Сібір жарасын зертханалық жануарға жұқтыру
Сібір жарасы
Жоспар
Кіріспе
I Ашылу тарихы
1.1 Қоздырғыштың морфологиясы
1.2 Антигендік қасиеті
1.3 Биохимиялық қасиеті
1.4 Культуралдық қасиеті
1.5 Дерттелуі
1.6 Өтуі мен симптомдары
1.7 Диагноз қою
1.8 Емі, аурудан арылу шаралары
1.9 Өзіндік жұмыс
II Өзіндік жұмыс
2.1 Паталогиялық материал алу (қабылдау)
2.2 Бактериялық препараттарды даярлау
2.3 Бактериялық зерттеу нәтижелері
2.4 Серологиялық зерттеу
2.5 Биологиялық зерттеу әдістері. Зертханалық жануарларға жұқтыру
2.6 Топаланның індет ошағында жүргізілетін негізгі шаралар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ұсақ ағзаларды полтивтеу – бұл микробиологияның бір саласы болып
табылады. Микробиологиялық (лат micros – ұсақ, bios - ғылым) – көзге
көрінбейтін өте ұсақ микроорганизмдерді микроскоп арқылы зерттейтін ғылым.
Микроорганизмдер мал түрлерінің жұқпалы ауруларын тудырады, ауыл
шаруашылығында үлкен зиян келтіреді. Ауруды шұғыл түрде анықтау өте
маңызды, өйткені індетті мейлінше тез жою үшін сауықтыру шаралары
жүргізіледі. Инфекциялық ауруларды анықтау ветеринарлық-бактериологиялық
зертханада жасалады.
Менің жобамның тақырыбы сібір жарасы жалпы атауы топалаң. Бұл індет
қазіргі таңда жер бетіндегі барлық елдің ауыл шаруашылығында орасан зиянын
тигізіп отыр. Өйткені бұл ауруға шалдыққан мал антропогооноздық инфекциялар
тобына жатады. Өткен уақыттарда сібір жарасының табиғатты-ошақты инфекция
болған және тағы тұяқтылар арасында қан сорғыш қос қанаттылардың қатысуымен
сақталып тұрған. Яғни бұл аурумен жануарлар ауырып қана қоймай, адамдар да
бейім келеді. Адамдар әсіресе терілік (карбункулезді) формасымен көп
ауырады. Сібір жарасы адамға жұғуы – ауру малды күту кезінде, мал сойғанда,
ұшағы бұтарлағанда (мүшелегенде), өлікті көмгенде, тері илегенде, қой
терісін өңдегенде де жұғуы мүмкін. Сондай-ақ дерт ет, шұжық арқылы да жұғуы
ықтимал. Ауру кәсіптік сипат алуы ауыл шаруфшылық еңбегіндегі
қызметкерлерде байқалады
Бұл тақырыпты таңдап алғандағы мақсатым – қатерлі, індеттік ауру
туралы жетік білу; онымен тереңірек танысу. Курстық жобаны жазу барысында
сібір жарасы туралы көптеген деректерге (бұрын білмеген, естімеген) қанық
болдым. Бұл алған блімдерім болашақта қажет болатынына еш күмәнім жоқ.
Қазіргі таңда еліміздің ауыл шаруашылығын көтеру басты мәселе болып
отырғаны белгілі. Сібір жарасының алдын-алу, онымен күресу шаралары мал
шаруашылығында дені сау төлдер алудың бірден-бір жолы.
Ашылу тарихы
Сібір жарасының малдың әр түрлілігіндегі қазақша атаулары; қойда –
топалаң, ірі қарада – қараталақ, жылқыда – жаманат, ешкіде – шекшек, түйеде
– ақшелек, қарабез деп аталады. Адамда дерттің түріне қарай түйнеме,
күйдіргі деп аталады. Жалпы атауы – топалаң.
Аурудың анықтамасы. Ауыл шаруашылық жануарлары мен адамның жіті
қызбалы жұқпалы ауруы. Қазіргі эпизоотия түрінде кездескен індет.
Қоздырғыш. Bacillus anthracis.
Берги бойынша систематикасы және атауы:
Түрі Bacillus anthracis. Туысы Bacillus. Тұқымдасы Bacilleceae.
Қатары Eubocteriales. Класы (тобы) Eubocteriaе.
Сібір жарасы жөніндегі ғалымдардың түсінігі ғасырлар қойнауында
жатыр. Бұл ауру киелі от сонау ІХ ғасырдағы Гомердің Иллиада поэмасында
жырланған болатын. Онда Киелі от – адамдар мен малды қыртын қауіпті індет
деп қырылуына әкеліп соғатын сібір жарасына б.ғ.д. ІХ ғасырдағы араб
дәрігері антракез дген атау берген болатын. Бұл індет туралы деректер
атақты дәрігерлер Гиппократ пен гален еңбектерінде де кездеседі. Жер
бетінде сібір жарасының зияны тимеген ел мүлде жоқ. Бұл ауру Франция
тарихында да қырылуға әкеп соққан эпизоотия ретінде суреттеледі. Гүлденген
жайылымдар овернидің қарғыс атқан даласына айналды немесе Бастың зиянды
даласы делінген болатын.
Революцияға дейінгі Ресей де бұл аурудан құр қалмады. ХІХ ғасырда
Ачин аймағында Енисей губерниясындағы қырылу эпизоотияларынан шыққан. Сібір
жарасы малдар арасында эпизоотия тудырады. Онымен үй жануарлары: қойлар,
ешкілер, мүйізді ірі қара, шошқа, түйелер, бұғылар ауырады. Адамдар бұл
індетті ауру малдардан жұқтырады. Э.Н. Шляновтың мәліметтері бойынша
адамдардың бұл індеттерді жұқтырудың 12,5% ауру малдарды күткеннен болған,
17,6% өлекселерді көмген кезде, 21% ауру малдардың етінен (оларды
өңдегенде), 26,5% тері жамылғысын өңдегенде жұққан. Сібір жарасын қансорғыш
бунақденелер таратады. Сондай-ақ су, топырақ арқылы да жұғуы мүмкін. Сібір
жарасы бациллаларымен топырақ аса қауіпті болып саналады, өйткені онда
микроб споралары ұзақ жылдар бойы сақталады.
Сібір жарасы 5 компоненттің ауыл шарушылығына үлкен зиян келтірген
індет, алайда ғылымның дамуының арқасында қазіргі кезде азайып отыр.
В. Тарасовтың (2001) мәліметтері бойынша, сібір жарасымен оңтүстік
аймақтарда көбінесе жылқылар, ал солтүстікте бұғылар көп өлген.
Сібір жарасы туралы Ресей ғалымдарының XIV-XV ғ.ғ. қолжазбыларында
кездеседі. Бұл індет туралы Ресейде ресми мәлімдемелер жасаған елшілер:
Абрам Эшпе мен Никита Нажевщиков болды.
С.С. Андреевский (1760-1818) Ресейде сібір жарасының адамға жұғатынын
өзіне тәжірибе қойып дәлелдеді және ең алғаш рет адам мен жануарлардың
ауруы ұқсастығын дәлелдеді. С.С. Андреевскийдің Ғылым академиясында жасаған
баяндамасынан алынған. Ол О сибирской язве деп аталған екен.
Қазақстан территориясында да сібір жарасы XVIII-XX ғ.ғ. ауыл
шаруашылығына үлкен зиян тигізген індет болған. Ол туралы 1846 жылы
экспедиция құрамында болған А. Янушкевич жазған ол бұл аурудың әсіресе жаз
айларында тарайтынын айта отырып, ауылдың бір тұрғынының 12000 малынан тек
3 қойы ғана тірі қалғаны туралы дерек айтқан. Б.Л. Черкасскийдің (2002)
деректері бойынша сібір жарасы эпизоотиясынан біршама адам қырылып қалған
заман мал ауруына бір адамның ауруына келген.
1901 жылы Америкада сібір жарасының эпизоотиясы жекелеген елді
мекендерде жылқылар, есектер, т.б. малдардың 90% -ның қырылуына әкеп
соқтырған. Малдар арасындағы бұл аурулар адамдардың арасында да эпидемияның
таралуына жол ашқан.
Колонин және т.б. (1970) деректеріне қарағанда жалпы, сібір жарасының
жер бетінде таралып, дамуы ширек заманға, яғни жұптытұяқтылардың көп болған
кезеңіне сәйкес келеді екен. Шөпқоректі жануарлар өсімдіктермен қоректенген
кезде ас қорыту каналының кілегейлі қабығы зақымдалған. Бұл жерлерге
микробтар жануар организміне оңай енетін болған.
Сібір жарасымен барлық мал түрі ауырады. Әсіресе, індет тұяқтыларға
тән. Үй жануарларынан басқа бұл аурумен жабайы аңдар, кеміргіштер, құстар
да ауырады. Correlson, Toma және Canstantinescu (1950) мәліметтері бойынша
маймылдар да бейім екен. В.Ф. Нагорскийдің (1871) деректері бойынша сібір
жарасының жасырын түрінде малдардың арасында кең тараған. Індетке қолайсыз
пункттерде жылықылардың дене температурасының кенеттен көтерілгенін
байқалып, алайда сібір жарасының бірден-бір белгісі байқалмаған. М.С.
Ганнуткин (1948) клиникалық сау малдардың ішкі органдарынан инкапсулданған
некротикалық ошақтарды тапқан. Зерттеп келгенде олар сібір жарасының атипті
формасына сәйкес келген. Мүйізді ірі қараның сібір жарасының активті
формасын шет ел және орыс ғалымдары зерттеген. Е.К. Грацианов (1917)
сиырдың төменгі жақ пен жұтқыншақ маңындағы линфа түйіндерінен және
органдарынан сібір жарасының культурасын бөліп алған. Ал басқа
паренхиматоздық органдар мен линфа түйіндерінен алынған жұғындылар теріс
көрсеткіш берген. Мұндай жағдайды Hoffter (1913) көрсеткен болатын. Ол
мүйізді ірі қараның тізе асты линфа түйінінен сібір жарасының культураларын
алғанда, өзге линфитикалық түйіндер мен органдардан алынған көрсеткіштер
теріс болған.
Vaersts (1914) деректері бойынша, ол жас сиырды союға мәжбүр болған,
жұмыршақтан ұшты зат тапқан. Лимфа түйіндері мен органдарда айтарлықтай
өзгерістер болмаған. Автор сібір жарасына тіпті күдіктенбестен талақтан
жұғынды алып, одан сібір жарасының таяқшаларын тапқан. Осы ұшаны бөлген екі
жұмысшы сібір жарасымен ауырып қалған. Жалпы мәліметтер бойынша белгілі
болғандай сібір жарасының бациллалары түрлі органдарға еніп, сонда
көбейеді. Әсіресе зақымдалатын орган бұл – талақ. Мұнда түрлі потологиялық
өзгерістер жүреді. Нәтижесінде бациллаларға қанға еніп, сепсис дамиды.
Keppi, Harris, Smith (1955) мәліметтері бойынша теңіз шошқаларында өлуден 6
сағат бұрын бациллалардың 84% толақта тіркелген. Ол өлгендерде 72% қанда
тіркелген. Wienhoff (1961) деректері созылмалы эндометриттен өлгне сиырдың
пареихиматоздан органдарын тексеріп қарағанда, талақтан өзгелердің күйі
қалыпты болған. Талақтың ұлғайып, күңгірт-қызыл түске боялғаны көрінген.
Жұғынды алып тексеріп көргенде, нәтижесі теріс болған, алайда қоректік
ортаға салып көргенде сібір жарасықоздырғышының таза культурасы өсіп-өніп
шыққан. В.Ю. Вольферц (1925) мәліметі бойынша қойды сойған кезде алдынан
ішкі органдар мен линфа түйіндеріне аса назар аудару керек екенін айтқан.
