Қазіргі таңдағы қоғамдағы мәдени ахуалдың алар орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі таңдағы қоғамдағы мәдени ахуалдың алар орны
Қазіргі кезде жаһандану мəселесіне ерекше назар аударылуда. Əлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды жəне жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық жəне танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, əлеуметтік, ақпараттық, мəдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды жəне жүйелі зерттеулер əсіресе ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.

Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, əлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар əкелуде. Жаһанданудың басты типтік жəне сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мəдени, ақпараттық байланыстармен өзара əрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.

Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы əлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық жəне мемлекеттен жоғары тұратын саяси жəне құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда.

Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мəдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мəдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі жəне локомотиві, басқа салаларды анықтаушы күш ретінде танылуда. Ю.М.Лотман бойынша, мəдениет -- биосфера тəрізді құрлымдықтың генераторы, осынсымен ол адамдар айналасында əлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық. Шындап қарасақ, жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мəдени ұстанымдардың жатқаны белгілі. Жаһанданудың сценарийі американдық үлгіде жүруде. Ол жаһанданудың базисі, доминанты ретінде, оның салдарынан бұрын басты себебіне, детерминанттық күшіне айналып үлгірген.

Батыстық мəдениет негізінде пайда болғанмен, ол мəдениеттің мəні мен формасы жағынан американдық болып қалуда. Осындай жағдайда жаһанданудың əр түрлі баламалық тұрғыдан тарихи- мəдени негіздері болуы керек, жаһандану жергілікті, аймақтық мəдениеттің ерекшелігін ескеру негізінде даму керек деген де ойлар жиі айтылуда. Мəселен, Қытай, Рессей, Иран, Үнді, Түркия елдері жаһандану үрдісінің негізінде жергілікті аймақтардың мəдениеті мен тұрмыс-салтыныңерекшелігі жату қажеттігін көрсете отырып, баламалық негіздегі жаһанданудың тұжырымдарын жасауда.

Бұдан шығар қорытынды, американдық мəдениетіне негізделген жаһанданудың əмбебаптық үлгісі ешкімді қанағаттандырмайтындығы жəне оған деген қарсылықтың күннен күнге үдей түсуі.

Американдық үлгідегі жаһандану, əлемдік қаржы жүйесін дағдарысқа тіреді. Қаржылық олигархия, банкі-қаржылық капиталы əлемдік нарықты, құнды қағаздарды, инвестициялық ахуалды өз қолдарына қарата отырып, жаһанданудың монетарлық либерализмге негізделген идеологиясы мен мəдениетін, қала берді өмір сүру стандартын ұсынуда.

Кейбір дерек көздері бойынша, трансұлттық компаниялар əлемдік ішкі өнімнің 75 % өз бақылауында ұстауда. Олардың ақшасы бүкіл мемлекеттің орталық банкілеріндегі ақшасын қосып есептегенде 5 - 6 есе көп. Трансұлттық компаниялар əлемдік өнеркəсіптік өндірістің 13-тен (12) дейінгісін бақылауда. Осындай алпауыттық экономикалық саясат ұлттық экономиканың тəуелділігін арттырап қана қоймай, жергілікті мемлекеттердің де экономикалық еркіндігін шектеп нарық экономикасына жат əділетсіз, біржақты өнім айырбасын туғызуда. Бұл жағдайда бəсекелестік туралы айтудың өзі де артық.

Біржақты экономикалық, қаржылық тұрғыдағы өктемдік американдық жəне еуропалық мəдениеттің жергілікті мəдениеттен артықшылығын көрсету ұстанымдарын тудыруда. Мұндай сыңаржақты көзқарастың негізінде еуропакіндіктік қағида жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан қарар болсақ, лидер болуға ұмтылған қандай да болмасын ұлт экономикалық, ақпараттық, технологиялық үстемдігін пайдалана отырып, өз құндылықтарын, көзқарастық ұстанымдарын, мінез-құлықтық үлгісін басқаға таңатыны белгілі. Тіпті керек десеңіз, стратегиялық тұрғыдан мəдениет экономикалық үстемдік жүргізудің басты құралы ретінде пайдаланылады.

Жаһанданудың мəдени динамикасы орталық -- шет дилеммасы контексінде жүріп жатқаны белгілі. Егерде осы дилемма шеңберінде жаһандық мəдениет пен ұлттық мəдениеттің сұхбаттық қатынастарын қарайтын болсақ, одан біз міндетті түрде біржақтылық пен үстемдік үлгісінің бар екенін жəне бұл сұхбаттық қатынастардың біртекті емес екендігін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды ұлттық, аймақтық, мəдениеттердің əзірге, жоғарыда аталған объективтік жағдайларға байланысты, жаһандану үрдісінің басты субъектісі бола алмайтындығы. Ол үшін орталық -- шет дилеммасынада қандай да болмасын сұхбаттық қатынас төзімділік, өзарасыйластық, теңдік пен əділеттілік қағидалары негіздерінде жүруі қажет. Болмаған жағдайда, қайшылық, өзара жүйеленбеген. Басқаша айтқанда, қазақстандық ұлт идеясының саяси конфигурациясы қалыптасқанмен онтологиялық негізі əзірге айқын емес. Оның өзінде бұл конфигурация иманентті сипаттағы қайшылықтарға толы жəне өзінің ішкі даму потенциылында басқа факторлардан бұрын саяси факторларға тым көп орын берілген. Сондықтанда будандық сипаттағы құндылықтар қазақстандық ұлттың əмбебаптық негізі бола алмайтынын жəне жалпы ұлтты біріктіру мен топтастыруда əлсіз екендігі байқалады.

Қазақстан ұлттық құрамы жағынан тек қана полиэтникалы ғана емес, сонымен бірге, менталитеті жағынан да əр сапалы. Онда жалпылама тұрғыдан айтқанда параллельдік бағытта дамып отырған шығыстық жəне батыстық менталитет қалыптасқан. Осындай параллельдік сипаттағы менталитетке қарамастан, ұлтаралық татулық, өзара сыйластық, комплиментарлық негізде өзара диалог орныққан. Қазақстанның басқа мемлекеттермен салыстырғандағы басты ерекшелігі де осында. Ал оның тарихи негізі тереңде, ол ғасырлар бойы бірге өмір сүрудің, тағдырдың ащысы мен тұщысын бірге көрудің нəтижесі. Соның арқасында қазақстандық менталитет қалыптасуда. Десекте, оған ерекшелік тəн болғанмен, жалпылық тəн емес.

Қандай да болмасын ерекшеліктің тамыры, тегі болатыны белгілі. Тамыр, тек сапалық қасиеттер арқылы өлшенетінін ескерсек, қазақстандық менталитеттің өлшемі, межесі қазақ халқының құндылықтары болып табылады. Қазақстандық менталитеттің құрылымдық сипатының ішкі өлшемі, қозғаушы күші, жүзеге асуы да қазақ халқының құндылықтарына тікелей байланысты. Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қазақ тілінде деуі де сондықтан. Демек ұлттық ерекшелікті елемей, ескермей, азаматтық ұлт туралы тұжырым жасау сыңаржақтылық. Өкініштісі, кейбір ғалымдар мен саясаткерлер азаматтық ұлтты қазақ халқынсыз, оның тілінсіз жəне менталитетінсіз көз алдына елестеткісі келеді. Елестету былай тұрсын, тіпті армандайтындар да көбеюде. Тіпті ұлт туралы айтпаңдар, ол кешегі заманның феномені, бүгін ел туралы айту қажет дегенді алға тартады. Бұл бос əурешілік, ұлтсызданудың талайын басынан кешірген, мың өліп, мың тірілген қазақ, енді оған жол бермейтініне сенімдіміз. Өйткені заман өзгерді, ұлттық сана өсті, қазақ оңы мен солын, жақсысы мен жаманын ажыратар деңгейге жетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өз мүддесін қорғауға да шамасы келді. Бұны ескермеу, қазақ халқымен санаспау ақиқатқа жасаған қиянат болар еді.

ХХ ғасыр басындағы қазақпен ХХІ ғасырда өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың діни ұстанымы және дінге көзқарасы
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ОТАНДЫҚ БАҚ-ДА НАСИХАТТАЛУЫ
Ішкі қауіпсіздік мәселелері
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
Академик Ә. Нысанбаевтың отандык философияның дамуына қосқан үлесі
Әлеуметтік философия
Қазіргі кездегі ҚХР-дағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері
Ж. Баласағұнның дүниетанымының идеялық негіздері
Пәндер