Қытай қазақтарының әдебиеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қытай қазақтарының әдебиеті
Қытайдағы қазақ әдебиеті, өнері және баспасөзі‚ 19 ғ-дың екінші жартысынан бастап қазақ жерінде хандық биліктің жойылуы қазақ халқының мәдени‚ саяси және аумақтық тұтастығының бұзылуына алып келді. Қытай мен Ресей империясы арасында шекара бөлінісі туралы 1864 жылы өткен келісім бойынша қазақ жерінің шығыс өңірі (Шығыс Түркістан) Қытай аумағы‚ қалған өңірі Ресей аумағы болып саналды. Алайда Кеңес - Қытай шекарасына қатаң бақылау орнатылғанға дейінгі кезеңде (20 ғ-дың басы) қазақ халқының әдеби-мәдени тұтастығы айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Сондықтан Қытай қазақтары арасында сақталған ауыз әдебиеті үлгілері мен сол кезеңге дейінгі жазба шығармалардың барлығы жалпы қазақ әдебиетінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қытайдағы қазақ әдебиеті өз алдына дербес даму арнасы ретінде сол елдегі әкімш. өзгерістерге сай шартты түрде Чиң патшалығы (1864 - 1912), Яң Зыңшин (1912 - 28), Жин Шурын (1928 - 33), Шың Шысай-гоминдан (1933 - 44), Үш аймақ-Шығыс Түркістан кезеңі (1944 - 49), ІХР құрылғаннан кейінгі жаңа дәуір (1949 - қазірге дейін) кезеңдерінде дамыды. Қытайдағы қазақ әдебиеті осы кезеңдер тудырған заман талабына сай қалыптасты. Оның ішінде жалпы қазақ әдебиетінің 20 ғ-дың басына дейінгі кезеңінде қалыптасқан шығарм. дәстүрі‚ тәуелсіздік‚ ұлт-азаттық сарындарымен қатар Қытай коммунистік идеологиясының мүддесін көздейтін әдеби ағымдар да көрініс тапты.
Қытайдағы қазақ жазба әдебиетінің алғашқы өкілдері Өмірұзақ (1830 - 1929), Отарбай (1834 - 1914), Төлебай Бөжек (1857 - 1931) ақындар болып саналады. Шылбы Көбекұлы (1860 - 1936) және 1920 - 21 ж. шамасында Қытай аумағына өткен Әсет Найманбайұлының (1867 - 1923) орны ерекше (кейін Әсеттің 78-ге жуық толғауы, 19 дастаны, 13 айтысы және 30-дан астам әні қамтылған 2 томдық шығармалар жинағы ІХР-да жарық көрді). Ақыт Үлімжіұлы (1866 - 1940), Құтбай ақын (1876 - 1936), Ә.Жанұзақұлы (1878 - ө.ж.б.), Е.Ахмет-ұлы (1879 - 1962), А.Мыңжасарұлы (1893 - 1918), т.б. қаламгерлер қытайдағы қазақ әдебиетінің жалпы қазақ әдебиетінің бір арнасы ретінде дамуына ықпал етті. А.Апашбайұлының (1876 - 1946) Қазақ Сырдан ауғанда тарихи шежіресі, З.Мәмиұлының (1897 - 1928) Ырыс пен бақ, Ғылым хикмат, Көдек Маралбайұлының (1888 - 1937) Бір қызға, Әдепсіз балаға, т.б. өлеңдері, Кең Текес, Сасан аулына барғанда, Туған елді аралау атты дастандары Қытайдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Т.Жолдыұлының (1903 - 47) Іле көркі, Қоштасу, Түрмедегі хал, Арманым, Туған жер өлеңдері мен Назигүл, Анар-Сәуле, Салиқа-Садық, Молда мен бақсы, Қасқыр мен Бөрібасар сияқты толғау-дастандары, Қойдыммен айтысы халық арасына кең тарады. А.Татанайұлы (1906 - 94) Малбикенің өмірі, Адасқан аю дастандарын, Құлдықтан құтылғандар пьесасын жазды.
Осы кезеңде Қытайдағы қазақ әдебиетінде Бұқара Тышқанбайұлы, Нығмет Мыңжани, Дубек Шалғынбайұлы, Шарғын Әлғазыұлы, Қаусылхан Қозыбайұлы, т.б. қаламгерлердің есімдері кеңінен танылды. Мыңжанидың (1922 - 93) Қазақ тарихының дерегі (1949) атты ғыл. еңбегі мен Күрескер семья пьесасы, Қарлығаш атты өлеңмен жазылған романы замана шындығын бейнеледі.
Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін (1949) қытайдағы қазақ әдебиетінің бағыт-бағдары өзгеріске ұшырады. Қажығұмар Шабданұлының Жат ұрпақ, Өгейдің күні жыр-дастандары, Бақыт жолында, Жарқын қыз атты әңгімелері, Қылмыс (6 кітап) романдары дүниеге келді. Р.Әпшеұлының (1924 - 2000) Тасбастау, Озғандар мен тозғандар, Биікке, Балапан, Нұрпай, Бастан кешкендер атты әңгімелер жинағы мен романдары осы кезеңнің жемісі. І.Оспанұлының (1924 - 1999) Шаттық жыры, Тянь-Шань жырлары, Меруерт атты өлеңдер жинағы Қытайдағы қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі еңбек болды. Мағаз Разданұлының (1924 - 81) Асулар толғауы, Уақытқа жауап, Босаға жинақтары, Сары бел, Алтай ақиықтары романдары, О.Айтанұлының (1931 - 97) Құс жолы, Тырналар топтамасы, Аң шадырын оқ табар, Таразы романдары жарық көрді. Ш.Қамзақызы, Б.Досжанұлы, К.Мұқажанұлы, С.Қапшықбайұлы, Д.Сәкейұлы, Р.Ібінқызы, З.Мыңбайұлы, С.Садуақасұлы, І.Баянбайұлы, М.Шәріпханұлы, Б.Байжұмаұлы, І.Ахмет-ұлы, З.Нұрәділқызы секілді ақын-жазушылардың есімдері оқырманға танылды.
Қытайдағы мәдени төңкерістен соң (1966 - 76) тарихи тақырыпты қамтыған роман жанры дамыды. Ж.Мырзаханұлының Арман асуында, Таңқурай; О.Ахметұлының Өзгерген өңір, Көкбелес, Құмдағы іздер, О.Әбділұлының Ұстаз; Ж.Біләлұлының Жондағы жорықтар, Торғайлар, Т.Ырыскелдіұлының Тасқын, Тау тағысы, Ұлы көш, Ғ.Қанапияұлының Бұрқасын, Ш.Құмарұлының Бөке батыр, Көз жасы сарқылмайды, Ертіс кілкіп ағады, Ер Жәнібек, Ш.Қызырұлының Дабыл, Бұлаң дүние, Қайқая шапқан Қаракер, Б.Құсбегиннің Жан, Зуқа батыр, Ғ.Біләлұлының Ғасырлық қуғын, С.Жанболатовтың Елжау күнби, Саншора күнби, Оңғай күнби, Ғ.Саржанұлының Көресі, Қайтауыл, З.Сәніктің Басбай, Сергелдең, І.Баянбайұлының Селкеусіз сезім, т.б. романдары соңғы жылдар жемісі саналады. Қытайдағы қазақ әдебиеті қорында қазіргі уақытта 100-ден астам роман, 600 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МҰРАЛАРЫНЫҢ ЖИНАЛУЫ
Қытайдағы қазақтар
С.Орайханұлының шығармашылығы
«Қылмыс» романы
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ СОҢҒЫ КӨШ РОМАНЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ИДЕЯЛЫҚ СИПАТЫ
Қытайдағы қазақ диаспорасының қалыптасу тарихы
Әдеби қазақ тілі
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚ ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихи жырлар
Пәндер