А. Байтұрсынұлының Қырық мысал еңбегі
А. Байтұрсынұлының Қырық мысал еңбегі.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері Қырық мысал атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
А. Байтұрсынов ақындығының бір қайнар көзі орыс поэзиясында жатыр. Ол орыс ақындарын беріле мол оқыған. Ауыл мұғалімі боп істеген жылдарынан бастап шәкірттеріне И. А. Крылов мысалдарын оқытқан. Орыс ақындары А. С. Пушкинді, М. Ю. Лермонтовты, С. М. Надсонды оқып, кейбір шығармаларын аударған. Ақыннан қалған мұраның ішінде А. С. Пушкиннің Ат деген өлеңі, Данышпан Аликтің ажалы, Балықшы мен балық, Алтын әтеш ертегілері бар. 1901 жылдан бастап Крылов мысалдарын аударып, сол негізде өзі де мысалдар жаза бастайды. А. Байтұрсыновтың мысал жанрына ден қоюының үлкен мәні бар еді. Ондағы моральдық, адамгершілік тағылымын ол қазақ қоғамы үшін аса қажет үлгі деп түсінді. Адам бойында кездесетін намыссыздық, жігерсіздік, алауыздық, жалқаулық пен жағымпаздық, қулық пен зорлық сияқты келеңсіз мінездерді сынау, шенеуге келгенде, ақын мысал жанрын таңдады. Әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым-қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
А. Байтұрсынұлы мысалдарында халықаралық сюжеттік жүйенің мазмұны қазақ өміріне бейімделгенін, сол кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұр. Крыловтың шығармаларында он тармақтан тұратын Шымшық пен көгершін атты мысалды А. Байтұрсынұлы отыз екі жолға дейін ұлғайтып, мүлдем басқа туынды деңгейіне көтереді. Ақын өз жанынан қосқан ойлары арқылы бұл мысалды қазақтың төлтума рухани мұрасына айналдырды.
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы - жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,
Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін,
Тартады аққу көкке, шаян кейін
Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады.
Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас.
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, -- деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады.
Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz