жіті өткенде ол 5-10 күнге созылады, егер малдарға ем көрсетілмеген болса өлім-жетімге ұшырауы 50-70%-ке жетеді. Кейде ауру жедел өтеді де малдар бір тәуліктің ішінде өледі.
Жітілеу өткенде ауру сол белгілерімен білінеді, бірақ олар ақырын дамиды және әлсіз білінеді. Көп жағдайда қызу рецидивті штатта болады. Ауру 30 күнге дейін созылады. Өліммен аяқталуы 20-45%.
Лептопироздың созылмалы өтуі 3-5 ай бойы 3-4 қайталанатын мезгіл-мезгіл қызудың қозуы мен прогресті арықтаумен сипатталады. Көп жағдайда гемоглабинурия сарғаю және ішек-қарын жолының әлсіреуі білінеді. Сауылатын малдар сүт беруін азайтады немесе бұзаулар нашар болып туады. Тыныс алу шұғыл жиілейді. Малдар жүдеуліктен өледі.
Шошқада жіті өтуі көбіне емуші торайлардың ауру болып есептеледі. Дене температурасының 41-41, 5 0 С дейін көтерілуі, енжарлық, тәбеттің жоғалуы, іш өту, сигерлік іш қату мен құсу, көздің дәнекер қабығының қабынуы, шатқаяқты жүрісті көруге болады. Кейбір торайларда аурудың 3-4 күні тері мен кілегейлі қабықтардың сарғаюы байқалады. Ауру 5-7 күнге созылады, бірақ көп торайлар аурудың 2-4 күнінде-ақ өледі.
Аурудың жітілеу өтуіндегі белгілері де осындай. Бірақ аздау білінеді. Қызу рецидивті типте болады. Терінің некрозы болады, жаны жоқ учаскелер үлкен қиықтар болып бөлініп түседі. Кейде некроздың нәтижесінен торайлардың құлағы мен құйрығы бөлініп түседі. Малдар еспесі қалады. Сарғаю сирек болады. Ауру 7-14 күнге созылады.
Лептоспироздың созылмалы өтуі ересек шошқаларда болады және жеңіл қызумен, тәбеттің төмендеуімен, мезгілді іш өтумен, қан азаюмен және арықтауымен сипатталады. Буаз мегежіндердің 15-65% буаздығының екінші жартысында, көбінесе, торайлауға бірнеше күнде іш тастайды.
Лептоспироздың сәтсіз тобындағы симптомсыз өтуі негізінен марқа торай мен ересек шошқалардың 70-80%-інде болады. Кейде қысқа мерзімді дене температурасының көтерілуі білінеді, бірақ бұнда шошқалар сау сияқты болып көрінеді және тәбеттері жойылмайды. Мұндай малдарда лептоспирурияны (лептоспирдің несепте болуы), ал қан сарысуында антиденелерді байқауға болады.
Жылқыда дене температурасының көтерілуі 39, 5 0 С және одан да жоғары болады, тәбеттің жоғалуы, енжарлық, асқорытудың бұзылуы, сарғаю, гемоглобурияны, ауыздың кілегейлі қабығында ойық жаралар, ал биеде кейде іш тастауды байқауға болады. Ауру жіті өткенде ол 5-18 күнге дейін созылады. Өліммен аяқталу 40-60%-ке жетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz