Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жете білу және оларды жан-жақты зерттеу үшін методология мен әдіс(метод), әдістеме(методика) міндетті түрде қажет. Әлеуметтанудың методологиясын әркім әрқалай түсінеді. Методология ұғымы гректің методос, яғни таным тәсілі және логос, яғни ілім деген мағына беретін сөздерінен тұрады. Бір сөзбен айтқанда, методология ғылыми зерттеулер принциптерінің жүйесі. Эмпириктер методология туралы айтқанда оны техниканың жиынтығы және әлеуметтікті талдаудың жөні ретінде пайымдайды. Теоретиктер методологияны әлеуметтікке жету үшін арнайы әдіс, әдістеме және техниканы дайындау мен таңдауды қажетсінетін әлеуметтік шындық туралы белгілі бір пікірлер жүйесі ретінде қарастырады.
Әлеуметтік зерттеудің теориялық және эмпириялық (эмпирия - грек сөзі, тәжірибе деген мағына береді) типтері бар. Тәжірибелік зерттеу іргелі және қолданбалыболып екіге бөлінеді. Іргелі әлеуметтік зерттеудің басты мақсаттарының бірі зерттеліп қаралатын пән жөніндегі ғылыми түсінікті жетілдіру мен дамыту болып саналады. Қолданбалы зерттеу нақты бір әлеуметтік проблеманы шешуге арналады.
Қолданбалы зерттеудің социоинженерлік сипатта болуы оның теориялық зерттеуден айырмашылығы бар екендігін де ашып көрсетеді. Өйткені соның нәтижесінде әрекет етудің нақты бағдарламасы жасалады. Оны жүзеге асыру зерттелген проблеманы практикада шешуге бағытталады. Саясаттанушылар мен саясаткерлер, заңгерлер мен басқарушылар, экономистер мен бизнесмендер және басқа да социогуманитарлық бағдардағы мамандар эмпириялық әлеуметтану зерттеулерінің нәтижесінде алынатын ақпараттарды белсенді тұтынушылар болып саналады. Сол ақпараттарды қолдана отырып, олар өздерінің практикалық және теориялық сипаттағы кәсіби мәселелерін шешеді.
Нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.

Әлеуметтану зерттеуі ғылыми ізденістің күрделілігіне қарай: барлаушылық, суреттемелік, талдаушылықболып үшке бөлінеді. Бұлардың арасында талдаушылық (аналитикалық) зерттеу әдісі күрделісі болып есептеледі. Ол терең ойластырылған бағдарламаны және тексерістен өтіп сыналған құралдарды (анкета, т.б.) қажет етеді. Талдаушылық зерттеу әдісі кезінде зерттелетін құбылыс суреттелумен қатар оны тудырған басты-басты себептер де анықталуы керек. Суреттемелік зерттеу ізденістің өте қарапайым түрі болып есептеледі. Мұның басты мақсаты - зерттелетін құбылыс пен оның құрылымдық элементтері жөнінде мағлұмат алу. Зерттеудің кеңінен тараған түріне барлаушылық зерттеу жатады. Ол күрделі бағдарлама дайындауды талап етеді, алайда шамалы көлемдегі зерттеу құралдарын қолданып, шағын топтарда сауалнама жүргізу мүмкіндігін сақтайды. Зерттеудің бұл түрі жедел ақпарат алуға бағытталған. Оның артықшылығы да осында. Мұндай зерттеуде қайсыбір терең процестер және олардың пайда болу себептері қарастырылмайды, керісінше, көзге көрініп тұрған ақпараттар жинақталатын болады.
2. Әлеуметтану ақпараттарының қайнар көзі болып есептелетін құжаттардың алуан түрлі топтамалары бар. Сонымен, құжаттар мынандай топтарға бөлінеді: 1) ақпараттың техникалық құралдарда белгіленуіне орай ерекшеленетін құжаттар. Бұның өзі үш түрді қамтиды: а) жазба түріндегі құжаттар, оған қол жазба мен баспасөз басылымдары жатады; б) стенографиялық құжаттар, бұған кино, фото, бейнелеу, сурет түріндегі құжаттар саяды; в) фонетикалық құжаттар, яғни дыбыспен берілетін магнитофон, күйтабақ жазбалары жатады. Айта кететін бір жай, құжаттық ақпаратты сақтайтындардың жаңа түрлері мыналар: микрофильмдер, ЭВМ дискісі, т.б. Жазба құжаттардың кең тарағаны архив материалдары, статистикалық есептемелер, ғылыми жарияланымдар, баспасөз басылымдары, т.б.; 2) құжаттың түпнұсқасының статусына жатқызылғандар немесе авторына бөлініп берілгендер ресми және ресми емес құжаттарға ажыратылады. Ресми құжаттар деп лауазымды адамдардың, қызметкерлердің арнайы дайындаған құжаттарын айтады. Бұған мемлекеттік статистика мен мемлекеттік архив мәліметтері, жиналыс хаттамалары, т.б. жатады. Ал ресми емес құжаттарды жеке адамдар жасайды, яғни хаттар, күнделіктер, т.б. ресми емес деп атауға боладыы; 3) ақпараттың сақталу көзіне орай ол бастапқы және екінші рет жасалған құжаттар болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар - тікелей бақылаудың немесе сауалнама өткізудің негізінде алынған мәліметтер, ал екінші қатардағы құжаттар бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы болып саналады; 4) мақсат-міндетке қарай ажыраған құжаттар, бұған зерттеу бағдарламасына сәйкес ғалымдардың күшімен алынған материалдар, басқа да мақсаттар үшін жасалған қолдағы құжаттар жатады; 5) мазмұнына қарай бөлінген құжаттар. Бұлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жұргізудің әдісі мен техникасы
Демография және әлеуметтану
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Деректерді жинаудың басқа әдістерінің арасындағы бақылау орны
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістері
Әлеуметтанулық зерттеулер
Жаһанданудың негізгі теориялары
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Пәндер