Похвалевский (1927) деректерінде көрсеткендей сібір жарасынан өлген қойдың
талағы қалыпты жағдайда болған, табиғи тесіктерінен қан көптеген алайда пат
материал арқылы тышқандарды залалдағанда олар сібір жарасынан бірден өлген.
Көптеген ғалымдар малдың не себептен өлетінін анықтағысы келген 18887
жылдың өзінде Tousserini мәлімдеуі бойынша сібір жарасы кезінде өлімнің
пайда болу себебі – қанның оттегі жеткіліксіздігінен деген болатын. Ол мұны
былай түсіндірген: бактериялар бүкіл қандағы оттегіні сіңіріп алады,
нәтижесінде акфиксия дамиды. Алайда көптеген ғалымдар бұл мәлімдемелермен
келіспейді. Мәселен Smith пен Keppie (1962) деректер бойынша мал
капиллярлардың бітеліп қалуынан оттегінің жетпей қалуынан, сондай-ақ
организмге маңызды қоректік заттардың жетіспеуінен өледі. Cromantiem,
Watson (1947), Bloom, Mechee (1947) гипотезалары сібір жарасымен ауырған
мал гипереиядан өледі.
Негізі жануарлар сібір жаарсымен ауырған кезде физиологиялық және
анатомиялық өзгерістер нәтижесінде өледі. Олар спецификалық миробтық фактор
– токсин әсерінен болады.
Сібір жарасын емдеу мақсатымен қолданылатын дәрілік заттар
спецификалық және спецификалық емес деп екі топқа бөлінеді. Серотеропия
жатады. 1895 жылы Италияда Sclovo, Францияда Marchu 1902 жылы ресейде
Юргелюнос сібір жарасына қарсы сарысу ойлап тапты. Кейінгі зерттеулер
көрсеткендей, бұл сарысудың тиімділігі жоғары болды. Профилактикалық
мақсатпен оны тері астына: жылқы, мүйзді ірі қара, бұғыларға 15-20 мл, қой,
ешкі, бұзау, шошқаларға 8-10 мл енгізеді.
А.С. Коротич, Л.И. Погребняк (1976) ойынша сібір жарасына сарысу
немесе гаммаглобулин қолдану керек. Өзге препараттарды қолдану тиімді емес.
Сібір жарасы кезінде антибиотиктер кең қолданылады. Тиімділігі
жағынан пеницилин бірінші орында. Алайда Miller (1946) жылы Gvido (1954)
мәліметтері бойынша стрептолизиннің эффективтілігі жоғары. Х. Аюрзон (1956)
биомицинді аса тиімді деп есептейді. 2-ші орында стрептомицин одан кейін
ғана пенициллин.
Atern (1959) деректеріне қарағанда, пенициллин анағұрлым тиімсіз.
Өйткені ол бацилаллар бөліп шығаратын ұлпаны зақымдаушы факторлар алдында
дәрменсіз. Greenough (1965) мәліметтеріне сүйенсек, сібір Жарасымен ауырған
сиырларды емдеу кезінде пенициллин мен стрептомициннің тиімдіоігі жоғары
болған. Емдеудің эффективтілігі емдеу барысына мерзіміне, емдеу ұзақтығына
(3 күннен кем емес) байланысты. Lincoln (1964) Cold (1967) пеницилиннің
стрептомицинмен қосындысын 1-2 г мөлшерде тамырға 14 күн бойы енгізу қажет.
Біздің елімізде де сібір жарасының ауыл шаруашылығына тигізер зияны
орасан болып отыр. Жалпы Қазақстан бойынша мал мен адамдардың жиі
зақымданатын қауіпті зоналарына (№1 зона) – Оңтүстік Қазақстан, Батыс
Қазақстан, жалпы Жамбыл, Қостанай облыстары жатады (эпизоотия индексі 0,30-
0,41). Бір топ Қазақстандық ғалымдардың зерттеуі бойынша жалпы Республика
бойынша 1948 жылдан бері қарай сібір жарасымен 1900 адам, 25 мыңнан астам
ауыл шарушылық малдары ауырған. Сібір жарасының анағұрлым сирек кездесетін
аймақтарына – Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстрары
жатады (Эпизоотия индексі 0,02-0,11). Мұның себебі – бұл аталған
аймақтардың топырағы құмды, яғни бациллалардың өсіп-өнуіне аса қолайсыз
болып саналады.
2010 жылғы 1 қаңтарға дейін Шығыс Қазақстан облысында тіркелген жалпы
сібір жарасы бойынша стационарлы-қолайсыз пункттердің екеуінің (Жарам
ауданының Әуезов пункті және Ұлан ауданының Ново-Канойка ауылы)
белсенділігі жоғары болып саналады (бұл жерлерде аурушаңдық 4 жыл бұрын
тіркелген).
1.1 Қоздырғыштың морфологиясы
Бацилланың тұрқы 1-2, 5х5 – 10 мкм, қозғалмайды, грам оң, спора
түсетін ауасы таяқша. Жануар организмінде және табиғи белогы мал қоректік
ортада қауашақ түзеді және бұл қасиет уытты штамдарына тән. Өсуіне қолайсыз
жағдайда ауадағы оттегінің қатысуымен 15-43оС темература аралығында спора
түзеді. Сойылмаған өлекседе спора түзілмейді де, өлексе шірігінде микроб
өліп қалады. Спора түзгіш қабылетін ашқан Р. Кох (Германия) 1876 ж. Ол
қоздырғыштың таза себінедісін бөліп шығарды және біржолата аурудың
этииологиясын (себебін) тапты. Осы сияқты деректерді 1877 жылы Пастер де
(Францияда) ашты. Спора түзу арқылы бұл микроб түр ретінде сыртқы ортада
сақталады. Организмде бацилла қабықша (капсула) түзеді. Қоректік орталарда
ітзбектер түссе, ал организмде жұптасқан және жалғыз торшалар ретінде
кездеседі. Боялған жағындыда тізбектегі таяқшалардың шеті шарт кесілгендей,
болмаса тіпті аздап дөңестеніп бітеді, ал тізбектің өзі бамбук таяғы сияқты
бунақтанып тұрады.
Микроб қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі. Сібір жарасының
бацилласы – факультативті аэроб. Өсуіне оптимальды жағдай қажет температура
37-38оС, рН 7,2-7,6. ЕПА (ет пептонды ағарда) ірі кедір-бұдыр күнгірт
түсті, шет-шеті иректелген колониялар R-форма түрінде болады. Кіші
үлкейткенде арыстанның жалына немесе медузаның басына ұқсас. Кейде (S-
формалы) колониялар да байқалады. ЕПС (ет пептонды желотинде) пісіп еккенде
аударылған шырша тәріздес өседі. Пенициллин қосылған ЕПА-да өскенде
домаланып шарға ұқсайды. Меруерт моншағы құбылысы деп аталатын бұл
қасиеті топалаңға диагноз қою үшін пайдаланылады. Banthracis өзіне тән
бактероифагқа аса сезімтал. 8-МВА деп аталатын бактериофаг лабораториялық
дигностикада қолданылады.
Төзімділігі. Микробтың вегетативтік түрі әр түрлі қолайсыз
жағдайларға төзімсіз. Сойылмаған шіріген өлекседе 7 тәулікте ыдырайды. 60оС
қыздырғанда 15 минутта қайнатқанда – қолма-қол, тура түскен күн сәулесін
бірнеше сағаттан соң өледі. Кәдімгі дезинфанкттардың әсерінен тез арада
өледі, -10оС кезінде 24 күн, ал - 15оС жағдайынжда етте 15 күнге дейін
сақталады.
Споралары өте төзімді. Олар шіріген өлекседе тіршілігін сақтайды,
суда жылдар бойы, топырақта ондаған жылдар сақталады. Ет пен теріні тұздар,
кептіру спораларының сақталуына жағдай жасайды. Құрғақ ыстық ауада 120-
140оС кезінде споралары тек 2-3 сағаттан кейін, 120оС жағдайында
автоклавтау 5-10 мин өткенде, қайнату 15-30 мин соң, күйдіргіш натрийдің
10% ерітіндісі, формальдегидтің 1% ерітіндісі екі сағат өткен соң өлтіреді,
ал хлорлы дезинфикаттар күштірек әсер етеді.
Сібір жарасының қоздырғышын кейбір ұқсас спора түзетін бациллалардан
ажырату белгілері.
Bac. anthracis Bac. anthrocoides
Bac. pseudoanthracis
1. Қозғалмайды 1. Қозғалғыш
2. Қабықшасы бар 2. Қабықшасыз
3. ЕПА-да жіңішке жіптер 3. Қысыа тізбекшле
4. Сорпа лайланбайды 4. Сорпа жиі лайланады
5. ЕПЖ баяу сұйылады 5. ЕЛЖ тез сұйылады
6. Гемолиз болдырмайды 6. Гемолиз
7. Пенициллинді ЕПА-да алқа феномені7. Феноменның болмауы
8. Лакмус сары суы қызарады. 8. Көгереді
9. Патогенді 9. Патогенді емес
10. РП -оң 10. РП – әлсіз оң
1.3 Биохимиялық қасиеттері
Сібір жарасының бацилласында липаза, диастаза, протеиназа,
цитохромоксидаза, пероксидаза, каталаза және т.б. ферменттердің бар екені
анықталады. Кейбір штаммдары күкіртті-сутегін түзеді (пептонға бай
орталарда) және аммиак шығарады. Қышқыл түзіп, мыналарды ферменттейді;
глюкозаны, мальтозаны, бфяу түрде: сахарозаны, трегалозаны, фруктозаны,
декстринді. Цитраттарды пайдаланады, ацетилметил – карбинол түзеді және
осының салдарынан Фогес-Проскауэр реакциясы оң болады. Летициназаны
синтездейді, тауық жұмыртқасының сары уыз ерітіндісін ұйытады. Метилен
көгін кері түссіздендіреді және нитраттарды нитриттерге енжарлау
айналдырады. Ұйыған сарысуды 3-4 тәулікте сұйылтады. Сүтті ірітеді, ол
сонан соң пептондалады.
1.2 Антигендік қасиеті
Антигендік құрылымы. Микроб денесінде құрамына полисахарид
(ацетилглюкозамин + галактоза, 0-цетил және амин қышқылдарының қалдығы)
енетін соматикалық антиген табылған. Полисахаридтің ыстыққа төзімділігіне
Асколи реакциясына негізделген, ол серологиялық тұрғыдан дарығыш бірақ
иммуногеді де, уытты да емес. Қабықша құрамынан жоғары молекулалы глютамин
қышқылының протеин тәрізді полипептиді бөліп шығарылған. Д-глютамин қышқылы
иммунды жануарлардың денесінде ыдырайды, ауру дарытпайтын жануарлардың
денесінде сақталады. Глютатион қышқылының полипептиді серологиялық тұрғыдан
өте дарығыш, бірақ иммуногенді де емес және анафилактогенді де емес.
1. Үстіңгі антигендік қабықшасы (пептидтер), пепсин мен трипсиннің
әсеріне сезімтал.
2.Қабықшаның негізгі қабатындағы өзіндік қабықшалық антигендердің
құрамында ақ затты – полисахаридті табиғатты заттары трипсин, гиалуронидаза
және лизоцин әсеріне сезімтал келеді
3. Торша қабықшасының антигендер құрамында лизоцимге және трипсинге
сезімтал полисахаридтер және ақ заттар бар.
Жануарлар денесінде және кейбір қоректік орталарда топалаң микробтары
протективті антиген (протеин) түзеді, оның жоғары иммуногендігі бар, ол
сүзгіден өтеді және уытты емес.
Ақзатты – полисахаридті – нуклеинді жиынтық организмді аллергиялық
қайта құруды тудырады. Токсин көк компонентті зат болғандықтан оның
құрамында өлім-жітім факторы, протективті антиген және ісік факторы енеді.
Токсинді қабықшалы және қабықшасыз штаммдар түзеді, ол ыстық сүйгіш
(600С-та ыдырайды) иммундильген жылқыдан алынған сарысумен
бейтараптандырылады. Токсиннің ақ тышқандарды өлтіретін және үй қоянының
терісінде ісік тудыратын 3 компоненті бар. Бірақ әрбір компоненті жеке
алғанда осы қасиетке ие болмайды. Сүзгіден өтетін фактор – протективті
антиген, ал сүзгіде қалатын екеуінде және иммуногенді қасиеттер жоқ. Егер
үшеуі бірге қосылып кетсе иммуногендік және токсигендік қасиеттерге ие
болады.
Топалаң бациллаларының түріне сай деп оның экзотоксиндері саналады,
оның өлтіргіш әсері арнайы гипериммундық сарысумен бейтараптандырылады.
Антигендік ортақтық топалаңның қоздырғышы мен споралық аэробтарда
(ауа сыбағалы микробтар) байқалады. Әсіресе, Bac. sereus, сондай-ақ Bac.
subtelis және Bac. megatherium өте жақын. Түйіскен реакцияларды вегетативті
(өсу сатысындағы) және спорасыз түрлері береді. Спораларымен арнайы
реакциялар алынады. Топалаң бациллаларын ажырату үшін, қабықшасы және
протективті антиген барлығына көңіл бөліп, агглютинация және преципитация
реакцияларын қояды спорасы барлығын , пеницилинге сезімталдығын, гемолиздің
болмауын және қозғалмайтындығын ескереді.
1.5 Дерттенуі
Зақымданған клегейлі қабық пен тері арқылы өткен ауру қоздырушысы
өзінің агресиндері мен экзотоксиндері арқылы енген жеріндегі дененің
қорғаныс күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп, сөл бүкіл
денесіне жайылып, лимфалық макрофагтық жүйенің элементтреінде бекітіледі.
Бациллалар әсіресе көкбауырда шоғырланып, мұнда елеулі паталогиялық
өзгерістер туғызады. Дерттену процесінде бацилланың қауашағын құрайтын
заттары, бөліп шығаратын экзотоксині мен протеаза ферменті күшті әсер
етеді. Қауашақ топалаң қоздырушысының фагоцитозға ұшырауына тосқауыл
болады. Ал микроб шығарған улы заттар оны бекіткен торшаларды ыдыратады.
Босанған бациллалар тағы да қан ағысына түсіп, септицемия мен
интоксикацияның өрлеууіне әкеп соқтырады. Гипоксия байқалып, қышқыл-сілті
тепетеңдігі бұзылады, қан ұю қасиетін жоғалтады.
Егер әлсіреген жануар аса уытты микробпен қағынса бірден септицемия
(өлі тию) байқалады да, мал бірер сағаттан кейін өледі.
Топалаңның қоздырушысы денеге тері арқылы енсе, сол орын қанталап
ісінеді де карбункулға (күйдірігі) айналады. Карбункул бірден емес,
кейіннен, ауру қоздырушысының қан арқылы келуімен де болады. Бұл ошақта
микроб өніп-өсіп, токсиндер бөледі де организмді уландырады. Алдымен
таяудағы сөл түйіні қанталап, ісініп, одан микроб қанға өтіп, ақыры
септицемиядан мал өледі.
1.6 Өтуі мен симптомдары
Аурудың өтуі, жасырын кезеңнің ұзақтығы ауырған жануарлардың
төзімділігіне және микробтың уыттылығына, мөлшеріне, денеге енген орнына
байланысты болады. Әдетте жасырын кезеңнің ұзақтығы 1-3 күн.
Аурудың негізгі екі түрі бар: өлі тиген және күйдіргілі
(карбункелездік). Күйдірігі ретінде байқалған дерт процесінің орын тебуіне
байланысты топалаңның тері, ішек, өкпе , ангина түрлері болады. Мұндай
жүктеу шартты түрде, ауруды сипаттау үшін қолданылады. Іс жүзінде топалаңға
шалдыққан жануардың бір ғана мүшесі не ұлпасының дерттенуі өте сирек
құбылыс. Алғашқыда күйдіргі ретінде бүлінген ауру сепсиске айналып, не
керісінше сепсистен кейін дененің әр жеріне күйдіргіш шығуы мүмкін. Бірнеше
мүшеде орны шектелген зақымданудың қатар білінуі жиі байқалады.
Топалаң әдетте аса жіті және жіті, сирекірек жітіден төмен өтеді.
Созылмалы түрі шошқада кездеседі.
Аса жіті топалаң негізінен қой мен ешкіде, сирекірек жылқы мен сиырда
байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалық белгісі байқалып
үлгірмей-ақ өліп кетеді. Мұндай жағдайда қой ентігіп, дірілдеп-қалшылдап,
кейде орнынан секіріп барып құлайды да бірер минуттың ішінде өледі. Мұрны
мен аузынан қанды көбік ағып жатады. Жылқы мен сиыр еліріп, одан кейін тез
басылады. Ентігіп, солығын баса алмай демалады, тамыры жиі соғып, клегейлі
қабықтары көкшілденіп дене қызуы 41-42оС-қа жетеді. Бірнеше минуттан кейін
кейде бірер сағат өткеннен соң ауырған малдың талықсып, денесі құрыстанып
барып жаны шығады.
Аурудың жіті өрбуі кезінде сиыр мен жылқыда дененің қызуы көтеріліп,
тыныс алуы мен тамырының соғуы жиіліп, бұлшық еттер дірілдейді. Мал жем-
шөптен қалып, ірі қара күйіс қайтаруын тоқтатып, сауын сиырлардың сүті
қайтады. Жылқының шегі түйіліп ірі қараның таз қарыны кебеді. Кейде іші
қатып, не керісінше қан аралас іші өтіп несепте қан байқалады. Жануар тез
әлсіреп, тынысы тарылып, кілегейлі қабығы көгеріп, қанталай бастайды.
Жұтқыншақ маңында, мойннында, әукесінде, қарын астында домбығу пайда
болады. Аузы мен тілінің кілегейлі қабығында қанды жалқақ байқалады. Ауру
белгілері білінгеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. Жан тәсілім кезінде
мұрны мен аузынан қанды көбік шығады.
Жітіден төмен өрбігенде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сиптталған
белгілері баяу өрбиді де, оқтын-оқтын байқалмай да кетіп мал жазылып
кеткендей әсер туғызады. Бірақ артынша оның жағдайы қайтадан нашарлап ақыры
өліммен кетеді.
Созылмалы түрде (шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі – жануардың
арықтауы. Тек сойылғаннан соң ұшаны қарағанда төменгі жақтың астында қанды
жалқақ, жақ асты және жұтқыншақ бездерінің қабынуы байқалады, топалаңға
күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне сәйкес келеді, ұзақ өрбіген дерт
дененің ыстығы аздап көтерілуі, ангина мен фарингит арқылы білінеді.
Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, тынысы тарылады, жөтел пайда
болады.
Аурудың үзікті түрі кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де,
әдетте мал жазылып кетеді.
Топалаңның аса жіті және жіті түрлері негізінен септицемия ретінде
өтеді, ал жіті және сәл жіті түрлерінде көбінесе күйдіргі байқалады. Бұл
жағдайда дененің әр жерінде әсіресе баста, кеудеде, іш аймағында домбыққан
ісік пайда болады – басында тығыз ыстық және ауырғыш болып біраздан соң
ауырмайтын салқын былқылдақ күйге ауысады. Ісіктің ортасы өліеттеніп ойыла
бастайды.
Топалаңның ішектегі түрі септицемиямен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz