Ұйғыр әдебиеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ұйғыр әдебиеті
Ұйғырлар Орталық Азиядағы ең байырғы түрік халықтарының бірі ретінде бұл өңірдің саяси және мәдени, әдеби өмірінде өшпес із қалдырған. Оның аса бай, алуан мазмұнды әдебиеті мен өнерінің тарихы тым арыдан басталады. Алғашқы ұйғыр қағанаты (744-840ж.ж) өмір сүрген дәуірге дейінгі ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті түрік халықтарының бәріне ортақ болғандықтан, ұйғыр әдебиеті тарихын шартты түрде мынадай дәуірге бөліп қарастырған жөн:
1.Көне дәуір әдебиеті. Бұл дәуір әдебиеті барша түрік халықтарына ортақ, негізгі өрнектері: Әпсана-аңыздар мен қошақтар мазмұнымен түрі жағынан қара өлеңге ұқсап кетеді. Онда еңбек жырлары, махаббат, көңіл күйлері, жорық жырлары,табиғат жырлары көптеп кездеседі. Мәселен, жорық жыры былай болып келеді.
Кек кернеп дұспанға атылдым,
Арыстанша ақырып.
Батырларының басын турадым,
Енді мені кім тоқтатар! (Еркін аударма)
2.Орхон ұйғыр қағанаты дәуір әдебиеті. Түрік халықтарының алтын есігі,тақ ордасы болған ежелгі Орхон бойында 200 жылдай (552-744) дәурендеген түрік халықтарының мәдени өміріне көптеген жаңалықтар мен өзгерістер әкелді. Ұйғыр қағандарының жарлығымен Манихей діні мемлекеттік дін ретінде қабылданды. Қалаласу, отырықты өмірге көшу жаппай дәріптелді. Орхон ескерткіштері деп аталған әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тонұқұқ тас жазбалары қатарына Қол білге қаған, Баянчор ескерткіштері, Тоғыз ай тәңірде құт, болмыш алып білге қаған ескеткіші және батырлық жырлары тобындағы Частани ілік бек, Бөгухан туралы аңыздар дүниеге келген.
Бұл тас жазбалар көк түріктер қолданған руналық ойма жазумен жазылды. Көркемдік-мазмұндық жағынан да қалыптасқан жазба әдеби үрдістен ауытқыған жоқ. Кейбір дыбыстық айырмашылықтарын айтпағанда, тілдік жағынан да өзгеше өзгерістер жоқ болатын. Ал Орхон ұйғырлар хандығының тарихы жөнінен алғанда 753 жылы орнатылған Терхин мәңгі тасының алар орны ерекше. Мұнда Орхон ұйғыр хандығын құрған Элетміш Білге қағанның ерлігі, көсемдігі, ішкі-сыртқы жауларға қарсы қалай күрескені мадақталған. Моюнчор мәңгі тасы да Элетміш Білге қағанның осындай ерекше қызметіне мадақ түрінде жазылған.
Орхон ұйғыр хандығы дәуірінде жазылған тас дастандарының ең көлемдісі Тоғыз ұйғыр мәңгі тасы. Қарабалғасұн мәңгі тасы деп те аталады. Бұл тас жазу Орхон ұйғыр хандығы құрылуынан (744) IX ғасырдың алғашқы ширегінде дейін (820-821) билік құрған хандар өмірін баяндап берген. Жалпы Орхон тас жазуларындағы сияқты мұнда да ұйғыр хандығын нығайту, ел бірлігін сақтау, ішкі-сыртқы жауларға қарсы ымырасыз күрес басты идея ретінде дәріптелеген.
Орхон ұйғыр хандығы дәуірінде жазылған көлемді шығарманың бірі-Бөгу хан туралы аңыз. Зерттеушілердің пйымдауынша, бұл аңыз әу баста ауызша айтыла келе VI-VII ғасырларда қағазға түсірілсе керек. Бас кейіпкер Бөгу қаған 759-779 жылдары ұйғыр мемлекетінің тағында отырып, елді бейбіт өмірге кенелдіріп, көршілнрмен сауда-саттық арқылы тату қарым-қатынасқа қол жеткізгені мадақталса, Бөгу ханнан кейінгі тақ мұрагерлерлерінің ел билеудегі қабілетсіздігі сыналып, данышпан, батыр хандар сағынышпен еске алынады. Бөгу хан туралы аңыз шын мәнінде реалдық тарихи шындыққа аңыздық-әпсаналық бояулар шебер үйлестірілген нағыз халықтық аңыз болып шыққан.
Ұйғырлар бұл дәуірде Орхон руналық ойма жазуды қолдану сыртында ежелгі ұйғыр жазуы деп аталған жазуды да қолдана бастаған. Ол жазуды Найман, Керей хандықтары да кеңінен қолданып, Шыңғыс хан дәуірінде Моңғол мемлекетінің жазуына айналған.
Ұйғырлар адамзат өркениетіне өзіндік үлес қосқан ежелгі түрік тектес халықтың бірі болғандықтан оның әдебиеті мен мәдениеті де біртұтас түріктік ауқымда қарастырылуға лайық. Бірақ, күні бүгінге дейін тұрік халықтарының басынан өткерген қилы тағдыр мұндай аса маңызды тақырыпты кең ауқымда, ұлттық­мемлекеттік, тұтас түріктік мүдделер тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік бермегені жұртшылыққа белгілі. Тәуелсіздік тұғырына нық орныға бастаған түрік текті халықтар, соның ішінде қазақ халқы төрт құбыласын түгендеп, өткеніне көз жіберіп, туысқандық пен тектестіктің тарихи қайнар көздерін ашуға , рухани­мәдени тұтастыққа көз жеткізуге талаптана бастады. Осы бір игілікті бастамаға хал­қадырымызша үлес қосу мақсатымен күні бүгінге дейін жүйелі зерттеу объектісіне айналмаған Шығыс Түркістан халықтарының ұлт­азаттық дәуірі әдебиеті тарихын қарастырудың зәрулігін сезініп қолға қалам алдық. Бұл айтылғандар тақырыптың өзектілігінің бір көрінісі ғана. Ең бастысы - Манжұр­ -- Қытай империясының отарына айналған 1679 жылдан бергі үш ғасырдай уақытта Шығыс Түркістанды мекендеуші ұйғыр, қазақ, қырғыз халықтарының ұлт­азаттық күресі, сол қанды күрестер тарихының қанды шежіресін жасаған ұлт­азаттық дәуірі әдебиеті тарихы бүгінге дейін ұлттық­түріктік­мемлекеттік мүдде тұрғысынан жазылмағандығы деуге болады.
Қочу ұйғыр хандығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Азиядағы түркі халықтарының тарихы: Қырғыздар. Ұйғырлар. Өзбектер. Түркмендер. Қарақалпақтар
Мақал - мәтелдердің тәрбиелік пәні
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы
Қазақ әдебиеті. Хрущевтың реформасы және оның Қазақстанға әсері. 1965 жылғы экономикалық реформа және оның аяқталмауы
1920-1930 жж. Қазақстандағы мәдениеттің дамуы
Шоқан Уәлиханов талантты ғалым
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Махмұд Қашқари өмір жолы
Пәндер