Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез - құлық моделдері туралы


Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері.
Оқушылар мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі - психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек оқушылар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, басқа адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау, айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Мұның салдары арада түрлі қақтығыстардың туындауына әкеп соқтырары анық.
Жалпы оқушы мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік, түсініспеушілік салдарынан болатын қақтығыстар неден туындайды? Бұл мәселе оқу процесіндегі қарым-қатынаста негізгілердің бірі. Оқушылармен өзара түсіністікті анықтап алмайынша мұғалімнің белгілі бір нәтижеге қол жеткізуі екіталай. Көбінесе мұғалімдер оқушыларды бір жақты қабылдайды. Бір оқушының жақсы жағын көріп қалса, оған үнемі бірінші көргендегі көзқараспен қарым-қатынас жасайды. Ал сыртқы бейнесі, кейбір қылықтары ұнамайтын оқушылардың сөзін салғырт тыңдап, жабық ым-ишара көрсетіп, эмоциялық жағынан оқушыны сезінбейді. Осыдан барып, оқушы мен мұғалім арасындағы ортақ келісім бұзылып, қақтығысты жағдайлар орын алады.
Психологиялық және педагогикалық зерттеу жүргізу арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы осындай қақтығысты мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Бұл тәсіл бойынша оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талап-тілектер төрт топқа бөліп қарастырылып, тиісті қорытындылар жасалды.
1-топқа ұстаз бен шәкірт арасындағы мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады. Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше ықыласты көмек көрсету, олардың жан-дүниесін түсінуі. Мұндай қасиеттерді оқушы ұстаздарының бойынан көргісі келеді. Ал мұғалімнің оларға немқұрайлы, селқос, ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
2-топқа мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі, балаларға оқу материалын жете түсіндіріп ұғындыра алатындығы, әр-алуан амал-тәсілдер қолданып, сабақты тартымды және қызықты өткізуі сияқты ұстаздық шеберлігіне қойылатын талап-тілектер кіреді.
3-топқа ұстаздың оқушыларының бір-бірімен өзара қарым-қатынасына, олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне, табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі қоғамдық-көпшіліктік жұмыстарына қатысуларына байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың сынып жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері жатады.
4-топқа мұғалімнің жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктері жатқызылады.
Сонымен, шәкірттердің ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін былайша жіктей аламыз:
1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы;
2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;
3. Мұғалімнің сынып ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы;
4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.
Мұғалім мен оқушы арасында тиімді қарым-қарым қатынас орнатып, қақтығысты болдырмау жолдары:
- Өзара келісілген іс-әрекет ұйымдастыру;
- Эмоциялық қарым-қатынас қалыптастыру;
- Оқушының психологиялық қасиеттерін зерттеу;
- Ортақтасу барысында оқушыға сенім білдіру;
- Мұғалім өзін, оқушының өзін-өзі танытуы;
- Оқушыға қатесін түзетуге мүмкіндік беру;
- Келісілген ортақ шешім шығару.
Өзара келісілген іс-әрекет ұйымдастыру. Оқушы мен мұғалім өзара қарым-қатынаста тиімді іс-әрекет ұйымдастыру үшін алдағы істерін жоспарлайды, іс-әрекет нормаларын анықтайды. Мысалы, мұғалім «Сен сабаққа үш рет кешіксен ата-анаңа хабарласам», оқушы «Топтың ішінде мәселемді талқыламауыңызды сұраймын» деген сияқты ортақ келісім тиімді әсер етеді. Өзара келісілген іс-әрекетке жету үшін төмендегідей қиындықтар кездесуі мүмкін.
Қарсыласу - оқушы өз ұтысын көбейту мақсатына бағытталып, мұғалімнің мақсатын есепке алмайды «Саған емес, маған».
Қашу - бұл әдіс мұғалімнің қарым-қатынаста өзінің де, өзгенің де мақсатына жетпеуі «Саған да емес, маған да емес».
Жол беру - кейбір оқушылар ортақтасу барысында мұғалім мақсатына жету үшін өз мақсаттарын құрбандыққа шалады «Маған емес, саған».
Кейбір оқушылар қарым-қатынаста тепе-теңдік таразы басын тең ұстайды «Саған қанша болса, маған да сонша». Мұғалім қандай қатынас жасаса соған жауап береді. Өзара келісілген іс-әрекет ұйымдастыруда ең тиімді әдіс - ынтымақтастық. Бұл «Саған да, маған да» деп аталады. Бұл жағдайда мұғалім баланы зорлап бағындырмай, келіскен түрде өз мақсатына баулап алған жөн. Ынтымақтастық ұстазының сөзінен де, іс-әрекетінен де, ым-ишарасынан да көрініп тұру керек.
Мұғалімнің әрекеті:
1. Оқушының қатынасын, сезімдерінің көрінісін қабылдап, өзінің қатынасын жай түрде түсіндіреді;
2. Оқушының әрекетін, тәртібін қолдайды;
3. Оқушының ойларын дамытады;
4. Оқушының жауабын алу мақсатында өзінің идеяларына негізделген сұрақтарды қояды;
5. Өз идеяларын түсіндіреді, дамытады;
6. Оқушы орындауға тиіс болатын бұйрықтарды, нұсқауларды береді.
Шәкірттің әрекеті: өзінің идеяларын, сұрақтарын, ұсыныстарын ашық білдіреді, өз ойларын еркін дамыта алады.
Эмоциялық қарым-қатынас қалыптастыру. Оқушы мен мұғалім қарым-қатынасында эмоциялық жағынан түсінісу жетпей жатады. Егер мұғалімнің көзінен оқушыға деген жаңашырлық пен мейірімділік сезіліп тұрса, қатал талапты да қабылдай алады. Кейде мұғалім оқушыға жанашыр болып көрінгісі келгенімен, бет қимылы, қол қимылы, дене қимылы, жүрісі, сыртқы бейнесі, даусы мен сөзінің ерекшеліктерімен жақтырмайтын эмоциялық сезімдері көрініп қалады. Оқушымен қарым-қатынаста олардың шашынан сипау, арқасынан қағу өзара эмоциялық қарым-қатынасты жақсартады. Оқушыны эмоциялық тұрғыдан қолдауда ол ішкі сезімін толық шығару үшін сөзін бөлмейсоңына дейін тыңдау, сөз арасында «иә», «е-ей», «а-а» деп немесе соңғы сөздерін қайталап отырған дұрыс. Сонымен бірге басты изеу, бет және көз қимылы маңызды.
Оқушының психологиялық қасиеттерін зерттеу. Оқушымен жақсы ортақтасу қарым-қатынасын орнату үшін психологиялық тұрғыдан зерттеу өте тиімді. Оқушының өзін-өзі бағалауын, эмоционалдық көңіл-күйін, сыныптағы беделін, отбасылық қарым-қатынасын, әлеуметтік жағдайын анықтап барып, тиімді іс-әрекетке көшуге болады. Психолог мамандармен бірлесе отырып, психологиялық зерттеу жұмысын жүргізіп, өзіндік бағасы төмен оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу керек.
Ортақтасу барысында оқушыға сенім білдіру. Оқушыға тұрақты жылы сезім қалыптастыру оған достық және сүйіспеншілік сезімдеріне негізделген қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді. Өзіне жиі сенбейтін, қателіктерді жиі қайталайтын оқушы үшін ең тиімді әдіс мадақтау және сенім білдіру. Мұндай оқушылар өзіндік бағасы төмен болғандықтан қатал талап етсе, мүлдем тұйықталып немесе дау-дамайға бейім болады. Дау-дамай баланың өзінің қабілетінен жоғары талап еткеннен бболады. Мұндай оқушыларға өз қабілетіне қарай аз тапсырмадан бастау керек және де оны аз болса да өз уәдесін орындағаны үшін мадақтаған жөн. Сенім білдіру оқушыларды жігерлендіре түседі, осы тәсілдер арқылы талап деңгейін де көтеруге болады. Қиын кезде оған сенім білдіру, қолдау көрсету тығырықтан шығуға көмектеседі. Мұғалім мұндай балалар үшін сыныптастарының, ата-анасының сенім білдіруін талап еткені дұрыс нәтиже береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz