Қарақалпақ әдебиеті
Қарақалпақ әдебиеті
Қарақалпақ автономиялы республикасы 1925 жылы құрылды.Осыдан бастап өзінің ұлттық мектептері ашылып, әдебиеті де даму жолына түсті. Әуелі Қазақстан құрамында болды да, 1936 жылдан бастап Өзбекстан республикасының қоластына енді.
Қарақалпақтың ауыз әдебиеті түркістандық түрік халықтарының ауыз әдебиетімен түбірлес, тамырлас келіп жатады. Ол ерекшелік қарақалпақтардың да, басқа түрік халықтарының да бәріне ортақ белгідей рухани тұтастықты көрсетеді.
Қарақалпақ халық ауыз әдебиеті-мазмұны бай, түрі жағынан жетілген халықтың рухани байлығына айналған асы қазынасы.Халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының түрі, бесік жыры, той жыры, діни сарындағы өлеңдер , жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, айтыс түрлері және елуге жуық батырлар жырын қамтитын эпостық жанрларды орындайтын жыраулар тобы қалыптасқан.
Халықтың батырлық эпостары Алпамыс, Қырық қыз, Қобылады, Мас патша, Ғариб Ашық жырлары батырлық, махаббаттық тақырыптарға арналған.
Қарақалпақ әдебиетінде поэзиялық туындылар басым болып келеді.Поэзиялық туындылар негізінен ауызша поэзия түрінде жоғары деңгейде дамыған.Қарақалпақ әдеби тілінің негізі осы ауызша поэзия арқылы салынған ерекшелікті көреміз.
Жиен жырау
Қарақалпақ әдебиетінің көрнекті өкілі Жиен жырау Амандықұлы Түркістанда туылған.Жиен жырау шығармаларының идеялық- тақырыптық сарыны, негізінен, Қарақалпақ елінің сол тұстағы саяси-әлеуметтік , тұрмыстық болмысынан туындайды.Ақынның поэмалары мен терме толғаулары Босқан елі, Ұлы тау мен Уа, ханымыз, ханымыз, Хош бол, достар, Бер, түйемді, Жүрегімде көп лағым, Көргенде болар көңілім хош деп аталатын шығармалары заман шындығының айнасы десе болғандай.Жиен жырау репертуарында Қырық қыз, Едіге, Алпамыс, Қобыланды эпостары болған.
Жиен жырауың айтулы туындысы Босқан ел қарақалпақтарың ата жұрты Түркістаннан Хорезмге ауған қиын қыстау заманағы халық басынан көшкен тарихи оқиға желісіне құрылған:
Ата жұрты Түркістан
Оны да баян етпеді.
Күні-түні қиналып
Он екі айда тапқаны
Қыс азыққы жетпеді.
Кемтар болды сулары
Ексе егін бітпеді.
Жаугершілік көп болды
Далада қалған өлікке
Жылға-сайлар тоқ болды,-
Деп Аралға ауған халықтың басынан өткен азапты қайғылы хал жағдайын ақын шыншылдықпен жайып салып, халықтың бастан кешкен азапты қайғысын жырға қосып, өз жүрегінен өткізеді.Босқан елдің ішінде өзі болған ақын көрген-білгенін:
Атаға бала қарамай,
Балаға ата қарамай,
Киеріне киім жоқ,
Ішеріне тамақ жоқ
Жол жүруге жарамай.
Жасы жеткен кәрілер,
Бүгілген белі аналар,
Көшкен көшке ере алмай
Жолда қалды біразы, -
деп оқиға желісінің арқауына ата-анасы босқында қайтыс болған жетім қыз Мінайым мен қыз тағдырына ара түскен жырау тағдыры өз атынан лирикалық кейіпкер ретінде суреттеледі.
Жиен жыраудың терме, толғау, жыршылдық дәстүрін өзінен кейінгі ақын-жыраулар жалғастырған дәстүр бар.Жиен жыраудың шәкірті Айтуар, оның шәкірті Қабыл жырау, оның шәкірті Қалмұрат жырау, оның шәкірті Жиенмұрат, оның шәкірті Құрбанбайдан бізге екі жарым ғасыр аралығында жалғастық тауып отыр.
Әжінияз Қосыбайұлы
Әжінияз қазіргі Қарақалпақстанның Мойнақ ауанындағы Қамысбөгер елді мекенінде орта шаруа отбасында дүниеге келген.Әкесі баласының зеректігін сезіп оқу жолына түсіреді.Хиуадағы Шерғазы мересесінде оқиды.Медреседе шығыс классиктерінің шығармаларымен танысып, іштей рухани жағынан өсе түседі.Қызылорданың Қазалысында оқытушылық қызметте болады.
Әжінияз қарақалпақ поэзиясында лирикалық жанрдың дамуына елеулі үлес қосады.Әжінияздың Ресей, қазақ жерінде болуы оның өмірінде өз ізін қалдырады.Қазақ қызы Менешпен айтысы бар.Сыртта жүрген кезінде өз елін танытуға мән береді, еліне деген сағынышы да жыр болып төгіледі.Ақын сезімі оның Қыз Менешпен айтысы, Бар еді, Айтулы ерлер бар еді шығармаларында берілген.
Әжінияз азаматтық лириканың да шебері.Ел-жұртын сағыну, елін, туған жерін аңсау сезімі бас тақырыпқа айналып отыратын жерлері де бар:
Жайлауым Үргеніш арты теңіз
Жауырыны қақпақтай малы семіз.
Рұқсатсыз бір-біріне салмас із,
Ынтымақты қоңырат ерлерім бар,-
деп адамға ең қадірлі туған елі деген ой түйеді.
Әжінияздың отаншыл ақын болғанын айғақтайтын поэмасы- Бозатау. Поэманың оқиға желісі тарихта болып өткен өзбек, қарақалпақ шаруаларының Хиуа хандығының басқыншылық зорлығынан туған халық көтерілісін суреттеуге арналған.Көтеріліске шыққан қарақалпақтар Талық өзені бойында Бозатау қорғанын салып бекінеді.Бірақ Бозатау бекінісін түрікмен феодалы Берді басып алады.Хиуа ханы өзіне қайтарады.Бекіністегілер аяусыз жазаланады.Поэма осы тарихи оқиғаны сюжеттік желісіне арқай етеді.
Кетер болдық енді біздер бас алып,
Хош, аман бол бізден қалдың,Бозатау.
Қоштасайық қара көзден жас ағып,
Хош, аман бол бізден қалдың, Бозатау!-
деп бүкіл халықтың Бозатаудан ауа көшу қасіретін жүрегінің зары етіп жырға қосады.Бозатаумен қоштасу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz