остиндустриалды дамудағы ел экономикасының ролі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Постиндустриалды дамудағы ел экономикасының ролі

Постиндустриалды қоғам - қоғамның даму сатысы. Постиндустриалды қоғам теориясының негізін қалаған Д. Белл, Д. Рисман, А. Тоффлер, З. Бжезинский, Дж. Гэлбрейт, т. б.

Постиндустриалды қоғам термині АҚШ-та 20 ғ-дың 50 - 60-жылдары ғылыми айналымға еніп, 60-жылдардың аяғынан теориясы ғылыми негізделген, жаңа мазмұнға ие болды. Оның айрықша белгілері: шығармашылық, интеллектуалдық еңбектің жаппай таралуы, ғылыми білім мен ақпарат көлемінің сапалы түрде артуы, байланыс құралдарының, ғылым, білім беру, мәдениет салаларының дамуы, т. б. 70 - 80-жылдары постиндустриалды қоғам тұжырымдамасы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әлеуметке (социумға) ықпалын сипаттауға тиіс футурологиялық және социологиялық теория ретінде дамыды.

Америкалық социолог Д. Белл постиндустриалды қоғамды анықтайтын келесі факторларды атап көрсетті: 1) өндірістегі өзгерістің негізіне айналатын теориялық білімнің орталықтандырылуы; 2) экономиялық, инженерлік, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жаңа интеллектуалдық технологияның пайда болуы; 3) білім, ақпарат таратушы әлеуметтік топтың қалыптасуы; 4) билік қатынастарының өзгеруі: индустриалдыққа дейінгі қоғамда - аристократия, индустриалдық қоғамда - демократия, постиндустриалды қоғамда - меритократия

Постиндустриалды қоғам қала тұрғындары 70 - 85%-ға жеткенде басталады. Онда аграрлық және индустриалдық тіршілік екінші кезекке өтеді. Ескі индустриализмнің орнына үстеме, еселі индустриализмнің келуі жаңа жаппай тұтыну мәдениетін өмірге әкеледі. Постиндустриалды қоғамның негізгі жетістігі - демократиялық процестердің, азаматтық қоғам құндылықтары рөлінің артуы, жұртшылықтың әлеуметтік-экономиялық жағдайының жақсарып, тұрмыс деңгейінің өсуі. Алайда постиндустриалды қоғамда ұлт тілін, төл мәдениет пен өнерді сақтау аса қиын болмақ.

Бұл қоғамда барлық тауқыметтер өзінен-өзі шешіледі деген болжам негізсіз. Белл постиндустриалды қоғамның қалыптасуын компьютер негізгі рөл атқаратын ақпарат пен білім саласындағы революциямен байланыстырады. Оның пікірінше, компьютер технологиялық революцияның символы әрі материалдық тасымалдаушысы, компьютер қоғамды түбегейлі өзгеріске әкеледі. Сөйтіп, жаңа қоғамда ақпарат және оны пайдалану мен тарату үшін техникалық базаны қамтамасыз ететін электронды құралдар негізгі рөл атқармақаласы Осыған орай постиндустриалды қоғам ұғымымен үндес “ақпараттық қоғам” термині кеңінен қолданыс тапты.

Постиндустриалды қоғам теориясын американ зерттеушілері қалыптастырғанымен, оның тамыры тереңде - еуропалық философиялық дәстүрде жатыр. А. де Сен-Симон, О. Конт және Дж. Ст. Милль өздерінің еңбектерінде «өнеркәсіп қоғамы» немесе индустриалды қоғамды бөліп көрсетті, олардың ойынша әлеуметтік дамудың негізгі қағидасы өндірістік технологиялық ұйымдастырылуы болып табылады. Кейінірек, өткен ғасырдың басында белгілі экономист және социолог Т. Веблен өнеркәсіптік жүйенің дамуын терең зерттеу мен қосымша қоғам құрылымын институтционалды қарастыру негізінде прогресс теориясын жасауда сәтті қадам жасады.

Бұл идеяны екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дамыта, зерттеушілер технологиялық прогресстің жеделдетілу жағдайында қоғамның жаңғыруы мәселелерін қарастыруға тырысты. ХХ ғ. 40-жылдардың соңында К. Кларка мен Ж. Фурастье постиндустриалды қоғам теориясының негізгі методологиялық принциптерін қалыптастырды. Олар қоғамдық өндірісті: біріншілік (ауыл шаруашылығы), екіншілік (өнеркәсіп), үшіншілік (қызмет көрсету саласы) секторларға бөлді. Постиндустриалды қоғамда ғылым, білім және т. б. үлкен мағынаға ие болады. Осы орайда ғылым өндірістік күш пе, өнім бағасына материалдық емес активтер бағасының қандай әсері бар деген қызық сұрақтар туындайды. Бұл мағынада К. Маркстің ғылымды өндірістік күш ретінде қарастырған көзқарасы маңызды болып табылады. Маркстің ойларынан мынадай қорытындыға келуге болады: ғылым сөзсіз өндірістік күш, сөзсіз өндіріске қатысады және оның дамуына әсер етеді .

Қазіргі түсініктегі қоғамның постиндустриалды теориясының туындауы ХХ ғасырдың 60-жылдарына жатады. «Постиндустриалды қоғам» терминін алғашқылардың бірі болып өз еңбектері мен лекцияларында Р. Арон, Д. Рисман, Д. Белл, У. Ростоу, А. Турен және т. б. қолдана бастады. Д. Белл бұл түсінікке келесідей анықтама береді: «Постиндустриалды қоғам экономикасындағы басымдылық тауарды өндірудегі артықшылықтан, қызмет көрсетуге, зерттеу жүргізуге, білім жүйесін ұйымдастыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға көшкен қоғам болып табылады; сонымен қатар техникалық мамандар табы негізгі кәсіпқой топқа айналады және ең маңыздысы жаңашылдықты енгізу үлкен дәрежеде теоретикалық білімдердің жетістігіне тәуелді болды. Постиндустриалды қоғам жаңа таптың пайда болатынын болжайды, олардың өкілдері саяси деңгейде кеңес беруші, эксперт, технократ ретінде шығады».

Д. Белл постиндустриалды қатардың маңызды экономикалық ерекшелігі қызмет пен ақпаратты өндіру негізіндегі қоғамның қалыптасуы деп санайды.

Збигнев Бжезинскийдің сөзі бойынша, «постиндустриалды қоғам технотронды қоғамға айналуда, мәдениет, психология, әлеуметтік өмір мен экономика техника мен электрониканың, әсіресе компьютер мен коммуникацияның әсерінен қалыптасады. Өндірістік процесс құндылықтарға, әлеуметтік қатар мен қоғам өзгерістердіңнегізгі факторы болып табылмайды». Қызмет көрсету саласының дамуы экономикалық реттеудегі дәстүрлі әдістер мен формалардың дұрыстығына күмән келтіреді, жеке компанияларды, тіпті, жалпы қоғамды басқаратын үлкен көлемді басқару формасы қажет. Мәселенің тереңдеуіне байланысты екі ыңғай пайда болды. Біріншісі социумның қазіргі жағдайын алдыңғылардан айырмашылығын көрсетеді. Екіншісі жаңа кезеңнің позитивті анықтамалардың қалыптасуына бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық дамудағы мемлекеттің әсері
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Экономикалық дамудын индикативтік жоспарлаудың маңызы
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
Инвестиция түрлері
Экономикалық теория ғалымы ретінде және оның әдісі
Шағын бизнес экономикалы дамудың негiзгi факторы ретiнде
Экономикалық дамуы
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің аймақтық астары
Экономикалық өсу басты макроэкономикалық категориясы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz