Паразитарлық аурулардың сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі уақытта ветеринарлық қызметке үлкен жауапкершілік жүктеледі, жануарлардан алынатын тамақ өнімдерінің сапасын, денсаулық сақтау саласындағы ветеринарлық-медициналық жағдайларды шешуде, және мал шаруашылығындағы саласындағы жұмыстардың жағдайын бақылау. Қазіргі кезде өнеркәсіптік мал шаруашылығымен бірге кооперативтік және шаруашылықтар дамуда. Сондықтан да ветеринарлық қызметкерлердің ең негізгі міндеттерінің бірі - нақты жағдайларда мал шаруашылығын жүргізу технологияларын қадағалауға алу және алдын алу шараларын уақытылы жүргізу.
Арнайы үлкен сиыр малы мен шошқаларды өсіретін өндірістік түрдегі шаруашылықтарда биотермиялық қауіпсіздендіруге жатпайтын паразитарлық ауруларды тарататын және сақтайтын көп көлемді көң жиналады. Сондықтан, осы көңдерді дезинфекциялау әдістері мен заттарды іздестіру, зерттеу, оларды қолдану паразитологтармен ветеринарлардың басты назарында болуы керек.
Кейбір паразитарлық аурулар (еткоректілердің описторхозы, эхиноккоз, трихинеллез, токсоплазмоз, лейшманиоз т.б.) - жануарлар мен қатар адамдарда да болады. Сондықтан ветеринарлардың міндеті осы аурулардың алдын алу.
Ветеринарлық қызметте инвазиялық және паразитарлық ауруларға қарсы қолданатын көптеген химиялық препараттар, инсектицидтер, акарицидтер, реппеленттер (қорқытатын заттар), аттрактанттар (көңілін аударатын) және дезинфекттер бар.
Олар қоздырғыштардың түрлі даму сатыларында, кең көлемде әсер ететінін білуіміз қажет. Сондықтан да экономикалық көзқараспен де еңбекті ұйымдастыру жағынан да біз олардың ерекшіліктерін ескеруіміз тиіс.
Химиялық препараттарды қолданған кезде ветеринарлық қызметкерлер қоршаған ортаны, жануарларға артық көлемде қолданбауды, жануарлардан алынатын өнімдердің сапасын тексеруді естен шығармау керек.
Бәрімізге мәлім паразиттер жануар, адам организміне еніп, мүшелерде әртүрлі аурулар тудырады. Олар көп байқалмайтын және органдардың терең аймақтарында да орналасуы мүмкін.
Қазіргі таңда жануарлардың паразитарлық аурумен ауруы, осы аурулардан өлуі көптеген экономикалық шығынға әкеліп отыр. Экономикалық шығын келесі көрсеткіштерден қалыптасады:
1. Жануардың қай түрге жататынынан (құс, ара, балық);
2. Мүшелердің, азықтық заттардың пайдасыздығынан;
3. Тағамдық құндылығының жоғалуынан.
Ғылыми зертетулер мен бақылаулардың нәтижесінде әртүрлі созылмалы және субклиникалық аурулармен салыстырғанда гельминттік аурулардан жануарлардың 10-20 есе көп өлетіні анықталды. Алайда азықтың құнсыздануы гельминттік аурудың алғашқы сатысында белгіленген. Жануарлардағы әртүрлі паразитарлық ауруларды тоқтату үшін немесе алдын алып, болдырмау үшін қазіргі кезде мал шаруашылықтарында әртүрлі шаралар кеңінен қолданылып жатыр.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты паразитарлық аурулардың таралуын болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізу.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті паразитарлық аурулар туралы толық түсінік беру, паразитарлық аурулар кезіндегі қолданылатын зерттеу әдістерін жазу, етқоректілердің ауруынан өлгенін дәлелдеу және оған соттық-ветериналық сараптама жүргізу.
ІІ. Әдебиетке шолу.
М.С. Сабаншиевтің деректері бойынша (2011ж) Описторхоз - көбінесе етқоректілерде кездесетін инвазиялық ауру. Онымен адам да ауырады, қоздырушысы трематода Opisthorchis filineus. Бұл сорғыш құрт өт жолдары мен өт қабын, кейде ұйқы безінің түтіктерін мекендейді. Бұл құрт адам және ет қоректі жануарлардың (иттердің, мысықтардың, түлкілердің, ақ түлкілердің, шошқалардың) паразиттері. Жынысы жетілген описторхтар бауырдың өт жолын, өт қабын және ұйқы безін мекендейді.
Қоздырғышы. Opisthorchis filineus, ұзындығы 0,8 - 1,3 см, денесінің алдыңғы жағы созылыңқы, емізіктері жете дамымаған. Екі ені құрттың артқы жағында бір - біріне қиғаш орналасады. Жыныс бездері арасынан түтікше тәрізді қуықша (несеп шығару жүйесі) өтеді, денесінің орта бөлігін іші жұмыртқаға толы жатыр алып жатады. Жұмыртқалары сопақ, сары - боз түсті, бір ұшында қақпағы орналасқан, мөлшері: ұзындығы 0,026 - 0,034 мл, ені 0,011 - 0,019 мл.
А.В Жаров (2002 ж) соттық - ветеринарлық сараптау атты оқулығында паразитарлық ауруларға қолданылатын соттық-ветеринарлық сараптау жазылған.
М.Ш.Ақбаев (1992жылы) ауыл - шаруашылық жануарлардың паразиттік және инвазиялық аурулары атты оқулығында паразиттер, гельминттер жөнінде көп мәліметтер жасаған.Сонымен қатар оқулықта жануарлардың инвазиялық аурулары, соған қатысты жүргізілетін лабораториялық, зертханалық сабақтар жазылған.
Аквариум (2005) ветеринарлық паразитология оқулығында паразитарлық ауруларға жалпы сипаттама беріліп, паразитарлық аурулардың территориялық таралуын атап көрсеткен. П.И.Христиановский, И.С.Пономарова (2006) жылқылардың инвазиялық аурулары атты оқулығында жалпы үй жануарларында кездесетін инвазиялық ауруларды, соның ішінде жылқы ауруларына толық сипаттама берген.
К.И.Скрябин (1905-1950) - Социалистік Еңбек Ері, Совет Үкіметінде гельминтология мектебінің негізін қалаушы. Ғылыми жұмыстар үшін оған ветеринарлық, биологиялық, медициналық ғылымдарының докторы атағы берілген. Атақты ғалым, педагог, дарынды ұйымдастырушы,қысқа мерзімде еліміздің медициналық, биологиялық оқу орындарына және ғылыми мекемелерде жұмыс жасап жүрген үлкен гельминтологтар мектебін құра білді.
К.И.Скрябин 700-ден астам ғылыми жұмыстар, соның ішінде 21-томдық Адам мен жануарлардың трематодтары атты монографиясын жазды. К.И.Скрябиннің редакциясымен Паразиттік нематодтардың белгілері, Нематодология негіздері және Цестодология негіздері, Акантоцефалдар атты жұмыстары жарық көрді. Ол 200 жаңа гельминттер түрін ашып, сипаттап және 100-ден аса түрлеріне нұсқаулықтар берді.
М.Ш.Ақбаев (1992жылы) ет қоректілерді гексахлорпараксилол және гехсихолмен емдейді. Бірінші дәріні аңдарға 0,4 - 0,6 гкг. Есебінде тартылған етке қосып, оларға жеке - жеке немесе топтастырып жегізеді. Дәрілеу алдында оларды 18 сағат бойына аш ұстайды. Кейде антигельминтикті аз мөлшерде (0,2 - 0.3 гкг.) екі күн қатар береді. Түлкі мен көгілдір түлкіні гексихолмен (0,2 гкг. тартылған етке қосып) 12 - 14 сағат ашықтырып барып, бір қайтара дәрілейді. Ауруы асқынғандарға бұл препаратты 0,1 гкг. өлшемінде екі күн үзбей береді.
Алдын алу және күресу шаралары. Описторхоз байқалған аң шаруашылықтарында сақтық дегельминтизация жүргізілуі тиіс. Төбет пен қаншықтарды ұйығудан бір ай бұрын және күшіктегеннен кейін дәрілейді, ал күшіктерін, егер гельминтоз белгілері байқала бастаса, емдік дегельминтизациядан өткізеді. Жыртқыштарға шикі немесе шала - шарпы пісірілген, тұздалған балықтарды жегізуге тыйым салынады. Адам, ит, мысық және т.б. нәжісінің суды былғауына жол бермеу керек. Балықшы кемелерінде тазалық сақтау шараларын мұқият сақтау қажет.
К.И.Скрябин ауылшаруашылық, медициналық, жалпыбиологиялық жоғары оқу орындарында паразитология кафедраларын құрды. Және де олардың қызметкерлеріне арнап оқу бағдарламалары құрастырылды, оқулықтар, құралдар жазды.
Е.Н.Павловский (1901-1964) Социалистік ЕңбекЕрі - паразитологиялық дамуына өз үлесін қосқан, трансмассивтік аурулар және олардың табиғи ошақтары ілімді ойлап тапты. Ол бірінші болып инвазиондық аурулар кезіндегі патологиялық процестердің дамуындағы паразитоценоздардың ролін байқады. Оның қаламынан 600-ден көп ғылыми жұмыстар, соның ішінде оқулықтар шықты.
Е.Н.Павловскийдің оқушылары профессорлар П.А.Петрищева, А.С.Мончадский, Г.С.Первомайский, Г.Г.Смирнов т.б. оның мектептерін әрі қарай дамытып, барлық ғылыми әлемге таратты.
В.Л.Якимов (1898-1938) ветеринарлық протозоология мектебін құрды, онда паразиттік қарапайымдарды зерттейді, солардың кесірінен туындайтын жануарлар ауруларымен күресу жолдарын зерттеуді анықтайды. Оқушылармен бірге 120-дан астам протозойдық аурулардың қозғыштарын зерттеп шықты. 500-ден астам ғылыми жұмыстары, соның ішінде бірнеше монографиялары басылып шықты.
Оның оқушыларының ішінде белгілі ветеринарлық протозоологтар бар: профессор Н. А.Колабский, В.Ф.Гусев, С.Н.Никольский, Н.А.Золотарев, Л.С.Иванов.
В.А.Догель (1885-1952)- Қоршаған орта мен қожайынына байланысты байқалатын жануарлардың гельминто-фаунасынзерттейтінэкологи ялық паразитологиялық мектепті алғашқы ашқан адам. Оның паразитология және жалпы балықтардың ауруларын зерттеудегі орны ерекше.
Ол 300-дей еңбек жазды, сонын ішінде бірнеше кітаптар мен монографиялар.В.А.Догельдің оқушылары - ғылымдағы тәжірибелі, еңбек сіңірген адамдар профессорлар А.Маркевич, Ю.Полянский, Г.Марков және т.б.
Адам ағзасында болатын түрлі паразиттердің жиынтығы депаталады. Табиғи күнделікті жағдайда әрбір жануардыңағзаларыменұлпаларындапара зиттерөмірсүреді.
Жері құнарлы емес шаруашылықтардың қойларында 12 түрлі нематодты, 3 түрлі цестодты, 3-5 түрлі эймерий, қансорғыштар мен биттердің паразиттері болады. Әрбір жерледе олардың сандары әртүрлі болып, өзгеріп тұрады. Ас қорыту каналы мен өкпеде жоғарыда аталған паразиттерден басқа көптеген микроорганизмдер, соның ішінде актиномицеттер, саңырауқұлақтар, инфузориялар-жоғары деңгейде дамыған ағзалардың құрамдастары болады. Паразиттердің өмір сүретін орны ол ағза екенінен туындаған проблеманы 1934 жылы Е. Н. Павловский зерттеді. Сонымен қатар биоценоза бөлшектері әлде синергитикалық (күшейтпелі), әлде антагонистикалық (басымдылық) әсер етеді. Мысалы, лямблия (қылшылы қарапайымдылар) аскаридаларға қарағанда, кең лентецтермен және қортиған цепнімен бірге адамның ішегінде жиі және белсендірек қозады.
Ауруды қоздырып отырған басты қозғыштардың түрін есепке алып және қожайынның жалпы жағдайын бағалай отырып, әр түрлі ауруларды емдеу әлде алдын алу үшін терең білім негізделген жұмыстар жүргізу керек.
Жануарлар, құстар, балықтар мен жәндіктердің жұқпалы аурулары инвазиондық және жұқпалы болып екіге бөлінеді. Олардың даму заңдылықтары бірдей болғанымен де аурудыңөтуменшығужолдары бойынша айырмашылықтары көп. Инвазиондық аурулар (латын тілінен - басып кіру, басып алу)жануарлардан шыққан қоздырғыштарынан (қарапайымдылар, гельминттер, құрт -құмырсқалар) жұғады. Жұқпалы аурулар (латын тілінен - жұғу) өсімдіктерден шыққан ағзалардан (вирустар, микробтар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар) жұғады.
Инвазиялық аурулар- жануарлардың ағзаларына қоздырғыш-паразиттердің ауру туғызуы. Паразиттің ауру туғызуы түрлі факторлар:механикалық, аллергиялық, улану; паразиттердің сандары; кіру жолдары; ағзадағы орны; өсу биологиясы(құрттардың көшіп-қонуы, ағзада өсу мүмкіншілігі) байланысты.
Паразиттік ағзалардың ауру тудыруы, ол жеке генетикалық белгі, қатты ауру қоздыратын процесс. Бір ғана паразиттің ішіндегі жеке организмдерге жататын изоляттар мен штаммалар кездесетіні белгіленген. Мысалы, Қазақстанда эхинококкус штаммасы, қой мен иттердің мекен ететін жерлерінде болса, ал Белоруссияда - басқа штамм ит пен шошқаның мекенінде болады.
Қандай болсын паразиттің штаммасы мен изолятасы ауруды жұқтыру қаупін анықтау үшін вируленность термині қолданылады. Ол паразиттердің жеке сапасын, қожайынның жұқпалы ауруға шалдыққан жағдайда, ауруды жұқтыру қабілетін анықтайды. Мысалы, мал ауруларының қоздырғыштарының варуленттілігі тәжірибе жасалған малдың талағын алып тастағанда әлде шизонттарды өсіру кезінде жоғары болуы мүмкін. Инвазиондық аурулар түрлі жағдайларға байланысты аурудың белгілері байқалып тұратын, созылмалы - анық байқалатын және субклиникалық - көзбен көріп қана бір аурудың белгісін табу қиын жағдайда болуы мүмкін.
Өсімдіктер ен жануарлардың паразиттік ағзаларының классификаңиясының өлшемі ол түр. Түр - ол морфологиялық, функциональдық ұқсастығы бар, шығуы бір және бір бірімен будандастырылған жеке организмнің популяциясы. Бір біріне жақын түрлер одан да жоғары өлшем туыстарға жатады. Мысалы, шошқа аскаридоза қоздырғышы - Ascaris - туыс, suum - түр. Сонымен паразиттердің ғылыми атаулары түрі мен туыс білдіретін екі латын сөзінен тұрады. Бұнда биноменальдық (екіаттық) жүйе алғашқы болып швет натуралисі Карл Линней қолданған. Туыстық ат бірінші тұрады және бас әріппен, ал түр аты екінші болып кішкентай әріппен жазылады.
Жақын туыстықтар тұқымдастыққа, тұқымдастық - отрядтарға, отрядтар- кластарға, кластар-типтерге бірігеді.
Паразиттік ағзаларды нақты қай өлшемге жататынын білу үшін - туыстық тармақ, тұқымдастық тармағы, отряд тармағы, тұқымдастық үстіндегі сияқты қосымша субъединицалар қолданылады.
М.С. Сабаншиевтің деректері бойынша (2011ж) Битиния ұлуларының негізгі биотоптары ағынсыз, баяу ағатын тайыз су жағалары, өсімдігі қалың ескі арналар, өзектер, өзек салаларына қоныстанады. Дәл осындай су көздері тұқы тектес балықтардың да мекен жәйі. Адам мен етқоректілерге бауырқұрт бауыр еті арқылы жұғады.
Кейбір мәліметтерге қарағанда Қазақстанда описторхоздың бірнеше табиғи ошақтары қалыптасқан қалыптасқан. Ертіс өзенінің алқабы гельминтоздың ірі ордасы екені анықталды. Табиғи ошақ санатына Қарағанды су қоймасынан бастап, Қорғалжың көлдеріне дейін созылып жатқан Нұра өзені жатады. Сондай - ақ, Шілдірті, Ырғыз, Торғай, Сарысу өзендерінде трематодоздың табиғи ошақтары бар.
Неғұрлым сорғыш құрт саны көбірек болса, соғұрлым бауырдың зақымдануы терең болмақ. Өт жолдары жарақаттанады, қабынады, бауыр торшаларының орнын дәнекер тоқыма басып, олардың семуіне әкеліп соғады. Өт жолында жиналған гельминттер эпителий торшаларын зақымдап, көптеп ыдыратады.
1928 жылы СССР-да К.И. Скрябин және Р.С. Шульц паразитологияның басқа бөлімдерінде қолданылатын гельминтоздардың номенклатурасын реттеді. Аурулардың аттарын қоздырғыштардың зоологиялық туыстық аттарына -оз, -ез суффикстарын қосу арқылы атады. Мысалы, туыстық шығуы Ascaris - ауру аскаридоз, Fasciola - ауру фасциолез. Бірақ та кейбір ауралардың аттары жоғары таксондардың түрлеріне байланысты қойылады. Мысалы, плотоядтардың аскаридатозы,жануарлардыңсаркоптоид озы т.б.Бұл жағдайда аскардитоздар Ascaridata отрядтар атынан шыққан.

2.1. Паразитарлық аурулардың сипаттамасы.
Паразитология курсында паразитарлық аурулар эпизоотологиясы деген түсінік жұқпалы аурулар деген түсініктен мүлдем бөлек нәрсе. Көбінесе бұл қоздырғыштардың паразитарлық аурулардың биологиялық дамуына қарасты айтылады.
Көптеген паразиттік ағзалар күрделі даму циклі бар жәнеаралық әлде қосымша қожайыны бар, ал кейбіреулеріқожайынсыздамиалады.Бұн дайгельминттерді биогельминттер әлде геогельмиттер (олардың тудыратын ауруларын биогельминтозами әлде геогельминтоздар деп атайды) дейді.
Егерэпизоотикалықпроцестедіңдамуынд а геогельминтоздарда негізгі ролді сыртқы орта (топырақ, ылғал, температура т.б.) ойнаса, ал биогельминтоздарда аралық қожайындарды да есепке алып отыру керек. Кейбір аралық қожайындар (шыбын- шіркей) көктемгі-жазғы мезгілдерде үлкен ара-қашықтықтарды қамтиды , сондықтан инвазиялық аурулардың таралу жері де көбейеді. Ал кейбірулері тұрақты менкендейді (құрт-құмырсқалар). Биогельминтоздар мен пироплазмидоздар да эпизоотикалық процесс күрделінелетін тағы бір себебі аралық қожайындары мен ауру таратушылардағы қоздырғыштар оларда бірнеше жыл сақталып тұрады. Мысалы жылқының Нутталиоз ауруының қоздырғышы кенеде 13 жыл бойы сақталады екен. Эпизоотикалық процесте әрбір қоздырғыштың биологиялық циклының аяқталу уақыты және осы жылдағы биологиялық циклдардың біту сандары - биологиялық циклдің қарқындылығы маңызды. Эпизоотологияда бұндай факторларды білу инвазиондық аурулардың алдын алу және бақылауға үлкен жағдай туғызады.
Инвазиондық аурулардың эпизоотологиясында екі нәрсені ажырата білу шарт: таралу көздері және аурудың шығу себебі. Бұл түсініктер аймақтық, мезгілдік, жануардың жасы деген факторлармен тығыз байланыста. Инвазияның таралу көздері - ауру жануарлармен паразит тасушылар. Гельмитологияда негізгі ролді созылмалы ауру малдар қауіпті, неге десең жыныстық дамыған гельминттер сыртқы ортаға өз жұмыртқалары мен дернәсілдерін шығара алады, олар инвазиондық ауруларды бастайтын. Географиялық аймаққа байланысты бір түрлі қоздырғыштың таралу көзі түрлі жастағы жануарлар болуы мүмкін. Мысалы, Орта азия мен Кавазда мониезиоздың таралуына үлкен қой малы себепті болса, ал Нечерноземьеде - жаңа туған жас малдан тарайды. Азербайжаннын кейбір аймақтарында диктиокаулез ауруы көп көлемде қойлардан таралады екен, себебі өсімдіктерде микроид жетіспеуіне байланысты.Сонымен қатар бір аймақта экологиялық және де басқа көрсеткіштеріне байланысты бір бірлерінен өзге жер аудандары кездесіп жатады, соның ішінде таулы және тау маңындағы аудандарда көп кездеседі. Сондықтан аймақтық эпизооотологияны әлде инвазияның пайда болу ерекшеліктерін нақты ауданына байланысты есепке алу керек.
Қоздырғыштардың түрлеріне қарай аурудың шығу көздері сыртқы ортаға да байланысты болуы мүмкін (геогельминтоздармен эймериоздардатопырақ,шөп,сулар), аралық қожайындарбиогельминтоздармен ироплазмидоздарда - жәндіктер, құртттар, өрмекші тәріздестер). Сонымен қатар резервуарлық қожайынның (ауруды денесінде ұзақ уақыт сақтауыш ие) да үлкен үлесі бар.
Инвазиялық ауруларды қоздырғыштар арқылы жұқтыру жолдары да көп. Алиментарлық жол гельминтоз мен протозоозда (эймериоз, токсоплазмоз, балантидиоз т.б.) көп таралған. Жайылым мен тұрақты малды бағу кездерінде су немесе шөп берген кезде ауыз арқылы таралуы. Кейде олар гельминтті қоздырғыштары бар жәндіктерді жеп қоюларынан болады. Осылай иттер қиярмен бірге таспа құрттар, ал қойлар мен қошақандар - күйені (зиянды жәндіктер) әлде кенені жеп қоюларынан ауру жұқтырады.
Паразиттік аурулардың қоздырғыштарының контактық жұғу жолдары бір малдан екінші малға бір біріне жұғысу арқылы көбінесе тұрақты кезеңде әлде жаппай домдаған, айдаған кездерде жұғады. Осылай қышыма қотыр ауруларының қоздырғыштары, қансорғыштар, биттер, жүнжегіштер, түбітжегіштер таралады. Контактық жұғудың тағы бір себебі жайсыз ветеринарлық санитарлық жағдай.
Перкутанттықәлде табиғи қуыс арқылы жұғу жолы.
Инвазиондық ауру қоздырғыштарытеріарқылытаралады.
Осылайкүйісқайыратындарориентобильх арциоз, бунастамоз, стронгилоидоз, гиподерметоз, эдемагеноз (солтүстікбұғы) жәнеанкилостоматидоз (плотоядты) жануарлардақоздырғыштартаралады. Жылқы, қой, бұғылардыңмұрынқуысыарқылыбөгелекті ңдернәсілдерікіріптаралады.
Трансмиссивтікжолнегізіненқанпарази ттеріарқылытаралатынжол. Қоздырғышмалдыңағзасықансорғышжәнді ктерарқылыкіреді. Осындайжолменжануарлар мен адамдардыңонхоцеркозы (шыбын-шіркейлердіңшағуы) таралады.
Жатырішіндежұғатынжолтабиғаттаондай көпкөлемдетаралмаған. Бірақ та бұзаулардыңнеоаскаридозы, күшіктердіңтоксокарозытөлгежолдасар қылыжұғады. Осындайжолмен мал мен жануарлар токсоплазмоз қоздырғыштарынжұқтырады, олтөлдіңкемісболыптуылуынасоқтырады .
Инвазиондық аурулардың өту барсы түріне, паразиттердің биологиясына, инвазияның қарқындылығына, малдың физиологиялық жағдайына байланысты. Сондықтан паразиттік аурулар жоғарыда көрсетілген себептеріне байланысты анық клиникалық белгілерімен әлде субклиникалық көрінбейтін белгілерімен жүріп жатады
Латенттік белгі (жасырын) - инвазияның ішектік нематодозда әлде күйіс қайтару диктиокаулезде байқалады. Сондықтан диктокаулюс дернәсілдерімен қонды болған күзгі жас қойлардың шажырқайлы сөл түйіндерінде қоныстанып қалады. Ерте коктем кезінде сапалы азықтың жоқ болуы, әлде ызғырық желдің өтуіне байланысты ол құрттар тез арада өкпеге жетеді, сонымен диктокаулез ауруына шалдығады. Биязы жүнді қойларда псороптоз (тері қотыры) күзгі-қысқы мерзімде терісінің көптеген жерін қамтиды, ал жазда құнарлы жайылым мен күн сәулесінің көп болуына байланысты жасырын түрде өтеді.
Көптеген жануарларда болатын паразиттік аурулар ашық клиникалық белгілері байқалмайтын созылмалы және жасырын аурулар түріне жатады.
Жануарлардың паразиттер арқылы жұқпалы ауруға шалдығулары жекелеген факторларға, туа біткен әлде жүре пайда болған иммунитетке, түріне, тұқымына, жасына, бағу мен тамақтануына байланысты. Бір жайылымдағы малдар жұқпалы ауруға шалдығуы түрлі уақытта және паразиттік ағзалардың саны мен түрлері әртүрлі болуы мүмкін. Паразиттердің саны ауру малдардың инвазиясының өту барысына тікелей қатысы бар екені белгілі. Сондықтан паразитологияда инвазиялық аурулардың белгілерін анықтау үшін инвазияның экстенсивтігі деген ұғымды қолданады. Бұл ауру жұқтырған жеке ағзалардың санын зерттелген мал басына шаққан пайыздық көрсеткіш. Мысалы, гельминтокопрологияда 100 шошқаның 10-да аскарид жұмырқалары табылса, ЭИ 10 пайызға тең.
Инвазияның қарқындылығы (ИИ) жануардың іш құрылысын ашып іштегі паразиттердің санын анықтап, даралап бағалайды. Мысалы, сиыр малының бауырында 10 фасциол, әлде ИИ 10 дараға тең. Ірі мүйізді жануарлардың көктем кезіндегі арқасындағы бұлтықты санап, есепке алса сол жеткілікті. Сонымен қатар, шамамен инвазияның қарқындығын копроскопиялық зерттеулер арқылы білуге де болады. ЭИ мен ИИ алдын ала зерттеу арқылы парзиттерге қарсы жүргізілген шаралардың сапасын білуге болады.Сонымен қатар қосымша ЭЭ-экстенсэффективность және ИЭ интенсэффективность (пайыздық мөлшерде) деген түсініктер қолданылады.

2.2. Гельминтерде жинау фиксациялау (бекемдеу) және этикеттеу.

Өліктерді ашқан кезде жиналған гельминтер мен басқа паразиттік ағзаларды фиксация жасау керек. Консервант ретінде 3%-ды физраствордағы (Барбаголло сұйықтығы) формалин ерітіндісі әлде 70%-ды спирт ерітіндісі қажет. Соңғысын әзірлеу үшін 7,3 мл 96%-ды спирт және 2,7 су алынады. Гельминттерді фиксация жасамас бұрын, оларды суда дұрыстап жуады содан өлгеннен соң барып, сұйықтыққа салып қояды.
Трематод, цестод, акантоцефалды спирттік ерітіндіде, ал нематод, ларвацист, цистицеркустық, эхинококкустық, альвеококкустық, ценурустық цестодтарды Барбаголло сұйықтығында сақтайды. Фиксациялау үшін аузы пробкамен әлде пластмасс қақпақпен мықтап жабылатын шыны ыдыс болу керек. Жиналған материалға этикет жабыстырады. Онда шаруашылықтың аты, малдың түрі, оның жасы, гельминт табылған жердің аты, зерттеушінің фамилиясы және жиналған күні жазылады. Ақ қатты қағазға жұмсақ қарындашпен жазылады, сосын оны ыдыстың сыртына жабыстырады, әлде ішіне салып жібереді. Егер гельминттермен бірге мал ағзаларының кішкене бөліктерін алатын болса, онда оларды 48-72 сағатқа 5-10%-ды формалин растворымен бекемдейді, сосын жаңа үзақ мерзім сақталатын фиксаторға ауыстырып салады. Жануарлардың көңін формалиннің 25%-дық ерітіндісінде бекемдейді.
Цестодтардың биологиясы мен морфологиясының қысқаша мінездемесі, жүйелілігі.
Адамдар мен құстар және ауылшаруашылық малдардың цестодоздарының қоздырғыштары Gestoda класына жататын таспалық гельминттер. Медицина мен ветеринарияда екі отрядтың таспалық және таспа құрттарының түрлері негізгі мағынаны білдіреді. Тек қана бірінші түрдің 10 жуық тұқымдастығы бар. Diphyllobothriidae ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпидемиологиялық зерттеу әдісі
Пәннің саясаты
Балықтардың паразитарлық ауруларын диагностикалық әдістері
Гельминттер, қарапайымдылар тудыратын паразитарлық аурулар
Жұқпалы аурулардың жалпы патологиясы:сипаттамасы, кезеңдері, негізгі белгілері, жіктелуі. Иммунитет. Аллергия. Анафилаксия
Экология. Паразитология ғылым ретінде. Медициналық паразитология. Анықтамасы. Қарапайымдылардың медицинадағы рөлі
Індеттану және жұқпалы аурулар
Эпидемиялық процестің құрамы
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән
Ірі қара малдарының эймериозды- мониезиозды инвазиясы, емі, алдын-алуы.
Пәндер