Отбасы әлеуметтік институт ретінде


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Отбасы әлеуметтік институт ретінде сипаттаңыз жәнеотбасының түрлерін көрсетіңіз.

Отбасы - ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т. б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.

Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез - құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын төп. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.

Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т. б. жатады.

Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Мемлекет отбасына өзінің отбасы және неке туралы заңдарымен ықпал етіп, отбасы мүшелерінің бір-бірімен және олардың коғаммен, мемлекетпен қарым-қатынастарын реттеп отырады.

Отбасы көптеген коғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, экономиканың, құқықтанудың, этнографияның, психологияның, педагогиканың, саясаттанудың және демографияның зерттеу объектісі болып саналады. Олардың әрқайсысы өз пәндерінің ерекшеліктеріне орай отбасының өмір сүруі мен дамуының ерекше жақтарын жете зерттеп қарастырады. Мысалы, әлеуметтану отбасына талдау жасағанда ең алдымен оны некенің негізінде құрылған және белгілі бір әлеуметтік қызметтерді атқарушы әлеуметтік институт ретінде қарастырады, сөйтіп некенің тұрақты немесе тұрақсыздығының себептерін және отбасын нығайтудың жолдарын зерттеуге көңіл аударады. Осыдан келіп әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілерін әз төңірегіне жинақтаған отбасының пайда болуы, оның өмір сүруі мен дамуы заңдылықтарын зерттейтін әлеуметтанудың тағы бір саласы - отбасы әлеуметтануы қалыптасты.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке - отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т. б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т. б. осындай мәселелер қарастырылады.

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т. б. ) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір вокалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік кызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Отбасының вокалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай, туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасы мүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі үнемі ұшырасып тұрады. Бұл тұрғыдан алғанда отбасын қоғамның экономикалық ұясы ретінде қарастыруға болады.

Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.

Отбасылары коғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар кызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті кызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз кызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:

  • халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;
  • балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды) ;
  • балаларды тәрбиелеу (әлеуметтенді) жатады.

Бұл кызметтер коғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.

Отбасының ерекшеліксіз кызметтері жеке меншіктің жинақталып қорлануы мен оған ие болу жөніндегі статусты, өндіріс пен тұтынуды, үй шаруашылығын жүргізу мен демалуды ұйымдастыруды, отбасы мүшелерінің денсаулығы мен амандығына қамқорлық, микро ахуал жасауды қамтиды. Бұл қызметтердің бәрі отбасы мен коғам арасындағы байланыстың тарихи сипатын көрсетеді, отбасындағы нәрестенің дүниеге келуі, оның күтімі мен тәрбиесінің қалай жүретіндігі назардан тыс қалмайды.

Сондықтан отбасындағы өзгерістер әр түрлі тарихи кезеңдегі олардың ерекшеліксіз кызметтерін салыстырудан байқалады. Айталық, жаңа бір жағдайға орай кызмет түрлері де модификациялады, шеңберін тарылтады немесе кеңейтеді, толық немесе жартылай іске асады, тіптен жойылып кетуі де мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Отбасы шағын әлеуметтік топ және әлеуметтік институт ретінде
Әлеуметтік институттар мен ұйымдар
Әлеуметтік институттар түсінігі
Отбасындағы жанжалдың шығуы және оны шешу жолдары
Әлеуметтік инстуттардың қоғамда атқаратын қызметтері
Отбасы және неке әлеуметтануы
Отбасы туралы жалпы ұғым. Отбасы социологиясы
Отбасының пайда болуы
Отбасы әлеуметтігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz