Кипр түріктерінің әдебиеті: тарихи даму, кезеңдер және негізгі авторлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кипр түріктерінің әдебтиеті

Түріктер Кипр аралын көне заманнан бері мекен еткен. Ал, 1571 жылы Кипр аралының тұтастай түріктердің билігіне өтуі нәтижесінде Анадолы жерінен аралға ірілі-ұсақты көштер болған. Аралға көшіп барған түріктер салт-дәстүрі мен мәдени мұраларын сақтай отырып, өзіндік қолтаңбасы бар жаңа дүниелер жасауға ұмтылды. Кипр түріктерінің әдебиетін даму үрдісіне қарап, ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті деп екі топқа бөлуге болады. Соның ішінде жазба әдебиеті де саяси-әлеуметтік жағдайға және тарихтың ағымына қарай 5 кезеңге бөлінеді:

1. Османлы кезеңі (1571-1878) ;

2. Уақытша кезең (1878-1925) ;

3. Қозғалыс кезеңі (1939-1955) ;

4. Ұлттық майдан кезеңі (1965-1974) ;

5. Жаңадан іздену кезеңі (1974-тен кейін) ;

Кипр түріктерінің халық ауыз әдебиеті жайында көптеген зерттеулер жазылды. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері мен ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелер жинақ жинақ талып, жеке кітаптар шықты. Кипр түріктерінің әдебиетінде жаңа кезең елдің жұдырықтай жұмылып, дұшпанға тойтарыс берген 1974 жылдан бастау алады. Арал халқын азат ету үшін жасалған күрес Түркия Республикасы қарулы күштерінің жеңісімен аяқталды. Бұл жылдары Харид Федай, Севилай Садыкоғлы, Айше Турал, Фикрет Демирдоғ, Фериха Алтоктың жырлары; Өзкер Иашын, Сабахаддин Исмайыл, Сами Алхун, Хаууа Текиннің романдары; Нилгүн Козал, Өзбен Аксай, Али Несимнің әңгімелері; Бекир Кара, Сами Алхун, Филиз Налдовен, Өзден Селенгеннің драммалары драмалар жарық көріп, жұртшылықтың назарын аударды. Бұлардың арасында, әсіресе, Харид Федайнің атын ерекше атап өтуге тиіспіз.

Кипр түріктерінің әдебиетінде кеңінен танымал өлеңдер - дондурек. “Дондурек” деген - Кипр түріктерінің арасында кең тараған сатиралық өлеңдер. “Дондуректің” ерекшелігі - Кипр түріктерінің диалектісінде айтылуында.

Кипрдегі түріктердің гректермен етене араласуынан пайда болған фолькорлық ән атауы - цакизмата.

Кипр түріктерінің әдебиетінде жаңа кезең елдің жұдырықтай жұмылып, дұшпанға тойтарыс берген 1974 жылдан бастау алады. Арал халқын азат ету үшін жасалған күрес Түркия Республикасы қарулы күштерінің жеңісімен аяқталды. Бұл жылдары Харид Федай, Севилай Садыкоғлы, Айше Турал, Фикрет Демирдоғ, Фериха Алтоктың жырлары; Өзкер Иашын, Сабахаддин Исмайыл, Сами Алхун, Хаууа Текиннің романдары; Нилгүн Козал, Өзбен Аксай, Али Несимнің әңгімелері; Бекир Кара, Сами Алхун, Филиз Налдовен, Өзден Селенгеннің драммалары драмалар жарық көріп, жұртшылықтың назарын аударды. Бұлардың арасында, әсіресе, Харид Федайнің атын ерекше атап өтуге тиіспіз.

1930-2017 жылдарда өмір сүрген Кипр әдебиетінің өкілі -Харид Федаи. Харид Федаидың алғашқы өлеңі - “Ашық қоңырау”.

1940-2010 жылдары өмір сүрген Кипр түріктері әдебиетінің өкілі, ақын - Фикрет Демираг. Ол 11 жасынан бастап өлең жазған. 1960 жылы шыққан өлеңі - “Екеудің өмірі”.

Өзкер Яшин “Кипрдегі байрақ”:

Желбірейді Кипрімде бір байрақ,

Қыздарымның орамалы сияқты.

Желбірейді Кипрімде бір байрақ,

Омырауымнан күмбірлеген күй ақты,

1979 жылы алғаш өлеңі жарияланған Кипр ақыны - Мехмет Яшин. Ол “Пафос”, “Жарық баспалдағы”, “Армандарды жөндеу”, “Үйін тастаған жеткіншек”, “Оның аты жоғалғандар тізімінде” атты өлеңдердің авторы. Мехмет Яшин Никосиядағы Йенишехир ауданында, Кипр түріктерінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі - ақын-жазушы Озкер Яшин, және ағасы - ақын Неше Яшин.

“Өлеңдер сөйлейді”, “Аты махаббатқа шақырады”, “Тек ойланыңыз” атты өлеңдердің авторы - Фериха Алтиок. Оның “Өлеңдер сөйлесін” атты өлеңі 1991жылы жарияланды.

Кипр түріктерінің әдебиетіндегі тұңғыш пьеса-“Қанды алауыздық”. Ол 1898 жылы жарық көрді. Куглу Атали, Унер Улутуг, Ахмет Толкай, Али Несим, Бекир Кара Кипр әдебиетінің драматургия саласында еңбек етті.

Мехмет Яшин Никосиядағы Йенишехир ауданында, Кипр түріктерінің отбасында 1958 жылы дүниеге келген. Оның әкесі - ақын-жазушы Озкер Яшин, және ағасы - ақын Неше Яшин. Кипрді 17жасында тастап, Түркияға кеткен. Онда Анкара және Стамбул университетінде оқыған. Ол Бирмингема университетін және Middlesex университетін аяқтаған және АҚШ пен Францияда білім алған. Түрік, ағылшын, грек тілдерін еркін меңгерген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ирак түріктерінің әдебиеті: тарихи қалыптасуы, кезеңдері және көрнекті қаламгерлер
Ежелгі дәуір әдебиеті: түркі әдебиетінің бес кезеңі және негізгі шығармалар мен авторлар
Испан әдебиетінің қалыптасуы, негізгі тарихи кезеңдері және көрнекті авторлар
Философияның қалыптасуы: негізгі тарихи кезеңдер мен орталықтары
Кипр Республикасы: мемлекеттік құрылым, табиғаты, халқы және экономикалық сипаттамасы
Ахысқа түріктерінің депортациясы және Қазақстандағы мәдени орталығы
Кипр: географиясы, тарихы және этникалық-саяси бөлінуі
Генетиканың даму тарихы: негізгі кезеңдер мен Қазақстан ғалымдарының үлесі
1944-2000 жж. Қазақстандағы ахыска (месхетин) түріктерінің этномәдени дамуы
Менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуы: тарихи кезеңдер, негізгі мектептер мен әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz